БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялауға және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізуге жіберуді;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;
4) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Энергетика министрі |
Қ. Бозымбаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникациялар министрі
________________Д. Абаев
2018 жылғы 20 маусым
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрі
________________Е. Біртанов
2018 жылғы 8 маусым
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
________________Қ. Қасымов
2018 жылғы 31 мамыр
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
________________Т. Сүлейменов
2018 жылғы 18 шілде
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 28 мамырдағы № 215 бұйрығымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. "Атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметке қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 13 қарашадағы № 122 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10022 болып тіркелді, 2015 жылғы 13 наурызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметке қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесінде:
"Атом энергиясын пайдалану объектілерінің тіршілік циклінің кезеңдеріне байланысты жұмыстарды орындау жөніндегі қызметке" деген 1-бөлімде:
реттік нөмірлері 2 және 3-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"
2. | мәлімделген жұмыстарды орындау үшін қажет меншік құқығындағы немесе басқа заңды негіздегі өндірістік-техникалық база |
"Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы есепке алу мен есеп құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 мамырдағы № 415 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11626 болып тіркелген) нысан бойынша халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның ведомствосы мен оның аумақтық бөлімшелері берген санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды; | бұл тармақ ядролық қондырғыларды, радиоактивті қалдықтарды сақтау қоймаларын пайдалану және пайдаланудан шығару жөніндегі қызметтің кіші түрлеріне ғана қатысты. Санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының көшірмесі егер осындай қорытынды 2016 жылға дейін берілген және ол мемлекеттік ақпараттық жүйелерде болмаған жағдайда ұсынылады |
33. | тиісті білімі, дайындығы, жұмыс тәжірибесі бар және мәлімделген қызметтің түрі мен кіші түрлерін жүзеге асыруға жiберiлген мамандардың бiлiктi құрамы | атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметке қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесінің 1-қосымшасына сәйкес мамандардың, техниктердің, жұмысшылардың білікті құрамы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны |
"; |
реттік нөмірі 11-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
311. | иондаушы сәуле шығару көздерi мен радиоактивтi қалдықтарды сақтауға және көмуге арналған меншік құқығындағы немесе басқа заңды негіздегі қойма |
"Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы есепке алу мен есеп құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 мамырдағы № 415 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11626 болып тіркелген) нысан бойынша халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның ведомствосы мен оның аумақтық бөлімшелері берген санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды; | бұл тармақ ядролық қондырғыларды, радиоактивті қалдықтарды сақтау қоймаларын пайдалану және пайдаланудан шығару жөніндегі қызметтің кіші түрлеріне ғана қатысты. Санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының көшірмесі егер осындай қорытынды 2016 жылға дейін берілген және ол мемлекеттік ақпараттық жүйелерде болмаған жағдайда ұсынылады |
"; |
"Ядролық материалдармен жұмыс істеу жөніндегі қызметке" деген 2-бөлімде:
реттік нөмірлері 2 және 3-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"
2. | мәлімделген жұмыстарды орындау үшін қажет меншік құқығындағы немесе басқа заңды негіздегі өндірістік-техникалық база |
"Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы есепке алу мен есеп құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 мамырдағы № 415 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11626 болып тіркелген) нысан бойынша халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның ведомствосы мен оның аумақтық бөлімшелері берген санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды; | бұл тармақ белсінділігі маңыздылығы ең аз белсенділіктен төмен уранның, торийдың және плутонийдың изотоптарымен радионуклидті көздерін пайдалану қызметіне қатысты емес. Санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының көшірмесі егер осындай қорытынды 2016 жылға дейін берілген және ол мемлекеттік ақпараттық жүйелерде болмаған жағдайда ұсынылады |
3 | радиациялық қауіпсіздік қызметтері (немесе жауапты тұлға) |
атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметке қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесінің 6-қосымшасына сәйкес қызмет немесе жауапты тұлға туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны; келесі құжаттардың: | радиациялық қауіпсіздік қызметінің персоналы мен радиациялық қауіпсіздікке жауапты тұлға "Ядролық және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты персоналды арнайы даярлау" қызмет түріне лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлғада ядролық және радиациялық қауіпсіздік бойынша арнайы дайындықтан өткен қызметкерлер ішінен тағайындалады; радиациялық қауіпсіздікке жауапты тұлғаның лауазымдық нұсқаулығының көшірмесін ұсыну белсенділігі маңыздылығы ең аз белсенділіктен төмен уранның, торийдің және плутонийдің изотоптарымен радионуклидті көздерін пайдалану қызметіне ғана қажет |
"; |
реттік нөмірі 7-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
7. | өтініш беруші бекіткен өкімдік құжаттар |
мына құжаттардың: физикалық іске қосуды жүргізу кезінде ядролық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулықтың; жаңа және пайдаланылған отынды тасымалдау, артық тиеу және сақтау кезінде ядролық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулықтың; мәлімделетін жұмыстарды жүргізу кезіндегі радиациялық қауіпсіздік жөніндегі нұсқаулықтың; | физикалық іске қосуды жүргізу кезінде ядролық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулықты, жаңа және пайдаланылған отынды тасымалдау, артық тиеу және сақтау кезінде ядролық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулықты ұсыну тек ядролық материалдарды қолдану қызметінің кіші түріне ғана талап етіледі. |
"; |
реттік нөмірлері 9 және 10-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"
9 | тиісті білімі, дайындығы және жұмыс тәжірибесі бар мәлімделген қызмет түрі мен кіші түрлерін жүзеге асыруға жiберiлген мамандардың бiлiктi құрамы | атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметке қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесінің 1-қосымшасына сәйкес мамандардың, техниктердің, жұмысшылардың білікті құрамының болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны | осы тармақ белсенділігі маңыздылығы ең аз белсенділіктен төмен уранның, торийдің, плутонийдің изотоптары бар радионуклидті көздермен жұмыс істеу бойынша қызметке қатысты емес |
10. | меншік құқығындағы радиоактивтi қалдықтарға арналған қойма |
"Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы есепке алу мен есеп құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 мамырдағы № 415 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11626 болып тіркелген) нысан бойынша халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның ведомствосы мен оның аумақтық бөлімшелері берген санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды; | осы тармақ тек ядролық материалдарды пайдалану қызметінің кіші түріне ғана талап етіледі. Санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының көшірмесі егер осындай қорытынды 2016 жылға дейін берілген және ол мемлекеттік ақпараттық жүйелерде болмаған жағдайда ұсынылады |
"; |
"Радиоактивті заттармен, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптармен және қондырғылармен жұмыс істеу жөніндегі қызметке" деген 3-бөлімде:
реттік нөмірлері 1, 2 және 3-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"
1. | мәлімделетін жұмыстарды орындауға қажетті меншік құқығында немесе басқа заңды негіздегі мамандандырылған үй-жайлар |
"Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы есепке алу мен есеп құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 мамырдағы № 415 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11626 болып тіркелген) нысан бойынша халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның ведомствосы мен оның аумақтық бөлімшелері берген санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды; | бұл тармақты егер өтініш беруші тапсырыс берушінің аумағында жұмыс жүргізсе және радиоактивті заттарды, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптар мен қондырғыларды өткізу қызметінің кіші түрі үшін орындау талап етілмейді. Санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының көшірмесі егер осындай қорытынды 2016 жылға дейін берілген және ол мемлекеттік ақпараттық жүйелерде болмаған жағдайда ұсынылады |
