БҰЙЫРАМЫН:
1. "Нарық субъектісінің әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзу белгілерінің бар екені туралы хабарламаны және оның нысанын беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 745 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12494 болып тіркелген, 2016 жылғы 8 қаңтарда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Нарық субъектісінің, мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдардың, мемлекет нарық субъектілерінің қызметін реттеу функцияларын берген ұйымның әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылық белгілерінің бар екені туралы хабарламаны беру қағидаларын және оның нысанын бекіту туралы";
бұйрықтың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Нарық субъектісінің, мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдардың, мемлекет нарық субъектілерінің қызметін реттеу функцияларын берген ұйымның әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылық белгілерінің бар екені туралы хабарламаны беру қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес нарық субъектісінің, мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдардың, мемлекет нарық субъектілерінің қызметін реттеу функцияларын берген ұйымның әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылық белгілерінің бар екені туралы хабарлама нысаны бекітілсін.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Нарық субъектісінің әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылық белгілерінің бар екені туралы хабарламаны беру қағидалары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген нарық субъектісінің әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылық белгілерінің бар екені туралы хабарлама нысаны осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі |
Т. Сүлейменов |
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 4 шілдедегі № 246 бұйрығына 1-қосымша |
|
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 745 бұйрығына 1-қосымша |
Нарық субъектіcінің, мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдардың, мемлекет нарық субъектілерінің қызметін реттеу функцияларын берген ұйымның әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылық белгілерінің бар екені туралы хабарламаны беру қағидалары
1. Осы Нарық субъектісінің, мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдардың, мемлекет нарық субъектілерінің қызметін реттеу функцияларын берген ұйымның әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылық белгілерінің бар екені туралы хабарламаны беру қағидалары 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 199-бабына сәйкес әзірленді және Нарық субъектісінің, мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдардың, мемлекет нарық субъектілерінің қызметін реттеу функцияларын берген ұйымның әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылық белгілерінің бар екені туралы хабарламаны беру тәртібін айқындайды.
2. Нарық субъектісінің, мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдардың, мемлекет нарық субъектілерінің қызметін реттеу функцияларын берген ұйымның әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылық белгілерінің бар екені туралы хабарлама (бұдан әрі – Хабарлама) бекітілген нысанға сәйкес хабарламасы бар тапсырыс хатпен мынадай:
1) Кодекстің 169-бабының 1 және 3-тармақтарын қоспағанда, нарық субъектілерінің бәсекелестікке қарсы сатылас келісімдері;
2) Кодекстің 174-бабының 1) тармақшасында көрсетілген белгілерді қоспағанда, үстем немесе монополиялық жағдайды теріс пайдалану;
3) нарық субъектілерінің бәсекелестікке қарсы келісілген әрекеттері;
4) жосықсыз бәсекелестік;
5) мемлекеттiк, жергілікті атқарушы органдардың, мемлекет нарық субъектілерінің қызметін реттеу функцияларын берген ұйымның бәсекелестiкке қарсы әрекеттерi (әрекетсіздігі), келiсiмдерi белгілерінің бар екені туралы монополияға қарсы органның ведомствосына (бұдан әрі – ведомство) белгілі болған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде жіберіледі.
3. Хабарлама ведомствоның қатаң есептілік бланкісінде ресімделеді және мыналарды:
1) оған қатысты хабарлама жасалатын нарық субъектісінің, мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдардың, мемлекет нарық субъектілерінің қызметін реттеу функцияларын берген ұйымның атауын;
2) осы Қағидалардың 2-тармағына сәйкес бекітілген Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын, сондай-ақ нарық субъектісі, мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдар, мемлекет нарық субъектілерінің қызметін реттеу функцияларын берген ұйым бұзған құқық нормаларын бұзушылық белгісінің (белгілерінің) сипаттамасын;
3) нарық субъектісі, мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдар, мемлекет нарық субъектілерінің қызметін реттеу функцияларын берген ұйым Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылық белгісін (белгілерін) жою үшін жасауы қажет және (немесе) оны жасаудан тартынуы қажет әрекеттерді;
4) нарық субъектісі, мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдар, мемлекет нарық субъектілерінің қызметін реттеу функцияларын берген ұйым хабарламаны алған күннен бастап он жұмыс күнінен аспайтын хабарламаның орындалуы және хабарламаның орындалуы туралы ақпаратты ұсыну мерзімін;
5) хабарламаға қол қоюға уәкілетті адамның қолын;
6) ведомствоның елтаңбалы мөрін қамтиды.
4. Хабарлама мерзімі ұзартылмайды.
5. Аралық жауапты ұсыну немесе хабарламаның ішінара орындалғаны туралы ақпаратты беру оның орындалғаны болып табылмайды.
Нарық субъектіcінің, мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдардың, мемлекет нарық субъектілерінің қызметін реттеу функцияларын берген ұйымның әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылық белгілерінің бар екені туралы хабарлама
(шығару күні) (шығару орны)
Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы
заңнамасын бұзу туралы мәліметтерді талдау нәтижесі бойынша
_________________________________________әрекеттерінде (әрекетсіздігінде)
(хабарлама объектісінің атауы көрсетіледі)
__________________________________________________________ анықталды.
(Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын,
сондай-ақ нарық субъектіcі, мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдар,
мемлекет нарық субъектілерінің қызметін реттеу функцияларын берген ұйым
бұзған құқық нормаларын бұзудың анықталған белгілері сипатталады).
Мазмұндалғанның негізінде, 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы
Кәсіпкерлік кодексінің 199-бабының 1-бөлігін басшылыққа ала отырып,
ХАБАРЛАЙМЫН:
1. __________________________________________________________________
(нарық субъектіcі, мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдар, мемлекет нарық
субъектілерінің қызметін реттеу функцияларын берген ұйым Қазақстан
Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылық
белгілерін жою үшін жасайтын және (немесе) жасаудан тартынуы қажет әрекеттер
көрсетіледі).
2. Хабарлама орындалсын және оны алған күннен бастап 10 жұмыс күнінен кеш емес
мерзімде хабарламаның орындалғаны туралы ақпарат жолдансын.
Осы Хабарламаны орындамау, оны толық көлемде орындамау, оны орындаудың
ведомство белгілеген мерзімін бұзу нарық субъектіcінің, мемлекеттік, жергілікті
атқарушы органдардың, мемлекет нарық субъектілерінің қызметін реттеу
функцияларын берген ұйымның әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) Қазақстан
Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылық
белгілерінің болуы туралы тергеп-тексеру тағайындау үшін негіз болып табылады.
Төраға ________________________________ ________________________
(Ведомствоның аумақтық бөлімшесінің басшысы) Тегі, аты, әкесінің аты
(бар болған жағдайда), қолы)) (мөр орны)