"Ветеринария саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 24 тамыздағы № 7-1/764 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 11 шілдедегі № 296 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 30 шілдеде № 17245 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2021 жылғы 27 мамырдағы № 171 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 27.05.2021 № 171 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Ветеринария саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 24 тамыздағы № 7-1/764 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12097 болып тіркелген, 2015 жылғы 6 қазанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Тиiстi аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердiң экспортына, импортына және транзитiне рұқсат беру" мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламентінде:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. "Тиiстi аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердiң экспортына, импортына және транзитiне рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы немесе оның орынбасарлары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);

      2) "электрондық үкіметтің": www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.";

      4, 5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Көрсетілетін қызметті алушының стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттар қоса берілген өтінішінің (бұдан әрі – өтініш) болуы мемлекеттік қызметті көрсету рәсімін (іс-қимылын) бастау үшін негіз болып табылады.

      5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындау ұзақтығы:

      1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті аумақтық инспекцияларының кеңселері (бұдан әрі – кеңсе) көрсетілетін қызметті алушы ұсынған мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға арналған құжаттарды тіркейді және жауапты орындаушыны (бұдан әрі – орындаушы) айқындау үшін басшылыққа жолдайды – 30 (отыз) минут;

      2) басшылық ұсынылған құжаттармен танысады, орындаушыны айқындайды – 60 (алпыс) минут;

      3) орындаушы ұсынылған құжаттардың дұрыстығын тексереді, ветеринария саласындағы уәкілетті орган ведомствосына орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiнiң импортына, экспортына, транзитiне рұқсат беруге сұраным немесе орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің импортына, экспортына рұқсат беруден уәжді бас тартуды дайындайды және жібереді – көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде;

      4) ветеринария саласындағы уәкілетті органның ведомствосы орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiнiң транзиттік тасымалдануын басқа мемлекеттердің қызметтерімен транзиттік келісуді қажет ететін рұқсаттарды (30 (отыз) жұмыс күні ішінде) және тірі жануарлардың карантиннен өтуіне арналған рұқсаттарды (күнтізбелік 60 (алпыс) күн ішінде) қоспағанда, сұранымды 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарайды.

      Қарау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiнiң импортына, экспортына, транзитiне рұқсат береді не стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша уәжді бас тартады, сондай-ақ сұраным жіберген тиісті аумақтық бөлімшені, ветеринариялық бақылау бекетін рұқсат берілгені немесе рұқсат беруден бас тартылғаны туралы хабардар етеді;

      5) кеңсе рұқсаттың нөмірін тіркейді және Мемлекеттік корпорацияға береді – 30 (отыз) минут.

      6. Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижелері:

      1) тіркелген өтініш, ұсынылған құжаттарды басшылыққа жолдау;

      2) басшылықтың ұсынылған құжаттарды қарап, жауапты орындаушыны айқындауы және оған орындауға жолдауы;

      3) құжаттардың дұрыстығын тексеру, рұқсат беруге арналған сұранымды немесе уәжді бас тартуды ресімдеу;

      4) ветеринария саласындағы уәкілетті органның ведомствосына сұраным жіберу;

      5) сұранымды қарау және рұқсат беру немесе уәжді бас тарту;

      6) рұқсатты тіркеу және беру.

      Мемлекеттік қызметті көрсету үшін өтініш электрондық тәсілмен берілген жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық құжат нысанында ресімделеді, қағаз тәсілмен берілген кезде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық құжат нысанында ресімделеді, басып шығарылады, оған басшылықтың қолы қойылады және көрсетілетін қызметті берушінің мөрімен куәландырылады.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, жұмыскерлер арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) бірізділігінің сипаттамасы:

      1) кеңсе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға ұсынылған құжаттарды тіркейді және жауапты орындаушыны (бұдан әрі – орындаушы) айқындау үшін басшылыққа жолдайды – 30 (отыз) минут;

      2) басшылық ұсынылған құжаттармен танысады, орындаушыны айқындайды – 60 (алпыс) минут;

      3) орындаушы ұсынылған құжаттардың дұрыстығын тексереді, ветеринария саласындағы уәкілетті орган ведомствосына орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiнiң импортына, экспортына, транзитiне рұқсат беруге сұраным немесе орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің импортына, экспортына рұқсат беруден уәжді бас тартуды дайындайды және жібереді – көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде;

      4) ветеринария саласындағы уәкілетті органның ведомствосы орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiнiң транзиттік тасымалдануын басқа мемлекеттердің қызметтерімен транзиттік келісуді қажет ететін рұқсаттарды (30 (отыз) жұмыс күні ішінде) және тірі жануарлардың карантиннен өтуіне арналған рұқсаттарды (күнтізбелік 60 (алпыс) күн ішінде) қоспағанда, сұранымды 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарайды.