2. | тиісті білімі, дайындығы бар және мәлімделген қызмет түрі мен кіші түрлерін жүзеге асыруға жiберiлген мамандар мен техниктердің білікті құрамы | атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметке қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесінің 1-қосымшасына сәйкес мамандардың, техниктердің, жұмысшылардың білікті құрамы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны | бұл тармақты радиоактивті заттарды, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптарды және қондырғыларды өткізу қызметінің кіші түрі үшін орындау талап етілмейді |
3. | радиациялық қауіпсіздік және радиоактивті заттарды, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптар мен қондырғыларды есепке алу және сақтау жүйесі жөніндегі қызметтер немесе (жауапты тұлғалар) |
атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметке қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесінің 6-қосымшасына сәйкес қызмет туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны; | радиациялық қауіпсіздік қызметінің персоналы мен радиациялық қауіпсіздікке жауапты тұлға "Ядролық және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты персоналды арнайы даярлау" қызмет түріне лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлғадан ядролық және радиациялық қауіпсіздік бойынша арнайы дайындықтан өткен қызметкерлер ішінен тағайындалады |
"; |
реттік нөмірі 5-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
5. | өтініш беруші бекіткен өкімдік құжаттар |
мынадай құжаттардың көшірмелері: мәлімделетін жұмыстарды жүргізу кезіндегі радиациялық қауіпсіздік жөніндегі нұсқаулықтардың; |
радиациялық авариядан және оның салдарынан персоналды және халықты қорғау жөнiндегi iс-шаралар жоспары радиациялық қауіптілігі I және II санаттағы объектілер үшін ғана ұсыну талап етіледі; |
"; |
реттік нөмірі 9-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
9. | радиоактивті заттарды, аспаптарды және қондырғыларды сақтауға арналған меншік құқығындағы немесе басқа заңды негіздегі қойма |
"Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы есепке алу мен есеп құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 мамырдағы № 415 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11626 болып тіркелген) нысан бойынша халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның ведомствосы мен оның аумақтық бөлімшелері берген санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды; | радиоактивті заттарды, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптарды және қондырғыларды сақтау кіші қызметі үшін жеке меншіктегі қойманың болуы талап етіледі егер құрамында радиоактивті заттар бар аспаптар аралық немесе уақытша жеке сақтауды қажет етпейтін болса және әрдайым пайдалану және қайта зарядтау барысында жұмыс орнында болса, онда бұл тармақты орындау талап етілмейді. Санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының көшірмесі егер осындай қорытынды 2016 жылға дейін берілген және ол мемлекеттік ақпараттық жүйелерде болмаған жағдайда ұсынылады |
"; |
"Иондаушы сәулеленудi генерациялайтын аспаптармен және қондырғылармен жұмыс iстеу жөніндегі қызметке" деген 4-бөлімде:
реттік нөмірлері 1 және 2-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"
1. | мәлімделетін жұмыстарды орындауға қажетті меншік құқығында немесе басқа заңды негіздегі мамандандырылған үй-жайлар |
"Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы есепке алу мен есеп құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 мамырдағы № 415 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11626 болып тіркелген) нысан бойынша халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның ведомствосы мен оның аумақтық бөлімшелері берген санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды; | егер өтініш беруші жұмыстарды тапсырыс берушінің аумағында жүргізсе, онда бұл тармақты орындау талап етілмейді. Санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының көшірмесі егер осындай қорытынды 2016 жылға дейін берілген және ол мемлекеттік ақпараттық жүйелерде болмаған жағдайда ұсынылады |
2. | иондаушы сәулеленудi генерациялайтын аспаптар мен қондырғыларды есепке алу және сақтау жүйесінің радиациялық қауіпсіздік жөніндегі қызметі (немесе жауапты тұлға) |
атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметке қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесінің 6-қосымшасына сәйкес қызмет немесе жауапты тұлға туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны; | радиациялық қауіпсіздік қызметінің персоналы мен радиациялық қауіпсіздікке жауапты тұлға "Ядролық және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты персоналды арнайы даярлау" қызмет түріне лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлғадан радиациялық қауіпсіздік бойынша арнайы дайындықтан өткен қызметкерлер ішінен тағайындалады |
"; |
реттік нөмірі 6-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
6. | иондаушы сәулеленуді генерациялайтын аспаптар мен қондырғылардың пайдалану параметрлеріне (сапасын бақылау) бақылау жүргізу | атом энергиясын қолдану саласында тиісті лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлға берген аппараттың пайдалану параметрлеріне (сапасын бақылау) бақылау жүргізу хаттамасының немесе өтініш берушінің балансында иондаушы сәулеленуді өндіретін аспаптар мен қондырғылар болмаған жағдайда өтініш беруші иондаушы сәулеленуді өндіретін аспаптар мен қондырғылар сатып алғаннан кейін аппараттың пайдалану параметрлеріне (сапасын бақылау) бақылау жүргізу хаттамасының көшірмелерін беру туралы кепілді хат | бұл тармақ иондаушы сәулеленуді генерациялайтын медициналық аспаптарды және қондырғыларды пайдалану және дайындау бойынша жұмыстарға ғана қатысты |
"; |
реттік нөмірі 8-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
8 | тиісті білімі, дайындығы бар және мәлімделген қызметтің түрі мен кіші түрлерін жүзеге асыруға жіберілген мамандар мен техниктердің білікті құрамы | атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметке қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесінің 1-қосымшасына сәйкес мамандардың, техниктердің, жұмысшылардың білікті құрамы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны |
"; |
"Атом энергиясын пайдалану саласында қызметтер көрсету жөніндегі қызметке" деген 5-бөлімде:
реттік нөмірлері 1, 2 және 3-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"
1. | тиісті білімі, арнайы дайындығы бар және мәлімделген қызметтің түрі мен кіші түрлерін жүзеге асыруға жіберілген техниктердің білікті құрамы |
атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметке қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесінің 1-қосымшасына сәйкес мамандардың, техниктердің, жұмысшылардың білікті құрамы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны; | құрамында иондаушы сәулеленудің радиоизотоптық көздері бар немесе иондаушы сәулеленуді генерациялайтын, медициналықты қоса алғанда, аспаптар мен қондырғыларға техникалық қызмет көрсету, оларды монтаждау, кері монтаждау, зарядтау, қайта зарядтау, жөндеу кіші қызмет түрі үшін отандық зауыттар немесе олардың уәкілетті ұйымдары берген (сертификаттар, куәліктер) құжаттардың көшірмелерін ұсыну талап етілмейді |
2 | болжанған қызмет түрлері туралы түсіндірме жазба | мәлімделген қызмет түрі мен кіші түрін жүзеге асыру кезінде өтініш беруші немесе лицензиат жұмысты жүргізуді болжайтын аспаптар мен қондырғылардың түрлерін көрсете отырып, барлық рәсімнің орындалуын жүйелі баяндау туралы түсіндірме жазба | еркін нысанда, түсіндірме жазбаға өтініш беруші немесе лицензиат қол қоюы тиіс |
3 | радиациялық қауіпсіздік қызметі (немесе жауапты тұлға) | мынадай құжаттардың: радиациялық қауіпсіздік қызметі туралы ереженің (немесе радиациялық қауіпсіздікке жауапты тұлғаның лауазымдық нұсқаулығының) көшірмелері; атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметке қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесінің 6-қосымшасына сәйкес қызмет немесе жауапты тұлға туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны | радиациялық қауіпсіздік қызметінің персоналы мен радиациялық қауіпсіздікке жауапты тұлға "Ядролық және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты персоналды арнайы даярлау" қызмет түріне лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлғадан радиациялық қауіпсіздік бойынша арнайы дайындықтан өткен қызметкерлер ішінен тағайындалады; бұл тармақ персоналды жеке дозиметрлік бақылау жөніндегі қызметтің кіші түріне қатысты емес |
"; |
реттік нөмірі 8-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
8. | мәлімделген жұмыстарды орындау үшін қажет меншік құқығындағы немесе басқа заңды негіздегі мамандандырылған үй-жайлар,зертханалар |
"Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы есепке алу мен есеп құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 мамырдағы № 415 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11626 болып тіркелген) нысан бойынша халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның ведомствосы мен оның аумақтық бөлімшелері берген санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды; | бұл тармақ өнімдердегі, материалдардағы, қоршаған орта объектілеріндегі радионуклидтердің мөлшерін анықтау және персоналды дозиметрлік жеке бақылау бойынша жұмыстарды орындауға ғана қатысты. Санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының көшірмесі егер осындай қорытынды 2016 жылға дейін берілген және ол мемлекеттік ақпараттық жүйелерде болмаған жағдайда ұсынылады |
