"Ақпараттандыру туралы" 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 7 - бабының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Ақпараттандырудың сервистік моделін іске асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 129 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13282 болып тіркелген, 2016 жылғы 14 наурызда "Әділет" Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ақпараттандырудың сервистік моделін іске асыру қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Ақпараттандыру департаменті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрі |
Д. Абаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Б. Сұлтанов
2018 жылғы "__"_________
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
Т. Сүлейменов
2018 жылғы "__"_________
Ақпараттандырудың сервистік моделін іске асыру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Ақпараттандырудың сервистік моделін іске асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Ақпараттандыру туралы" 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - Заң) 7-бабының 4) тармақшасына сәйкес әзірленген және ақпараттандырудың сервистік моделін іске асыру тәртібін айқындайды.
2. Ақпараттандырудың сервистік моделі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 832 қаулысымен бекітілген ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарға (бұдан әрі –БТ) сәйкес және Заңның 7-бабы 10) тармақшасына, сондай-ақ осы Қағидаларға сәйкес бекітілетін, "электрондық үкімет" архитектурасын дамыту бойынша талаптармен (бұдан әрі –Талаптар) реттеледі.
3. Қағидалар мыналарға:
1) "Мемлекеттік құпиялар туралы" 1999 жылғы 15 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік құпияларға жататын мәліметтерді қамтитын, өндейтін және (немесе) беретін электрондық ақпараттық ресурстарға, ақпараттық жүйелерге және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымға;
2) "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық объектілерімен ықпалдастырылатын, ақпараттық жүйелерді қоспағанда, Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің электрондық ақпараттық ресурстарына, ақпараттық жүйелері мен ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымына қолданылмайды.
4. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:
1) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) – ақпараттандыру және "электрондық үкімет" саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
2) ақпараттандырудың сервистік моделі бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесі (бұдан әрі – АСМ МЖӘ) – ақпараттандырудың сервистік моделі бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру жоспарланатын, "электрондық үкіметтің" сервистік интеграторы қалыптастыратын жобалар тізбесі;
3) ақпараттық-коммуникациялық қызметке тапсырыс беруші(бұдан әрі – АК-қызметіне тапсырыс беруші) – ақпараттандырудың сервистік моделі бойынша қызметті автоматтандыратын, соның ішінде ақпараттандырудың сервистік моделі жөніндегі мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартында мемлекеттік серіктес ретінде әрекет ететін мемлекеттік орган, оның ішінде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы;
4) әлеуетті өнім беруші – осы Қағидаларға сәйкес ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы қызметті жүзеге асыратын және ақпараттық-коммуникациялық қызмет көрсету үшін қажетті сервистік бағдарламалық өнімді немесе ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектісін жалға беруге үміткер мемлекеттік әріптес ретінде әрекет ететін адамдарды қоспағанда, жеке кәсіпкер, қарапайым серіктестік, заңды тұлғалардың уақытша бірлестігі (консорциум) немесе заңды тұлға;
5) өнім берушіні анықтауға арналған электрондық алаң (бұдан әрі - электрондық алаң) - сервистік бағдарламалық өнімнің немесе ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектісінің өнім берушісін анықтау бойынша конкурстық рәсімдерді өткізуді қамтамасыз ететін ақпараттық жүйе немесе интернет-портал;
6) өнім беруші – сервистік бағдарламалық өнімді немесе ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектісін, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық қызметтер көрсету үшін қажетті өзге де көрсетілетін қызметтерді әзірлеу, ұсыну бойынша конкурстық комиссия белгілеген, оның ішінде ақпараттандырудың сервистік моделі бойынша мемлекеттік-жекешелік шартында жеке әріптес ретінде әрекет ететін әлеуетті өнім беруші;
7) мемлекеттік әріптес - Қазақстан Республикасы, оның атынан әрекет ететін, ақпараттандырудың сервистік моделі бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасқан мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелер, мемлекеттік кәсіпорындар және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, жарғылық капиталға қатысу үлестерінің немесе дауыс беретін акцияларының елу және одан көп пайызы мемлекетке тікелей немесе жанама түрде тиесілі акционерлік қоғамдар;
8) сервистік бағдарламалық өнімнің немесе ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектісінің өнім берушісін анықтау жөніндегі конкурстық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) –ақпараттық-коммуникациялық қызметтер үшін қажетті сервистік бағдарламалық өнімнің немесе ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектісінің (бұдан әрі - АКИ объектісі) өнім берушісін таңдау үшін АК-қызметіне тапсырыс берушімен құрылатын алқалы орган;
9) сервистік бағдарламалық өнімнің немесе АКИ объектісінің прототипі – ақпараттық-коммуникациялық қызметті жобалауға арналған тапсырмаға сәйкес белгілі бір функционалдың іске асырылу мүмкіндігін көрсететін, деректерді өңдейтін және пайдаланушылық интерфейске ие сервистік бағдарламалық өнімнің немесе АКИ объектісінің бастапқы нұсқасы;
10) "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторы (бұдан әрі - оператор) – "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының жұмыс істеуін қамтамасыз ету жүктелген, "Электрондық үкімет" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторын анықтау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 40 қаулысымен айқындалған заңды тұлға;
11) "электрондық үкiметтiң" сервистік интеграторы (бұдан әрi - сервистiк интегратор) - ақпараттық-коммуникациялық қызметті жобалауға арналған тапсырманы әзiрлеу, ақпараттандырудың сервистік моделi бойынша ақпараттық-коммуникациялық қызметтерді құру мен дамытуды ұйымдастыру функциялары жүктелген, "Электрондық үкімет" ақпараттық коммуникациялық инфрақұрылымы операторын анықтау туралы" Қазақстан Республикасының Үкiметiнің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 40 қаулысымен айқындалған заңды тұлға.
Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының Заңына және өзге нормативтік құқықтық актілерге сәйкес қолданылады.
5. Ақпараттандырудың сервистік моделін іске асыру тәртібі мынаны қамтиды:
1) ақпараттық-коммуникациялық қызметті (бұдан әрі – АК-қызметі) жоспарлау;
2) АК қызметін құру немесе дамыту;
3) АК-қызметін көрсету;
4) АК-қызметін мониторингтеу;
6. АК-қызметін көрсету мыналар арқылы жүзеге асырылады:
1) мемлекеттік әріптес, өнім беруші және оператор арасындағы ақпараттандырудың сервистік моделі бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты (бұдан әрі – АСМ МЖӘ шарты);
2) оператор және мемлекеттік орган арасында жасалатын, ақпараттандырудың сервистік моделі бойынша шарттар (бұдан әрі – АСМ шарты).
2- тарау. АК-қызметін жоспарлау
1-параграф. АК-қызметін құруға бастамашылық
7. АК-қызметін құру мемлекеттік органның бекітілген архитектурасында көзделген жағдайда, мелекеттік орган уәкілетті органға және сервистік интеграторға осы Қағидаларда айқындалған тәртіппен, АК-қызметін құруды ұйымдастыру қажеттілігі туралы хабарлама жібереді.
8. Мемлекеттік органның қызметін, оның ішінде мемлекеттік функцияларды және олардан туындайтын мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруға (бұдан әрі – мемлекеттік органдардың қызметтерін автоматтандыру) бастамашылық мынадай негізде жүзеге асырылады:
1) мемлекеттік органның қызметін автоматтандыруға мемлекеттік органның уәкілетті органға және сервистік интеграторға осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сұрау салуы (бұдан әрі – мемлекеттік органның сұрау салуы);
2) мемлекеттік органның қызметін автоматтандыруға әлеуетті өнім берушінің немесе оператордың уәкілетті органға және сервистік интеграторға осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінімдері (бұдан әрі –әлеуетті өнім берушінің немесе оператордың өтінімі).
9. Сервистік интегратордың мемлекеттік органның сұрау салуын немесе әлеуетті өнім берушінің немесе оператордың өтінімдерін қарастыру нәтижесі мемлекеттік органның қызметін автоматтандыруға арналған ұсынымдармен бірге қорытынды болып табылады.
