"Арнаулы үй-жайлардың қызметін ұйымдастыру қағидаларын және арнаулы үй-жайлардың үлгілік ішкі тәртіптемесі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 24 шілдедегі № 531 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 12 мамырдағы № 386 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 14 мамырда № 20629 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Арнаулы үй-жайлардың қызметін ұйымдастыру қағидаларын және арнаулы үй-жайлардың үлгілік ішкі тәртіптемесі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 24 шілдедегі № 531 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17283 болып тіркелді, Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 15 тамызда жарияланды) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      преамбуласы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстау тәртібі мен шарттары туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 30 наурыздағы Заңының 9-2-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Арнаулы үй-жайлардың қызметін ұйымдастыру қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Арнаулы үй-жайлардың қызметін ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстау тәртібі мен шарттары туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 30 наурыздағы Заңының (бұдан әрі - Заң) 9-2-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және арнаулы үй-жайларға отырғызылатын адамдарды қабылдау, тіркеу, жеке қарап-тексеру, медициналық куәландыру, дактилоскопиялау, суретке түсіру тәртібін, сондай-ақ алып қоюға жататын заттар тізбесін айқындайды.";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Ұсталған адамдарға қатысты адамды АҮ-ге отырғызу полиция органының немесе оны алмастыратын адамның шешімі бойынша жүзеге асырылады.

      Әкімшілік ұстау тәртібі "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі кодексінің (бұдан әрі - ӘҚБТК) 788-бабында көзделген.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Адамды АҮ-ге отырғызу туралы шешім қабылданғаннан кейін кезекші бөлімнің тәуліктік ауысымының қызметкері немесе полиция органы басшысының шешімімен АҮ-де режимді қамтамасыз ету бойынша міндеттер жүктелген өзге де лауазымды адам (бұдан әрі - уәкілетті адам) мынадай іс-әрекеттерді жүзеге асырады:

      1) ұстауды жүзеге асырған лауазымды адамнан барлық қолда бар материалдар қоса берілген жазбаша баянат қабылдайды;

      2) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 17 шілдедегі № 439 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының Жедел басқару орталықтары мен кезекші бөлімдерінің қызметін ұйымдастыру қағидаларының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 9697 болып тіркелген) 15-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Кезекші бөлімге жеткізілген адамдарды есепке алу кітабына (бұдан әрі - Жеткізілген адамдарды есепке алу кітабы) адамды АҮ-ге отырғызу фактісін тіркейді.

      3) адамды орналастырудың заңсыздығы анықталған жағдайда ол адамды дереу босатады.

      Заңсыз орналастырылған адамды босату туралы Жеткізілген адамдарды есепке алу кітабына тиісті жазба жасалады. Заңсыз жеткізу фактісі туралы полиция органының басшысына немесе оны алмастыратын адамға дереу баяндалады;";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. АҮ-ге отырғызар алдында хаттама ресімдейтін қызметкер ұсталған адамнан созылмалы аурулары мен денсаулығының жай-күйіне шағымдардың бар-жоғы туралы жауап алады.";

      10, 14 және 15-тармақтар алынып тасталсын.

      21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. Босатылған кезде адамға хаттама рәсімдеген қызметкер осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша оның арнайы үй-жайда болғаны туралы анықтама береді.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Арнаулы үй-жайдың ішкі тәртіптемесінің үлгілік қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Арнаулы үй-жайдың ішкі тәртіптемесінің үлгілік қағидалары (бұдан әрі - Үлгілік қағидалар) "Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстау тәртібі мен шарттары туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 30 наурыздағы Заңының (бұдан әрі - Заң) 9-2-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленген және арнаулы үй-жайлардың ішкі тәртібін айқындайды."

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Ұсталғандарға арналған үй-жайлардың саны олардың орташа тәуліктік толтырылуын ескере отырып, ұсталған адамдарды орналастыруға арналған алаң нормасына қарай айқындалады. Ұсталғандарға арналған үй-жайдағы алаң нормасы бір адамға кемінде 2,5 шаршы метрді құрайды.

      Қадағалауды жүзеге асыру мақсатында аудио және бейнетехника пайдаланылуы мүмкін.";

      5-тармақ алынып тасталсын.

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. АҮ тәуліктің қараңғы уақыты басталғаннан бастап таң атқанға дейін жарықтандырылады. Арнаулы үй-жай жасанды жарықтандырылуы тиіс. Жарықтандыру аспаптары ластанудан уақтылы тазартылады, жанып кеткен шамдар ауыстырылады.";

      мынадай мазмұндағы 13-тармақпен толықтырылсын:

      "13. Кезекші бөлімдерді жобалау және күрделі жөндеу жүргізу, қайтадан жөндеу кезінде немесе полицияның аумақтық органдарының жаңа ғимараттарын салу кезінде арнаулы үй-жайларға заңнамалардың нормалары мен талаптары және инженерлік-техникалық нығайтылуы ескерілсін.";

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. АҮ-ге отырғызылған адамдар түнгі уақытта жеке пайдалану үшін:

      жатын орынмен (ұзын орындықтар) қамтамасыз етіледі.";

      мынадай мазмұндағы 21-тармақпен толықтырылсын:

      "21. Арнаулы үй-жай, құрал-жабдықтары және жиһаздар тазалықта ұсталуы тиіс. АҮ ылғалды жинап-тазалау күн сайын жуу және залалсыздандыру құралдарын қолдана отырып, жүргізіледі. Жан-жақты жуып тазалау аптасына кемінде 1 рет жүргізіледі. Залалсыздандыру ерітінділері құралдың атауы, ерітіндінің концентрациясы және оны дайындау күні көрсетілген жазбасы бар ыдыстарда сақталады. АҮ-ге және дәретханаларға арналған жинап-тазалау мүккәмалы қолданылуына қарай жазылып белгіленеді және сөрелер және стеллаждармен жабдықталған арнайы бөлінген жерде (үй-жайда) сақталады. Жинап-тазалау аяқталғаннан кейін жуып, залалсыздандырылады және кептіріледі. Кеміргіштер мен жәндіктерге қарсы дератизациялау және дезинсекциялауды қызметтің аталған түрімен айналысуға лицензиясы бар ұйымдар жүзеге асырады.";

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Штаб-департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің аппараты басшысына және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Штаб-департаментіне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрі Е. Тургумбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады