"Атом энергиясын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 27) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 03.09.2021 № 282 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алпыс күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған Көліктік қаптама комплектілерінің конструкцияларын бекіту қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін бес күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрі |
В. Школьник |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
________________Ә. Исекешев
11 ақпан 2016 жыл
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
________________Қ. Қасымов
18 ақпан 2016 жыл
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
________________Е. Досаев
27 ақпан 2016 жыл
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 9 ақпандағы № 51 бұйрығымен бекітілген |
Көліктік қаптама комплектілерінің конструкцияларын бекіту қағидалары
Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 19.01.2021 № 14 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Көліктік қаптама комплектілерінің конструкцияларын бекіту қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заң) 10-бабының 1) тармақшасына, "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына, "Атом энергиясын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 27) тармақшасына сәйкес әзірленді және көліктік қаптама комплектілерінің конструкцияларын бекіту тәртібін айқындайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 09.01.2023 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк алпыс күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.2-тарау. Көліктік қаптама комплектілерінің конструкцияларын бекіту тәртібі
2. Көліктік қаптама комплектілерінің конструкцияларын бекіту, сондай-ақ басқа елдердің уәкілетті органдары бекіткен Қазақстан Республикасының аумағында оларға сертификаттар-рұқсаттар күшін қолдану мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызмет) болып табылады және оны Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті (бұдан әрі – Көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін жеке немесе заңды тұлға (бұдан әрі – Көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы жүгінеді және осы Қағидаларға 3-қосымшада келтірілген "Көліктік қаптама комплектілерінің конструкцияларын бекіту, сондай-ақ басқа елдердің уәкілетті органдары бекіткен Қазақстан Республикасының аумағында оларға сертификаттар-рұқсаттар күшін қолдану" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің (бұдан әрі – Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі) 8-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды ұсынады.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды портал арқылы берген кезде – көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинеті" арқылы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 09.01.2023 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк алпыс күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде келтірілген.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 09.01.2023 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк алпыс күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.5. Көрсетілетін қызметті беруші құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады және оны Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесіне орындауға береді.
Көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидаларға сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар топтамасын және (немесе) мәліметтерді толық ұсынбаған кезде, Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы Көрсетілетін қызметті алушының өтініші тіркелген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде Көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды жібереді.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған және қолданылу мерзімі өткен құжаттар болмаған кезде, Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері 15 (он бес) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкестігін қарайды.
Ұсынылған құжаттар осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келген кезде Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері 3 (үш) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес көліктік қаптама комплектілерінің конструкциясын бекіту туралы немесе осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес сертификаттар-рұқсаттар күшін қолдану туралы шешім дайындайды не осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша және Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша Көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тартуды жібереді.
Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабына сәйкес Көрсетілетін қызметті беруші Көрсетілетін қызметті алушыға көліктік қаптама комплектілерінің конструкциясын бекіту немесе сертификаттар-рұқсаттар күшін қолдану туралы алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге (тыңдауға) мүмкіндік береді, ол туралы Көрсетілетін қызметті алушы шешім қабылданғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар етіледі.
Тыңдау рәсімі Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес жүргізіледі.
Құжаттар топтамасын, қорытындысын және тыңдау нәтижелерін қарау қорытындылары бойынша Көрсетілетін қызметті беруші мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
1) көліктік қаптама комплектілерінің конструкциясын бекіту туралы немесе сертификаттар-рұқсаттар күшін қолдану туралы;
2) көліктік қаптама комплектілерінің конструкциясын бекіту немесе сертификаттар-рұқсаттар күшін қолданудан бас тарту туралы.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 09.01.2023 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк алпыс күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.6. Көрсетілетін қызметті берушінің көліктік қаптама комплектілерінің конструкциясын бекіту туралы шешімі 5 (бес) жылдан аспайтын мерзімде қолданылады.
Көрсетілетін қызметті берушінің сертификаттар-рұқсаттардың күшін қолдану туралы шешімі сертификат-рұқсаттың түпнұсқасында көрсетілген мерзімде қолданылады.
7. Алып тасталды - ҚР Энергетика министрінің 09.01.2023 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк алпыс күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.8. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.
Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректер мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне автоматты режимде түседі.
Көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидаларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар қолданысқа енгізілген сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығына жібереді және Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары интернет-ресурстарының www.gov.kz бірыңғай платформасында "Энергетика министрлігі" деген бөлімде орналастырады.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 09.01.2023 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк алпыс күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану тәртібі
9. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.
Шағым кімнің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған Көрсетілетін қызметті берушіге беріледі.
Шешімі, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалған Көрсетілетін қызметті беруші, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды қанағаттандыратын шешім қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермейді.
