"Мемлекеттік аудитор сертификаты бар адамдардың тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 20-НҚ нормативтік қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2018 жылғы 22 маусымдағы № 14-НҚ нормативтік қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 4 шілдеде № 17152 болып тіркелді

      "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" 2015 жылғы 12 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабының 6-тармағына сәйкес Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті (бұдан әрі – Есеп комитеті) ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1."Мемлекеттік аудитор сертификаты бар адамдардың тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 20-НҚ нормативтік қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12492 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 31 желтоқсанда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген нормативтік қаулымен бекітілген Мемлекеттік аудитор сертификаты бар адамдардың тізілімін жүргізу қағидалары осы нормативтік қаулыға қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Заң бөлімі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы нормативтік қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы нормативтік қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерінің Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы нормативтік қаулының Есеп комитетінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы нормативтік қаулының орындалуын бақылау Есеп комитетінің аппарат басшысына (Қ.С. Әбдірайымов) жүктелсін.

      4. Осы нормативтік қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Республикалық бюджеттің
атқарылуын бақылау жөніндегі
есеп комитетінің Төрайымы
Н. Годунова

  Республикалық бюджеттің
атқарылуын бақылау жөніндегі
есеп комитетінің
2018 жылғы 22 маусымдағы
№ 14-НҚ нормативтік
қаулысына
қосымша
  Республикалық бюджеттің
атқарылуын бақылау жөніндегі
есеп комитетінің
2015 жылғы 30 қарашадағы
№ 20-НҚ нормативтік
қаулысымен бекітілді

Мемлекеттік аудитор сертификаты бар адамдардың тізілімін жүргізу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Мемлекеттік аудитор сертификаты бар адамдардың тізілімін жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" 2015 жылғы 12 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 39-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленді және мемлекеттік аудитор сертификаты бар адамдардың тізілімін жүргізу тәртібін айқындайды.

      2. Мемлекеттік аудитор сертификаты бар адамдардың тізілімі (бұдан әрі – Тізілім) Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің (бұдан әрі – Есеп комитеті) ақпараттық жүйесінде олардың есепке алынуын ұйымдастыру мақсатында жасалады.

2-тарау. Тізілімді жүргізу тәртібі

      3. Тізілім Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау жөніндегі ұлттық комиссия (бұдан әрі – Ұлттық комиссия) берген мемлекеттік аудитор сертификаты бар адамдар туралы мәліметтерді білдіреді.

      4. Тізілімді жүргізуді Есеп комитеті қағаз және электрондық жеткізгіштерде жүзеге асырады.

      5. Есеп комитеті:

      1) Тізілімге мемлекеттік аудитор сертификаты бар адамдардың енгізілуін және одан шығарылуын жүзеге асырады;

      2) Есеп комитетінің интернет-ресурсында мемлекеттік аудитор сертификаты бар адамдардың тізімін жариялайды;

      3) мемлекеттік аудитор сертификаты бар адамдар туралы мәліметтерге тиісті ақпарат келіп түскен күннен бастап жеті жұмыс күнінің ішінде өзгерістер мен толықтырулар енгізеді.

      6. Мемлекеттік аудитор сертификаты бар адамдар туралы мәліметтер Тізілімге мынадай құжаттардың:

      1) Ұлттық комиссия отырысының хаттамасы;

      2) Мемлекеттік аудитор сертификаты бар адамның Тізілімдегі деректерінің өзгергені туралы Ұлттық комиссияға растайтын құжаттармен қоса берілетін өтініші негізінде енгізіледі.

      7. Мемлекеттік аудитор сертификаты бар адамдар он жұмыс күні ішінде Ұлттық комиссияның жұмыс органын растайтын құжаттарды қоса бере отырып, Тізілімдегі мәліметтердің өзгергені туралы хабардар етеді.

      8. Қағаз және электрондық жеткізгіштегі тізілім мемлекеттік аудитор сертификаты бар адам туралы мынадай мәліметтерді қамтиды:

      1) тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда);

      2) жеке сәйкестендіру нөмірі, жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі, берілген күні және кімнің бергені;

      3) туған күні (күні, айы, жылы);

      4) тұрғылықты жері (әңгімелесуге жіберу туралы өтініш берілген сәтте);

      5) телефон нөмірі (жұмыс, үй, ұялы);

      6) электрондық поштасының мекенжайы;

      7) мемлекеттік аудитор біліктілігін (санат) иелену туралы сертификатының берілген күні және нөмірі;

      8) Ұлттық комиссия отырысының мемлекеттік аудитор біліктілігін беру туралы хаттамасының күні және нөмірі;

      9) мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтіретін тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін қылмыстық, әкімшілік, тәртіптік жауаптылыққа тартылуы туралы мәліметтер (болған жағдайда);

      10) кандидаттың білімін растайтын құжаттың күні және нөмірі;

      11) жеке деректерінің (тегі, аты, әкесінің аты) (ол болған жағдайда) өзгергені туралы мәліметтер;

