Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері тұрғын үй комиссияларының қызметі қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 2 тамыздағы № 405 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 11 қыркүйекте № 15642 болып тіркелді.

      "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 77-бабының 3-2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 27.12.2023 № 1360 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері тұрғын үй комиссияларының қызметі қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскерлерді пәтерлерге орналастыру бас басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қағаз және электрондық түрде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу және ресми жариялау үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 27.12.2023 № 1360 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Генерал-полковник С. Жасұзақов

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2017 жылғы 2 тамыздағы
№ 405 бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері тұрғын үй комиссияларының қызметі қағидалары

      Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 05.05.2021 № 287 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің тұрғын үй комиссияларының қызметі қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері тұрғын үй комиссиялары (бұдан әрі – Комиссия) қызметінің тәртібін айқындайды.

      2. Тұрғынжайға мұқтаж әскери қызметшілерді, азаматтық персонал мен олардың отбасы мүшелерін және қызметтік тұрғын үй қорын есепке алу бойынша функциялар, сондай-ақ тұрғын үй қатынастары бойынша басқа да мәселелер жүктелген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылымдық бөлімшесі болып Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің аудандық пайдалану бөлімдері айқындалған.

2-тарау. Тұрғын үй комиссиясы қызметінің тәртібі

      3. Комиссия адамдардың тақ санынан (кемінде жеті адам) және дауыс беру құқығы жоқ Комиссия хатшысынан құрылады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 27.12.2023 № 1360 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Комиссия құрамы тиісті гарнизон бастығының бұйрығымен бекітіледі.

      5. Комиссия құрамына:

      1) Комиссия төрағасы – гарнизон бастығының тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары;

      2) Комиссия төрағасының орынбасары – гарнизон аудандық пайдалану бөлімінің бастығы;

      3) алып тасталды - ҚР Қорғаныс министрінің 27.12.2023 № 1360 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4) гарнизон бастығының құқықтық жұмыс жөніндегі көмекшісі;

      5) әскери бөлімдердің командирлері;

      6) қаржы қызметінің бастығы;

      7) кадр қызметінің бастығы;

      8) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери полициясы органының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі офицері;

      9) Комиссия хатшысы – гарнизон аудандық пайдалану бөлімі тұрғын үй бөлімінің (бөлімшесінің) әскери қызметшісі (азаматтық персонал).

      Комиссия құрамына кіретін адамдар болмаған жағдайда міндеттер оларды алмастыратын адамдарға жүктеледі.

      Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қорғаныс министрінің 27.12.2023 № 1360 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Комиссияның қызметі:

      1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 26 маусымдағы № 856 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою қағидаларында айқындалған тәртіппен оларды тұрғынжайға мұқтаж деп тану үшін өтініш білдірген азаматтық персоналдың өтініштерін Қағидаларға 1-қосымшаның нысаны бойынша қарауды;

      2) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 26 мамырдағы № 232 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20742 болып тіркелген) "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қызметтік тұрғын үйге мұқтаж әскери қызметшілерін есепке қою" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларында айқындалған тәртіппен оларды тұрғынжайға мұқтаж деп тану үшін өтініш білдірген әскери қызметшілердің баянаттарын Қағидаларға 2-қосымшаның нысаны бойынша қарауды;

      3) бұрын жалға берілген тұрғынжайды айырбастау үшін өтініш жасаған, әскери қызметте күнтізбелік есептеумен он және одан көп жыл, бірақ жиырма жылдан аз болған және оның ішінде жабық және оқшауланған әскери қалашықтардың, шекара бөлімшелерінің және өзге де жабық объектілердің аумағында орналасуы салдарынан жекешелендіруге жатпайтын қызметтік тұрғынжайда тұратын және әскери қызметте болудың шекті жасына толуына, денсаулық жағдайына немесе штаттардың қысқаруына байланысты 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін әскери қызметтен шығарылған адамдардың өтініштерін қарауды құжат келіп түскеннен кейін бір ай ішінде Қағидаларға 3-қосымшаның нысанына сәйкес жүзеге асыруды;

      4) "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген талаптарға сәйкес әскери қызметшілердің және әскери қызметтен шығарылған адамдардың, сондай-ақ азаматтық персоналдың баянаттарын (өтініштерін) қанағаттандыру не оларға дәлелді бас тартуды шығару туралы шешім қабылдауды.

