"Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстау тәртібі мен шарттары туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 30 наурыздағы Заңының 9-2-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 12.05.2020 № 386 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Мыналар:
1) Арнаулы үй-жайлардың қызметін ұйымдастыру қағидалары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;
2) Арнаулы үй-жайдың ішкі тәртіптеме қағидалары осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Жедел жоспарлау департаменті (Қ.С. Тыныбеков) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қағаз және электронды түрдегі көшірмелерін қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін ресми жариялау үшін мерзімді баспа басылымдарына жолдауды;
4) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
5) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Жедел жоспарлау департаментіне (Қ.С. Тыныбеков) жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министрдің міндетін атқарушы полиция генерал-майоры |
Ж. Сүлейменов |
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 24 шілдедегі № 531 бұйрығына 1-қосымша |
Арнаулы үй-жайлардың қызметін ұйымдастыру қағидалары
1 тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Арнаулы үй-жайлардың қызметін ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстау тәртібі мен шарттары туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 30 наурыздағы Заңының (бұдан әрі - Заң) 9-2-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және арнаулы үй-жайларға отырғызылатын адамдарды қабылдау, тіркеу, жеке қарап-тексеру, медициналық куәландыру, дактилоскопиялау, суретке түсіру тәртібін, сондай-ақ алып қоюға жататын заттар тізбесін айқындайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 12.05.2020 № 386 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) арнаулы үй-жай (бұдан әрі – АҮ) – әкімшілік құқық бұзушылықтың жолын кесу немесе әкімшілік іс жүргізуді қамтамасыз ету мақсатында жеке тұлғаның, заңды тұлға өкілінің, лауазымды адамның жеке бас бостандығын заңда белгіленген мерзімге қысқа уақытқа шектеуге арналған үй-жай;
2) әкiмшiлiк ұстау - әкімшілік құқық бұзушылықтың жолын кесу немесе әкімшілік іс жүргізуді қамтамасыз ету мақсатында жеке тұлғаның, заңды тұлға өкiлiнiң, лауазымды адамның жеке бас бостандығын қысқа мерзiмге шектеу.
2-тарау. Арнаулы үй-жайларға отырғызылатын адамдарды қабылдау, тіркеу, жеке қарап-тексеру жүргізу, медициналық куәландыру, дактилоскопиялау, суретке түсіру тәртібі, сондай-ақ алып қоюға жататын заттар тізбесі
3. Ұсталған адамдарға қатысты адамды АҮ-ге отырғызу полиция органының немесе оны алмастыратын адамның шешімі бойынша жүзеге асырылады.
Әкімшілік ұстау тәртібі "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі кодексінің (бұдан әрі - ӘҚБТК) 788-бабында көзделген.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 12.05.2020 № 386 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.4. АҮ-ге отырғызу тәулік бойы жүзеге асырылады.
5. Ұстаудың мерзімімің басталуы ұсталған адамға қандай да бір процессуалдық мәртебе берілгеніне немесе өзге де формальды рәсімдерді орындауға байланысты емес, ұсталған адамның бас бостандығын шектеу шынайы орын алған сағат минутына дейін дәл көрсетілген уақыт болып табылады.
Әкімшілік қамауға тартылған адамдарды АҮ-де ұстау мерзімі және оларды есептеу тәртібі ӘҚБтК 789-бабына сәйкес анықталады.
6. Адамды АҮ-ге отырғызу туралы шешім қабылданғаннан кейін кезекші бөлімнің тәуліктік ауысымының қызметкері немесе полиция органы басшысының шешімімен АҮ-де режимді қамтамасыз ету бойынша міндеттер жүктелген өзге де лауазымды адам (бұдан әрі - уәкілетті адам) мынадай іс-әрекеттерді жүзеге асырады:
1) ұстауды жүзеге асырған лауазымды адамнан барлық қолда бар материалдар қоса берілген жазбаша баянат қабылдайды;
2) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 17 шілдедегі № 439 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының Жедел басқару орталықтары мен кезекші бөлімдерінің қызметін ұйымдастыру қағидаларының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 9697 болып тіркелген) 15-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Кезекші бөлімге жеткізілген адамдарды есепке алу кітабына (бұдан әрі - Жеткізілген адамдарды есепке алу кітабы) адамды АҮ-ге отырғызу фактісін тіркейді.
3) адамды орналастырудың заңсыздығы анықталған жағдайда ол адамды дереу босатады.
Заңсыз орналастырылған адамды босату туралы Жеткізілген адамдарды есепке алу кітабына тиісті жазба жасалады. Заңсыз жеткізу фактісі туралы полиция органының басшысына немесе оны алмастыратын адамға дереу баяндалады.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 12.05.2020 № 386 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.7. Орналастырылатын адамдар, олардың заттары мен құжаттары ӘҚБтК-нің 791-бабында белгіленген тәртіпте тексеріледі.
8. Қарап-тексеру кезінде мына заттар алып қоюға жатады:
1) қару, жарылғыш, улы, улайтын және өртке қауіпті заттар, есірткі құралдары, психотроптық заттар, прекурсорлар, спирттік ішімдіктер, бұрыш, тұз, оттықтар;
2) шарф, белдік, белбеу, иық бау, бау, галстук, ұзындығы 50 сантиметрден асатын сүлгілер;
3) шыны ыдыс, шанышпалы, егейтін, кесетін заттар;
4) білезік, портсигар, ойын карталары, ілмек, сақина, сырға, сағат, орден, медаль, металл заттар және құндылықтар;
5) иіс су, одеколон және спирттік негіздегі өзге де бұйымдар;
6) фотоаппараттар, бейнекамералар, ұялы телефондар;
7) ақша, бағалы қағаздар, зергерлік бұйымдар.
Уәкіметті адам алып қойылған заттарды ұстау мерзімі аяқталғанға дейін сақталуын қамтамасыз етеді, содан кейін оларды құқық бұзушылықтың құралы немесе тікелей объектісі болып табылатын заттарды (мәні бойынша мәселе шешілгенге дейін) қоспағанда, адамға қайтарады.
Алып қойылған заттар олардың жоғалуына жол бермейтін арнайы бөлінген жерлерде сақталады.
9. АҮ-ге отырғызар алдында хаттама ресімдейтін қызметкер ұсталған адамнан созылмалы аурулары мен денсаулығының жай-күйіне шағымдардың бар-жоғы туралы жауап алады.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 12.05.2020 № 386 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.10. Алып тасталды – ҚР Ішкі істер министрінің 12.05.2020 № 386 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
11. Орналастырылған адам өзін нашар сезінуіне шағымданған немесе ауру (жарақат) белгілері болған кезде уәкілетті адам жедел медициналық жәрдем бригадасын шақыруды қамтамасыз етеді.
Шұғыл орналастырылған адамның өміріне қауіп төнген, жедел медициналық жәрдем бригадасы ұзақ уақыт болмаған немесе келу мүмкіндігі болмаған жағдайларда уәкілетті адам оны жақын жердегі медицина ұйымына дереу жеткізу бойынша шаралар қабылдайды.
Егер жедел медициналық жәрдем бригадасы қызметкерінің ұсынымы бойынша отырғызылған адам стационарлық емдеуге мұктаж болса, ол медициналық ұйымға жіберіледі.
12. АҮ-ге орналастырылған адамның өтініші бойынша оның қайда екендігі туралы оның туыстарын, жұмыс орны мен оқу орнының әкімшілігін, сондай-ақ қорғаушысын хабардар етеді.
Кәмелетке толмағанның ұсталғаны туралы оның ата-анасына немесе заңды өкілдеріне міндетті түрде хабарлау қажет.
13. Арнаулы үй-жайларға орналастырылған ер адамдар әйелдерден бөлек орналастырылады.
14. Алып тасталды – ҚР Ішкі істер министрінің 12.05.2020 № 386 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.15. Алып тасталды – ҚР Ішкі істер министрінің 12.05.2020 № 386 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
16. Ұсталған адам қайтыс болған жағдайда уәкілетті адам бұл туралы полиция органы кезекші бөлімінің кезекші ауысымының жетекшісіне хабарлайды.