"; |
"Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу жөніндегі қызметке" деген 6-бөлімде:
реттік нөмірлері 1 және 2-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"
1 | мәлімделетін жұмыстарды орындау үшін қажетті меншік құқығындағы немесе басқа заңды негіздегі мамандандырылған үй-жайлар |
"Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы есепке алу мен есеп құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 мамырдағы № 415 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11626 болып тіркелген) нысан бойынша халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның ведомствосы мен оның аумақтық бөлімшелері берген санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды; |
егер өтініш беруші жұмыстарды тапсырыс берушінің аумағында жүргізсе бұл тармақты орындау талап етілмейді. |
2 | радиациялық қауіпсіздік жөніндегі қызмет (немесе жауапты тұлға) және радиоактивті қалдықтарды жинауды, сақтауды және өткізуді ұйымдастыруға жауапты тұлға |
мына құжаттардың: | радиациялық қауіпсіздік қызметінің персоналы мен радиациялық қауіпсіздікке жауапты тұлға "Ядролық және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты персоналды арнайы даярлау" қызмет түріне лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлғадан ядролық және радиациялық қауіпсіздік бойынша арнайы дайындықтан өткен қызметкерлер ішінен тағайындалады |
", |
реттік нөмірлері 7 және 8-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"
7. | тиісті білімі, дайындығы бар және мәлімделген қызмет түрі мен кіші түрлерін жүзеге асыруға жiберiлген техниктердің және жұмысшылардың бiлiктi құрамы | атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметке қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесінің 1-қосымшасына сәйкес мамандардың, техниктердің, жұмысшылардың білікті құрамы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны | жұмысшылардың болуы қызметтің барлық кіші түрлері үшін, техниктердің болуы тек үй-жайларды, жабдық пен материалдарды қатерсіздендіру (радиоактивті ластанудан тазарту) бойынша қызметтің кіші түрі үшін ғана қажет |
8. | радиоактивті қалдықтарды сақтауға арналған меншік құқығындағы немесе басқа заңды негіздегі қойма |
"Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы есепке алу мен есеп құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 мамырдағы № 415 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11626 болып тіркелген) нысан бойынша халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның ведомствосы мен оның аумақтық бөлімшелері берген санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды; | бұл тармақ радиоактивті қалдықтарды сақтау және көму жөніндегі қызметтің кіші түріне ғана қатысты. Санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының көшірмесі егер осындай қорытынды 2016 жылға дейін берілген және ол мемлекеттік ақпараттық жүйелерде болмаған жағдайда ұсынылады |
"; |
"Ядролық материалдарды, радиоактивтi заттарды, иондаушы сәулеленудің радиоизотоптық көздерiн, радиоактивтi қалдықтарды транзиттiк тасымалдауды қоса алғанда, Қазақстан Республикасы аумағының шегiнде тасымалдау жөніндегі қызметке" деген 7-бөлімде:
реттік нөмірлері 1 және 2-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"
1 | тиісті білімі, дайындығы бар және мәлімделген қызмет түрін жүзеге асыруға жiберiлген мамандар мен техниктердің бiлiктi құрамы | атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметке қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесінің 1-қосымшасына сәйкес мамандардың, техниктердің, жұмысшылардың білікті құрамы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны | |
2 | радиациялық қауіпсіздік жөніндегі қызмет немесе жауапты тұлға | радиациялық қауіпсіздік қызметі туралы ереженің (немесе радиациялық қауіпсіздікке жауапты тұлғаның лауазымдық нұсқаулығының) көшірмесі; атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметке қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесінің 6-қосымшасына сәйкес қызмет немесе жауапты тұлға туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны | радиациялық қауіпсіздік қызметінің персоналы мен радиациялық қауіпсіздікке жауапты тұлға "Ядролық және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты персоналды арнайы даярлау" қызмет түріне лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлғадан ядролық және радиациялық қауіпсіздік бойынша арнайы дайындықтан өткен қызметкерлер ішінен тағайындалады |
"; |
реттік нөмірі 7-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
7. | ядролық материалдарды, радиоактивтi заттарды, радиоизотоптық көздерді, радиоактивтi қалдықтарды, құрамында радиоактивті заттар бар құралдар мен қондырғыларды тасымалдауға арналған көлік құралдары | атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметке қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесінің 12-қосымшасына сәйкес ядролық материалдарды, радиоактивтi заттарды, радиоизотоптық көздерді, радиоактивтi қалдықтарды, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптар мен қондырғыларды тасымалдауға арналған арнайы көлік құралдары туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны |
"; |
"Ядролық сынақтар жүргізу салдарынан ластанған бұрынғы ядролық сынақ полигондарының аумақтарындағы және басқа да аумақтардағы қызметке" деген 8-бөлімде:
реттік нөмірі 4-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
4 | жұмыс орындарында өндірістік радиациялық бақылауды қамтамасыз ету |
атом энергиясын пайдалану саласындағы тиісті лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлғамен бірге қызметтер көрсету туралы атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметке қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесінің 7-қосымшасына сәйкес қызметтер көрсетуге арналған шарт туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны; немесе | ядролық сынақтар жүргізу салдарынан ластанған бұрынғы ядролық сынақ полигондарының аумақтарында және басқа да аумақтарда радиациялық бақылауды "Атом энергиясын пайдалану саласында қызметтер көрсету" және "Бұрынғы ядролық сынақ полигондары аумақтарында және жүргізілген ядролық сынақтардың салдарынан ластанған басқа аумақтарда қызметтерді жүзеге асыру" қызмет түрлеріне лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлға жүргізеді |
"; |
реттік нөмірі 6-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
6 | радиациялық қауіпсіздік жөніндегі қызмет немесе жауапты тұлға | радиациялық қауіпсіздік қызметі туралы ереженің (немесе радиациялық қауіпсіздікке жауапты тұлғаның лауазымдық нұсқаулығының) көшірмесі; атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметке қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесінің 6-қосымшасына сәйкес қызмет немесе жауапты тұлға туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны | радиациялық қауіпсіздік қызметінің персоналы мен радиациялық қауіпсіздікке жауапты тұлға "Ядролық және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты персоналды арнайы даярлау" қызмет түріне лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлғадан ядролық және радиациялық қауіпсіздік бойынша арнайы дайындықтан өткен қызметкерлер ішінен тағайындалады |
"; |
"Ядролық қондырғылар мен ядролық материалдарды физикалық қорғау жөніндегі қызметке" деген 9-бөлімде:
реттік нөмірі 1-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
1. | тиісті білімі, дайындығы бар және мәлімделген қызмет түрі мен кіші түрлерін жүзеге асыруға жiберiлген техниктер мен жұмысшылардың бiлiктi құрамы | атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметке қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесінің 1-қосымшасына сәйкес мамандардың, техниктердің, жұмысшылардың білікті құрамы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны |
"; |
"Ядролық және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты персоналды арнайы даярлау жөніндегі қызметке" деген 10-бөлімде:
реттік нөмірі 1-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
1. | оқу өткізу үшiн меншік құқығындағы немесе басқа заңды негіздегі өндiрiстiк-техникалық база (теориялық және практикалық сабақ өткізуге арналған оқу сыныптары, жабдықтар, аспаптар) |
атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметке қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесінің 10-қосымшасына сәйкес теориялық және практикалық сабақ өткізу үшін қажетті радиациялық бақылаудың оқу сыныптары, оқыту жабдықтары, техникалық құралдары, оқыту аспаптары туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны; |
"; |
Атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметке қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесіне 1-қосымша осы Тізбеге 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
Атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметке қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесіне 6-қосымша осы Тізбеге 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
Атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметке қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесіне 10-қосымша осы Тізбеге 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
Атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметке қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі осы Тізбеге 4 және 5- қосымшаларға сәйкес 11 және 12-қосымшалармен толықтырылсын.