10. Сервистік интегратор мемлекеттік органнан сұрау салу немесе әлеуетті өнім берушіден немесе оператордан өтінім келіп түскен күннен 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде мемлекеттік органның қызметін автоматтандыруға арналған ұсынымдармен бірге қорытынды жасайды және шешім қабылдау үшін уәкілетті органға жолдайды.
11. Сервистік интегратор мемлекеттік органның қызметін автоматтандыруға арналған қорытындыны келесі өлшемшарттар бойынша бағалауды есепке ала отырып қалыптастырады:
1) мемлекеттік органның қызметін автоматтандыру тиімділігі – мемлекеттік органның қызметін іске асыру және басқа да кезеңде регламенттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін талдау;
2) мемлекеттік органның қызметін автоматтандыруды іске асырылымдығы– мемлекеттік органның қызметін Талаптарға, БТ сәйкестігіне автоматтандыру көрсеткіштеріне қол жеткізу;
3) мемлекеттік органның қызметін немесе АК-қызметтерін автоматтандыратын ақпараттандыру объектілерін құру немесе дамыту бойынша ақпараттандыру объектілерінің немесе іске асырыла бастаған жобалардың болмауы.
12. Сервистік интегратор мемлекеттік органның қызметін автоматтандыруға қорытынды жасау үшін мүдделі мемлекеттік органдардың, әлеуетті өнім берушілердің, оператордың қатысуымен, мемлекеттік органның сұрау салуына немесе әлеуетті өнім берушінің немесе оператордың өтініміне талқылау жүргізеді, қорытындылары бойынша есеп сервистік интегратордың интернет-ресурсына жарияланады.
13. Уәкілетті орган сервистік интегратордан мемлекеттік органның қызметін автоматтандыруға қорытындыны алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде мемлекеттік органның қызметін автоматтандыру мүмкіндігін келіседі немесе мемлекеттік органның қызметін автоматтандырудан бас тартады және мемлекеттік органға хабарлайды.
14. Мемлекеттік орган мемлекеттік орган қызметін автоматтандыру мүмкіндігін келіскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қабылданған шешім туралы уәкілетті органға хабарлайды.
15. Уәкілетті орган мемлекеттік органның қызметін автоматтандыру туралы мемлекеттік органның шешімін алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде осы Қағидаларда айқындалған тәрттіппен АК-қызметін құруды ұйымдастыру қажеттілігі туралы сервистік интеграторға хабарлама жолдайды.
16. Мемлекеттік орган бюджеттен төлеуді және мемлекеттік қолдау шараларын көздейтін ақпараттандырудың сервистік моделі бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы (бұдан әрі – АСМ МЖӘ жобасы) бойынша АК-қызметін құру туралы шешім қабылдаған жағдайда, инвестициялық ұсыныстар әзірлеуді жүзеге асырады.
Инвестициялық ұсыныстар әзірлеуді мемлекеттік орган осы Қағидалардың 19-тармағындағы талаптарға сәйкес ресімделген АК-қызметін жобалауға арналған тапсырма жобасының негізінде жүзеге асырады.
Мемлекеттік жоспарлау бойынша уәкілетті органның қажетті сараптамасын, оның ішінде экономикалық қорытындысын әзірлеу немесе түзету, жүргізу Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 5 желтоқсандағы № 129 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9938 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, оған қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, іске асырылуын мониторингілеу және бағалау және бюджеттік кредиттеудiң орындылығын айқындау қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Мемлекеттік орган сервистік интеграторға экономикалық сараптаманың оң қорытындысын алғаны туралы хабарлайды.
17. Әлеуетті өнім берушінің бюджеттен төленетін төлемдер және мемлекеттік қолдау шаралары қарастырылмаған өтінішіне АСМ МЖӘ жобасы бойынша АК-қызметін құруды уәкілетті орган мемлекеттік органнан шешім алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде сервистік интеграторға осы Қағидаларда айқындалған тәртіппен, АК-қызметін жобалау тапсырмасын әзірлеу және АК-қызметін құрудың конкурстық рәсімдерін ұйымдастыру жөнінде хабарлама жолдайды.
2-параграф. АК-қызметін жобалауға арналған тапсырма
18. АК-қызметін жобалауға арналған тапсырманы әзірлеуді сервистік интегратор уәкілетті органнан АК-қызметін құруды ұйымдастыру қажеттігі туралы хабарлама келіп түскен күннен бастап 25 (жиырма бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жүзеге асырады.
19. АК-қызметін жобалауға арналған тапсырма келесі мәліметтерді қамтуы тиіс:
1) жалпы мәліметтер (мемлекеттік органдардың және пайдаланушылардың мақсаты, саны, электрондық-ақпараттық ресурстың сыныбы, бағдарламалық қамтамасыз ету сыныбы, құру механизмі және кезеңдері);
2) сервистік бағдарламалық өнімді немесе АКИ объектісін жалға алудың шекті құны;
3) АК-қызметінің шекті құны;
4) сервистік бағдарламалық өнімді құру жағдайындағы процестердің (кіші процестердің және функциялардың) тізбесі немесе АКИ объектісін құру жағдайындағы техникалық талаптар;
5) "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық платформасымен байланысты талаптар мен шектеулер;
6) "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерімен немесе сервистік бағдарламалық өнімдермен ықпалдастыруға қойылатын талаптар;
7) сервистік бағдарламалық өнімнің немесе АКИ объектісінің өнімділігіне, ақауларға төзімділігіне және масштабталуына қойылатын талаптар (қажет болғанда);
8) ақпараттандыру объектісінің сыныбына сәйкес ақпараттық қауіпсіздікке қойылатын талаптар және мониторингтеу, бақылау жүйелерімен өзара әрекеттестік сипаты мен оқиғаларды журналға тіркеу;
9) АК-қызметін, сервистік бағдарламалық өнімді және (немесе) АКИ объектісін пайдалануға енгізуге қойылатын шарттар мен талаптар, техникалық құжаттамаға, сервистік бағдарламалық өнімнің бастапқы кодын беру тәртібі мен шарттарына қойылатын талаптар;
10) мемлекеттік органдардың және өзге ұйымдардың ақпараттық жүйелерінің бастапқы кодын, сондай-ақ стандартты шешімдерді (компоненттер, сервистер, процестер, ықпалдастыру, пайдаланушылық интерфейсі және оның компоненттері) пайдалану мүмкіндігі;
11) пайдаланушыларды оқыту процесіне және материалдарына қойылатын талаптар;
12) өнім берушіні іріктеу өлшемшарттары;
13) АК-қызметін құрудың жоспар-кестесі мен жауапкершілік матрицасы;
14) АК-қызметін, сервистік бағдарламалық өнімді немесе АКИ объектісін құру бойынша қосымша талаптар мен шарттар, АСМ МЖӘ жобасы бойынша АК-қызметін дамытуға АСМ МЖӘ жобалары үшін мемлекеттік қолдаудың болжамды түрлері мен көлемдері.
20. Сервистік интегратор АК-қызметін жобалауға АСМ МЖӘ шарт жобасын немесе төлемдердің көлемін, мерзімін және қаржыландыру шарттарын көрсете отырып, АСМ шартының жобасын қоса береді.
21. АК-қызметінің шекті құнын есептеуді сервистік интегратор оператормен бірлесіп, Заңның 7-бабы 24) тармақшасына сәйкес бекітілген Мемлекеттік органдар үшін ақпараттық-коммуникациялық қызметтердің құнын есептеу әдістемесіне (бұдан әрі – АК-қызметі құнының әдістемесі) сәйкес жүзеге асырады.
22. АК-қызметін жобалауға арналған тапсырманы АК-қызметіне тапсырыс беруші, оператор, мемлекеттік техникалық қызмет сервистік интегратордан сұрау салу келіп түскен күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде келіседі.
23. АК-қызметін жобалауға арналған тапсырмаға ескертулер болған жағдайда, сервистік интегратор хат келіп түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде олардың жойылуын қамтамасыз етеді.
Пысықталған АК-қызметін жобалауға арналған тапсырманы қайта келісу сервистік интегратордан сұрау салу келіп түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жүзеге асырылады.
