"Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері тұрғын үй комиссияларының қызметі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 2 тамыздағы № 405 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2018 жылғы 26 маусымдағы № 435 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 12 шілдеде № 17187 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері тұрғын үй комиссияларының қызметі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 2 тамыздағы № 405 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15646 болып тіркелген, 2017 жылғы 20 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері тұрғын үй комиссияларының қызметі қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскерлерді пәтерлерге орналастыру бас басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және оған енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Т.Ж. Жанжүменовке жүктелсін.

      4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің міндетін
уақытша атқарушы генерал-лейтенант
М. Майкеев

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2018 жылғы 26 маусымдағы
№ 435 бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2017 жылғы 2 тамыздағы
№ 405 бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері тұрғын үй комиссияларының қызметі қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері тұрғын үй комиссияларының қызметі қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері тұрғын үй комиссияларының (бұдан әрі – Комиссия) қызметі тәртібін айқындайды.

      2. Тұрғынжайға мұқтаж әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерін және қызметтік тұрғын үй қорын есепке алу жөніндегі функциялар, сондай-ақ тұрғын үй қатынастары бойынша басқа да мәселелер жүктелген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жауапты құрылымдық бөлімшесі болып Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің аудандық пайдалану бөлімдері (бұдан әрі – ҚР ҚМ АПБ) айқындалды.

2-тарау. Тұрғын үй комиссиясының қызмет тәртібі

      3. Комиссия тақ саннан (кемінде бес адамнан) және дауыс беру құқығы жоқ Комиссияның хатшысынан құрылады.

      4. Комиссияның құрамына мыналар кіреді:

      1) Комиссия төрағасы – ҚР ҚМ АПБ бастығы;

      2) ҚР ҚМ АПБ бастығының құқықтық жұмыстар жөніндегі көмекшісі;

      3) ҚР ҚМ АПБ қаржы қызметінің өкілі;

      4) ҚР ҚМ АПБ кадр қызметінің өкілі;

      5) ҚР ҚМ АПБ тұрғын үй бөлімінің (тобының) бастығы;

      6) Комиссия хатшысы – ҚР ҚМ АПБ тұрғын үй бөлімінің (тобының) инспекторы.

      5. Комиссияның құрамы ҚР ҚМ АПБ бастығының бұйрығымен бекітіледі.

      6. Комисссияның қызметі:

      1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 12 ақпандағы № 49 қаулысымен бекітілген Әскери қызметшілерді қызметтік тұрғынжаймен қамтамасыз ету, тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау қағидаларымен айқындалған тәртіппен оларды тұрғын үйге мұқтаж деп тану үшін өтініш жасаған әскери қызметшілердің баянаттарын қарауды;

      2) жалға алу не бұрын жалға берілген тұрғын үйді ауыстыру үшін өтініш жасаған әскери қызметшілердің және әскери қызметте күнтізбелік есептеумен он және одан көп жыл, бірақ жиырма жылдан аз болған және жекешелендіруге жатпайтын, оның ішінде жабық және оқшауланған әскери қалашықтардың, шекара заставаларының және өзге де жабық объектілердің аумағында орналасуы салдарынан жекешелендіруге жатпайтын қызметтік тұрғынжайда тұратын және әскери қызметте болудың шекті жасына толуына, денсаулық жағдайына немесе штаттардың қысқартылуына байланысты 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін әскери қызметтен шығарылған адамдардың баянаттарын қарауды;

      3) әскери қызметшілердің және әскери қызметте тұрған адамдардың баянаттарын қанағаттандыру туралы хаттамалық шешім қабылдауды не әскери қызметшілерге және әскери қызметте тұрған адамдарға дәлелді түрде бас тартуды шығаруды;

      4) тұрғын үйді жалдау шартын жасау мәселесін қарауды;

      5) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 шілдедегі № 673 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіру қағидаларымен айқындалған тәртіппен тұрғын үйді жекешелендіру туралы мәселелерді шешу үшін өтініш жасаған әскери қызметшінің баянатын қарауды;

      6) "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 73-бабында айқындалған жағдайларда тұрғын үйге мұқтаж әскери қызметшіні есептен шығару туралы хаттамалық шешім қабылдауды;

      7) әскери қызметшілердің және әскери қызметте тұрған адамдардың баянаттарын, сондай-ақ оларға қоса берілетін құжаттарды, Комиссияның хаттамалық шешімдерін сақтауды, материалдарды ресімдеуді;

      8) жабық және оқшауланған әскери қалашықтардың тұрғын үй қорын көрсетілген әскери қалашықтарда орналасқан әскери бөлімдер командирлерінің қолдаухаты бойынша бөлуді қамтиды.

      7. Комиссия қажеттілігіне қарай, бірақ айына бір реттен сиретпей отырыс өткізеді. Егер оған оның құрамының кемінде үштен екісі қатысса, Комиссияның отырысы заңды деп саналады.

      8. Комиссияның шешімі дауыс беру арқылы көпшілік дауыспен қабылданады.

      Комиссияның шешімі хаттама түрінде (еркін нысанда) ресімделеді және оған Комиссияның мүшелері қол қояды.

      Комиссия мүшелері Комиссияның хаттамасында көрсетілген мәліметтердің толықтығы мен дұрыстығына жауап береді.

      Шешім әрбір әскери қызметші бойынша жеке қабылданады.

      9. Комиссияның хатшысы Комиссия отырысының хаттамасын жүргізеді.

      10. Егер оны қатысып отырған мүшелер қатарынан үштен екісі қабылдаса, Комиссияның шешімі заңды болады.

      11. Комиссия өз қызметін уәкілетті органды таратқан не қайта ұйымдастырған кезде тоқтатады.