2. Күші жойылды – ҚР Энергетика министрінің 01.04.2020 № 123 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.3. "Атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персоналды аттестаттау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 20 қаңтардағы № 12 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13468 болып тіркелді, 2016 жылғы 4 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персоналды аттестаттау қағидалары осы тізбеге 15-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын:
4. "Атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персоналға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 15 наурыздағы № 37 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13466 болып тіркелді, 2016 жылғы 4 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персоналға қойылатын біліктілік талаптары осы тізбеге 16-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
5. "Ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 9 ақпандағы № 45 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13538 болып тіркелді, 2016 жылғы 13 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу қағидаларында:
4-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) құрылтай құжаттарының көшірмелері;";
ескертпе алып тасталсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу қағидаларына 1-қосымша осы тізбеге 17-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
6. "Көліктік қаптама комплектілерінің конструкцияларын бекіту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 9 ақпандағы № 51 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13549 болып тіркелді, 2016 жылғы 15 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Көліктік қаптама комплектілерінің конструкцияларын бекіту бұйрығына:
5-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"5. Бас тарту үшін негіз:
1) ұсынылған құжаттарда дәйексіз ақпараттың болуы;
2) құжаттардың Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану саласындағы заңнамасында белгілінген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көліктік қаптама комплектілерінің конструкцияларын бекітуді және басқа елдердің уәкілетті органдары бекіткен көліктік қаптама комплектілерінің конструкцияларына сертификат-рұқсаттаманың қолданылуын Қазақстан Республикасының аумағына таратуды қажет ететін қызметпен айналысуға тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы болып табылады.";
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. ҚҚК конструкциясын бекітуден, сондай-ақ сертификат-рұқсаттамалардың қолданылуын таратудан бас тарту туралы шешімге "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес шағым берілуі мүмкін.";
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"ҚҚК конструкциясын бекіту немесе сертификат-рұқсаттамалардың қолданылуын тарату кезінде уәкілетті органның тиісті бұйрығының көшірмесі өтініш берушіге жіберіледі.";
көрсетілген Қағидаларға 2 және 3-қосымшалар осы тізбеге 18 және 19-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Мамандардың, техниктердің, жұмысшылардың білікті құрамы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны
Маманның, техниктің, жұмысшының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) | Жұмыс орны, атқаратын қызметі | Қабылдау туралы бұйрықтың/жеке еңбек шартының нөмірі және күні | Жеке немесе заңды тұлға жұмысының бағдарына сәйкес келетін мамандықтар бойынша дипломның нөмірі және берілген күні, оқу орнының атауы, мамандығы және біліктілігі (дипломды шетелдік оқу орны берген жағдайда – тану және нострификациялау туралы мәліметтер) (бұл тармақ рентгендік тексеру аппараттарында жұмыс жасайтын персонал үшін және жұмысшылар үшін толтырылмайды) |
Біліктілігіне және тиісті лауазымның функционалдық міндеттеріне сәйкес теориялық және практикалық дайындықтан өткенін растайтын сертификаттардың, куәліктердің нөмірі және берілген күні | Оқу және (немесе) дайындық курсының атауы (тақырыбы) (бұл баған жұмысшылар үшін толтырылмайды) | Атом энергиясы пайдаланылатын объектілердегі жұмыс өтілі туралы мәлімет (қызметінің атауы, жұмыс кезеңі, Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес еңбек қызметін растайтын құжаттың атауы (бұл баған тек радиациялық қауіптілігі І және ІІ санатты объектілерде, ядролық материалдарды өткізуден басқа ядролық қондырғыларда жұмыс істейтін мамандар мен техниктер үшін толтырылады) | Персоналды "А" тобының персоналына жатқызу (иә/ жоқ) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
Қызмет немесе жауапты тұлға туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны
Қызметті құру туралы(немесе жауапты тұлға) бұйрықтың нөмірі және күні |
Маманның | Радиациялық қауіпсіздік бойынша оқыту сертификатының немесе куәліктің нөмірі және берілген күні, (сертификатты немесе куәлікті шетелдік оқу орны берген жағдайда – тану және нострификациялау туралы мәліметтер) | Радиациялық қауіпсіздік бойынша оқу курсының атауы (тақырыбы) | Радиациялық қауіпсіздік бойынша оқу өткізген жеке немесе заңды тұлғаның атауы (оның ядролық және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты персоналды арнайы дайындықтан өткізу құқығына лицензиясының нөмірі) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
Теориялық және практикалық сабақ өткізу үшін қажетті радиациялық бақылаудың оқу сыныптары, оқыту жабдықтары, техникалық құралдары, оқыту аспаптары туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны
Оқу сыныбының, оқыту жабдықтарының, техникалық құралдың, радиациялық бақылау аспабының атауы және қысқаша сипаттамасы | Меншік құқығын растайтын немесе өзге заңдық құқықтарды растайтын құжаттың атауы | Өзге заңдық құқықтар болған жағдайда | Оқыту жабдығының, техникалық құралдың немесе радиациялық бақылау аспабының тағайындалуы | Зауыттық нөмірі және түгендеу күні (оқыту сыныптарына толтырылмайды) | Саны | Техникалық паспорттың нөмірі (радиациялық бақылау аспаптары үшін) | |
Шарттың нөмірі, күні және қолдану мерзімі | Шарт жасалған заңды тұлғаның/жеке кәсіпкердің/жеке тұлғаның атауы және БСН/ЖСН | ||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
Мәлімделген жұмыстарды орындауға қажетті өндірістік-техникалық базалар, сақтау қоймалары, мамандандырылған үй-жайлар, зертханалар туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны
Үй-жайдың (өндірістік-техникалық базаның/ қойманың/мамандандырылған үй-жайдың/зертхананың) атауы | Меншік құқығын растайтын құжат немесе өзге заңдық құқықтарды растайтын құжат | Өзге заңдық құқығы болған жағдайда | Үй-жайдың (өндірістік-техникалық базаның/ қойманың/мамандандырылған үй-жайдың/зертхананың) орналасқан мекенжайы | |
Шарттың нөмірі, күні және қолданылу мерзімі | Шарт жасалған заңды тұлғаның/жеке кәсіпкердің/жеке тұлғаның атауы және БСН/ЖСН | |||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
Ядролық материалдарды, радиоактивтi заттарды, радиоизотоптық көздерді, радиоактивтi қалдықтарды, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптар мен қондырғыларды тасымалдауға арналған арнайы көлік құралдары туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны
Арнайы көлік құралының атауы, маркасы | Арнайы көлік құралының мемлекеттік нөмірі | Арнайы көлік құралына меншік құқығын растайтын құжат немесе өзге заңдық құқықтарды растайтын құжат | Өзге заңдық құқығы болған жағдайда | |
Шарттың нөмірі, күні және қолданылу мерзімі | Шарт жасалған заңды тұлға/жеке кәсіпкер/жеке тұлғаның атауы және БСН/ЖСН | |||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесіне 6-қосымша |
Ескерту. Күші жойылды – ҚР Энергетика министрінің 01.04.2020 № 123 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесіне 7-қосымша |
Ескерту. Күші жойылды – ҚР Энергетика министрінің 01.04.2020 № 123 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесіне 8-қосымша |
Ескерту. Күші жойылды – ҚР Энергетика министрінің 01.04.2020 № 123 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің згерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесіне 9-қосымша |
Ескерту. Күші жойылды – ҚР Энергетика министрінің 01.04.2020 № 123 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесіне 10-қосымша |
Ескерту. Күші жойылды – ҚР Энергетика министрінің 01.04.2020 № 123 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесіне 11-қосымша |
Ескерту. Күші жойылды – ҚР Энергетика министрінің 01.04.2020 № 123 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесіне 12-қосымша |
Ескерту. Күші жойылды – ҚР Энергетика министрінің 01.04.2020 № 123 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесіне 13-қосымша |
Ескерту. Күші жойылды – ҚР Энергетика министрінің 01.04.2020 № 123 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесіне 14-қосымша |
Ескерту. Күші жойылды – ҚР Энергетика министрінің 01.04.2020 № 123 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
Атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персоналды аттестаттау қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персоналды аттестаттау қағидалары (бұдан әрi - Қағидалар) "Атом энергиясын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 12 қаңтардағы Заңының 6-бабының 20) тармақшасына сәйкес әзiрленген және атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персоналды аттестаттау (бұдан әрі - аттестаттау) тәртiбiн айқындайды.
2. Атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персонал біліктілігі мен кәсіби даярлығы деңгейінің атқаратын лауазымына сәйкестігін айқындау тұрғысынан аттестаттаудан өтеді.