24. АК-қызметін жобалау тапсырмасын келісу кезеңінде сервистік интегратор АК-қызметінің техникалық, пайдаланушылық және өзге қажетті сипаттамалары бойынша ұсыныстар алу мақсатында көпшіліктің талқылауы үшін АК-қызметін жобалауға арналған тапсырманың жобасын өзінің интернет-ресурсына орналастырады.
Талқылау АК-қызметін жобалауға арналған тапсырма жарияланған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
25. Сервистік интегратор және АК-қызметіне тапсырыс беруші талқылау кезінде алынған АК-қызметін жобалауға арналған тапсырмаға ескертулерді және (немесе) ұсыныстарды 3 (үш) жұмыс күні ішінде қарайды.
26. Сервистік интегратор осы Қағидалардың 25-тармағында көрсетілген мерзімде ескертулерді және (немесе) ұсыныстарды қабылдау немесе қабылдамау туралы түсініктемелермен АК-қызметін жобалауға арналған тапсырманы жария талқылау қорытындылары туралы жауапты қалыптастырып, өзінің интернет-ресурсына жариялайды.
27. Келісілген АК-қызметін жобалауға арналған тапсырманы уәкілетті орган сервистік интегратордан алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде бекітеді және АК-қызметінің тапсырыс берушісін хабардар етеді.
3-параграф. АҚ-қызметіне арналған шығыстарды жоспарлау
28. АК-қызметі АСМ шарты бойынша құрылған жағдайда, мемлекеттік орган бюджет қаражатын жоспарлауды кезекті жоспарлы кезеңге арналған республикалық немесе жергілікті бюджетті 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджеттік кодексімен (бұдан әрі - Қазақстан Республикасы Бюджеттік кодексі) айқындалған тәртіпте қалыптастыру (нақтылау) шеңберінде бекітілген АК-қызметін жобалауға арналған тапсырма негізінде жүзеге асырады және сервистік интеграторды АК-қызметтерін құруға арналған жоспарланған шығыстар туралы хабардар етеді.
29. АСМ МЖӘ шарты бойынша көрсетуге жоспарланатын АК-қызметін құрған жағдайда сервистік интегратор инвестициялық ұсынысқа оң қорытындылар алу туралы мемлекеттік органның хабарламасы негізінде уәкілетті органға, бекітілген АК-қызметтерін жобалауға арналған тапсырмаларды қосымшасымен бірге, АСМ МЖӘ жобаларының тізіліміне АСМ МЖӘ жобаларына қосу жөнінде сұрау салуды жолдайды.
30. Уәкілетті орган сервистік интегратордан АСМ МЖӘ жобасын қосу туралы сұрау салуды алған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде АСМ МЖӘ жобасын келіседі және қаржылай қамсыздандырылуын анықтау және АСМ МЖӘ жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау мүмкіндігі туралы ұсыныстарды келісу және Республикалық бюджет комиссиясының қарауына шығару үшін оны бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға жолдайды.
Бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның қаржылай қамсыздандырылуын анықтау үшін АСМ МЖӘ жобасын қарау Республикалық бюджет комиссиясының АСМ МЖӘ жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау мүмкіндігі туралы ұсыныстар шыққан күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жүзеге асырылады.
31. Уәкілетті орган іске асырылуы жоспарланған, АСМ МЖӘ жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелерді жергілікті бюджеттен қаржыландыруды талап ететін бекітілген АК қызметін жобалауға арналған тапсырмаларды қоса берумен, АСМ МЖӘ жобасын АСМ МЖӘ жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау мүмкіндігі туралы ұсынысты тиісті бюджет комиссиясының қарауына енгізу үшін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға жолдайды.
Бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның қаржылай қамсыздандырылуын анықтау үшін АСМ МЖӘ жобасын қарау Республикалық бюджет комиссиясының АСМ МЖӘ жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау мүмкіндігі туралы ұсыныстары шыққан күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жүзеге асырылады.
32. Уәкілетті орган бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның АСМ МЖӘ жобаларының қаржылай қамсыздандырылуын анықтау жөніндегі оң қорытындысы немесе іске асыру жоспарланған, АСМ МЖӘ жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелерді жергілікті бюджеттен қаржыландыруды талап ететін АСМ МЖӘ жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау туралы бюджет комиссиясының ұсынысы келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде АСМ МЖӘ жобасын АСМ МЖӘ жобалары тізбесіне қосады. АСМ МЖӘ жобаларының тізбесін Заңның 45-бабы 5-тармағының 2) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган бекітеді.
33. АСМ МЖӘ жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау, мемлекеттік жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелер лимитінің шеңберінде Қазақстан Республикасының Бюджет заңнамасына сәйкес АСМ МЖӘ жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау туралы тиісті бюджет комиссиясының оң шешімі негізінде жүзеге асырылады.
34. АК-қызметтеріне тапсырыс беруші тиісті бюджет комиссиясының АСМ МЖӘ жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау туралы оң ұсынысын алғаннан кейін уәкілетті органды, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі органды және сервистік интеграторды АСМ МЖЭ шарты бойынша АК-қызметтеріне арналған шығыстарды жоспарлау туралы хабардар етеді.
4 - параграф. Өнім берушіні анықтау бойынша конкурс
35. Өнім берушіні анықтау конкурстық негізде жүзеге асырылады.
36. АК-қызметіне тапсырыс беруші мемлекеттік органның бюджетінде бюджет қаражаттары бар болған жағдайда немесе тиісті бюджет комиссиясының АСМ МЖӘ жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау туралы оң ұсынысын алғаннан кейін Комиссия құрады.
37. Комиссия құрамына АК-қызметіне тапсырыс берушінің, уәкілетті органның, сервистік интегратордың, өзге мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілдері кіреді.
38. Комиссия төрағасы АК-қызметіне тапсырыс берушінің бірінші басшысы немесе оған уәкілетті тұлға болып табылады.
39. Комиссия төрағасы:
1) Комиссияның қызметін басқарады;
2) осы Қағидаларда көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
40. Комиссия хатшысын Комиссия төрағасы сервистік интегратор қызметкерлерінің арасынан тағайындайды және Комиссиясының ұйымдастырушылық қызметін жүзеге асырады.
Комиссиясының хатшысы Комиссияның мүшесі болып табылмайды және шешім қабылдау кезінде дауыс бермейді.
41. Комиссия шешімдері оның отырыстарында АК-қызметіне тапсырыс берушінің, уәкілетті органның, сервистік интегратордың және оператордың атынан кемінде бір қатысушының қатысуымен қабылданады.
Комиссияның шешімдері отырысқа қатысқан Комиссия мүшелерінің жалпы санының қарапайым көпшілік дауысымен (50% - дан астам) қабылданады. Егер дауыстар тең болса, Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
Комиссияның шешімі хаттамамен рәсімделеді, оған Комиссияның барлық қатысушы мүшелері және Комиссияның хатшысы қол қояды. Хаттамаға қол қою мерзімі 3 (үш) жұмыс күнінен аспауы қажет.
42. Сервистік интегратор Комиссияның құрылуы туралы АК-қызметіне тапсырыс берушіден хабарлама алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша АК-қызметін жобалауға арналған тапсырманы қоса отырып, өнім берушіні анықтау бойынша конкурстық рәсімдердің басталуы туралы хабарландыруды (бұдан әрі - хабарландыру) электрондық алаңға орналастырады.
43. Конкурстық рәсімдер біліктілікке және конкурстық іріктеу жүргізу жолымен жүзеге асырылады.
44. Біліктілікті іріктеуді Комиссия әлеуетті өнім берушілердің Заңның 45-2 - бабына сәйкес белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігіне бағалау жүргізу арқылы жүзеге асырады.
45. Әлеуетті өнім беруші өзінің Заңның 45-2-бабына сәйкес қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін растау үшін хабарландыруда көрсетілген растаушы құжаттарды ұсынады.
46. Әлеуетті өнім берушілерден сервистік бағдарламалық өнімді немесе АКИ объектісін құру конкурсына қатысуға өтінімдерді (бұдан әрі – конкурсқа қатысу өтінімі) қабылдау электрондық алаңға хабарландыру жарияланған күннен басталады.