      Дәлелді бас тартумен келіспеген жағдайда әскери қызметшілер және әскери қызметтен босатылған адамдар, сондай-ақ азаматтық персонал құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін бұзу туралы оларға белгілі болған күннен бастап үш ай ішінде сотқа өтінішпен шағымданады.

      5) тұрғынжайды бөлу кезектілікке сәйкес қызметтік тұрғынжайға мұқтаждар есебіне қою туралы баянатты берген күннен бастап, сондай-ақ жабық және оқшауланған әскери қалашықтарда орналасқан әскери бөлімдер командирлерінің қолдаухаты бойынша жүргізіледі;

      6) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 шілдедегі № 673 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіру қағидаларында айқындалған тәртіппен тұрғынжайды жекешелендіру туралы мәселені шешу үшін өтініш жасаған әскери қызметшілердің және әскери қызметтен шығарылған адамдардың, сондай-ақ азаматтық персоналдың Қағидаларға 4-қосымшаның нысаны бойынша баянаттарын (өтініштерін) қарауды;

      7) "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 73-бабында айқындалған жағдайларда тұрғынжайға мұқтаж әскери қызметшілерді және әскери қызметтен шығарылған адамдарды, сондай-ақ азаматтық персоналды есептен шығару туралы шешім қабылдауды;

      8) 25 жыл ішінде әскери қызметшілердің, әскери қызметтен шығарылған адамдардың және азаматтық персоналдың баянаттарын (өтініштерін), сондай-ақ оларға қоса берілетін құжаттарды, Комиссия шешімдерін сақтауды, істерді (материалдарды) ресімдеу мен жүргізуді;

      9) әскери қызметшілерден және әскери қызметтен шығарылған адамдардан, сондай-ақ азаматтық персоналдан түсініктеме алуды;

      10) тұрғынжайға мұқтаж әскери қызметшілер мен азаматтық персоналдың кезектілік тізімін жасай отырып, олардың есебін жүргізуді.

      11) тұрғынжай алған адамдардың тізімін олардың кезектілігін көрсетіп, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсында жариялауды қамтиды.

      Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қорғаныс министрінің 27.12.2023 № 1360 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Комиссия екі аптада бір рет отырыс өткізеді. Комиссияның отырысы, егер оған дауыс беру құқығы бар барлық мүшесі не олардың орнында болатын адамдар қатысса, заңды деп саналады.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 27.12.2023 № 1360 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Комиссияның шешімі дауыс беру арқылы қарапайым көпшілік дауыспен қабылданады. Шешімге шағым жасалған жағдайда Комиссия шағымданатын органда өз мүддесін білдіруге жеке өзі қатысады.

      Комиссияның шешімі Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хаттама түрінде ресімделеді, оған Комиссия мүшелері қол қояды және гарнизон бастығы бекітеді.

      Шешім әрбір әскери қызметші және әскери қызметтен шығарылған адам, сондай-ақ азаматтық персонал бойынша жеке қабылданады.

      Комиссия мүшелері ерекше пікір туындаған жағдайда оны Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес жазбаша мазмұндайды.

      Комиссия тұрғынжай беру туралы шешім қабылдаған жағдайда құрылымдық бөлімше күнтізбелік он бес күн ішінде әскери қызметшілермен және әскери қызметтен босатылған адамдармен, сондай-ақ азаматтық персоналмен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 1420 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді жалдаудың (қосымша жалдаудың) үлгілік шартына сәйкес тұрғынжайды жалдау шартын жасайды.

      Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қорғаныс министрінің 27.12.2023 № 1360 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Комиссия хатшысы Комиссия отырысының хаттамасын жүргізеді.

      10. Комиссия шешімі, егер оны үштен екісі қабылдаса, заңды болып табылады.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 27.12.2023 № 1360 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. Комиссия уәкілетті орган не гарнизон таратылған немесе қайта ұйымдастырылған кезде өз қызметін тоқтатады.

  Қазақстан Республикасы
Қарулы Күштерінің тұрғын үй
комиссиялары қызметінің
қағидаларына
1-қосымша
  Нысан
  _________________ гарнизоны
(атауы)
тұрғын үй комиссиясының
төрағасына
____________________________
(атауы)
мекенжайы бойынша тұратын
азамат
____________________________
(тегі, аты, әкесінің аты
(бар болған кезде)
____________________________
(мемлекеттік мекеменің
(әскери бөлімнің) атауы)

Өтініш

      Сізден мені және менің отбасы мүшелерімді (отбасы құрамының өзгеруіне

      байланысты) "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының

      75-бабының 1-тармағына сәйкес тұрғын үй қорынан саны ___ бөлме тұрғынжай беру

      үшін ___________ гарнизоны бойынша қызметтік тұрғын үйге мұқтаждар есебіне

      қоюды сұраймын. (атауы)

      Отбасы құрамы:

      1. ___________________________________________, ЖСН: _________________;

      (отбасы мүшесінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туыстық дәрежесі) (нөмірі)

      2. ___________________________________________, ЖСН: _________________.

      (отбасы мүшесінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туыстық дәрежесі) (нөмірі)

      Менде және менімен тұрақты тұратын отбасы мүшелерінде осы елді мекенде тұрақты

      пайдалануда коммуналдық тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайдың болуын немесе

      болмауын тексеруге қарсы емеспін.

      Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді

      пайдалануға келісім беремін.

      Қосымша __ парақта:

      Қоса беріліп отырған құжаттардың атауы:

      1) ____________________;

      2) ____________________.

      _____________________________

      (күні, азаматтың қолы)

  Қазақстан Республикасы
Қарулы Күштерінің тұрғын үй
комиссиялары қызметінің
қағидаларына
2-қосымша
  Нысан
  _________________________
гарнизоны
(атауы)
тұрғын үй комиссиясының
төрағасына
____________________________
(атауы)
мекенжайы бойынша тұратын
әскери қызметші
____________________________
(әскери атағы, тегі, аты, әкесінің
аты (бар болған кезде)
____________________________
(мемлекеттік мекеменің
(әскери бөлімнің) атауы)

Баянат

      Сізден мені және менің отбасы мүшелерімді (отбасы құрамының өзгеруіне

      байланысты) "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан

      Республикасы Заңының 101-2-бабында көзделген тұрғынжайға өз құқығымды іске

      асыру үшін ________________ гарнизоны бойынша қызметтік тұрғын үйге мұқтаждар

      есебіне       (атауы)

      қоюды сұраймын.

      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік

      қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын

      құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.

      Қосымша ___ парақта:

      Қоса беріліп отырған құжаттардың атауы:

      1) ____________________;

      2) ____________________.

      _____________________________

      (күні, әскери қызметшінің қолы)

  Қазақстан Республикасы
Қарулы Күштерінің тұрғын үй
комиссиялары қызметінің
қағидаларына
3-қосымша
  Нысан
  ____________________
гарнизоны
(атауы)
тұрғын үй комиссиясының
төрағасына
____________________________
(атауы)
мекенжайы бойынша
жекешелендіруге жатпайтын
қызметтік тұрғын үйде тұратын
азамат
____________________________
(тегі, аты, әкесінің аты
(бар болған кезде)

Өтініш

      Сізден "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан

      Республикасының Заңы 5-бабының 6-1-тармағына сәйкес маған _______________

      (атауы)

      гарнизонында орналасқан жекешелендіруге жатпайтын қызметтік тұрғын үйді

      _________________ гарнизонының тұрғын үй қорынан жекешелендіруге жататын

      тұрғын (атауы)

      үй беру үшін айырбастау жүргізуді сұраймын.