Аттестаттауды атом энергиясын пайдалану саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның ведомствосымен (бұдан әрі - уәкілетті органның ведомствосы) жүзеге асырады.
Уәкілетті органның ведомствосы:
1) лауазымдық міндеттеріне атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыру кезінде қондырғыны тікелей басқару, ядролық, радиациялық, ядролық физикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету кіретін мамандарға;
2) лауазымдық міндеттеріне ядролық материалдарды, иондандырушы сәулелену көздерін, радиоактивті қалдықтарды есепке алу және бақылау, ядролық қондырғыларды және ядролық материалдарды физикалық қорғауды қамтамасыз ету кіретін ядролық қондырғының персоналына;
3) лауазымдық міндеттеріне радиациялық қауіпсіздікті бақылау, иондандырушы сәулелену көздерін есепке алу және бақылау кіретін радиациялық, электрфизикалық қондырғының персоналына аттестаттау жүргізеді.
Өзге персоналды атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар аттестаттайды.
3. Персоналды аттестаттау мынадай түрлерге:
1) бастапқы аттестаттауға;
2) мерзімді аттестаттауға;
3) кезектен тыс аттестаттауға бөлінеді.
4. Персоналды бастапқы аттестаттау қызметкер лауазымға тағайындалғаннан кейін бір ай ішінде жүргізіледі.
Мерзімді аттестаттау үш жылда бір рет жүргізіледі.
Кезектен тыс аттестаттау мынадай жағдайларда:
1) атом энергиясын пайдалану объектілерінде тосын оқиғалар туындаған кезде олардың туындауына жол берген адамдарға қатысты;
2) бұзушылыққа жол берген адамдарға қатысты – уәкілетті органның тексерулері нәтижесінде анықталған ядролық және (немесе) радиациялық және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздік, ядролық материалдарды, иондандырушы сәулелену көздерін есепке алу талаптары бұзылған жағдайда;
3) атом энергиясын пайдалану саласында қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғаның шешімі бойынша тағайындалады.
5. Кезектен тыс аттестаттауды тағайындау мерзімді аттестаттау жүргізу мерзімдерін өзгертпейді.
6. Аттестаттауды өткізу үшін уәкілетті орган ведомствосының бірінші басшысының бұйрығымен атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персоналды аттестаттауды өткізу үшін комиссияның (бұдан әрі – комиссия) құрамы және ережесі бекітіледі.
Комиссияның құрамына уәкілетті органның ведомствосы бірінші басшысының жетекшілік ететін орынбасары, уәкілетті органның ведомствосының құрылымдық бөлімшелері басқармаларының басшылары енгізіледі. Аттестаттауды өткізу барысында ашықтықты және әділдікті қамтамасыз ету үшін комиссия отырысына дауыс беру құқығы жоқ бақылаушылар шақырылады. Бақылаушылар ретінде қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдар), коммерциялық ұйымдардың, саяси партиялардың өкілдері мемлекеттік қызметті көрсету сапасын бағалау және мемлекеттік бақылау жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері комиссияның отырысына қатыса алады.
Комиссия мүшелерінің саны тақ болады және кемінде бес адамды құрайды. Хатшы комиссияның мүшесі болып табылмайды және дауыс беру құқығы жоқ.
Комиссияның отырысы комиссия құрамының кемінде үштен екісін құрайтын кворум болған кезде заңды.
7. Аттестаттауды өткізу мерзімі аттестаттаудан өтуге рұқсат беру туралы өтінішті тіркеген күннен бастап он жұмыс күнін құрайды.
8. Аттестаттау уәкілетті органның ведомствосында тестілеу және әңгімелесу арқылы өткізіледі.
Әңгімелесу лауазымдық міндеттеріне радиациялық қауіпсіздікті бақылау кіретін персонал үшін жүргізіледі.
9. Тест сұрақтарының тізбесін уәкілетті органның ведомствосы әзірлейді және бекітеді және ядролық, радиациялық, ядролық физикалық қауіпсіздік нормалары мен талаптарын білу, сондай-ақ еңбек міндеттерін атқару кезінде шешімдер қабылдау қабілетін айқындау мақсатындағы сұрақтарды қамтиды.
Бекітілген тест сұрақтарының тізбесіне өзгерістер енгізу Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларында ядролық, радиациялық, ядролық физикалық қауіпсіздік нормалары мен талаптары бөлігінде, сонымен қатар сұрақтарды орынсыз қалыптастыру анықталған жағдайда жүзеге асырылады.
10. Тест сұрақтары қызметкердің лауазымдық міндеттеріне және жұмыста пайдаланылатын қондырғылардың, аспаптардың, материалдардың түрлеріне байланысты анықталады.
Сұрақтар саны, тесті өтті деп тануға негіз болатын дұрыс жауаптардың шекті деңгейі, сондай-ақ тестілеу уақыты осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персонал үшін тестілеу көрсеткішімен анықталады.
11. Әңгімелесу барысында комиссия мүшелері аттесттаудан өтушіге (бұдан әрі – аттестатталушы тұлға) ядролық, радиациялық, ядролық физикалық қауіпсіздік нормалары мен талаптарын білуін тексеру, сондай-ақ жұмыста пайдаланылатын қондырғылардың, аспаптардың, материалдардың түрлеріне байланысты еңбек міндеттерін атқару кезінде шешімдер қабылдау қабілетін айқындау мақсатында сұрақтар қояды.
2-тарау. Атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персоналды аттестаттаудан өткізу тәртібі
12. Аттестаттаудан өту үшін жеке немесе заңды тұлғалар (бұдан әрі – өтініш беруші) уәкілетті органның ведомствосына мынадай құжаттарды ұсынады (бұдан әрі – құжаттар):
1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) қызметке тағайындау туралы бұйрықтың көшірмесі;
3) қызметкердің лауазымдық нұсқаулығының көшірмесі.
13. Уәкілетті органның ведомствосы осы Қағидалардың 12-тармағында көрсетілген құжаттарды алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Өтініш беруші құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда уәкілетті органның ведомствосы көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартады.
14. Тестілеу аттестатталатын адамның таңдауы бойынша мемлекеттік немесе орыс тілдерінде автоматтандырылған компьютерлік әдіспен өтеді. Шетелдік тұлғалар (бейрезиденттер) аттестаттауды осы Қағидаларға сәйкес жалпы негізде өтеді.
Аттестатталатын тұлға аттестаттауға жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткенде жіберіледі.
Тестілеу уақытында аттестаттаудан өтетін тұлғаларға өзара сөйлесуге, қандай да бір көмекші ақпараттық материалдарды (анықтамалық, арнайы әдебиет), байланыс құралдарын және электронды жеткізгіштегі жазбаларды пайдалануға жол берілмейді.
Комиссияның хатшысы тестілеуден өту тәртібін бұзу фактісін анықтаған жағдайда аттестатталатын тұлғаны тестілеу тоқтатылады. Бұл бұзушылық фактісі бойынша комиссия хатшысы осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тестілеуден өту тәртібінің бұзылғаны туралы акті рәсімдейді, және аттестаттаудан өтуші тұлғаға тестілеудің теріс нәтижесі беріледі.
15. Тестілеуге бөлінген уақыт өткен соң бағдарлама автоматты түрде жабылады.
Тестілеудің дұрыс жауаптарын есептеу енгізілген компьютерлік бағдарламаның көмегімен автоматты түрде жүргізіледі.
16. Егер дұрыс жауаптар саны шекті деңгейге тең немесе одан жоғары болса, онда аттестатталатын тұлғаға "тесттен өтті" деген тестілеудің оң нәтижесі беріледі.
17. Егер дұрыс жауаптар саны шекті деңгейден төмен болса, онда аттестатталатын тұлғаға "тесттен өткен жоқ" деген тестілеудің теріс нәтижесі беріледі.
18. Тестілеу нәтижесі басылып шығарылады және комиссия хатшысының қолымен расталады. Түпнұсқасы аттестатталатын тұлғаға тестілеу өткен соң беріледі, көшірмесі уәкілетті органның ведомствосында аттестатталатын тұлғаның аттестациялық ісінде сақталады.