47. Әлеуетті өнім берушілерден өтінімдер қабылдау мерзімі хабарландыруда көрсетіледі және өтінімдер қабылдау басталғаны туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап 22 (жиырма екі) жұмыс күнін құрауы тиіс.
48. Әлеуетті өнім берушілер хабарландыруда көрсетілген өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі аяқталғанға дейін 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей сервистік интеграторға АК-қызметін жобалауға арналған тапсырманың шарттарын түсіндіру туралы сұрау салумен жүгіне алады.
49. Конкурсқа қатысуға өтінім осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қағаз түрінде немесе электрондық алаң арқылы электрондық тасымалдаушымен беріледі.
50. Конкурсқа қатысуға өтінім осы Қағидаларға және АК-қызметін жобалауға арналған тапсырмаға сәйкес АК-қызметін құру кезінде қажетті барлық кезеңдерді өтуге әлеуетті өнім берушінің келісім беру нысаны болып табылады.
51. Конкурсқа қатысуға өтінімді қағаз тасығышта берген жағдайда, конкурсқа қатысуға өтінім тігілген күйде, нөмірленген және қол қойылған беттерімен, үміткердің қолымен және мөрімен (бар болған жағдайда) куәландырылған үміткердің толық аты-жөні, почталық мекенжайы, байланыс деректері, Ұйымдастырушының толық аты-жөні және почталық мекенжайын, сондай-ақ "Құруға қатысуға арналған өтінім (сервистік бағдарламалық өнімнің немесе АКИ объектісінің атауын көрсету қажет)" деген мәтін көрсетілген жапсырылған конвертте ұсынылуы тиіс".
52. Әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға енгізілген өтінімге өзгеріс және (немесе) толықтыруды немесе конкурсқа қатысуға өтінімді қайтарып алуды конкурсқа қатысу өтінімдерін ұсыну мерзімінен кешіктірмей жүзеге асырады.
53. Конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі аяқталғаннан кейін өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды енгізуге, сондай-ақ конкурсқа қатысуға арналған өтінімді кері қайтарып алуға жол берілмейді.
54. Әлеуетті өнім беруші оның конкурсқа қатысуымен байланысты барлық шығыстарын көтереді. АК қызметіне тапсырыс беруші, сервистік интегратор, Комиссия конкурс нәтижелеріне қарамастан осы шығыстарды өтеу бойынша жауапты болып табылмайды.
Хабарландыруда белгіленген мерзімде ұсынылған конурсқа қатысуға арналған өтінімдер қарастыруға жатады.
55. Комиссия хатшысы конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау мерзімі өткен күннен бастап үш (3) жұмыс күні ішінде Комиссия мүшелерін және конкурсқа қатысуға өтінім берген әлеуетті өнім берушілерді конкурсқа және біліктілік іріктеуіне қатысуға өтініштерді қарау орны, күні мен уақыты туралы ресми хабарлама жіберу жолымен хабарлайды және Комиссия отырысын өткізуге бастамашылық етеді.
Тек бір ғана конкурстық өтінім ұсынылған жағдайда, аталған өтінімді Комиссия осы Қағидаларға және АК-қызметін жобалау тапсырмасына сәйкес қарастырады.
56. Комиссия өнім берушілерді біліктілік іріктеу кезеңінде әлеуетті өнім беруші ұсынған біліктілік талаптары бойынша ақпараттың дұрыстығын анықтайды.
57. Әлеуетті өнім беруші, егер оның конкурсқа қатысуға арналған өтінімінде хабарландырудағы талаптарға сәйкес болмаса немесе Заңда белгіленген негіздемелер бойынша біліктілік талаптарына және АК-қызметін жобалау тапсырмасының талаптарына сәйкес келмейтіні анықталса, конкурсқа қатысуға жіберілмейді.
Әлеуетті өнім берушіні басқа негіздер бойынша белгіленген біліктілік талаптарға сәйкес емес деп мойындауға жол берілмейді.
58. Комиссия әлеуетті өнім берушінің біліктілік талаптары бойынша дәйексіз ақпарат беру фактісін анықтаған жағдайда, АК-қызметіне тапсырыс беруші ондай факті анықталған күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күннен кешіктірмей, әлеуетті өнім берушіні жосықсыз әлеуетті өнім беруші (әлеуетті жекешелік әріптестік) деп тану туралы сотқа арыз түсіреді.
59. Әлеуетті өнім берушіні жосықсыз әлеуетті өнім беруші деп таныған жағдайда, АСМ МЖӘ жобалары бойынша АК-қызметіне тапсырыс беруші жосықсыз әлеуетті өнім беруші ретінде тану туралы заңдық күшіне енген соттың шешімін осындай шешімдерді алған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде мемлекеттік жоспарлау бойынша орталық уәкілетті органға жосықсыз әлеуетті жеке әріптестер тізбесіне қосу үшін жолдайды.
60. Біліктілік іріктеу нәтижелері бойынша Комиссия әлеуетті өнім берушілерді конкурстық іріктеуге жіберу хаттамасын рәсімдейді.
61. Әлеуетті өнім берушілерді конкурстық іріктеуге жіберу хаттамасында конкурстық іріктеуді өткізудің шарты мен тәртібі көрсетіледі.
62. Әлеуетті өнім берушіні конкурстық іріктеу сервистік бағдарламалық өнімнің немесе АКИ объектісінің прототипін немесе дайын бағдарламалық өнімді, баға ұсынымдарын және (немесе) жұмыс тәжірибесін бағалау жолымен жүзеге асырылады.
63. Әлеуетті өнім берушіні конкурстық іріктеуді Комиссия осы –Қағидаларға 5-қосымшада белгіленген конкурстық іріктеуді бағалау өлшемшарттарына және АК-қызметін жобалауға арналған тапсырма талаптарына сәйкес жүзеге асырады.
64. Комиссия конкурстық іріктеу нәтижелері бойынша өнім берушіні анықтайды, оның қортындылары бойынша өнім берушіні анықтау жөніндегі хаттаманы рәсімдейді.
65. Әлеуетті өнім берушіні анықтау бойынша конкурс мына негіздемелердің бірі бойынша:
конкурсқа қатысуға ұсынылған өтінімдер болмаса;
егер біліктілік талаптары бойынша конкурсқа қатысуға бірде бір әлеуетті өнім беруші жіберілмесе;
егер конкурста конкурстық іріктеуге қатысуға бірде бір өнім беруші анықталамаса;
әлеуетті өнім беруші АКИ объектісін немесе сервистік бағдарламалық өнімді әзірлеуден бас тартса, өткізілмеді деп танылады.
66. Конкурс өткізілмеді деп танылса, Комиссия келесі шешімдердің бірін қабылдайды:
сервистік бағдарламалық өнімнің немесе АКИ объектісінің өнім берушісін анықтау бойынша конкурсты қайта өткізу туралы;
АК-қызметін жобалауға арналған тапсырмаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу және конкурсты қайта өткізу туралы;
АК-қызметін құрудан бас тарту туралы.
67. Комиссия өнім берушіні айқындау туралы хаттаманы бекіткен күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде сервистік интегратор АСМ МЖӘ шартының көлемін, қаржыландыру мерзімдері мен шарттарын көрсете отырып, АСМ МЖӘ шартының жобасын АК-қызметінің тапсырыс берушісімен, оператормен және өнім берушімен келісуді жүзеге асырады.
68. Сервистік бағдарламалық өнімнің немесе АКИ объектісінің өнім берушісі анықталған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде АСМ МЖӘ шартын жасасу жүзеге асырылады. АСМ МЖӘ шартын бюджетті орындау жөніндегі орталық уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшелері Қазақстан Республикасының Бюджет заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркеуі тиіс.
АСМ МЖӘ шарты бойынша мемлекеттік міндеттемелері болмаған жағдайда, АСМ МЖӘ шартын тіркеу Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 25 қарашадағы № 725 (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12717 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау және іске асыру қағидаларының 162-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.
