БҰЙЫРАМЫН:
1. "Кәсіпшілік күш-жігер нормативтерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 12 шiлдедегi № 298 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17257 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде кәсіпшілік күш-жігер нормативтері осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрі |
Е. Нысанбаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
Балық шаруашылығы су айдындарындағы және (немесе) учаскелеріндегі кәсіпшілік күш жігер нормативтері
Су айдындары | Саны* | |||||
қойылмалы аулардың | жылымдардың (үйінді және/немесе қойылмалы) | қабадалар | балықшылар | кемелер | қайықтар | |
Жайық өзені ** | - | 32 | - | 320 | 32 | 96 |
Қиғаш өзені ** | - | 28 | - | 280 | 28 | 84 |
Киғаш өзенінің сағалық кеністігі | 3525 | - | 8225 | 591 | 20 | 197 |
Каспий теңізі Маңғыстау облысы шегінде | 9504 | 61 | 609 | 821 | 61 | 411 |
Жайсан көлі | 2778 | 42 | - | 817 | 42 | 283 |
Бұқтырма су қоймасы | 2925 | 11 | - | 528 | 11 | 231 |
Шүлбі су қоймасы | 848 | 10 | - | 182 | - | 71 |
Өскемен су қоймасы | 146 | - | - | 22 | - | 11 |
Шардара су қоймасы | 892 | 22 | - | 266 | 22 | 89 |
Кіші Арал теңізі | 4500 | 10 | - | 960 | 10 | 460 |
Сырдария өзені | 80 | 4 | - | 64 | 4 | 24 |
Алакөл көлі | 450 | 5 | - | 115 | 5 | 50 |
Сасықкөл көлі | 580 | 5 | - | 141 | 5 | 63 |
Кошқаркөл көлі | 90 | 1 | - | 23 | 1 | 10 |
Балқаш көлі | 3600 | 54 | - | 684 | 108 | 180 |
Қапшағай су қоймасы |
бір балықшыға |
бір учаскеге | - |
1 шақырым учаскенің ұзындығына*** |
бір учаскеге |
1 шақырым учаскенің ұзындығына*** |
Ескертпелер: * - Қапшағай су қоимасын есепке алмағанда, балық аулауға рұқсат пайдаланушыға осы балық шаруашылығы су айдынына бекітілген кәсіпшілік күш-жігер нормативіне және оған бөлінген квота үлесіне (бөлінген квотаның осы су айдынында және (немесе) учаскесінде кәсіпшілік балық аулауға арналған жалпы лимитке қатынасы) қарай беріледі.
Әрбір пайдаланушы үшін кәсіптік күш-жігер нормативін есептеу мына формула бойынша жүзеге асырылады:
Nкн = Nбекіт x Квота / Лимит,
мұндағы Nкн - балық шаруашылығы су айдынына және (немесе) учаскесіне арналған кәсіпшілік күш нормативі (балықшылардың, аулардың, жылымдардың, қайықтардың, кемелердің саны) (бірлік.);
Нбекіт - су айдынындағы кәсіпшілік күш-жігердің бекітілген нормативі (бірлік);
Квота - ағымдағы жылдың 1 шілдесінен келесі жылдың 1 шілдесіне дейін пайдаланушыға бөлінген квота (тонна).
Лимит - ағымдағы жылдың 1 шілдесінен келесі жылдың 1 шілдесіне дейін кәсіпшілік балық аулауға бекітілген лимит (тонна).
** - Жайық және Қиғаш өзендерінің ұйықтық учаскелеріне кәсіпшілік күш-жігердің нормативтері жалпы бекітілген нормативтерді ұйықтық учаскелер санына бөлу жолымен белгіленеді (бөлінген квота үлесін есепке алмағанда).
*** – балық шаруашылығы учаскесінің паспортына сәйкес жаға бойынша учаскенің ұзындығы.