1. "Кондоминиум объектiсiн мемлекеттiк тiркеу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң м.а. 2007 жылғы 24 тамыздағы № 241 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеудiң тiзiлiмiнде № 4945 тiркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде 2007 ж. қазан №10, 283 бап. Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының актілер жинағында жарияланған, 2007 ж., қыркүйек -қазан) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу ережесінде:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"1-тарау. Жалпы ережелер"
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Кондоминиум объектісі жылжымайтын мүліктің тұрған жері бойынша мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі тіркеуші орган) жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу туралы заңнамаға сәйкес бірыңғай кешен ретінде тіркеледі.";
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"2-тарау. Кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу тәртібі"
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"13. Кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу үшін өтініш берушілер немесе олардың уәкілетті өкілі тіркеуші органға мынадай құжаттар ұсынады:
1) қызмет алушының (жеке тұға үшін) немесе оның уәкілетті өкілінің жеке басын куәландыратын құжат (сәкестендіру үшін), сондай-ақ, қызмет алушы өкілінің уәкілеттілігін растайтын құжаттың көшірмесі;
Құжаттарды қабылдаған кезде жеке басын растайтын құжаттар тиісінше тексерілген соң өтініш берушіге қайтарылады;
2) осы ереженің қосымшасына сәйкес белгiленген нысандағы Кондоминиум объектiсiн мемлекеттік тiркеу туралы өтініші;
3) егер кондоминиум объектісін тіркегенге дейін жер учаскесіне құқығы тіркелмеген болса, жер учаскесіне құқық белгілеуші және сәйкестендіруші құжаттары;
4) "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңында көзделген тәртіппен айқындалған ортақ мүліктегі үлестердің мөлшері;
5) төлемiн растайтын құжат.";
3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"3-тарау. Гидромелиоративтік кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеудің ерекшеліктері"
25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"25. Гидромелиоративтік кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу үшін өтініш берушілер немесе олардың уәкілетті өкілі тіркеуші органға мынадай құжаттар ұсынады:
1) осы Ереженің қосымшасына сәйкес нысан бойынша кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу туралы өтініші;
2) су шаруашылығы құрылыстарының гидромелиоративтік жүйесінің паспорты;
3) гидромелиоративтік жүйе элементтері және ортақ үлестік меншік құрамына кіретін басқа да мүлік тізбесімен (каналдар, су беруді реттейтін құрылыстар, коллекторлы-кәрізді желі, тік кәріздеу ұңғымалар, электр желісі, электрлік құрал-жабдықтар, сораптар, осы құрылыстардың бұру жолақтарындағы жерлер) гидромелиоративтік жүйенің сызбасын;
4) гидромелиоративтік кондоминиумның құрамына кіретін және бөлек (жеке) меншікте (өзге құқықта) тұратын барлық жер учаскелеріне құқық белгілеуші және сәйкестендіруші құжаттардың көшірмелеріне қоса гидромелиоративтік кондоминиумға қатысушылардың тізімі;
5) гидромелиоративтік кондоминиумға қатысушылардың келісімімен немесе осы Ереженің 23-тармағында көзделген тәртіппен белгіленген ортақ мүліктегі үлестерінің мөлшері;
6) қызмет алушының (жеке тұлға үшін) немесе оның уәкілетті өкілінің жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін), сондай-ақ, қызмет алушы өкілінің уәкілеттілігін растайтын құжаттың көшірмесі.
Құжаттарды қабылдаған кезде жеке басын растайтын құжаттар тиісінше тексерілген соң өтініш берушіге қайтарылады.;
7) төлемін растайтын құжат.";
Кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу Ережесінің 1- қосымшасы жаңа редакцияда жазылсын.
2. Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті заңмен белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкісіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Әділет министрі |
М. Бекетаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникациялар министрі
_____________ Д. Абаев
"___" _________ 2018 года
Қазақстан Республикасы әділет Министрінің 2018 жылғы 18 шілдедегі № 1104 қосымша Кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу ережесіне қосымша |
("Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік Корпорация" КЕАҚ)
ӨТІНІШ №_____________
Кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу туралы
Өтініш берушілер:___________________________________________________
____________________________________________________________________
(кондоминиум қатысушылары)
Атынан іс-әрекет ететіндер:_________________________________________
____________________________________________________________________
(уәкілетті өкілдің атауы мен деректері)
Негізінде___________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(уәкілетті өкілдің құжатының деректері)
Тіркеуді сұраймын___________________________________________________
(мемлекеттік тіркеу объектісінің түрі)
Кондоминиум объектісі туралы мәліметтер:
Кондоминиум объектісінің мекен-жайы:________________________________
Жылжымайтын мүлікті түрі:___________________________________________
Кейінгі объектінің саны____________ Жер учаскесінің жалпы
ауданы_____________________________
Ғимараттың жалпы ауданы_______Жалпы пайдаланатын жердің жалпы
ауданы________________________
Өтінішке мынадай құжаттарды қоса беремін (міз):
1. Төлегені туралы құжаты: түрі___________№________ сомасы_____теңге
2. Негізінде мемлекеттік тіркеу жасалған құжаттары
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(атауы, сериясы, нөмірі, кім және қашан берді)
__________________/____________________/____________________________
(күні) (өтініш берушінің қолы) (өтініш берушінің Т.А.Ә. (болған жағдайда))
____________________________________________________________________
(өтінішті қабылдаған маманның Т.А.Ә. (болған жағдайда) және қолы)
Өтініш берген күні:____________20__ж. Уақыты________сағ_______мин
Өтінішті орындау /қарау/ нәтижесі___________________________________
____________________________________________________________________
Тексерілді: күні________________ 20__ж.
____________________________________________________________________
(тіркеуші маманның Т.А.Ә. (болған жағдайда) және қолы)