69. АСМ шарты бойынша сервистік бағдарламалық өнімнің немесе АК-қызметі бойынша АКИ объектісінің өнім берушісін анықтаған жағдайда, өнім беруші осы Қағидалардың 3-тарауына сәйкес сервистік бағдарламалық өнімді немесе АКИ объектісін әзірлеуге кіріседі.
3- тарау. АК-қызметін құру және дамыту
1-параграф. АҚ-қызметін құру
70. АК-қызметтерін құру сервистік бағдарламалық өнімнің немесе АКИ объектісінің өнім берушісін құру жолымен жүзеге асырылады.
71. Өнім берушіге сервистік бағдарламалық өнімді немесе АКИ объектісін әзірлеу және (немесе) тестілеу үшін ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым қажет болған жағдайда, оператор сервистік интегратордың сұрау салуы бойынша ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды 5 (бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде ұсынады.
72. Сервистік интегратор сервистік бағдарламалық өнімді немесе АКИ объектісін құру кезеңінде сервистік интегратор АК-қызметіне тапсырыс берушімен және өнім берушімен демонстрациялық кездесулер өткізеді.
Өнім беруші АК-қызметін жобалау тапсырмасының талаптарға сәйкестігін тексеру үшін әзірленген функционалдың көрсетілімін жүзеге асырады.
АК-қызметіне тапсырыс беруші демонстрациялық кездесу өткізу кезінде, АК-қызметін жобалау тапсырмасында көрсетілген сервистік бағдарламалық өнімге немесе АКИ объектісіне қойылатын талаптарды нақтылайды және сервистік бағдарламалық өнімді немесе АКИ объектісін әзірлеу бойынша түсініктеме береді.
Демонстрациялық кездесулерді өткізу қорытындылары бойынша сервистік интегратор кездесу хаттамасын рәсімдейді.
73. Сервистік бағдарламалық өнімді немесе АКИ объектісін құру қорытындылары бойынша өнім беруші тестілеуге дайын екендігі туралы хабарламаны өнім берушіні анықтау туралы хаттамада белгіленген мерзімде жолдайды.
Өнім беруші хабарламаға мыналарды:
сервистік бағдарламалық өнімнің немесе АКИ объектісінің пайдалану ортасында жұмыс істеуі үшін ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның талап етілген ресурстары туралы ақпаратты;
АК-қызметін жобалауға арналған тапсырмада көзделген техникалық құжаттаманы ұсынады.
74. Сервистік интегратор оператормен бірлесіп, өнім берушінің тестілеуге дайын екендігі туралы хабарламаны алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде АК-қызметін жобалауға арналған тапсырмаға сәйкес техникалық құжаттаманың жиынтығына тексеруді жүзеге асырады.
75. Сервистік интегратор АК-қызметін жобалауға арналған тапсырмаға сәйкес тестілеу жоспарын мерзімінде әзірлейді және бекітеді.
76. Сервистік бағдарламалық өнімнің немесе АКИ объектісінің жұмысқа қабілеттілігін тестілеуді өнім беруші оператормен бірлесіп, Комиссияның қатысуымен жүзеге асырады.
77. Сервистік бағдарламалық өнімнің немесе АКИ объектісінің тестілеуден өтуі теріс нәтиже берген жағдайда, өнім беруші тестілеуде анықталған ескертулерді тестілеу хаттамасына сәйкес мерзімде жояды.
Сервистік бағдарламалық өнімді немесе АКИ объектісін қайта тестілеу үш реттен артық жүргізілмейді.
Тестілеу нәтижелері теріс болған жағдайда, сервистік интегратор АК-қызметін одан әрі құру туралы шешімді қабылдау үшін Комиссия отырысына бастамашылық етеді.
78. Сервистік бағдарламалық өнімді немесе АКИ объектісін тестілеуден өткізу қорытындылары бойынша Оператор тестілеу хаттамасын рәсімдейді.
Сервистік бағдарламалық өнімнің немесе АКИ объектісінің жұмысқа қабілеттілігін тестілеу хаттамасына Комиссия қол қояды.
79. АК-қызметін жобалау тапсырмасы сервистік бағдарламалық өнімнің немесе АКИ объектісінің "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерімен ықпалдастыруды көздеген жағдайда, тестілеу мүдделі мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен өткізіледі.
80. Сервистік бағдарламалық өнімді тестілеуден өткізудің оң қорытындылары бойынша сервистік бағдарламалық өнімді құрған жағдайда, өнім беруші сервистік бағдарламалық өнімді ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынақтан өткізуді қамтамасыз етеді.
81. Өнім беруші сервистік интеграторға акт көшірмесімен ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынақтан өткені немесе рәсімдерден өтпегені туралы хабарлама жолдайды.
82. АКИ объектісін құрған жағдайда, құрылған АКИ объектісін есепке ала отырып, оператор "электрондық үкімет" ақпараттық-коммуникациялық платформасының ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне аттестаттаудан өткізуді қамтамасыз етеді.
"Электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық платформасын аттестаттаудан өткізу қорытындылары бойынша оператор сервистік интеграторға хабарлама жолдайды.
83. Сервистік интегратор өнім берушіден немесе оператордан хабарлама алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде Комиссия отырысына бастамашылық жасайды.
84. Сервистік интегратор Комиссия отырысына АК-қызметін жалға алудың нақты құнының есебін ұсынады.
85. Комиссия сервистік интегратор ұсынған Комиссияның алдыңғы отырыстарының хаттамалары, тестілеу хаттамалары, сервистік бағдарламалық өнімнің ақпараттық қауіпсіздікке сәйкестігін сынау актісі, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкес аттестаты негізінде АК-қызметін қалыптастыру туралы шешім қабылдайды.
86. АК-қызметін қалыптастыру келесі тәртіппен жүзеге асырылады:
1) сервистік бағдарламалық өнімді немесе АКИ-объектісін және АК-қызметін пайдалануға беру;
2) АК-қызметтерін осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен Каталогқа енгізу.
87. Сервистік бағдарламалық өнімді немесе АКИ-объектісін пайдалануға енгізуді оператор өнім берушімен бірге жүзеге асырады.
88. АК-қызметін жобалауға арналған тапсырмаға сәйкес АСМ шарты бойынша АК-қызметтерін құрған жағдайда, сервистік бағдарламалық өнімді немесе АКИ объектісін жалға беруқарастырылмайды, АК-қызметтерін құруды оператор мынадай тәртіппен жүзеге асырады:
1) АК-қызметтерін "электрондық үкімет" ақпараттық-коммуникациялық платформасын, сондай-ақ оператордың ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымын жасақтау жолымен қалыптастыру.
"Электрондық үкімет" ақпараттық-коммуникациялық платформасын және оператордың ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымын жасақтау үшін оператор АКИ объектісін сатып алуды оператордың ішкі қағидаларына сәйкес жүзеге асырады.
2) сатып алынған (немесе құрылған) АКИ объектісін тестілеуді оператор жүзеге асырады;
3) сатып алынған (немесе құрылған) АКИ объектісін ескере отырып, "электрондық үкімет" ақпараттық-коммуникациялық платформасының ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне аттестаттау;
4) АК-қызметін пайдалануға беру;
5) АК-қызметтерді осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен Каталогқа қосу.
2-параграф. АК-қызметтерін дамыту
89. АК-қызметтерін дамыту сервистік бағдарламалық өнімнің немесе АКИ объектісінің қызмет етуін оңтайландыру және (немесе) пайдалану кезінде анықталған қызметін кеңейту мақсатында сервистік бағдарламалық өнімнің немесе АКИ объектісінің қосымша функционалдық талаптарын іске асыру қажеттілігімен айқындалады.
90. АК-қызметін дамыту қажет болған жағдайда, АК-қызметіне тапсырыс беруші немесе оператор АК-қызметін дамыту мүмкіндігіне сұрау салуды уәкілетті органға, көшірмесін сервистік интеграторға жолдайды.
91. Сервистік интегратор АК-қызметін дамыту мүмкіндігіне сұрау салуды алған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде АК-қызметіне тапсырыс берушіні және операторды және АК-қызметін дамытуға оператордың және өнім берушінің бағалық ұсынысын тарта отырып, АК-қызметін дамытудың орындылығына талдау жүргізеді.
