"Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағы 77-2) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес балық шаруашылығы су айдындарындағы және (немесе) учаскелеріндегі кәсіпшілік күш-жігер нормативтері бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесінің ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;
4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
5) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі |
Ө. Шөкеев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
қаржы министрі
_________________ Б. Сұлтанов
2018 жылғы 13 шілде
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 12 шiлдедегi № 298 бұйрығына қосымша |
Балық шаруашылығы су айдындарындағы және (немесе) учаскелеріндегі кәсіпшілік күш жігер нормативтері
Ескерту. Норматив жаңа редакцияда – ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 11.09.2023 № 250 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Су айдындары | Саны* | |||||
қойылмалы аулардың | жылымдардың (үйінді және/немесе қойылмалы) | қабадалар | балықшылар | кемелер | қайықтар | |
Жайық өзені ** | - | 32 | - | 320 | 32 | 96 |
Қиғаш өзені ** | - | 28 | - | 280 | 28 | 84 |
Киғаш өзенінің сағалық кеністігі | 3525 | - | 8225 | 591 | 20 | 197 |
Каспий теңізі Маңғыстау облысы шегінде | 9504 | 61 | 609 | 821 | 61 | 411 |
Жайсан көлі | 2778 | 42 | - | 817 | 42 | 283 |
Бұқтырма су қоймасы | 2925 | 11 | - | 528 | 11 | 231 |
Шүлбі су қоймасы | 848 | 10 | - | 182 | - | 71 |
Өскемен су қоймасы | 146 | - | - | 22 | - | 11 |
Шардара су қоймасы | 892 | 22 | - | 266 | 22 | 89 |
Кіші Арал теңізі | 4500 | 10 | - | 960 | 10 | 460 |
Сырдария өзені | 80 | 4 | - | 64 | 4 | 24 |
Алакөл көлі | 450 | 5 | - | 115 | 5 | 50 |
Сасықкөл көлі | 580 | 5 | - | 141 | 5 | 63 |
Кошқаркөл көлі | 90 | 1 | - | 23 | 1 | 10 |
Балқаш көлі | 3600 | 54 | - | 684 | 108 | 180 |
Қапшағай су қоймасы |
бір балықшыға |
бір учаскеге | - |
1 шақырым учаскенің ұзындығына*** |
бір учаскеге |
1 шақырым учаскенің ұзындығына*** |
Ескертпелер: * - Қапшағай су қоимасын есепке алмағанда, балық аулауға рұқсат пайдаланушыға осы балық шаруашылығы су айдынына бекітілген кәсіпшілік күш-жігер нормативіне және оған бөлінген квота үлесіне (бөлінген квотаның осы су айдынында және (немесе) учаскесінде кәсіпшілік балық аулауға арналған жалпы лимитке қатынасы) қарай беріледі.
Әрбір пайдаланушы үшін кәсіптік күш-жігер нормативін есептеу мына формула бойынша жүзеге асырылады:
Nкн = Nбекіт x Квота / Лимит,
мұндағы Nкн - балық шаруашылығы су айдынына және (немесе) учаскесіне арналған кәсіпшілік күш нормативі (балықшылардың, аулардың, жылымдардың, қайықтардың, кемелердің саны) (бірлік.);
Нбекіт - су айдынындағы кәсіпшілік күш-жігердің бекітілген нормативі (бірлік);
Квота - ағымдағы жылдың 1 шілдесінен келесі жылдың 1 шілдесіне дейін пайдаланушыға бөлінген квота (тонна).
Лимит - ағымдағы жылдың 1 шілдесінен келесі жылдың 1 шілдесіне дейін кәсіпшілік балық аулауға бекітілген лимит (тонна).
** - Жайық және Қиғаш өзендерінің ұйықтық учаскелеріне кәсіпшілік күш-жігердің нормативтері жалпы бекітілген нормативтерді ұйықтық учаскелер санына бөлу жолымен белгіленеді (бөлінген квота үлесін есепке алмағанда).
*** – балық шаруашылығы учаскесінің паспортына сәйкес жаға бойынша учаскенің ұзындығы.