"Жоғары оқу орындарындағы білім алушыларды ауыстыру және қайта қабылдау" және "Кешенді тестілеу тапсырғаны туралы сертификат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 7 желтоқсандағы № 681 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 21 маусымдағы № 289 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 18 шілдеде № 17217 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 15 қазандағы № 442 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 15.10.2020 № 442 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жоғары оқу орындарындағы білім алушыларды ауыстыру және қайта қабылдау" және "Кешенді тестілеу тапсырғаны туралы сертификат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 7 желтоқсандағы № 681 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12839 болып тіркелген, "Әділет" нормативтік-құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылы 28 наурызда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Жоғары оқу орындарындағы білім алушыларды ауыстыру және қайта қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      1 және 2-тараулардың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      "2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

      бір жоғары оқу орнынан екінші жоғары оқу орнына ауысу кезінде:

      1) білім беру ұйымы басшысының атына ауысу туралы еркін нысандағы өтініш;

      2) "Оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы"

      Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 152 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6976 болып тіркелген) транскрипттің көшірмесі;

      3) "Білім беру ұйымдары білім беру қызметінде пайдаланатын қатаң есептіліктегі құжаттардың нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2007 жылғы 23 қазандағы № 502 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4991 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша білім беру гранты иегері куәлігінің көшірмесі (бар болғанда);

      білім алушылар қатарына қайта қабылдау кезінде:

      1) білім беру ұйымы басшысының атына қайта қабылдану туралы еркін нысандағы өтініш;

      2) "Білім алуды аяқтамаған адамдарға берілетін анықтама нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 12 маусымдағы № 289 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5717 болып тіркелген) транскрипт немесе білім алуды аяқтамаған тұлғаларға берілетін анықтама;

      шетелдік білім беру ұйымынан ауысу және қайта қабылдау кезінде:

      1) меңгерілген білім беру бағдарламалары туралы құжат (академиялық анықтама немесе транскрипт);

      2) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 10 қаңтардағы № 8 бұйрығымен бекітілген, (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5135 болып тіркелген) Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау қағидаларында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасында нострификациялау рәсімінен өтуі тиіс білім берудің алдыңғы деңгейін аяқтағаны туралы құжат;

      3) шетелдік білім беру ұйымдарына түсу кезіндегі сынақ нәтижелері.

      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде, қағаз жеткізгіштегі өтініштің көшірмесіндегі қабылдау күні, қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және құжаттар топтамасын қабылдаған уақыты көрсетілген белгі оның қабылданғанын растау болып табылады.";

      3-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Орталық мемлекеттік органның, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртiбi";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым жазбаша түрде Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 8 мекенжайы бойынша Министрлік басшысының не оны алмастыратын адамның атына немесе осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.

      Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі мен күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Шағымда көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты, пошта мекенжайы көрсетіледі. Шағымға көрсетілетін қызметті алушының қолы қойылады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгінеді.

      Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.";

      4-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге талаптар";

      "Кешенді тестілеу тапсырғаны туралы сертификат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      1, 2 және 3-тараулардың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      "2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі";

      "3-тарау. Орталық мемлекеттік органның, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртiбi";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым жазбаша түрде Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 8 мекенжайы бойынша Министрлік басшысының не оны алмастыратын адамның атына немесе осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.

      Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі мен күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Шағымда көрсетілген қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты, пошта мекенжайы көрсетіледі. Шағымға көрсетілетін қызметті алушының қолы қойылады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

      Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.";

      4-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге талаптар".

      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (С.С. Ысмағұлова) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жолдауды;

      4) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі және халықаралық ынтымақтастық департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі А.Қ. Аймағамбетовке жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
Е. Сағадиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ақпарат және коммуникациялар министрі

      _________________ Д. Абаев

      "____" ___________ 2018 жыл

О внесении изменений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 7 декабря 2015 года № 681 "Об утверждении Стандартов государственных услуг "Перевод и восстановление обучающихся в высших учебных заведениях" и "Выдача сертификата о сдаче комплексного тестирования"

Приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 21 июня 2018 года № 289. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 18 июля 2018 года № 17217. Утратил силу приказом Министра образования и науки Республики Казахстан от 15 октября 2020 года № 442.

      Сноска. Утратил силу приказом Министра образования и науки РК от 15.10.2020 № 442 (вводится в действие после дня его первого официального опубликования).

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 7 декабря 2015 года № 681 "Об утверждении Стандартов государственных услуг "Перевод и восстановление обучающихся в высших учебных заведениях" и "Выдача сертификата о сдаче комплексного тестирования" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 12839, опубликован в Информационно-правовой системе нормативных правовых актов "Әділет" от 28 марта 2016 года) следующие изменения:

      в Стандарте государственной услуги "Перевод и восстановление обучающихся в высших учебных заведениях", утвержденном указанным приказом:

      Заголовки глав 1 и 2 изложить в следующей редакции:

      "Глава 1. Общие положения";

      "Глава 2. Порядок оказания государственной услуги";

      пункт 9 изложить в следующей редакции:

      "9. Перечень документов, необходимых для оказания государственной услуги:

      при переводе из одного вуза в другой:

      1) заявление о переводе в произвольной форме на имя руководителя вуза;

      2) копия транскрипта по форме утвержденной приказом Министра образования и науки Республики Казахстан от 20 апреля 2011 года № 152 "Об утверждении Правил организации учебного процесса по кредитной технологии обучения" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 6976);

      3) копия свидетельства обладателя образовательного гранта по форме, утвержденной приказом исполняющий обязанности Министра образования и науки Республики Казахстан от 23 октября 2007 года № 502 "Об утверждении формы документов строгой отчетности, используемых организациями образования в образовательной деятельности" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 4991) (при наличии);