Сервисток интегратор уәкілетті органға, АК-қызметіне тапсырыс берушіге және операторға АК-қызметі құнының есебі қоса берілген АК-қызметін дамыту мүмкіндігі туралы қорытынды жібереді.
92. Сервистік интегратор АК-қызметіне тапсырыс берушінің,уәкілетті органның және оператордың қатысуымен шешім қабылдау үшін АК-қызметін дамыту және өнім берушіні ауыстыру талқылауына бастамашылық жасайды.
93. Өнім беруші сервистік бағдарламалық өнімді немесе АКИ объектісін дамытқан жағдайда, сервистік интегратор АК-қызметін дамытуды жобалауға арналған тапсырманы әзірлеуді жүзеге асырады және оны осы Қағидалардың 2-тарауы 2-параграфында белгіленген тәртіпте, АК-қызметіне тапсырыс берушімен, оператормен және өнім берушімен келіседі.
94. Өнім беруші АК-қызметін дамытуды жобалауға бекітілген тапсырманың негізінде сервистік бағдарламалық өнімді немесе АКИ объектісін пысықтауды жүзеге асырады.
95. Сервистік бағдарламалық өнімді немесе АКИ объектісін тестілеуді және пайдалануға беруді оператор өнім берушімен бірлесіп, осы Қағидалардың 1-тарауы 3-параграфында белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.
96. Өнім беруші сервистік бағдарламалық өнімді немесе АКИ объектісін дамытудан бас тартқан немесе сервистік бағдарламалық өнімнің немесе АКИ объектісінің өнім берушісін ауыстыру туралы шешім қабылдаған жағдайда, осы Қағидалардың 2-тарауы 4-параграфында белгіленген тәртіппен конкурсты ұйымдастыру жүргізіледі.
Электрондық ақпараттық ресурстардың көші-қоны бойынша жұмыстарды ескере отырып, жаңа сервистік бағдарламалық өнімді немесе АКИ объектісін пайдалануды оператор сервистік бағдарламалық өнімді немесе АКИ объектісін пайдалануға бергенге дейін жүзеге асырады.
97. АСМ МЖӘ шарты бойынша көрсетілетін АК-қызметін дамытуды өнім беруші АК-қызметін құру бойынша жасасқан АСМ МЖӘ шартының талаптарына сәйкес жүзеге асырады.
3-параграф. АК-қызметтерінің катологын қалыптастыру және жүргізу
98. Сервистік интегратор сервистік бағдарламалық өнімді немесе объектіні және АКИ-қызметін пайдалануға беру хаттамасына қол қойған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей оператордың хабарламасы бойынша АК-қызметтерін АК-қызметтерінің катологына енгізуге бастамашылық етеді.
99. АК-қызметтерін АК-қызметтерінің катологынан алып тастау АК-қызметіне тапсырыс берушінің немесе оператордың сұрау салуы бойынша АК-қызметіне қажеттілік өзгерген немесе болмаған жағдайда жүзеге асырылады.
100. АК-қызметін Катологтан алып тастау кезінде оператор АК-қызметін көрсету процесінде жинақталған электрондық ақпараттық ресурстарды электрондық ақпараттық ресурстың иесіне тапсыратын электрондық тасымалдағышқа көшіруді (жазылуын) және ауыстыруды қамтамасыз етеді.
101. Мемлекеттік органдарға көрсетілетін АК-қызметтері сипатталған католог және олардың құны туралы ақпарат оператордың интернет-ресурсына орналастырылады.
4-тарау. АК-қызметтерін көрсету
102. АК-қызметтерін көрсету АСМ МЖӘ шартының немесе АСМ шартының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
103. АК-қызметін көрсету бойынша қаржыландыру міндеттері, көлемі, мерзімі мен шарттары және тараптардың жауапкершілігі АСМ МЖӘ шартында немесе СМ МЖӘ шартында белгіленеді.
104. АК-қызметтерін орталықтандырылған негізде тиісті саладағы уәкілетті орган немесе жеке-жеке мемлекеттік орган сатып ала алады.
105. Оператор АК-қызметінің тапсырыс берушісімен АСМ шартын жасасқан күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде таңдап алынған әлеуетті өнім берушімен сервистік бағдарламалық өнімді немесе АКИ объектісін жалдау туралы шарт жасасады.
106. Сервистік бағдарламалық өнімді немесе АКИ объектісін жалға беру шеңберінде өнім беруші АСМ шартына және АСМ МЖӘ шартына сәйкес сервистік бағдарламалық өнімге немесе АКИ объектісіне техникалық қолдауды қамтамасыз етеді.
107. АСМ МЖӘ шарты немесе АСМ шарты тараптардың келісімі бойынша өзгертіледі және бұзылады.
108. АСМ МЖӘ шарты мемлекеттік әріптестестердің (АК-қызмет тапсырушысының) талап етуі бойынша сот шешімімен ғана бұзылуы мүмкін:
жеке әріптес (өнім беруші) АСМ МЖӘ шартын айтарлықтай бұзған кезде;
егер жеке серіктес (өнім беруші) АСМ МЖӘ жобасын дәрменсіздігі себебінен (банкрот болу) жүзеге асыра алмаса.
Жеке әріптестің (өнім беруші) талабы бойынша АСМ МЖӘ шарты сот шешімімен мемлекеттік әріптестің (АК-қызметіне тапсырыс беруші) АСМ МЖӘ шартында айтарлықтай бұзушылықтар болған жағдайда ғана тоқтатылуы мүмкін.
109. АСМ МЖӘ шартын орындаудан бас тарту немесе бұзу жағдайында сервистік бағдарламалық өнімді немесе АКИ объектісін пайдалануды электрондық ақпараттық ресурстардың көші-қоны бойынша жұмыстарды есепке ала отырып, оператор жаңа сервистік бағдарламалық өнімді немесе АКИ объектісін пайдалануға бергенге дейін жүзеге асырады.
110. АК-қызметінің катологынан АК-қызметіне қажеттілік болған жағдайда, мүдделі мемлекеттік орган операторға пайдаланушылардың саны және бөлінуі жөніндегі мәліметпен бірге, жоспарланып отырған АК-қызметін сатып алу туралы сұрау салады.
Оператор сұрау салуды алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде АК-қызметін көрсету мүмкіндігін қарстырады, АК-қызметін жалға беру құнының есебін уәкілетті органмен және сервистік интегратормен келіседі және мемлекеттік органға баға ұсыныстарымен бірге, АК-қызметін көрсету мүмкіндігі туралы хабарлама жолдайды.
111. АСМ МЖӘ жобасы бойынша құрылған АК-қызметін сатып алу АСМ МЖӘ шартына қосымша келісім жасасу арқылы жүзеге асырылады.
5-тарау. АК-қызметтерінің мониторингі
112. АСМ МЖӘ жобаларын іске асыру мониторингі АСМ МЖӘ жобасының орындалу барысын үздіксіз қадағалау процесі болып табылады.
113. АСМ МЖӘ жобаларын іске асыруылуын мониторингтеу және бағалау, сондай-ақ шарттық қатынастар кезеңінде шарттық міндеттемелердің орындалуын мониторингтеу мақсатында АК-қызметіне тапсырыс берушілер уәкілетті органға жыл сайын 1 наурыздан кешіктірмей келесі ақпаратты көздейтін есепті жолдайды:
1) көрсетілетін АК-қызметінің сапасы туралы;
2) АК-қызметіне тапсырыс берушінің, өнім берушінің немесе оператордың шарт талаптарын бұзуы немесе орындамауы.
114. АСМ МЖӘ жобаларын іске асыруды бағалау АК-қызметін көрсету сапасын мониторингтеу процесі болып табылады.
115. АК-қызметін көрсету сапасын мониторингтеу және осы қызметтерді алушыларды консультативтік сүйемелдеуді қамтамасыз ету мақсатында уәкілетті орган және оператор Бірыңғай байланыс орталығын тартады.
116. АК-қызметтерін көрсету сапасын мониторингтеу шеңберінде Бірыңғай байланыс орталығы уәкілетті органға тоқсан сайын АК-қызметтерін көрсету есебін жолдайды.