Шағымды қанағаттандырусыз қалдыру туралы шешім қабылданған кезде шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған Көрсетілетін қызметті беруші шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен Көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен Көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 03.09.2021 № 282 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алпыс күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.10. Көрсетілетін қызметті беруші шешімінің нәтижелерімен келіспеген жағдайда Көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 4-бабы 6) тармақшасына сәйкес сотқа шағымданады.
Көліктік қаптама комплектілерінің конструкцияларын бекіту қағидаларына 1-қосымша |
Ескерту. 1-қосымша алып тасталды – ҚР Энергетика министрінің 09.01.2023 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк алпыс күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
Көліктік қаптама комплектілерінің конструкцияларын бекіту қағидаларына 2-қосымша |
Ескерту. 2-қосымша алып тасталды – ҚР Энергетика министрінің 09.01.2023 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк алпыс күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
Көліктік қаптама комплектілерінің конструкцияларын бекіту қағидаларына 3-қосымша |
"Көліктік қаптама комплектілерінің конструкциясын бекіту, сондай-ақ басқа елдердің уәкілетті органдары бекіткен Қазақстан Республикасының аумағында оларға сертификаттар-рұқсаттар күшін қолдану" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі
Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 09.01.2023 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк алпыс күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
1. | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті (бұдан әрі – Көрсетілетін қызметті беруші). |
2. | Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері | "Электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – Портал). |
3. | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі | 20 (жиырма) жұмыс күні. |
4. | Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны | Электрондық (толық автоматтандырылған). |
5. | Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі |
Көліктік қаптама комплектілерінің конструкциясын бекіту немесе басқа елдердің уәкілетті органдары бекіткен Қазақстан Республикасының аумағында оларға сертификаттар-рұқсаттар күшін қолдану туралы Көрсетілетін қызметті берушінің бұйрығы, не мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту. |
6. | Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны өндіріп алу тәсілдері | Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – Көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі. |
7. | Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі |
1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, белгіленген жұмыс графигіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін; |
8. | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
1) көліктік қаптама комплектілерінің конструкциясын бекіту үшін: |
9. | Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген негіздер |
1) Көрсетілетін қызметті алушының Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау; |
10. | Мемлекеттік қызметтерді көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де талаптар, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтер |
1) мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары: |
Өтінім
Сізден_________________ (толық атауы) көліктік қаптама комплектілерінің
конструкциясын бекітуді сұраймын.
Жеке тұлғаның/заңды тұлғаның мекенжайы
_____________________________________________________________________
Телефон, факс, электрондық пошта
_____________________________________________________________________
Осы өтінімге мынадай құжаттар қоса беріледі:
1.____________________________________________________________________
2.____________________________________________________________________
3.____________________________________________________________________
Осы өтінішпен 3 (үш) жыл мерзімге мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі
талаптар тізбесінің 8-тармағында көзделген жинақталатын деректер тізбесімен
ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және жеке деректерді жинауға және
өңдеуге, сондай-ақ рұқсаты шектеулі жеке деректерге қол жеткізуге келісім беремін.
Толтырылған күні 20__ жылғы "___" ____________
Өтінім
Сізден 20__ жылғы "___" ________ дейінгі мерзімге ____________
(толық атауы) көліктік қаптама комплектілерінің конструкциясын _________________
(сертификат-рұқсатты берген орган көрсетіледі)
Қазақстан Республикасының аумағында сертификат-рұқсаттың күшін қолдануға
рұқсат беруді сұраймын.
Жеке тұлғаның/заңды тұлғаның мекенжайы
_____________________________________________________________________
Телефон, факс, электрондық пошта
_____________________________________________________________________
Осы өтінімге мынадай құжаттар қоса беріледі:
1.____________________________________________________________________
2.____________________________________________________________________
3.____________________________________________________________________
Осы өтінішпен 3 (үш) жыл мерзімге мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі
талаптар тізбесінің 8-тармағында көзделген жинақталатын деректер тізбесімен
ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және жеке деректерді жинауға және
өңдеуге, сондай-ақ рұқсаты шектеулі жеке деректерге қол жеткізуге келісім беремін.
Толтырылған күні 20__ жылғы "___" ____________
Көліктік қаптама комплектілерінің конструкцияларын бекіту қағидаларына 3-1-қосымша |
Ескерту. Қағида 3-1-қосымшамен толықтырылды - ҚР Энергетика министрінің 03.09.2021 № 282 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алпыс күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); алып тасталды - ҚР Энергетика министрінің 09.01.2023 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк алпыс күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрықтарымен.
Көліктік қаптама комплектілерінің конструкцияларын бекіту қағидаларына 4-қосымша |
|
Нысан |
|
Көліктік қаптама комплектілерінің конструкцияларын бекіту қағидаларына 5-қосымша |
|
Нысан |
Көліктік қаптама комплектілерінің конструкциясын бекіту туралы
|
Көліктік қаптама комплектілерінің конструкцияларын бекіту қағидаларына 6-қосымша |
|
Нысан |
Ескерту. 6-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 09.01.2023 № 4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк алпыс күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
|