О внесении изменения в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 2 августа 2017 года № 405 "Об утверждении Правил деятельности жилищных комиссий Вооруженных Сил Республики Казахстан"

Приказ Министра обороны Республики Казахстан от 26 июня 2018 года № 435. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 12 июля 2018 года № 17187

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 2 августа 2017 года № 405 "Об утверждении Правил деятельности жилищных комиссий Вооруженных Сил Республики Казахстан" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 15646, опубликован 20 сентября 2017 года в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан) следующее изменение:

      Правила деятельности жилищных комиссий Вооруженных Сил Республики Казахстан, утвержденные указанным приказом, изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему приказу.

      2. Главному управлению расквартирования войск Вооруженных Сил Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) направление копии настоящего приказа в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации" Министерства юстиции Республики Казахстан для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан в бумажном и электронном видах на казахском и русском языках в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации;

      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства обороны Республики Казахстан после его первого официального опубликования;

      4) направление сведений в Юридический департамент Министерства обороны Республики Казахстан об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1), 2) и 3) настоящего пункта в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на заместителя Министра обороны Республики Казахстан генерал-лейтенанта Жанжуменова Т.Ж.

      4. Настоящий приказ довести до должностных лиц в части, их касающейся.

      5. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      ВрИО Министра обороны
Республики Казахстан
генерал-лейтенант
М. Майкеев

  Приложение
к приказу Министра обороны
Республики Казахстан
от 26 июня 2018 года
№ 435
  Утверждены
приказом Министра обороны
Республики Казахстан
от 2 августа 2017 года № 405

Правила деятельности жилищных комиссий Вооруженных Сил Республики Казахстан

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила деятельности жилищных комиссий Вооруженных Сил Республики Казахстан (далее – Правила) определяют порядок деятельности жилищных комиссий Вооруженных Сил Республики Казахстан (далее – Комиссия).

      2. Ответственным структурным подразделением Вооруженных Сил Республики Казахстан на которое возложены функции по учету военнослужащих и членов их семей, нуждающихся в жилище, и фонда служебного жилища, а также другие вопросы по жилищным отношениям определены районные эксплуатационные части Министерства обороны Республики Казахстан (далее – РЭЧ МО РК).

Глава 2. Порядок деятельности жилищной комиссии

      3. Комиссия формируется из нечетного количества (не менее пяти человек) и секретаря Комиссии, не имеющего право голоса.

      4. В состав Комиссии входят:

      1) председатель Комиссии – начальник РЭЧ МО РК;

      2) помощник начальника по правовой работе РЭЧ МО РК;

      3) представитель финансовой службы РЭЧ МО РК;

      4) представитель кадровой службы РЭЧ МО РК;

      5) начальник жилищного отдела (группы) РЭЧ МО РК;

      6) секретарь Комиссии – инспектор жилищного отдела (группы) РЭЧ МО РК.

      5. Состав Комиссии утверждается приказом начальника РЭЧ МО РК.

      6.  Деятельность Комиссии включают в себя:

      1) рассмотрение рапортов военнослужащих, обратившихся для признания их нуждающимися в жилище, в порядке, определенными Правилами обеспечения служебным жилищем военнослужащих, исчисления размера, назначения, перерасчета, осуществления, прекращения, приостановления и возобновления жилищных выплат, утвержденными постановлением Правительства Республики Казахстан от 12 февраля 2018 года № 49;

      2) рассмотрение рапортов военнослужащих и лиц, состоявших на воинской службе десять и более лет, но менее двадцати лет в календарном исчислении, и проживающих в служебном жилище, которое не подлежит приватизации, в том числе вследствие его нахождения на территории закрытых и обособленных военных городков, пограничных застав и иных закрытых объектов, и уволенных с воинской службы до 1 января 2018 года по достижении предельного возраста состояния на воинской службе, по состоянию здоровья или в связи с сокращением штатов, обратившегося для получения в наем либо обмена ранее предоставленного в наем жилища;

      3) принятие протокольного решения об удовлетворении рапортов военнослужащих и лиц, состоявших на воинской службе либо вынесение мотивированного отказа военнослужащим и лиц, состоявших на воинской службе;

      4) рассмотрение вопроса заключения договора найма жилища;

      5) рассмотрение рапорта военнослужащего, обратившегося для решения вопросов о приватизации жилища, в порядке, определенными Правилами приватизации жилищ из государственного жилищного фонда, утвержденных постановлением Правительства Республики Казахстан от 2 июля 2013 года № 673;

      6) принятие протокольного решения о снятии с учета военнослужащего, нуждающегося в жилище, в случаях, определенных статьей 73 Закона Республики Казахстан от 16 апреля 1997 года "О жилищных отношениях";

      7) хранение рапортов военнослужащих и лиц, состоявших на воинской службе, а также прилагаемых к ним документов, протокольных решений Комиссии, оформление материалов;

      8) распределение жилищного фонда закрытых и обособленных военных городков по ходатайству командиров воинских частей, расположенных в указанных военных городках.

      7. Комиссия заседает по мере необходимости, но не реже одного раза в месяц. Заседание Комиссии считается правомочным, если на нем присутствует не менее двух третей ее состава.

      8. Решение Комиссии принимается большинством голосов путем голосования.

      Решение Комиссии оформляется в виде протокола (в произвольной форме) и подписывается членами Комиссии.

      Члены Комиссии, отвечают за полноту и достоверность сведений, отраженных Протоколе Комиссии.

      Решение принимается по каждому военнослужащему отдельно.

      9. Секретарем Комиссии ведется протокол заседания Комиссии.

      10. Решение Комиссии правомочно, если оно принято двумя третями из числа присутствующих членов.

      11. Комиссия прекращает свою деятельность при ликвидации либо реорганизации уполномоченного органа.