117. Уәкілетті орган АК-қызметін көрсету сапасын бағалау қорытындылары бойынша, соның ішінде Бірыңғай байланыс орталығының АК-қызметтерін көрсету есебі және АК-қызметтеріне тапсырыс берушілер ұсынған ақпараттың негізінде ұсынымдары бар есепті қалыптастырады және операторға және (немесе) өнім берушіге жолдайды, сондай-ақ АК-қызметтеріне тапсырыс берушілерді хабардар етеді.
Ақпараттандырудың сервистік моделін іске асыру қағидаларына 1-қосымша |
|
Нысан |
Мемлекеттік органның уәкілетті органға және сервистік интеграторға мемлекеттік органның қызметін автоматтандыруға сұрау салуы
Бөлімнің атауы | Мәліметтер |
Мемлекеттік орган функциясының атауы және сипаты | (Ақпараттандырудың сервистік моделі арқылы автоматтандыру үшін мемлекеттік орган функциясының атауы көрсетіледі) |
Мемлекеттік органның қызметін автоматтандыруға нормативтік негіз | (Автоматтандыруға жоспарланып отырған функция сипатталған нормативтік құқықтық актілердің тізбесі (мысалы, ведомствоның ережесі, қағидалар, регламент, әдістеме, нұсқаулық), белгіленген мемлекеттік, салалық бағдарламалардың және құрамында сервисті іске асыру көзделген Қазақстан Республикасының аумағын дамыту бағдарламасының атауы (нақты тармақтарға сілтеме жасау керек) |
Мемлекеттік органның қызметін автоматтандырудың мақсаты мен міндеттері |
______________________________________ |
АК-қызметтерін енгізудің ауқымы мен қуаттылығы |
______________________________________ |
Қызметті орындай отырып ағымдағы жағдайдың және автоматтандырудың болмауымен байланысты проблемалардың сипаты |
______________________________________ |
Автоматтандырудан күтілетін нәтижелер |
______________________________________ |
Мемлекеттік органның қызметі шеңберінде пайдаланылуы шектелген ақпараттың болуы |
______________________________________ |
Мемлекеттік органның қызметін автоматтандыру бойынша техникалық құжаттаманың болуы |
______________________________________ |
Мемлекеттік органның қызметін автоматтандыратын/қызметін ішінара автоматтандыратын мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесі (лері) бар ма |
______________________________________ |
Жауапты адамдардың байланыс деректері |
______________________________________ |
Ақпараттандырудың сервистік моделін іске асыру қағидаларына 2-қосымша |
|
Нысан |
Әлеуетті өнім берушінің немесе оператордың уәкілетті органға және сервистік интеграторға мемлекеттік органның қызметін автоматтандыруға өтінімі
Кімге _____________________________________________________________________
(ақпараттандыру саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның атауы көрсетіледі)
Кімнен ___________________________________________________________________
(әлеуетті өнім берушінің толық атауы, тегі, аты, әкесінің аты
(бар болған жағдайда) көрсетіледі)
осы өтініммен мемлекеттік органның __________________________________________
________________________________________ қызметін автоматтандыру (мемлекеттік
органның атауы) туралы өтінімді қарауды сұрайды.
1. Әлеуетті өнім беруші/оператор туралы мәліметтер (атауы, БСН/ЖСН, заңды және
почталық мекенжайы, байланыс телефондары).
2. Жобаның сипаттамасы (жобаның, мемлекеттік функцияның атауы, сипаттамасы,
мақсаттары мен міндеттері, күтілетін нәтиже, өтінімді бағалауға мүмкіндік беретін
өзге де мәліметтер. Дайын бағдарламалық өнім болған жағдайда, толық сипаттамасы
қоса беріледі).
3. Баға ұсынысы.
Осы өтініммен ___________________ (әлеуетті өнім берушінің толық атауы,
ТАӘ көрсетіледі), қарау рәсімімен таныс екенін және өз құқықтылығы, біліктілігі,
бағдарламалық өнімінің сапалық және өзге де сипаттамалары туралы анық емес
мәліметтер ұсынғаны үшін жауаптылығы туралы хабардар екенін, авторлық және
сабақтас құқықтарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген
өзге де шектеулерді сақтайтынын растайды.
4. Осы өтінім ________________ дейін қолданыста болады.
____________________________________________
___________________/________________________/мөрдің орны (бар болған жағдайда)
(Дара кәсіпкердің немесе заңды тұлға басшысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған
жағдайда) және оның қолы)
Толтыру күні ____________________
Өтінімге әлеуетті өнім беруші/оператор ұсынылған бағдарламалық өнімді бағалау үшін
қажетті қосымша ақпаратты немесе мәліметтерді ұсынады.
Ақпараттандырудың сервистік моделін іске асыру қағидаларына 3-қосымша |
|
Нысан |
____________ (сервистік бағдарламалық өнімнің, ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектісінің) өнім берушісін айқындау бойынша конкурстық рәсімдердің басталуы туралы хабарландыру
Бөлімнің атауы | Мәліметтер |
Ақпараттық-коммуникациялық қызметтің атауы |
_____________________________________________ |
АК-қызметіне тапсырыс берушінің атауы |
_____________________________________________ |
Ақпараттық-коммуникациялық қызметтің сипаттамасы |
_____________________________________________ |
Конкурстық рәсімдердің сипаттамасы |
_____________________________________________ |
Ұйымдастырушы |
_____________________________________________ |
Ұйымдастырушының жауапты адамдарының байланыс деректері |
_____________________________________________ |
Өтінімдерді қабылдау мерзімі |
_____________________________________________ |
Ақпараттық-коммуникациялық қызметті жобалауға арналған тапсырма |
_____________________________________________ |
Әлеуметтік өнім берушілер ұсынатын олардың біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесі заңды тұлғалар үшін:
электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжаттардың көшірмелері не электрондық құжаттар, не нотариат куәландырған көшiрме;
заңды тұлға қызметін үлгілік жарғы негізінде жүзеге асыратын жағдайларды қоспағанда, жарғы. Қазақстан Республикасының бейрезиденттері қазақ және (немесе) орыс тілдеріне аударылған нотариат куәландырған сауда тізілімінен заңдастырылған үзіндіні ұсынады;
тіркелген заңды тұлға, филиал немесе өкілеттік туралы анықтама;
дара кәсіпкерлер үшін:
тиісті мемлекеттік орган берген, қызметін дара кәсіпкер ретінде жүзеге асыратынын көрсететін құжат;
жеке сәйкестендіру нөмірін көрсете отырып, жеке куәлігі (паспорты);
конкурсқа қарапайым серіктестік нысанында жеке және (немесе) заңды тұлғалардың бірлестіктері қатысқан жағдайда, оның қатысушылары өздерінің біліктілік талаптарын растау үшін осы Қағидаларда белгіленген құжаттардан басқа мынадай құжаттарды:
бірлескен қызметі туралы шартты;
қарапайым серіктестік мүшелері арасында жасалған ортақ жауапкершілік туралы шартты;
оның атынан әрекет ететін қарапайым серіктестіктің өкіліне арналған сенімхатты ұсынады.
Әлеуетті өнім беруші – Қазақстан Республикасының бейрезиденті өзінің біліктілік талаптарға сәйкестігін растауда Қазақстан Республикасының резиденті тапсыратын құжаттарды не мемлекеттік және (немесе) орыс тілдеріне аударылған нотариат куәландырған әлеуетті өнім берушінің біліктілігі туралы осындай мәліметтерді қамтитын құжаттарды ұсынады.
шотында ақшаның болуын растайтын құжаттар;
әлеуетті өнім берушіге қызмет көрсететін банктің немесе банк филиалының қолы мен мөрі бар Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басқармасының 2011 жылғы 31 қаңтардағы № 3 қаулысымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6793 болып тіркелген) Екінші деңгейдегі банктердегі, ипотекалық ұйымдардағы және "Қазақстан Даму Банкі" акционерлік қоғамындағы бухгалтерлік есеп шоттарының үлгі жоспарына сәйкес банк немесе банк филиалы алдындағы әлеуетті өнім беруші міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша анықтама берілген күннің алдындағы үш айдан астам созылған мерзімі өткен берешегінің болмауы туралы анықтаманың түпнұсқасы.