      12) жұмыс орны мен атқаратын лауазымы туралы мәліметтер (әңгімелесуге жіберу туралы өтініш берілген сәтте);

      13) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау орг андарының жүйесіндегі және (немесе) қаржы саласында және (немесе) ішкі аудит қызметтерінде мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілі туралы мәліметтер (әңгімелесуге жіберу туралы өтініш берілген сәтте);

      14) аудит саласындағы халықаралық ұйымдардағы және (немесе) квазимемлекеттік сектор субъектілеріндегі жалпы еңбек өтілі туралы мәліметтер (болған жағдайда) (әңгімелесуге жіберу туралы өтініш берілген сәтте);

      15) білімі туралы мәліметтер (дипломның нөмірі, берілген күні, оқу орнының атауы, мамандығы, біліктілігі);

      16) бухгалтерлік есеп және аудит, қаржы саласында ұлттық және (немесе) халықаралық кәсіби біліктілігі туралы мәліметтер (сертификаттың күні және нөмірі);

      17) Ұлттық комиссия отырысының ескерту енгізу туралы хаттамасының күні және нөмірі.

      Тізілімге мәліметтер енгізуге негіз болған құжаттар тізілімдік іске қосылады.

      9. Құжаттар тізілімдік іске келіп түсу тәртібімен қосылады.

      10. Қағаз жеткізгіштегі тізілім осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген мәліметтерді қамтитын, мемлекеттік аудитор сертификаты бар адамдарды тіркеу кітабы нысанында жүргізіледі.

      Тізілім нөмірленеді, тігіледі және оған мөр басылады.

      11. Қағаз және электрондық жеткізгіштегі тізілім бөгде адамдардың қолы жетпейтін жерлерде және ақпараттың ұрлануына, жоғалуына, бұрмалануына, қолдан жасалуына жол бермеу қамтамасыз етілетін жағдайларда сақталады және өңделеді.

      12. Электрондық жеткізгіштегі Тізілімде бар мәліметтердің толық жоғалып кетуін болдырмау мақсатында, Тізілімнің резервтік көшірмелері электрондық жеткізгіште қалыптастырылып, ол бір мезгілде тұпнұсқамен бірге жоғалуын болдырмайтын Ұлттық комиссияның жұмыс органында тұрақты негізде сақталады.

      13. Ұлттық комиссияның жұмыс органы он жұмыс күні ішінде Тізілімнен адамдар туралы мәліметтерді:

      1) Заңының 39-бабының 8-тармағында көзделген негіздер бойынша Ұлттық комиссияның мемлекеттік аудитор сертификатын қайтарып алу туралы шешімі қабылданған күннен бастап;

      2) мемлекеттік аудитор сертификаты бар адамның қайтыс болғаны туралы құжат келіп түскен күннен бастап алып тастайды.

О внесении изменения в нормативное постановление Счетного комитета по контролю за исполнением республиканского бюджета от 30 ноября 2015 года № 20-НҚ "Об утверждении Правил ведения реестра лиц, имеющих сертификат государственного аудитора"

Нормативное постановление Счетного комитета по контролю за исполнением Республиканского бюджета от 22 июня 2018 года № 14-НҚ. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 4 июля 2018 года № 17152

      В соответствии с пунктом 6 статьи 39 Закона Республики Казахстан от 12 ноября 2015 года "О государственном аудите и финансовом контроле" Счетный комитет по контролю за исполнением республиканского бюджета (далее – Счетный комитет) ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в нормативное постановление Счетного комитета по контролю за исполнением республиканского бюджета от 30 ноября 2015 года № 20-НҚ "Об утверждении Правил ведения реестра лиц, имеющих сертификат государственного аудитора" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 12492, опубликовано 31 декабря 2015 года в информационно-правовой системе "Әділет") следующее изменение:

      Правила ведения реестра лиц, имеющих сертификат государственного аудитора, утвержденные указанным нормативным постановлением, изложить в редакции согласно приложению к настоящему нормативному постановлению.

      2. Юридическому отделу в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего нормативного постановления в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации настоящего нормативного постановления направление его копии в бумажном и электронном виде на казахском и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации" Министерства юстиции Республики Казахстан для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) размещение настоящего нормативного постановления на интернет-ресурсе Счетного комитета.

      3. Контроль за исполнением настоящего нормативного постановления возложить на руководителя аппарата Счетного комитета (Абдирайымов Х.С.).

      4. Настоящее нормативное постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель Счетного комитета
по контролю за исполнением
республиканского бюджета
Н. Годунова

  Приложение
к нормативному постановлению
Счетного комитета по контролю
за исполнением
республиканского бюджета
от 22 июня 2018 года № 14-НҚ
  Утверждены нормативным
постановлением Счетного
комитета по контролю
за исполнением республиканского бюджета
от 30 ноября 2015 года № 20-НҚ

Правила ведения реестра лиц, имеющих сертификат государственного аудитора

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила ведения реестра лиц, имеющих сертификат государственного аудитора (далее – Правила) разработаны в соответствии с пунктом 6 статьи 39 Закона Республики Казахстан от 12 ноября 2015 года "О государственном аудите и финансовом контроле" (далее – Закон) и определяют порядок ведения реестра лиц, имеющих сертификат государственного аудитора.