19. Әңгімелесу сұрақ-жауап түрінде өткізіледі. Аттестатталушыға 10 сұрақ қойылады.
Егер аттестатталатын тұлға 7 және одан көп сұраққа жауа берсе әңгімелесуден өткен болып саналады.
Егер аттестатталатын тұлға 6 және одан аз сұраққа жауап берсе әңгімелесуден өтпеген болып саналады.
20. Әңгімелесу нәтижесі бойынша аттестаттау комиссиясының хатшысы осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес комиссия мүшелері және аттестатталатын тұлға қол қойған атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персоналмен әңгімелесу хаттамасын жасайды. Түпнұсқасы аттестатталатын тұлғаға әңгімелесу өткен соң беріледі, көшірмесі уәкілетті органның ведомствосында аттестаттаудан өтуші тұлғаның аттестациялық ісінде сақталады.
21. Аттестаттау нәтижесі бойынша комиссия мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
1) біліктілігі мен кәсіби даярлық деңгейі атқаратын лауазымына сәйкес келеді;
2) біліктілігі мен кәсіби даярлық деңгейі атқаратын лауазымына сәйкес келмейді.
Комиссияның шешімі осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персоналға аттестаттау жүргізу комиссиясы отырысының қорытындысы түрінде рәсімделеді.
22. Комиссия осы Қағидалардың 21 тармағының 1) тармақшасында көзделген шешімді қабылдаған жағдайда, өтініш берушіге үш жұмыс күні ішінде атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персоналды аттестаттау туралы куәлік (бұдан әрі - Куәлік) жіберіледі.
Атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персоналды аттестаттау туралы куәлік осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша беріледі, уәкілетті органның ведомствосы басшысының жетекшілік ететін орынбасары немесе оны алмастыратын тұлға қол қояды, атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персоналды аттестаттау туралы куәліктерді беру журналына тіркеледі.
Куәліктің көшірмесі уәкілетті органның ведомствосында аттестатталатын тұлғаның аттестаттау ісінде сақталады.
23. Комиссия осы Қағидалардың 21-тармағының 2) тармақшасында көзделген шешімді қабылдаған жағдайда, өтініш берушіге үш жұмыс күні ішінде Комиссияның аттестатталатын тұлғаның біліктілігі мен кәсіби даярлық деңгейі атқаратын лауазымына сәйкес келмейтіні туралы қорытынды жібереді.
24. Атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың атом энергиясы пайдаланылатын объектілердегі еңбек қызметіне біліктілігі мен кәсіби даярлығы деңгейінің атқаратын лауазымына сәйкес келмейтіні туралы комиссияның қорытындысын алған жұмыскерді жіберуіне тыйым салынады.
25. Егер аттестатталатын тұлға аттестаттаудан өтуге уәкілетті орган ведомствосының хабарламасында көрсетілген мерзімде келмеген болса, онда аталған тұлға аттестаттаудың теріс нәтижесін алған болып саналады және комиссия біліктілігі мен кәсіби даярлық деңгейі атқаратын лауазымына сәйкес келмейтіні туралы шешім қабылдайды.
3-тарау. Тестілеу немесе әңгімелесу нәтижелеріне шағымдану тәртібі
26. Аттестатталатын тұлға тестілеу немесе әңгімелесу нәтижелерімен келіспеген жағдайда олардан өткен күні осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш беру жолымен олардың нәтижелеріне шағымдануға құқылы.
27. Тестілеу немесе әңгімелесу нәтижелерін қайта қарау туралы өтінішті қарастыру үшін уәкілетті органның ведомствосы басшысының бұйрығымен тестілеу немесе әңгімелесу нәтижелерін қайта қарау туралы өтінішті қарау жөніндегі апелляциялық комиссия туралы ереже және оның құрамы (бұдан әрі - апелляциялық комиссия) бекітіледі.
Апелляциялық комиссия комиссияның құрамына кірмейтін салалық басқармалар басшыларынан тұрады. Апелляциялық комиссия мүшелерінің саны тақ болып табылады және кемінде үш адамды құрайды.
28. Тестілеу және әңгімелесу нәтижелерін қайта қарау туралы өтініштерді қарауды апелляциялық комиссия өтініштер түскен сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде жүргізеді.
29. Тестілеу немесе әңгімелесу нәтижелерін қайта қарау туралы өтініштерді қарастыру қорытындысы бойынша апелляциялық комиссия осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хаттама түрінде рәсімделетін шешім шығарады. Түпнұсқасы апелляцияны өткізген соң аттестатталатын тұлғаға, көшірмесі уәкілетті органның ведомствосында аттестатталатын тұлғаның аттестаттау ісінде сақталады.
Атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персоналды аттестаттау қағидаларына 1-қосымша |
Атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персонал үшін тестілеу көрсеткіштері
р/с № | Аттестатталатын тұлға | Сұрақтар саны | Тестілеу уақыты, мин | Шекті деңгей, % |
Лауазымдық міндеттеріне мыналар кіретін мамандар | ||||
1 | Ядролық қондырғыны тікелей басқару | 30 | 45 | 70 |
2 | Ядролық, радиациялық, ядролық физикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету | 50 | 75 | 70 |
Лауазымдық міндеттеріне мыналар кіретін ядролық қондырғының персоналы | ||||
3 | Ядролық материалдарды есепке алу және бақылау | 30 | 45 | 70 |
4 | Иондандырушы сәулелену көздерін есепке алу және бақылау | 30 | 45 | 70 |
5 | Радиоактивті қалдықтарды есепке алу және бақылау | 40 | 60 | 70 |
6 | Ядролық қондырғылар мен ядролық материалдарды физикалық қорғауды қамтамасыз ету | 30 | 45 | 70 |
Лауазымдық міндеттеріне мыналар кіретін радиациялық қондырғылардың персоналы | ||||
7 | Медициналық гамма-терапиялық аппараттарды пайдалану кезінде радиациялық қауіпсіздікті бақылау | 40 | 60 | 70 |
8 | Радиоизотоптық диагностиканы немесе терапияны өткізу кезінде радиациялық қауіпсіздікті бақылау | 40 | 60 | 70 |
9 | Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу кезінде радиациялық қауіпсіздікті бақылау | 50 | 75 | 70 |
10 | Уран кеніштерінде радиациялық қауіпсіздікті бақылау | 50 | 75 | 70 |
11 | Дефектоскопия кезінде радиациялық қауіпсіздікті бақылау | 50 | 75 | 70 |
12 | Спектрометрлер, талдағыштар, датчиктер, өлшеуіштерді пайдалану кезінде радиациялық қауіпсіздікті бақылау | 40 | 60 | 70 |
13 | Өзге жұмыстар кезінде радиациялық қауіпсіздікті бақылау | 50 | 75 | 70 |
14 | Иондандырушы сәулелену көздерін есепке алу мен бақылау | 40 | 60 | 70 |
15 | Дефектоскопия кезінде радиациялық қауіпсіздікті бақылау, иондандырушы сәулелену көздерін есепке алу мен бақылау | 60 | 90 | 70 |
16 | Медициналық гамма-терапиялық аппараттарды пайдалану кезінде радиациялық қауіпсіздікті бақылау, иондандырушы сәулелену көздерін есепке алу мен бақылау | 60 | 90 | 70 |
17 | Радиоизотоптық диагностиканы немесе терапияны өткізу кезінде радиациялық қауіпсіздікті бақылау, иондандырушы сәулелену көздерін есепке алу мен бақылау | 60 | 90 | 70 |
18 | Спектрометрлер, талдағыштар, датчиктер, өлшеуіштерді пайдалану кезінде радиациялық қауіпсіздікті бақылау, иондандырушы сәулелену көздерін есепке алу мен бақылау | 60 | 90 | 70 |
19 | Өзге иондандырушы сәулелену көздерін есепке алу мен бақылау, радиациялық қауіпсіздікті бақылау | 60 | 90 | 70 |
Лауазымдық міндеттеріне мыналар кіретін электрфизикалық қондырғылардың персоналы | ||||
20 | Медициналық рентгендік диагностикалық немесе терапиялық жабдықтарды пайдалану кезінде радиациялық қауіпсіздікті бақылау | 30 | 45 | 70 |
21 | Дефектоскопия кезінде радиациялық қауіпсіздікті бақылау | 50 | 75 | 70 |
22 | Өзге жұмыстар кезінде радиациялық қауіпсіздікті бақылау | 50 | 75 | 70 |
23 | Иондандырушы сәулелену көздерін есепке алу мен бақылау | 40 | 60 | 70 |
24 | Дефектоскопия кезінде радиациялық қауіпсіздікті бақылау, иондандырушы сәулелену көздерін есепке алу мен бақылау | 50 | 75 | 70 |
25 | Медициналық рентгендік диагностикалық немесе терапиялық жабдықтарды, сызықтық үдеткіштерді пайдалану кезінде радиациялық қауіпсіздікті бақылау, иондандырушы сәулелену көздерін есепке алу мен бақылау | 50 | 75 | 70 |
26 | Радиациялық қауіпсіздікті бақылау, өзге иондандырушы сәулелену көздерін есепке алу мен бақылау | 50 | 75 | 70 |
Лауазымдық міндеттеріне мыналар кіретін радиациялық және электрфизикалық қондырғылардың персоналы | ||||