3-тарау. АҮ-де ұстау режимі
17. АҮ-де ұсталған адамдардың құқықтарын сақтауды, олардың өз міндеттерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген міндеттерді орындауын қамтамасыз ететін режим орнатылады.
18. АҮ-де ұсталған адамдарды ұстау заңдылық қағидаттарына, кінәсіздік презумпциясы, азаматтардың заң алдындағы теңдігі, ізгілік, адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеу, халықаралық құқық нормаларына сәйкес жүзеге асырылады және дене немесе адамгершілік азап салу мақсатын көздейтін әрекеттерге ұласпауы тиіс.
19. АҮ-де ұсталатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар құқықтары мен бостандықтарын пайдаланады, сондай-ақ егер Конституцияда, заңдарда және Қазақстан Республикасы ратифициялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының азаматтары үшін белгіленген міндеттерді орындайды.
20. Уәкілетті адамның АҮ-де адамдарды ұстау кезінде Қағидалардың талаптарын орындауын бақылауды полиция органының бірінші басшысы жүзеге асырады.
21. Босатылған кезде адамға хаттама рәсімдеген қызметкер осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша оның арнайы үй-жайда болғаны туралы анықтама береді.
Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 12.05.2020 № 386 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.4-тарау. Адамдарды АҮ-ден босату
22. АҮ-ге отырғызылған адамдар оларды ұстау үшін негіз болған мән-жайлар жойылған кезде не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ұстау мерзімі аяқталғаннан кейін дереу босатылуы тиіс.
23. Босатылған адамдарға сақталуы заңсыз болып табылатын заттарынан басқа, сақтауға алынған заттары қол қойғыза отырып, кері қайтарылады.
24. Босатылған кезде адамға осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша оның арнайы үй-жайда болғаны туралы анықтама беріледі.
Арнаулы үй-жайлардың қызметін ұйымдастыру қағидаларына қосымша |
|
нысан |
Арнаулы үй-жайдан босатылғаны туралы АНЫҚТАМА
Азамат (ша) _________________________________________________________
(Т.А.Ә. болған кезде)
20 ____ ж. "___"_________ ____сағат _____ минуттан бастап
20 ____ ж. "____"_________ _____сағат ______ минутка дейін әкімшілік қамауға
алынды және арнаулы үй-жайда болды.
____________________________________________________________________
(органның атауы)
Полиция органының басшысы
____________________________________________________________________
(Т.А.Ә. болған кезде, қолы)
20 ___ ж. "__" ________________ М.О.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 24 шілдедегі № 531 бұйрығына 2-қосымша |
Арнаулы үй-жайдың ішкі тәртіптемесінің үлгілік қағидалары
1 тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Арнаулы үй-жайдың ішкі тәртіптемесінің үлгілік қағидалары (бұдан әрі - Үлгілік қағидалар) "Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстау тәртібі мен шарттары туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 30 наурыздағы Заңының (бұдан әрі - Заң) 9-2-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленген және арнаулы үй-жайлардың ішкі тәртібін айқындайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 12.05.2020 № 386 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) арнаулы үй-жай (бұдан әрі – АҮ) – әкімшілік құқық бұзушылықтың жолын кесу немесе әкімшілік іс жүргізуді қамтамасыз ету мақсатында жеке тұлғаның, заңды тұлға өкілінің, лауазымды адамның жеке бас бостандығын заңда белгіленген мерзімге қысқа уақытқа шектеуге арналған үй-жай;
2) уәкілетті адам – кезекші бөлімнің тәуліктік ауысымдағы қызметкері немесе полиция органы басшысының шешімімен АҮ-де режимді қамтамасыз ету бойынша міндеттер жүктелген өзге де лауазымды адам.
2-тарау. АҮ-ні жабдықтауға қойылатын талаптар
3. АҮ орналасқан органның басшылығы әкімшілік ұстауға тартылған адамдарға гигиена, санитария, өрт қауіпсіздігінің талаптарына жауап беретін жағдай жасайды.
4. Ұсталғандарға арналған үй-жайлардың саны олардың орташа тәуліктік толтырылуын ескере отырып, ұсталған адамдарды орналастыруға арналған алаң нормасына қарай айқындалады. Ұсталғандарға арналған үй-жайдағы алаң нормасы бір адамға кемінде 2,5 шаршы метрді құрайды.