      при восстановлении в число обучающихся:

      1) заявление в произвольной форме о восстановлении на имя руководителя вуза;

      2) транскрипт или справка, выдаваемая лицам, не завершившим образование по форме, утвержденной приказом Министра образования и науки Республики Казахстан от 12 июня 2009 года № 289 "Об утверждении формы справки, выдаваемой лицам, не завершившим образование" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 5717);

      при переводе или восстановлении из зарубежной организации высшего образования:

      1) документ об освоенных образовательных программах (академическая справка или транскрипт);

      2) документ о завершении предыдущего уровня образования, который проходит процедуру нострификации в Республике Казахстан в порядке, установленном Правилами признания и нострификации документов об образовании, утвержденными приказом Министра образования и науки Республики Казахстан от 10 января 2008 года № 8 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 5135);

      3) результаты вступительных испытаний при поступлении в зарубежные организации образования.

      При сдаче услугополучателем установленных документов услугодателю подтверждением принятия заявления на бумажном носителе является отметка на его копии с указанием даты его получения, фамилии, имени, отчества (при его наличии) принявшего лица и времени приема пакета документов.";

      Заголовок главы 3 изложить в следующей редакции:

      "Глава 3. Порядок обжалования решений, действий (бездействия) центрального государственного органа, услугодателя и (или) его должностных лиц по вопросам оказания государственных услуг.";

      пункт 10 изложить в следующей редакции:

      "10. Обжалование решений, действий (бездействий), услугодателя и (или) его должностных лиц по вопросам оказания государственной услуги: жалоба подается в письменном виде на имя руководителя Министерства либо лица его замещающего по адресу город Астана, проспект Мәңгілік ел 8, или на имя руководителя услугодателя по адресу, указанному в пункте 12 настоящего стандарта государственной услуги.

      Подтверждением принятия жалобы является ее регистрация (штамп, входящий номер и дата) в канцелярии услугодателя с указанием фамилии и инициалов лица, принявшего жалобу, срока и места получения ответа на поданную жалобу. В жалобе указывается фамилия, имя, отчество (при его наличии), почтовый адрес услугополучателя. Обращение подписывается услугополучателем.

      Жалоба услугополучателя по вопросам оказания государственной услуги, поступившая в адрес услугодателя подлежит рассмотрению в течение 5 (пяти) рабочих дней со дня ее регистрации.

      При несогласии с результатами оказанной государственной услуги, услугополучатель обращается с жалобой в уполномоченный орган по оценке и контролю за качеством оказания государственных услуг.

      Жалоба услугополучателя, поступившая в адрес уполномоченного органа по оценке и контролю за качеством оказания государственных услуг, подлежит рассмотрению в течение 15 (пятнадцати) рабочих дней со дня ее регистрации.";

      Заголовок главы 4 изложить в следующей редакции:

      "Глава 4. Иные требования с учетом особенностей оказания государственной услуги";

      в Стандарте государственной услуги "Выдача сертификата о сдаче комплексного тестирования", утвержденном указанным приказом:

      Заголовки глав 1, 2 и 3 изложить в следующей редакции:

      "Глава 1. Общие положения";

      "Глава 2. Порядок оказания государственной услуги";

      "Глава 3. Порядок обжалования решений, действий (бездействия) центрального государственного органа, услугодателя и (или) его должностных лиц по вопросам оказания государственных услуг";

      пункт 10 изложить в следующей редакции:

      "10. Обжалование решений, действий (бездействий), услугодателя и (или) его должностных лиц по вопросам оказания государственной услуги: жалоба подается в письменном виде на имя руководителя Министерства либо лица его замещающего по адресу город Астана, проспект Мәңгілік ел 8, или на имя руководителя услугодателя по адресу, указанному в пункте 12 настоящего стандарта государственной услуги.

      Подтверждением принятия жалобы является ее регистрация (штамп, входящий номер и дата) в канцелярии услугодателя с указанием фамилии и инициалов лица, принявшего жалобу, срока и места получения ответа на поданную жалобу. В жалобе указывается фамилия, имя, отчество (при его наличии), почтовый адрес услугополучателя. Обращение подписывается услугополучателем.

      Жалоба услугополучателя по вопросам оказания государственной услуги, поступившая в адрес услугодателя, Министерства, подлежит рассмотрению в течение 5 (пяти) рабочих дней со дня ее регистрации.

      При несогласии с результатами оказанной государственной услуги, услугополучатель обращается с жалобой в уполномоченный орган по оценке и контролю за качеством оказания государственных услуг.

      Жалоба услугополучателя, поступившая в адрес уполномоченного органа по оценке и контролю за качеством оказания государственных услуг, подлежит рассмотрению в течение 15 (пятнадцати) рабочих дней со дня ее регистрации.";

      Заголовок главы 4 изложить в следующей редакции:

      "Глава 4. Иные требования с учетом особенностей оказания государственной услуги".

      2. Департаменту высшего и послевузовского образования Министерства образования и науки Республики Казахстан (Исмагулова С.С.) в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации настоящего приказа направление его копии в бумажном и электронном виде на казахском и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации" для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа направление его копии на официальное опубликование в периодические печатные издания;

      4) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства образования и науки Республики Казахстан после его официального опубликования;

      5) в течении десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Департамент юридической службы и международного сотрудничества Министерства образования и науки Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1), 2), 3) и 4) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на вице-министра образования и науки Республики Казахстан Аймагамбетова А.К.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр образования и науки
Республики Казахстан
Е. Сагадиев

      "СОГЛАСОВАН"
Министр информации и коммуникаций
Республики Казахстан
_________ Д. Абаев
"____"________2018 года