Егер әлеуетті өнім беруші бірнеше екінші деңгейлі банктердің немесе филиалдардың, сондай-ақ шетелдік банктің клиенті болып табылса, аталған анықтама осындай банктердің әрқайсысынан ұсынылады.
өтінімдерді қабылдау басталған күннен ерте алынбаған салық төлеушінің салықтық берешегінің болмауы (болуы) туралы анықтама.
Ақпараттандырудың сервистік моделі жөніндегі мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты бойынша міндеттемелерді орындау үшін қажетті қаржылық және (немесе) материалдық және (немесе) еңбек ресурстарын растау үшін:
әлеуетті өнім беруші растаушы құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, жабдықтардың (материалдардың) не осындай (ұқсас, қосымша) жабдықтардың (материалдардың) болуы туралы мәліметтерді көрсетеді;
әлеуетті өнім беруші растаушы құжаттардың көшірмелерін көрсете отырып, өзіне жүктелген міндеттерді орындау үшін білікті қызметкерлер туралы мәліметтерді көрсетеді;
әлеуетті өнім берушінің бірінші басшысы немесе уәкілетті өкілі қол қойған және әлеуетті өнім берушінің мөрімен куәландырылған соңғы есептік күнге (соңғы қаржы жылына) арналған бухгалтерлік баланста "Негізгі қаражаттар" бабының толық жазылуы;
банкроттық немесе жою рәсімдеріне жатпайтыны, баланстық құны тиісті негізгі қаражаттар құнының он пайызынан асатын мүлкі тәркіленбегендігі,оның қаржылық-шаруашылық қызметі тоқтатылмағандығы, оны жосықсыз әлеуетті жекеше әріптес ретінде тану туралы заңды күшіне енген, сот шешімінің негізінде соңғы үш жыл ішінде жасалаған мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылмағаны туралы әлеуетті өнім берушінің кепілхаты.
Ақпараттандырудың сервистік моделін іске асыру қағидаларына 4-қосымша |
|
Нысан |
________________________________ (сервистік бағдарламалық өнімді, ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектісін) құру конкурсына қатысуға арналған өтінім
Кімге ____________________________________________________________________
(ақпараттық-коммуникациялық қызметті жобалауға арналған тапсырмаға сәйкес
ақпараттық-коммуникациялық қызметке тапсырыс берушінің атауы көрсетіледі)
Кімнен ___________________________________________________________________
(әлеуетті өнім берушінің толық атауы көрсетіледі)
1. __________________________ (сервистік бағдарламалық өнімді, ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектісін) құруға қатысуға үміткер адамтуралы ақпарат:
Әлеуетті өнім берушінің заңды, почталық мекенжайы және байланыс телефондары | |
Заңды тұлғаның бірінші басшысының немесе дара кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) |
2. ___________________ (үміткердің толық атауы көрсетіледі) осы өтініммен әлеуетті өнім беруші ретінде ақпараттық-коммуникациялық қызметті (бұдан әрі – АК-қызметі) ________________ (АК-қызметін атауы көрсетіледі) қалыптастыру және көрсету үшін қажетті (сервистік бағдарламалық өнімді, ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектісін) құруға қатысуға ниет білдіреді және ________________ (АК-қызметінің толық атауы көрсетіледі) АК-қызметін жобалауға арналған тапсырманың талаптарына сәйкес және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 129 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тіркелімінде № 13282 болып тіркелген) Ақпараттандырудың сервистік моделін іске асыру қағидаларында көзделген шарттарға сәйкес (сервистік бағдарламалық өнімді, ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектісін) құруды және жалға алуды жүзеге асыруға келісімін білдіреді.
3. ___________________ (үміткердің толық атауы көрсетіледі) өнім берушіні айқындау бойынша конкурстық рәсімдерді бастау туралы хабарландырумен таныс екенін және ұйымдастырушы мен Комиссияға өз құқықтылығы, біліктілігі туралы анық емес мәліметтер ұсынғаны үшін жауапкершілік туралы хабардар екенін, авторлық және сабақтас құқықтарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген өзге де шектеулерді сақтайтынын растайды.
_________________________ (үмiткердің толық атауы көрсетіледі) ________________ (АК-қызметінің атауы көрсетіледі) АК-қызметін қалыптастыру және құру үшін қажетті (сервистік бағдарламалық өнімді, ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектісін) құруға қатысумен байланысты барлық қаржылық, ұйымдастырушылық, құқықтық және өзге де тәуекелдерді толық көлемде қабылдайды.
4. ________________ (АК-қызметінің атауы көрсетіледі) АК-қызметін қалыптастыру және құру үшін қажетті (сервистік бағдарламалық өнімді, ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектісін) құруға қатысуға арналған осы өтінім ________________ дейін қолданыста болады.
____________________________________________
___________________/________________________/мөрдің орны (бар болған жағдайда)
(Заңды тұлғаның бірінші басшысының немесе дара кәсіпкердің лауазымы,
тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) және қолы)
Толтыру күні ____________________
Ақпараттандырудың сервистік моделінь іске асыру қағидаларына 5-қосымша |
Конкурстық іріктеуді бағалау өлшемшарттары
1. Конкурстық іріктеу мынадай өлшемшарттар бойынша жүзеге асырылады:
1) прототипті немесе дайын бағдарламалық өнімді және шешім архитектурасын бағалау;
2) сервистік бағдарламалық өнімді (бұдан әрі – СБӨ) немесе ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым (бұдан әрі-АКИ) объектісін жалға алу құнын бағалау.
2. Бағалаудың әрбір өлшемшарты 0-ден (нөлден) мен 3-ке (үшке) дейінгі балдармен бағаланады.
3. Прототипті немесе дайын бағдарламалық өнімді бағалау мынадай формулалар бойынша жүргізіледі:
Sорташа= ((m1+m2+…+mn)/k)+Sарх
Rпрототип=Sср* W
мұнда, Sорташа – әрбір талаптар блогы балдарының орташа сомасы;
Rпрототип – әлеуетті өнім берушінің прототипі немесе дайын бағдарламалық өнім бойынша қорытынды баға;
Sарх – шешім архитектурасы бойынша қойылған баға;
m1, m2… mn – Комиссия мүшесінің бір талапқа қойған бағасы;
k – бағалауға қатысатын Комиссия мүшелерінің саны;
W –үлес салмағы, %.
4. Егер өлшемшарттардың біреуі бойынша Комиссия мүшелері балдарының орташа сомасы "0-ге" тең болса, прототип бойынша қорытынды бағасы "0-ге" тең.
5. Әлеуетті өнім берушінің баға ұсынысын бағалау мына формулалар бойынша жүргізіледі:
Rбаға =Смин/ССБӨ* W
мұнда, Смин – әлеуетті өнім берушілердің барлық баға ұсыныстары арасында СБӨ-ні немесе АКИ объектісін жалға алудың және қолдаудың ең төменгі құны;
ССБӨ – бағаланатын әлеуетті өнім берушінің баға ұсынысына сәйкес СБӨ-ні немесе АКИ объектісін жалға алу және қолдау құны;
W – үлес салмағы, %;
Rбаға – бағаланатын әлеуетті өнім беруші ұсынған СБӨ-ні немесе АКИ объектісін жалға алудың және қолдаудың жалпы құнының қорытынды балы.
6. Егер хабарландыруда өлшемшарт ретінде әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибесі көрсетілген жағдайда, онда әлеуетті өнім берушіге қосымша Rқос балы есептеледі.
7. СБӨ прототипінің үлес салмағы (W,%) 60%-ды, әлеуетті өнім берушінің баға ұсынысының үлес салмағы 40%-ды құрайды.
Егер Қосымша талап ретінде әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибесі бағаланған жағдайда, әрбір өлшемшарт бойынша үлес салмағы: прототип немесе дайын бағдарламалық өнім 50%-ды, әлеуетті өнім берушінің баға ұсынысы 30%-ды, әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибесі 20 %-ды құрайды.
8. Қорытынды баға мынадай формулаға тең:
R= Rпрототип+ Rбаға+ SRқос.