Қадағалауды жүзеге асыру мақсатында аудио және бейнетехника пайдаланылуы мүмкін.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 12.05.2020 № 386 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.5. Алып тасталды – ҚР Ішкі істер министрінің 12.05.2020 № 386 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
6. Ұсталғандарға арналған АҮ қабырғалары тегіс сыланады.
АҮ-ні бөліп тұратын ішкі қабырғалар кірпіштен қалануы және оның қалыңдығы 250 миллиметрден кем болмауы тиіс.
Еден - бетонды.
Ұсталғандарға арналған әрбір үй-жайдың жедел кезекшінің жұмыс орнына қараған қабырғасында биіктігі 2 метрден кем емес барынша кең ойық болуы қажет, ол тор есігі бар торланған қабырғамен толтырылады. Қабырға мен есік ұяшықтары қалыңдығы 16 миллиметрден кем емес өлшемі 150х150 миллиметрден аспайтын өзара дәнекерленген темір сымнан жасалады.
Есік кенебінің өлшемі - 0,75 х 2 метр. Есіктер (ішкі жағынан тұтқасы жоқ) сыртқа ашылады және тиекпен жабылады.
Арнаулы үй-жайлардың сыртқы қабырғаларының қалыңдығы кемінде 380 миллиметр болуы тиіс.
7. АҮ ауа тартқыш желдеткішпен жабдықталады.
8. Үй-жай санитарлық тораппен, сондай-ақ гигиеналық рәсімдерді жүргізуге мүмкіндік беретін жабдықпен (ғимаратта тиісті коммуникациялар болған жағдайда) жабдықталады.
Үй-жайдың ішінде дәретхана орналастыру мүмкін болмаған жағдайда, АҮ сыртқы дәретханамен немесе биодәретханамен жабдықталады.
9. АҮ-де түнгі уақытта жатын орындар ретінде пайдалануға болатын ұзын орындықтар орнатылады.
Ұзын орындықтар еденге бекітіледі.
10. АҮ тәуліктің қараңғы уақыты басталғаннан бастап таң атқанға дейін жарықтандырылады. Арнаулы үй-жай жасанды жарықтандырылуы тиіс. Жарықтандыру аспаптары ластанудан уақтылы тазартылады, жанып кеткен шамдар ауыстырылады.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 12.05.2020 № 386 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.11. АҮ-де қараңғы түсе бастаған кезден бастап таң атқанға дейін жарық болуы тиіс.
12. АҮ-гі электр сымдары сылақтың астынан жасырын өткізіледі. Электр шамдары есіктің үстінде немесе төбеге орналастырылады және металл тормен немесе шілтермен, сынбайтын мөлдір материалмен қоршалады.
13. АҮ-нің ішінде шығып тұрған трубалар, бекітпелер, сондай-ақ полиция қызметкерлеріне шабуыл жасау үшін, орналастырылған адамдардың өзіне-өзі қол жұмсауы немесе өзіне және айналасындағыларға зиян келтіру үшін пайдалануға болатын заттар болмауы тиіс.
13. Кезекші бөлімдерді жобалау және күрделі жөндеу жүргізу, қайтадан жөндеу кезінде немесе полицияның аумақтық органдарының жаңа ғимараттарын салу кезінде арнаулы үй-жайларға заңнамалардың нормалары мен талаптары және инженерлік-техникалық нығайтылуы ескерілсін.
Ескерту. 13-тармақпен толықтырылды – ҚР Ішкі істер министрінің 12.05.2020 № 386 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3-тарау. АҮ-де ұстау шарттары
14. АҮ-ге отырғызылған адамдар түнгі уақытта жеке пайдалану үшін:
жатын орынмен (ұзын орындықтар) қамтамасыз етіледі.
Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 12.05.2020 № 386 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.15. АҮ-де күн сайын ауыз су беріледі.