      Қарау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiнiң импортына, экспортына, транзитiне рұқсат береді не стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша уәжді бас тартады, сондай-ақ сұраным жіберген тиісті аумақтық бөлімшені, ветеринариялық бақылау бекетін рұқсат берілгені немесе рұқсат беруден бас тартылғаны туралы хабардар етеді;

      5) кеңсе рұқсаттың нөмірін тіркейді және Мемлекеттік корпорацияға береді – 30 (отыз) минут.";

      13-тармақ алып тасталсын;

      көрсетілген мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламентіне 2-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық, фитосанитариялық және тамақ қауіпсіздігі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесінің ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;

      4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін;

      5) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
Ө. Шөкеев

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары – Қазақстан
Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрінің
2018 жылғы 11 шілдедегі № 296
бұйрығына қосымша
  "Тиiстi аумақтағы эпизоотиялық
жағдайды бағалауды ескере
отырып, орны ауыстырылатын
(тасымалданатын) объектiлердiң
экспортына, импортына және
транзитiне рұқсат беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне 2-қосымша

"Тиiстi аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердiң экспортына, импортына және транзитiне рұқсат беру" мемлекеттік қызметін көрсетудің бизнес-процестері анықтамалығы



О внесении изменений в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 24 августа 2015 года № 7-1/764 "Об утверждении регламентов государственных услуг в области ветеринарии"

Приказ Заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан - Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 11 июля 2018 года № 296. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 30 июля 2018 года № 17245. Утратил силу приказом Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 27 мая 2021 года № 171.

      Сноска. Утратил силу приказом Министра сельского хозяйства РК от 27.05.2021 № 171 (вводится в действие по истечении шестидесяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 24 августа 2015 года № 7-1/764 "Об утверждении регламентов государственных услуг в области ветеринарии" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 12097, опубликован 6 октября 2015 года в информационно-правовой системе "Әділет") следующие изменения:

      в регламенте государственной услуги "Выдача разрешения на экспорт, импорт и транзит перемещаемых (перевозимых) объектов с учетом оценки эпизоотической ситуации на соответствующей территории", утвержденном указанным приказом:

      пункт 1 изложить в следующей редакции:

      "1. Государственная услуга "Выдача разрешения на экспорт, импорт и транзит перемещаемых (перевозимых) объектов с учетом оценки эпизоотической ситуации на соответствующей территории" (далее - государственная услуга) оказывается главным государственным ветеринарно-санитарным инспектором Республики Казахстан или его заместителями (далее - услугодатель).

      Прием заявлений и выдача результатов оказания государственной услуги осуществляются через:

      1) Государственную корпорацию "Правительство для граждан" (далее – Государственная корпорация);

      2) веб-портал "электронного правительства" www.egov.kz, elicense.kz (далее – портал).";

      пункты 4, 5 и 6 изложить в следующей редакции:

      "4. Основанием для начала процедуры (действия) по оказанию государственной услуги является наличие заявления услугополучателя с прилагаемыми документами, указанными в пункте 9 стандарта (далее – заявление).

      5. Содержание каждой процедуры (действия), входящих в состав процесса оказания государственной услуги, длительность его выполнения:

      1) канцелярия территориальных инспекций Комитета ветеринарного контроля и надзора Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан (далее – канцелярия) регистрирует представленные документы на получение государственной услуги, и направляет руководству для определения ответственного исполнителя (далее – исполнитель) – 30 (тридцать) минут;

      2) руководство – ознакамливается с представленными документами, определяет исполнителя – 60 (шестьдесят) минут;

      3) исполнитель проверяет достоверность представленных документов, подготавливает и направляет запрос в ведомство уполномоченного органа в области ветеринарии на выдачу разрешения на импорт, экспорт, транзит перемещаемого (перевозимого) объекта или мотивированный отказ в выдаче разрешения на импорт, экспорт перемещаемого (перевозимого) объекта – в течение 2 (двух) рабочих дней с момента получения документов услугополучателя;

      4) ведомство уполномоченного органа в области ветеринарии рассматривает запрос в течение 5 (пяти) рабочих дней, за исключением разрешений, требующих транзитного согласования со службами других государств на транзитный провоз перемещаемого (перевозимого) объекта – в течение 30 (тридцати) рабочих дней и прохождения карантинирования живых животных – в течение 60 (шестидесяти) календарных дней.