      Отбасы құрамы:

      1. ___________________________________________ , ЖСН: ________________;

      (отбасы мүшесінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туыстық дәрежесі) (нөмірі)

      2. ___________________________________________ , ЖСН: ________________.

      (отбасы мүшесінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туыстық дәрежесі) (нөмірі)

      Менде және отбасы мүшелерінде коммуналдық тұрғын үй қорынан берілген

      тұрғынжайдың болуын немесе болмауын тексеруге қарсы емеспін.

      Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпиядан тұратын мәліметтерді

      пайдалануға келісім беремін.

      Қосымша ___ парақта:

      Қоса беріліп отырған құжаттардың атауы:

      1) ____________________;

      2) ____________________.

      _____________________________

      (күні, азаматтың қолы)

  Қазақстан Республикасы
Қарулы Күштерінің тұрғын үй
комиссиялары қызметінің
қағидаларына
4-қосымша
  Нысан
  ______________________
гарнизоны
(атауы)
тұрғын үй комиссиясының
төрағасына мекенжайы
бойынша тұратын
____________________________
(атауы)
____________________________
(мемлекеттік мекеменің
(әскери бөлімнің) атауы)
әскери қызметшісі(азамат)
____________________________
(әскери атағы, тегі, аты, әкесінің
аты (бар болған кезде)

Баянат (Өтініш)

      Сізден ________________ мекенжайы бойынша тұрып жатқан қызметтік тұрғынжайды

      (атауы)

      өтеусіз (қалдық құны бойынша) жекешелендіруге рұқсат беруіңізді сұраймын:

      Әскери қызметшінің (азаматтың) кәмелетке толған отбасы мүшелерінің келісімі:

      1. __________________________________________________________________;

      (отбасы мүшесінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туыстық дәрежесі, азаматтың қолы)

      2. __________________________________________________________________.

      (отбасы мүшесінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туыстық дәрежесі, азаматтың қолы)

      Менде және отбасы мүшелерінде коммуналдық тұрғын үй қорынан берілген

      тұрғынжайдың болуын немесе болмауын тексеруге қарсы емеспін.

      Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді

      пайдалануға келісім беремін.

      Қосымша ___ парақта:

      Қоса беріліп отырған құжаттардың атауы:

      1) ____________________;

      2) ____________________.

      ________________________________

      (күні, әскери қызметшінің (азаматтың) қолы)

  Қазақстан Республикасы
Қарулы Күштері тұрғын
үй комиссияларының
қызметі қағидаларына
5-қосымша

      Нысан

  БЕКІТЕМІН
ҚР ҚК _______ гарнизонының бастығы
(атауы)
____________________________
(әскери атағы, қолы, тегі және инициалдары)

      _____________________ гарнизоны тұрғын үй комиссиясы отырысының (атауы)

№_____ ХАТТАМАСЫ

      Ескерту. 5-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 27.12.2023 № 1360 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      20__ жылғы "___" _________                               _______________ қ.

      (күні, айы, жылы)                               (қала атауы)

      _________________ гарнизонының тұрғын үй комиссиясы _______________ гарнизоны

      (атауы)                                           (атауы)

      бастығының 20__ жылғы "__" _______________ № ___ бұйрығына сәйкес мынадай құрамда:

      (күні, айы, жылы)                   (бұйрықтың нөмірі)

      1) __________ гарнизоны тұрғын үй комиссиясының төрағасы – ___________________,

      (атауы)                         (әскери атағы, тегі және инициалдары)

      ________ гарнизоны бастығының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыс жөніндегі орынбасары;

      (атауы)

      2) ___________________ гарнизоны тұрғын үй комиссиясы төрағасының орынбасары –

      (атауы)

      ____________________, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі _________________

      (әскери атағы, тегі және инициалдары)                                    (атауы)

      аудандық пайдалану бөлімінің бастығы;

      тұрғын үй комиссиясының мүшелері:

      3) _____________________, _____________ гарнизоны бастығының құқықтық жұмыс жөніндегі көмекшісі;

      (әскери атағы, тегі және инициалдары) (атауы)

      4) ____________________________, _____________ әскери бөлімінің командирі;

      (әскери атағы, тегі және инициалдары) (атауы)

      5) _____________, ________гарнизоны әскери полициясы жасағының сыбайлас жемқорлыққа

      (әскери атағы, тегі және инициалдары) (атауы)

      қарсы іс-қимыл жөніндегі офицері;

      6) ________________________, _______________________ қаржы қызметінің бастығы;

      (әскери атағы, тегі және инициалдары)       (атауы)

      7) __________________________, _______________________ кадр қызметінің бастығы;

      (әскери атағы, тегі және инициалдары)       (атауы)

      ________________ гарнизоны тұрғын үй комиссиясының хатшысы –

      (атауы)

      ________________________, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі ______________

      (әскери атағы, тегі және инициалдары)                                           (атауы)

      аудандық пайдалану бөлімі тұрғын үй бөлімінің (бөлімшесінің) ____________________.

      (атауы)

      Мынадай күн тәртібімен тұрғын үй комиссиясының отырысын өткізді:

      1) ________________ гарнизоны бойынша тұрғынжайға мұқтаждар есебіне қою үшін әскери

      (атауы)

      қызметшілердің, сондай-ақ азаматтық персоналдың құжаттарын қарау.

      Тұрғын үй комиссиясы келіп түскен материалды қарап, шешім қабылдады:

Р/с №

Т.А.Ә. (болған кезде)

Қызмет
(жұмыс) орны

Әскери атағы
(болған кезде)

ҚР ҚК-мен еңбек қатынасы

Отбасы құрамы

Баянат

S

Қабылданған шешім










      Тұрғын үй комиссиясының осы шешімдері комиссия мүшелерінің дауыс беруіне шығарылды.

      Ерекше пікір: ____________________________________________________________________

      (болған жағдайда)

      "Үшін" _____, "Қарсы" _____ дауыс берді.

      2) тұрғынжайға мұқтаж адамдардың кезектілік тізіміне сәйкес __________________ гарнизонының

      (атауы)

      тұрғын үй қорын бөлу;

Тұрғын үй комиссиясы тұрғынжайға мұқтаж адамдардың кезектілік тізімін қарап, шешім қабылдады:

Р/с №

Әскери атағы (болған кезде)Т.А.Ә. (болған кезде)

Қызмет
(жұмыс) орны

ҚР ҚК-мен еңбек қатынасы

Отбасы құрамы

Ұсынылып отырған тұрғынжайдың мекенжайы
(бөлмелер саны, жалпы ауданы)

Ескертпе








      Тұрғын үй комиссиясының осы шешімдері комиссия мүшелерінің дауыс беруіне шығарылды.

      Ерекше пікір: ______________________________________________________________

      (болған жағдайда)

      "Үшін" _____, "Қарсы" _____ дауыс берді.

      3) әскери бөлім командирлерінің жабық және оқшауланған әскери қалашықтардың тұрғын үй қорын

      ____________________ (атауы)

      гарнизонының мұқтаж адамдарына бөлу туралы қолдаухаттарын қарау.

Тұрғын үй комиссиясы әскери бөлім командирлерінің келіп түскен қолдаухаттарын қарап, шешім қабылдады:

Р/с №

Әскери атағы (болған кезде)
Т.А.Ә. (болған кезде)

Қызмет (жұмыс) орны

Қолдаухаттың тіркеу нөмірі

Отбасы құрамы

Тұрғынжайдың мекенжайы (бөлмелер саны, жалпы ауданы)

Қабылданған шешім








      Тұрғын үй комиссиясының осы шешімдері комиссия мүшелерінің дауыс беруіне шығарылды.