16. АҮ-ге отырғызылған және 3 сағаттан артық ұсталатын адамдар "Күдіктілерді, айыпталушыларды, сотталғандарды және қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі балалар үйлеріндегі балаларды тамақтандырудың және материалдық-тұрмыстық қамтамасыз етудің заттай нормаларын және сотталғандардың киім нысандары үлгілерін, сондай-ақ Қамауға алу немесе бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеуден босатылатын адамдардың тұрғылықты жеріне немесе жұмысына жету үшін ақысыз жол жүрумен, тамақпен немесе ақшамен қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 қарашадағы № 1255 қаулысында көзделген нормаларға сәйкес тамақпен қамтамасыз етіледі.
17. Орналастырылған адамға өзімен бірге азық-түлік, бірінші қажеттіліктегі заттар, маусымға сәйкес киім және аяқ-киім, жеке гигиена заттары мен дәретхана заттарын алып жүруге рұқсат етіледі.
Орналастырылған адам медицина қызметкерінің қорытындысы болған жағдайда тағайындалған дәрі-дәрмектерді алып жүре алады.
18. Адамға сәлемдемелер алуға рұқсат берiледi.
19. Сәлемдемелерді қабылдау осы үлгілік Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша екі данада толтырылған өтініштің негізінде жүргізіледі.
20. Сәлемдемелерді қабылдап алған уәкілетті адам келушіге өтініштің бірінші данасын қабылдағаны туралы қол қойғыза отырып қайтарады, ал екінші данасы АҮ-ге адамның хаттамасына сәлемдемелерді алғаны туралы қол қойғаннан кейін қоса тiгiледi.
21. Сәлемдемелерді уәкілетті адам қарап-тексеруі тиіс. Өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін заттар, бұйымдар мен азық-түлік өнімдері немесе қылмыс құралы ретінде пайдаланылуы мүмкін заттар келушіге қайтарылады.
21. Арнаулы үй-жай, құрал-жабдықтары және жиһаздар тазалықта ұсталуы тиіс. АҮ ылғалды жинап-тазалау күн сайын жуу және залалсыздандыру құралдарын қолдана отырып, жүргізіледі. Жан-жақты жуып тазалау аптасына кемінде 1 рет жүргізіледі. Залалсыздандыру ерітінділері құралдың атауы, ерітіндінің концентрациясы және оны дайындау күні көрсетілген жазбасы бар ыдыстарда сақталады. АҮ-ге және дәретханаларға арналған жинап-тазалау мүккәмалы қолданылуына қарай жазылып белгіленеді және сөрелер және стеллаждармен жабдықталған арнайы бөлінген жерде (үй-жайда) сақталады. Жинап-тазалау аяқталғаннан кейін жуып, залалсыздандырылады және кептіріледі. Кеміргіштер мен жәндіктерге қарсы дератизациялау және дезинсекциялауды қызметтің аталған түрімен айналысуға лицензиясы бар ұйымдар жүзеге асырады.
Ескерту. 21-тармақпен толықтырылды – ҚР Ішкі істер министрінің 12.05.2020 № 386 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.Арнаулы үй-жайлардың ішкі тәртіптемесінің үлгілік қағидаларына қосымша |
|
нысан |
АРЫЗ
Азамат (ша) ________________________________________________________
(Т.А.Ә. болған кезде)
____________________________________________________________________
(тұрғылықты жері)
____________________________________________________________________
(АҮ-ге отыргызылған адамға қандай қатысы бар)
_______________________ үшін сәлемдемелерді қабылдауыңызды сұраймын
(тегі, аты-жөні)
№ | Азық – түлік атауы | Салмағы | Саны | Ескертпе | |
килограмм | грамм | ||||
1 | |||||
2 |
Өтініш берушінің қолы _________________________________________
20_ жылғы "__" _______
Сәлемдемеге рұқсат бердім
_______________________________________________________________
(полиция органы басшысының Т.А.Ә. (бар болған кезде)
Сәлемдемені қабылдадым
_______________________________________________________________
(сәлемдемені қабылдаған қызметкердің Т.А.Ә. (бар болған кезде)
Сәлемдемені алдым _____________________________________________
(АҮ-ге отырғызылған, сәлемдемені алған адамның қолы)
20__ жылғы "____" ____________