      По результатам рассмотрения услугодатель выдает разрешение на импорт, экспорт, транзит перемещаемого (перевозимого) объекта, либо мотивированный отказ в случаях и по основаниям, предусмотренным пунктом 10 стандарта, а также информирует соответствующее территориальное подразделение направившее запрос, ветеринарный контрольный пост о выдаче разрешения или об отказе в выдаче разрешения;

      5) канцелярия регистрирует номер разрешения и направляет Государственной корпорации – 30 (тридцать) минут.

      6. Результаты процедуры (действия) по оказанию государственной услуги, которые служат основанием для начала выполнения следующей процедуры (действия):

      1) зарегистрированное заявление, направление представленных документов руководству;

      2) рассмотрение представленных документов и определение руководством исполнителя и направление ему на исполнение;

      3) проверка достоверности документов, оформление запроса на выдачу разрешения или мотивированного отказа;

      4) направление запроса в ведомство уполномоченного органа в области ветеринарии;

      5) рассмотрение запроса и выдача разрешения или мотивированного отказа;

      6) регистрация и выдача разрешения.

      В случае подачи заявления для оказания государственной услуги: электронным способом результат оказания государственной услуги оформляется в форме электронного документа, при подаче бумажным способом результат оказания государственной услуги оформляется в форме электронного документа, распечатывается, подписывается руководством и заверяется печатью услугодателя.";

      пункт 8 изложить в следующей редакции:

      "8. Описание последовательности процедур (действий) между работниками с указанием длительности каждой процедуры (действия):

      1) канцелярия регистрирует представленные документы на получение государственной услуги, и направляет руководству для определения ответственного исполнителя (далее – исполнитель) – 30 (тридцать) минут;

      2) руководство – ознакамливается с представленными документами, определяет исполнителя – 60 (шестьдесят) минут;

      3) исполнитель проверяет достоверность представленных документов, подготавливает и направляет запрос в ведомство уполномоченного органа в области ветеринарии на выдачу разрешения на импорт, экспорт, транзит перемещаемого (перевозимого) объекта или мотивированный отказ в выдаче разрешения на импорт, экспорт перемещаемого (перевозимого) объекта – в течение 2 (двух) рабочих дней с момента получения документов услугополучателя;

      4) ведомство уполномоченного органа в области ветеринарии рассматривает запрос в течение 5 (пяти) рабочих дней, за исключением разрешений, требующих транзитного согласования со службами других государств на транзитный провоз перемещаемого (перевозимого) объекта – в течение 30 (тридцати) рабочих дней и прохождения карантинирования живых животных – в течение 60 (шестидесяти) календарных дней.

      По результатам рассмотрения услугодатель выдает разрешение на импорт, экспорт, транзит перемещаемого (перевозимого) объекта, либо мотивированный отказ в случаях и по основаниям, предусмотренным пунктом 10 стандарта, а также информирует соответствующее территориальное подразделение направившее запрос, ветеринарный контрольный пост о выдаче разрешения или об отказе в выдаче разрешения;

      5) канцелярия регистрирует номер разрешения и выдает Государственной корпорации – 30 (тридцать) минут.";

      пункт 13 исключить;

      приложение 2 к указанному регламенту государственной услуги изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему приказу.

      2. Департаменту ветеринарной, фитосанитарной и пищевой безопасности Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации настоящего приказа направление его копии в бумажном и электронном виде на казахском и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации" для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа направление его копии на официальное опубликование в периодические печатные издания;

      4) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан;

      5) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа представление в Департамент юридической службы Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1), 2), 3) и 4) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра сельского хозяйства Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Заместитель Премьер-Министра
Республики Казахстан –
Министр сельского хозяйства
Республики Казахстан
У. Шукеев

  Приложение
к приказу Заместителя Премьер-
Министра Республики Казахстан
– Министра сельского хозяйства
Республики Казахстан
от 11 июля 2018 года № 296
  Приложение 2
к регламенту государственной услуги
"Выдача разрешения на экспорт,
импорт и транзит перемещаемых
(перевозимых) объектов с
учетом оценки эпизоотической
ситуации на соответствующей территории"

Справочник бизнес-процессов оказания государственной услуги "Выдача разрешения на экспорт, импорт и транзит перемещаемых (перевозимых) объектов с учетом оценки эпизоотической ситуации на соответствующей территории"