      2. Реестр лиц, имеющих сертификат государственного аудитора (далее – Реестр), создается в целях организации их учета в информационной системе Счетного комитета по контролю за исполнением республиканского бюджета (далее – Счетный комитет).

Глава 2. Порядок ведения Реестра

      3. Реестр представляет собой сведения о лицах, имеющих сертификат государственного аудитора, выданного Национальной комиссией по сертификации лиц, претендующих на присвоение квалификации государственного аудитора (далее – Национальная комиссия).

      4. Ведение Реестра осуществляется Счетным комитетом на бумажном и электронном носителях.

      5. Счетный комитет:

      1) осуществляет включение в Реестр и исключение из него лиц, имеющих сертификат государственного аудитора;

      2) опубликовывает список лиц, имеющих сертификат государственного аудитора, на интернет-ресурсе Счетного комитета;

      3) вносит изменения и дополнения в сведения о лицах, имеющих сертификат государственного аудитора, в течение семи рабочих дней со дня поступления соответствующей информации.

      6. Сведения о лицах, имеющих сертификат государственного аудитора, вносятся в Реестр на основании следующих документов:

      1) протокола заседания Национальной комиссии;

      2) заявление лица, имеющего сертификат государственного аудитора, в Национальную комиссию об изменении данных, содержащихся в Реестре с приложением подтверждающих документов.

      7. Лица, имеющие сертификат государственного аудитора, в течение десяти рабочих дней уведомляют рабочий орган Национальной комиссии об изменении сведений в Реестре с приложением подтверждающих документов.

      8. Реестр на бумажном и электронном носителе содержит следующие сведения о лицах, имеющих сертификат государственного аудитора:

      1) фамилия, имя, отчество (при его наличии);

      2) индивидуальный идентификационный номер, номер, дата выдачи и кем выдан документ, удостоверяющий личность;

      3) дата рождения (число, месяц, год);

      4) место жительства (на момент подачи заявления о допуске к собеседованию);

      5) номер телефона (рабочий, домашний, мобильный);

      6) адрес электронной почты;

      7) дата и номер выдачи сертификата о присвоении квалификации государственного аудитора (категория);

      8) дата и номер протокола заседания Национальной комиссии о присвоении квалификации государственного аудитора;

      9) сведения о привлечении к уголовной, административной, дисциплинарной ответственности за совершение дисциплинарного проступка, дискредитирующего государственную службу (при наличии);

      10) дата и номер документа по подтверждению знаний кандидата;

      11) сведения об изменении личных данных (фамилия, имя, отчество) (при его наличии);

      12) сведения о месте работы и занимаемой должности (на момент подачи заявления о допуске к собеседованию);

      13) сведения об трудовом стаже государственной службы в системе органов государственного аудита и финансового контроля и (или) финансовой сферы и (или) службах внутреннего аудита (на момент подачи заявления о допуске к собеседованию);

      14) сведения об трудовом стаже в международных организациях и (или) субъектах квазигосударственного сектора в области аудита (при наличии) (на момент подачи заявления о допуске к собеседованию);

      15) сведения об образовании (номер, дата выдачи диплома, наименование учебного заведения, специальность, квалификация);

      16) сведения о национальных и (или) международных профессиональных квалификациях в области бухгалтерского учета и аудита и финансов (дата и номер сертификата).

      17) дата и номер протокола заседания Национальной комиссии о внесении предупреждение.

      Документы, на основании которых внесены сведения в Реестр, включаются в реестровое дело.

      9. Документы включаются в реестровое дело в порядке поступления.

      10. Реестр на бумажном носителе ведется в форме книги регистрации лиц, имеющих сертификат государственного аудитора, который включает в себя сведения, указанные в пункте 7 настоящих Правил.

      Реестр пронумеровывается, прошнуровывается и скрепляется печатью.

      11. Реестр на бумажном и электронном носителях хранится и обрабатывается в местах, недоступных для посторонних лиц, и в условиях, обеспечивающих предотвращение хищения, утраты, искажения, подделки информации.

      12. С целью предотвращения полной утраты сведений, содержащихся в Реестре на электронном носителе, формируются резервные копии Реестра на электронном носителе, которые на постоянной основе хранятся в рабочем органе Национальной комиссии, исключающих их утрату одновременно с оригиналом.

      13. Рабочий орган Национальной комиссии в течении десяти рабочих дней исключает из Реестра, сведения о лицах:

      1) со дня принятия решения Национальной комиссии об отзыве сертификата государственного аудитора по основаниям, предусмотренным пунктом 8 статьи 39 Закона;

      2) со дня поступления документа о смерти лица, имеющего сертификат государственного аудитора.