27 | Радиоизотоптық диагностиканы немесе терапияны жүргізу, медициналық рентгендік диагностикалық немесе терапиялық жабдықтарды, сызықтық үдеткіштерді пайдалану кезінде радиациялық қауіпсіздікті бақылау | 50 | 75 | 70 |
28 | Дефектоскопия кезінде радиациялық қауіпсіздікті бақылау | 50 | 75 | 70 |
29 | Өзге жұмыстар кезінде радиациялық қауіпсіздікті бақылау | 50 | 75 | 70 |
30 | Иондандырушы сәулелену көздерін есепке алу мен бақылау | 40 | 60 | 70 |
31 | Дефектоскопия кезінде радиациялық қауіпсіздікті бақылау, иондандырушы сәулелену көздерін есепке алу мен бақылау | 50 | 75 | 70 |
32 | Радиоизотоптық диагностиканы немесе терапияны жүргізу, медициналық рентгендік диагностикалық немесе терапиялық жабдықтарды, сызықтық үдеткіштерді пайдалану кезінде радиациялық қауіпсіздікті бақылау, иондандырушы сәулелену көздерін есепке алу мен бақылау | 50 | 75 | 70 |
33 | Радиациялық қауіпсіздікті бақылау, өзге иондандырушы сәулелену көздерін есепке алу мен бақылау, | 50 | 75 | 70 |
Атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персоналды аттестаттау қағидаларына 2-қосымша |
|
Нысан |
Өтініш
_________________________________________________________________________
(жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) немесе заңды тұлғаның атауы)
аттестаттаудан өтуге
__________________________________________________________________________
(аттестаттаудан өтетін тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты
(болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі)
______________________________________________________ рұқсат беруді сұрайды.
(лауазым атауы)
Қоса берілетін құжаттар:_____________________________________
Басшы _________________________ __________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)
Мөрдің орны "___"_______20__жыл
Атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персоналды аттестаттау қағидаларына 3-қосымша |
|
Нысан |
Тестілеу тәртібін бұзу туралы акт
201 _ жылғы "____" __________ ____ сағат ______ минут
Мен, ____________________________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 20 қаңтардағы
№ 12 бұйрығымен бекітілген Атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде
жұмыс істейтін персоналды аттестаттау қағидалары 14-тармағының
3-абзацын _______________________________________________ бұзу фактісін
(Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
анықтадым.
__________________________________________________________________
(бұзушылықты қысқаша сипаттау)
Актіні жасаған адамның қолы: ______________________________________
Актімен таныстым: _________________________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)
Атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персоналды аттестаттау қағидаларына 4-қосымша |
|
Нысан |
Атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персоналмен № әңгімелесу хаттамасы
Астана қаласы 20 _ жылғы "____" __________
Бұйрық негізінде жұмыс істейтін аттестаттау комиссиясы __________________
(бұйрық нөмірі)
құрамында:
Комиссия төрағасы:_______________________________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)
Комиссия мүшелері:_______________________________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)
анықтады:
__________________________________________________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі, лауазымы)
__________________________________________________________________________
(өтініш берушінің жұмыс орны (мекеменің толық атауы)
аттестаттаудан______________________________________________өтуші
(бастапқы, мерзімді, кезектен тыс)
20 _ жылғы "____" __________
___ сұраққа дұрыс жауап берді
___ сұраққа дұрыс жауап бермеді
Әңгімелесу нәтижесі: _____________________________________________________
(әңгімелесуді өтті/әңгімелесуді өтпеді)
Комиссия мүшелері:________________________________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)
20 _ жылғы "____" __________
Атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персоналды аттестаттау қағидаларына 5-қосымша |
|
Нысан |
Атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персоналға аттестаттау жүргізу комиссиясы отырысының № қорытындысы
Астана қаласы 20___ жылғы "__" ____
Атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін
персоналды аттестаттаудан өткізу үшін 20___жылғы ______ № ____ бұйрығы
негізінде жұмыс істейтін комиссия құрамында:
Комиссия төрағасы:_______________________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)
Комиссия мүшелері:_______________________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)
1.Тестілеу нәтижесін
2.Әңгімелесу хаттамасын (аттестатталушы тұлға әңгімелесуден өткен жағдайда) қарастырып:
ШЕШТІ:
__________________________________________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) біліктілігі мен кәсіби даярлық деңгейі
атқаратын лауазымына сәйкес келеді/ сәйкес келмейді)
Комиссия мүшелері:_________________________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)
Атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персоналды аттестаттау қағидаларына 6-қосымша |
|
Нысан |
Атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персоналды аттестаттау туралы КУӘЛІК
Осы куәлік Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және
энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Аттестаттау комиссиясының
шешімімен біліктілігі мен кәсіби даярлық деңгейі атқаратын лауазымына
сәйкес келеді деп танылған____________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), лауазымы)
_________________________________________________________________ берілді.
Куәлік:______________дейін жарамды
(мерзімі көрсетіледі)
Тіркеу нөмірі №__________
Берілген күні: __________
Басшының орынбасары ___________________________ ________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)
Мөрдің орны
Өтініш
Сізден _________________________________ аттестаттау барысында
(күні (бастапқы, мерзімді, кезектен тыс)
жүргізілген тестілеу немесе әңгімелесу нәтижелерін қайта қарастыруды
сұраймын, себебі
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Өтініш берушінің қолы: _______________
Өтініш берілген күн: 20__ жылғы "___" ____________
Атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персоналды аттестаттау қағидаларына 8-қосымша |
|
Нысан |
№ _______ Хаттама
Астана қаласы 20___ жылғы "__" ______
Апелляциялық комиссия құрамында:
Комиссия төрағасы:_________________________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)
Комиссия мүшелері:_________________________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты. (болған жағдайда) (қолы)
___________________________________________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі, лауазымы)
___________________________________________________________________
(өтініш берушінің жұмыс орны (мекеменің толық атауы)
20__ жылғы "__" _________ ____________________тестілеу немесе әңгімелесу
(бастапқы, мерзімді, кезектен тыс)
нәтижелерін қайта қарастырып анықтады:
дұрыс ________________________ жауап
дұрыс емес___________________________ жауап
персоналдың осы санаты үшін шекті деңгей ___________________ құрайды.
Апелляциялық комиссия шешім қабылдады:
1. тестілеуден немесе әңгімелесуден өту нәтижесі өзгеріссіз қалсын ("тесттен
өткен жоқ" немесе "әңгімелесуден өткен жоқ")
2. тестілеуден немесе әңгімелесуден өту нәтижесі оң деп танылсын ("тесттен
өтті" немесе "әңгімелесуден өтті")
Комиссия мүшелері:________________________________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)
20___жылғы "___"____________
Атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персоналға қойылатын біліктілік талаптары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персоналға қойылатын біліктілік талаптары "Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 23 сәуірдегі Заңының 6-бабының 8-1) тармақшасына және "Атом энергиясын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 12 қаңтардағы Заңының 20-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персоналға қойылатын біліктілік талаптарын айқындайды.
2. Атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін персонал мынадай санаттарға бөлінеді:
1) мамандар – жоғары буын басшыларын, аға басшыларды (бөлімдер мен секторлардың бастықтарын);
кіші буын басшыларын (аға операторларды, техникалық қызмет көрсету және техникалық қолдау топтарының бастықтарын және олардың орынбасарларын) қамтитын персонал;
қызметі атом энергиясы пайдаланылатын объектіні пайдалануға байланысты инженерлік және (немесе) ғылыми персонал;
2) техниктер – бақылау-өлшеу аппаратурасының техниктерін, радиациялық бақылау техниктерін , химиялық зертхана техниктерін, техник-механиктерді, техник-электриктерді және электрондық аппаратура техниктерін қамтитын персонал, сондай-ақ ядролық қондырғыны пайдалануға байланысты жұмыстармен тікелей айналысатын өзге де мамандандырылған персонал;
3) жұмысшылар – дәнекерлеушілерді, слесарьларды, механиктерді, электриктерді, механизмдер операторларын және басқа да білікті жұмысшы персоналды қамтитын персонал.
2-тарау. Мамандарға қойылатын біліктілік талаптары
3. Радиациялық қауіптілігі 1 және 2 санатты объектілер үшін атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін мамандарға қойылатын біліктілік талаптары:
1) ұйым жұмысының бағдарына сәйкес келетін техникалық мамандықтар бойынша дипломмен расталған жоғары білімі;
2) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес, құжат түрінде расталған атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде кемінде бес жыл жұмыс өтілі;
3) біліктілігін және тиісті лауазымның функционалдық міндеттеріне сәйкес дайындықтан өткенін растайтын сертификаттар, куәліктер болуын қамтиды.
4. Радиациялық қауіптілігі 3 және 4 санатты объектілер үшін атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін мамандарға қойылатын біліктілік талаптары:
1) ұйым жұмысының бағдарына сәйкес келетін мамандықтар бойынша дипломмен расталған жоғары білімі;
2) біліктілігін және тиісті лауазымның функционалдық міндеттеріне сәйкес дайындықтан өткенін растайтын сертификаттар, куәліктер болуын қамтиды.
3-тарау. Техниктерге қойылатын біліктілік талаптары
5. Радиациялық қауіптілігі 1 және 2 санатты объектілер үшін атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін техниктерге қойылатын біліктілік талаптары:
1) ұйым жұмысының бағдарына сәйкес келетін техникалық мамандықтар бойынша дипломмен расталған жоғары, орта білімнен кейінгі білімі немесе орта білімі (техникалық және кәсіптік);
2) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес, құжат түрінде расталған атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде кемінде бір жыл жұмыс өтілі;
3) біліктілігін және тиісті лауазымның функционалдық міндеттеріне сәйкес дайындықтан өткенін растайтын сертификаттар, куәліктер болуын қамтиды.
6. Радиациялық қауіптілігі 3 және 4 санатты объектілер үшін атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін техниктерге қойылатын біліктілік талаптары:
1) ұйым жұмысының бағдарына сәйкес келетін техникалық мамандықтар бойынша дипломмен расталған жоғары, орта білімнен кейінгі білімі немесе орта білімі (техникалық және кәсіптік);
2) біліктілігін және тиісті лауазымның функционалдық міндеттеріне сәйкес дайындықтан өткенін растайтын сертификаттар, куәліктер болуын қамтиды.
4-тарау. Жұмысшыларға қойылатын біліктілік талаптары
7. Атом энергиясы пайдаланылатын объектілерде жұмыс істейтін жұмысшыларға қойылатын біліктілік талаптары:
ұйым жұмысының бағдарына сәйкес келетін мамандықтар бойынша дипломмен расталған орта білімнен кейінгі білімі немесе орта білімі болуын қамтиды.
Үй-жайларды, жабдықтарды және материалдарды қатерсіздендіру (радиоактивті ластанудан тазарту) бойынша жұмыстарды жүргізу үшін, сонымен қатар радиациялық оңалту, аумақтарды және объектілерді қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу үшін жоғарғы, орта білімнен кейінгі білімі немесе орта (техникалық және кәсіби) білімі жоқ жұмысшыларды тартуға рұқсат етіледі.
Өтініш
___________________________________________________________________
(ұйымының атауы)
_________________________________________________қызметі саласында
__________________________________________ сараптаманы жүзеге асыру
үшін аккредиттеу жүргізуді сұраймын.
Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:
____________________________________________________________
Ұйымның басшысы__________________________ _______________
(Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)
Мөрдің орны
Толтырылған күні 20__жылғы "_____"_____________
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесіне 18-қосымша |
|
Көліктік қаптама комплектілерінің конструкцияларын бекіту қағидаларына 2-қосымша |
КҚК конструкциясын бекітуге арналған құжаттар тізбесі
1. B (U) типіне, С типіне және уран гексофторидіне КҚК конструкциясын бекіту үшін:
1) болжамды радиоактивті ішіндегі, оның физикалық және химиялық құрамын және сәулелену сипатын көрсете отырып, толық сипаттамасы;
2) инженерлік-техникалық құжаттаманың (сызбалардың) толық жинағын, пайдаланылатын материалдардың тізбесін және дайындау әдістерін қоса алғанда, КҚК конструкциясының толық сипаттамасы;
3) жүргізілген сынақтар және олардың нәтижелері туралы акт;
4) КҚК пайдалану және оны пайдаланған уақытта қызмет көрсету жөніндегі нұсқаулықтар;
5) егер ҚҚК 100 килоПаскальға тең манометрлік қысымнан асып түсетін ең жоғарғы деңгейдегі қалыпты жұмыс қысымына есептелген болса, қорғауыш қабықша жүйесінің конструкциялық материалдарының, таңдап алуы жоспарланған сынамалардың және ұсынылған сынақтардың толық сипаттамасы;
6) егер болжауы радиоактивті ішіндегі сәулеленген отын болса, онда қауіпсіздікті талдау кезінде жасалған отынның сипаттамасына қатысты кез келген жорамалдың дәйектемесі және шығарған елдің талаптарына сәйкес талап етілетін тасымал алдындағы кез келген өлшеулердің сипаттамасы;
7) көліктің әралуан түрлерін және тасымалдайтын құралдардың немесе жүк контейнерінің типін пайдалануды ескере отырып, КҚК-ден жылуды қауіпсіз бұрып әкету үшін қажет салудың кез келген арнайы шарттарын сипаттауды;
8) КҚК құрастыруын суретпен сипаттаушы өлшемі 21 см х 30 см артық емес нақты көшірмесін алуға жарайтын кескінделген бейнелемені;
9) КҚК-нің ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауіпсіздігі сараптамасының нәтижелері ұсынылады.
2. B (М) типіне КҚК конструкциясын бекіту үшін осы қосымшаның 2-тармағында талап етілетін мәліметтерден бөлек:
1) тасымалдау кезінде қолданылуға жататын, қаптаманың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін немесе кемшіліктердің орнын толтыру үшін талап етілетін пайдалануды бақылаудың ұсынылған кез келген қосымша шаралары туралы мәліметтерді;
2) көліктің түрі жайында кез келген шектеулер туралы және жүк тиеудің, тасымалдаудың, түсірудің немесе өңдеудің кез келген арнайы рәсімдері туралы мәліметтерді;
3) тасымалдау кезінде күтілетін және конструкцияда ескерілген сыртқы орта жағдайлары (температура, күн инсоляциясы) ауқымының сипаттама құжатын ұсыну қажет.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесіне 19-қосымша |
|
Көліктік қаптама комплектілерінің конструкцияларын бекіту қағидаларына 3-қосымша |
Басқа елдердің уәкілетті органдары бекіткен КҚК конструкцияларына сертификат-рұқсаттаманың қолданылуын Қазақстан Республикасы аумағына таратуға арналған құжаттар тізбесі
1. Басқа елдердің уәкілетті органдары бекіткен КҚК конструкциясына сертификат-рұқсаттаманың есепке алынған көшірмесі;
2. КҚК тасымалдау кезіндегі радиациялық қорғау бағдарламасының толық сипаттамасы.