      Ерекше пікір: ____________________________________________________________________

      (болған жағдайда)

      "Үшін" _____, "Қарсы" _____ дауыс берді.

      4) әскери қызметте күнтізбелік есептеумен он және одан көп жыл, бірақ жиырма жылдан аз болған және жекешелендіруге жатпайтын, оның ішінде жабық және оқшауланған әскери қалашықтардың, шекара бөлімшелерінің және өзге де жабық объектілердің аумағында орналасуы салдарынан жекешелендіруге жатпайтын қызметтік тұрғынжайда тұратын және әскери қызметте болудың шекті жасына толуына, денсаулық жағдайына немесе штаттардың қысқаруына байланысты 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін әскери қызметтен шығарылған адамдардың ________________гарнизонында қызметтік тұрғынжайды алмастыруды жүзеге асыру үшін келіп түскен өтініштерін қарау. (атауы)

Тұрғын үй комиссиясы көрсетілген санаттағы адамдардың өтініштерін қарап, шешім қабылдады:

Р/с №

Әскери атағы (болған кезде) Т.А.Ә. (болған кезде)

Қызмет орны

ҚР ҚК-мен еңбек қатынасы

Отбасы құрамы

Қызметтік тұрғынжайда нақты тұратын мекенжайы (бөлмелер саны, жалпы ауданы)

Ұсынылып отырған тұрғынжайдың мекенжайы
(бөлмелер саны, жалпы ауданы)








      Тұрғын үй комиссиясының осы шешімдері комиссия мүшелерінің дауыс беруіне шығарылды.

      Ерекше пікір: ____________________________________________________________________

      (болған жағдайда)

      "Үшін" _____, "Қарсы" _____ дауыс берді.

      5) әскери қызметшілердің және әскери қызметтен шығарылған адамдардың, сондай-ақ азаматтық персоналдың тұрғынжайды жекешелендіруге баянаттарын (өтініштерін) қарау.

Тұрғын үй комиссиясы көрсетілген санаттағы адамдардың баянаттарын (өтініштерін) қарап, шешім қабылдады:

Р/с №

Тұрғынжайдың мекенжайы (бөлмелер саны, жалпы ауданы)

Әскери атағы (болған кезде) Т.А.Ә. (болған кезде)

Жекешелендіру түрі

Отбасы құрамы, күнтізбелік есептеумен еңбек сіңірген жылдары (еңбек өтілі)

Қабылданған шешім







      Тұрғын үй комиссиясының осы шешімдері комиссия мүшелерінің дауыс беруіне шығарылды.

      Ерекше пікір: ____________________________________________________________________

      (болған жағдайда)

      "Үшін" _____, "Қарсы" _____ дауыс берді.

      6) тұрғынжайға мұқтаж әскери қызметшілерді және әскери қызметте болған адамдарды, сондай-ақ азаматтық персоналды есептен шығару мәселелерін қарау.

Тұрғын үй комиссиясы келіп түскен материалды қарап, шешім қабылдады:

Р/с №

Әскери атағы (болған кезде) Т.А.Ә. (болған кезде)

Қызмет (жұмыс) орны

Құжаттың тіркеу нөмірі

Мұқтаждар есебінен шығару негізі

Ескертпе







      Тұрғын үй комиссиясының осы шешімдері комиссия мүшелерінің дауыс беруіне шығарылды.

      Ерекше пікір: ____________________________________________________________________

      (болған жағдайда)

      "Үшін" _____, "Қарсы" _____ дауыс берді.


Тұрғын үй комиссиясының төрағасы:


әскери атағы

қолы

Т.А.Ә. (болған кезде)


Тұрғын үй комиссиясы төрағасының орынбасары:


әскери атағы

қолы

Т.А.Ә. (болған кезде)


Комиссия мүшелері:


әскери атағы

қолы

Т.А.Ә. (болған кезде)


Тұрғын үй комиссиясының хатшысы


әскери атағы

қолы

Т.А.Ә. (болған кезде)


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады