Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 31.08.2022 № 727 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Селекциялық жетiстiктердi қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 22-4-бабының 1-тармағына, "Қазақстан Республикасының Патент заңы" Қазақстан Республикасының Заңының 36-бабының 1-тармағына, "Тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері, географиялық нұсқамалар және тауарлар шығарылған жерлердің атаулары туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 46-бабының 1-тармағына және "Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 15-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 31.08.2022 № 727 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған Патенттік сенім білдірілген өкіл қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу, патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізілімінде тіркеу және оған өзерістер енгізу қағидалары бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 31.08.2022 № 727 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Зияткерлік меншік құқығы департаменті заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет Вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Әділет министрі |
М. Бекетаев |
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 28 тамыздағы № 1316 бұйрығына қосымша |
Патенттік сенім білдірілген өкіл қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу, патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізілімінде тіркеу және оған өзерістер енгізу қағидаларын бекіту
Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 31.08.2022 № 727 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 20.03.2020 № 106 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Патенттік сенім білдірілген өкіл қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу, патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізілімінде тіркеу және оған өзерістер енгізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Қазақстан Республикасының Патент заңы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері, географиялық нұсқамалар және тауарлар шығарылған жерлердің атаулары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және патенттік сенім білдірілген өкіл қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу, патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізілімінде тіркеу және оған өзерістер енгізу тәртiбiн белгiлейдi.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 31.08.2022 № 727 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар мен терминдер қолданылады:
1) Аттестаттау комиссиясы – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Аттестаттау комиссиясы;
2) кандидат – патенттік сенім білдірілген өкіл қызметімен айналысуға үміттену құқығы бар тұлға;
3) көрсетiлетiн қызметтi алушы – жеке тұлға, патенттік сенім білдірілген өкілге кандидат;
4) патенттiк сенiм білдірілген өкiл – Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, жоғары бiлiмi және кемінде төрт жыл еңбек өтілі бар, аттестаттаудан өткен және патенттiк сенiм білдірілген өкiлдердің тізілімінде тіркелген Қазақстан Республикасының әрекетке қабiлеттi азаматы;
5) Тізілім – Қазақстан Республикасының патенттік сенім білдірілген өкілдерінің тізілімі.
"Патенттік сенім білдірілген өкіл қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу" және "Патенттік сенім білдірілген өкіл куәлігін беру" мемлекеттік қызметтер Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен көрсетіледі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).
Осы Қағидаларға өзгерістер немесе (және) толықтырулар енгізу кезінде, уәкілетті орган "электрондық үкімет" ақпараттық-коммуникацялық инфрақұрылымының операторына, Бірыңғай байланыс орталығына, көрсетілген қызметті берушіге тиісті нормативтік құқықтық акт әділет органдарына мемлекеттік тіркелгеннен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде осындай өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты жібереді.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің м.а. 21.10.2022 № 876 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2-тарау. Патенттік сенім білдірілген өкілдерге кандидаттарды аттестаттаудан өткізу, патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізілімінде тіркеу және оған өзгерістер енгізу тәртібі
1-параграф. Құжаттарды қабылдау
3. "Патенттік сенім білдірілген өкілдерді аттестаттау" мемлекеттік қызметі.
4. Зияткерлік меншік құқықтарын сақтау және қорғау саласында кемінде төрт жыл жұмыс тәжірибесі бар немесе патенттік сенім білдірілген өкілдер палатасында кемінде бір жыл тағылымдамадан өткен адамдар аттестаттауға жіберіледі.
Патенттік сенім білдірілген өкіл қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттау Қазақстан Республикасының заңнамасын және зияткерлік меншік саласындағы Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарды білуге арналған тестілеу нысанында өткізіледі.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 31.08.2022 № 727 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.5. Аттестаттаудан өту үшін көрсетілетін қызметті алушы "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы мынадай құжаттарды жібереді:
1) осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мемлекеттік немесе орыс тілдерінде электрондық цифрлық қолтаңбамен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған патенттік сенім білдірілген өкіл қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттауға жіберу туралы өтініш;
2) зияткерлік меншік құқықтарын сақтау және қорғау саласында кемінде төрт жыл жұмыс өтілі бар немесе патенттік сенім білдірілген өкілдер палатасында кемінде бір жыл тағылымдамадан өткен еңбек қызметін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
3) осы Қағидаладың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша патенттік сенім білдірілген өкіл қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізуге арналған мәліметтер;
4) патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдердi аттестаттауға мемлекеттiк баж төлемiн растайтын құжат.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтерді, "электрондық үкiмет" төлем шлюзi (бұдан әрi – ЭҮТШ) арқылы мемлекеттік баж төлемі туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.
Мемлекеттiк баж төлеу үшiн қажеттi банк деректемелерi осы Қағидалардың 3-қосымшасында көрсетiлген.
Осы Қағидалардың 2-қосымшадағы көрсетiлген мәлiметтер аттестаттау емтиханына келген кезде көрсетілетін қызметті алушымен ұсынатын құжаттардың түпнұсқаларымен салыстырылады.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 31.08.2022 № 727 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.6. "Патенттік сенім білдірілген өкілдерді аттестаттау" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес көрсетілген.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 31.08.2022 № 727 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.7. Көрсетiлетiн қызметтi алушы барлық қажеттi құжаттарды тапсырған кезде көрсетiлетiн қызметтi алушының "жеке кабинетiнде" мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе жолданады.
Жауапты орындаушы ұсынылған құжаттардың толықтығын және сәйкестiгiн тексередi. "Электрондық үкiмет" веб-порталы арқылы тиiстi түрде ресiмделмеген немесе құжаттар топтамасы толығымен ұсынылмаған жағдайда уәкiлеттi орган олардың түскен күннен бастап екi жұмыс күнi iшiнде өтiнiштi әрi қарай қараудан дәлелдi бас тарту туралы жазбаша түрiнде жауап бередi.
Аттестаттауға рұқсат беруден бас тарту сот тәртібінде шағымдалады.
8. Аттестаттауға:
1) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кәсiпкерлiк қызметпен айналысуға тыйым салынған адамдар;
2) қылмыс жасағаны үшiн заң тәртiбiнде белгiленген өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;
3) осы Заңға сәйкес патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдердiң тiзiлiмiнен шығарылған адамдар жiберiлмейдi;
4) уәкiлеттi органның және оның ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының қызметкерлерi, сондай-ақ олардың жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) болып табылатын адамдар.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 31.08.2022 № 727 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.9. Уәкілетті орган құжаттардың түскен күні оны қабылдауды және туркеуді жүзеге асырады.
Көрсетілетін қызмет алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейiн жүгiнген болса, Қазақстан Республикасының еңбек заңына сәйкес демалыс және мереке күндерi өтiнiштердi қабылдау және мемлекеттiк қызмет көрсетiлуiнiң нәтижесiн алу, келесi жұмыс күнi жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтерді, ЭҮТШ арқылы мемлекеттік баж төлемі туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.
2-параграф. Аттестаттауды өткізу
10. Аттестаттауға рұқсат берiлген кандидаттардың тiзiмi уәкiлеттi органның интернет-ресурсына орналастырылады.
Аттестаттауға рұқсат берiлген кандидат үш жұмыс күнi бұрын тестiлеуден өту орны, күнi, уақыты туралы "электрондық үкiмет" веб-порталы арқылы электрондық нысанда хабарланады және көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң интернет-ресурсында орналастырылады.
Кандидат жеке басын куәландыратын құжат ұсынған кезде бір жұмыс күні ішінде емтихан тапсырады.
11. Кандидат өз қалауы бойынша аттестатты қазақ немесе орыс тiлiнде өтедi. Аттестацияның басталуына дейiн кандидат өз тiл қалауын жазбаша түрде растайды.
12. Тестiлерге енгiзiлуi тиiстi сұрақтар тiзбесiн аттестаттау комиссиясымен бекiтедi. Кандидаттардың бiлiмiн бағалауға арналған сұрақтар патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдерге қызметтi жүзеге асыру үшiн бiлудi қажет ететiн құқық пәндерiнiң тақырыптарына ("Селекциялық жетiстiктердi қорғау туралы", "Қазақстан Республикасының Патент заңы", "Тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері, географиялық нұсқамалар және тауарлар шығарылған жерлердің атаулары туралы", "Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңдары), сондай-ақ зияткерлік меншік саласындағы ратификацияланған халықаралық шарттарға сәйкес келуi және бiреуi дұрыс болатын жауаптардың кемiнде төрт нұсқасын қамтиды.
Тестiлеу компьютерлiк техниканы пайдалана отырып өткiзiледi. Тестiлеуге бөлiнген уақыт тоқсан минутты құрайды.
Тест құпия ақпарат болып табылады және еркiн жариялауға жатпайды.
Аттестаттауды өткiзер алдында Аттестаттау комиссиясы кандидатты аттестаттауды өткiзу тәртiбi, ұзақтығы және iрiктеу рәсiмiнiң мазмұны туралы хабардар етедi.
Ескерту. 12-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Әділет министрінің 31.08.2022 № 727 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.13. Аттестаттау комиссияның отырысында оның күнi, уақыты мен орны, аттестаттаудан өтушiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты (ол бар болғанда), тестiлеу нәтижесi көрсетiлетiн хаттама (бұдан әрi - Комиссияның хаттамасы) жүргiзiледi.
14. Тестiлеуден шеттетiлген кандидат келесi аттестаттауға жiберу туралы өтiнiштi қайта беру құқығынан айырылмайды.
15. Тестiлеудiң дұрыс жауаптарын есептеу қолданылатын компьютерлiк бағдарламаның көмегiмен автоматты түрде жүргiзiледi. Тестiлеу нәтижелерi принтерде екi данада басылып шығарылады және аяқтала салысымен бiрден үмiткерге жеке қол қойдыру арқылы танысу үшiн ұсынылады.
Тестiлеу нәтижелерi бар парақтың бiр данасы үмiткерге тапсырылады, екiншiсi Аттестаттау комиссиясына берiледi.
16. Егер дұрыс жауаптардың саны ұсынылған сұрақтардың жалпы санының 70 % және одан жоғары құраса, кандидат тестiлеуден өттi деп саналады.
Жауапты орындаушы тестiлеу нәтижесi бойынша хаттама дайындайды және екі жұмыс күні ішінде оны құрылымдық бөлiмшенiң басшысы мен көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң уәкiлеттi тұлғасынаиқол қоюға жолдайды.
Хаттамаға комиссияның төрағасы және оның орынбысары қол қояды.
Хаттама көрсетiлетiн қызметтi алушының "жеке кабинетiне" электрондық құжат нысанында көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң уәкiлеттi тұлғасының ЭЦҚ жолданады.
17. Аттестаттау тиiстi жартыжылдықтың соңғы айының 7 жұмыс күнi iшiнде жүргiзiледi.
18. Көрсетiлетiн қызметтi алушының қалауы бойынша мемлекеттік қызмет патенттік сенім білдірілген өкілдерді аттестаттауғарұқсат беру және патенттік сенім білдірілген өкіл куәлігін алу туралы өтініш негізінде осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша "бір өтініш" қағидаты бойынша "Патенттік сенім білдірілген өкіл куәлігін беру" мемлекеттік қызметінің жиынтығымен көрсетіледі.
3-параграф. Патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдiң куәлiгiн беру
19. "Патенттік сенім білдірілген өкіл куәлігін беру" мемлекеттік қызметі.
20. Патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдiң куәлiгiн алу үшiн кандидат "электрондық үкiмет" веб-порталы арқылы келесi құжаттарды жолдайды:
1) кандидаттың ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат түрiндегi мемлекеттiк немесе орыс тiлдерiнде патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiл куәлiгiн алу үшiн осы Қағидалардың 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтiнiш;
2) патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiл ретiнде тiркелгенi үшiн мемлекеттiк баж төлемiн растайтын құжат.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтерді, ЭҮТШ арқылы мемлекеттік баж төлемі туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.
Көрсетiлетiн қызметтi алушы барлық қажеттi құжаттарды тапсырған кезде көрсетiлетiн қызметтi алушының "жеке кабинетiнде" мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе жолданады.
Патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдiң куәлiгi үш жұмыс күнi iшiнде беріледі.
Мемлекеттік қызметті "бір өтініш" қағидаты бойынша көрсетілген кезде патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiл ретiнде тiркелген мемлекеттiк баж төленгенiн растайтын құжат ұсынылған күннен бастап берiледi.
21. "Патенттік сенім білдірілген өкіл куәлігін беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар осы Қағидалардың 7-қосымшасына сәйкес көрсетілген.
Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 31.08.2022 № 727 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.22. Уәкілетті орган құжаттардың түскен күні оны қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады.
Көрсетілетін қызмет алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейiн жүгiнген болса, Қазақстан Республикасының еңбек заңына сәйкес демалыс және мереке күндерi өтiнiштердi қабылдау және мемлекеттiк қызмет көрсетiлуiнiң нәтижесiн алу, келесi жұмыс күнi жүзеге асырылады.
Жауапты орындаушы ұсынылған құжаттардың толықтығын және сәйкестiгiн тексередi. Көрсетiлетiн қызметтi алушы Қағидалардың 20-тармағына сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзiмi өтiп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда өтiнiштi қабылдаудан бас тартады.
Жауапты орындаушы құжаттарды тексеру нәтижесiнен кейiн, осы Қағидалардың 8-қосымшасына сәйкес нысан бойынша патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдiң куәлiгiн рәсiмдейдi және мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижесiн құрылымдық бөлiмшенiң басшысына келiсуге жiбередi - орындау мерзімі бір жұмыс күні.
23. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі көрсетiлетiн қызмет берушiнiң уәкiлеттi тұлғаның қолы қойылғаннан кейін көрсетiлетiн қызметтi алушының жеке кабинетiне бір жұмыс күні ішінде жолданады.
4-параграф. Патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдердiң тiзiлiмiнде және оған өзгерiстер енгiзудi тiркеу
24. Тiзiлiмге куәлiк алған патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдердiң және олардың алдағы уақыттағы өзгерiстерi туралы мәлiметтерi енгiзiледi. Тiзiлiм уәкiлеттi органмен жүргiзiледi және уәкiлеттi органның интернет-ресурсында орналастырылады.
25. Тiзiлiмде келесi мәлiметтер көрiнiс табады:
1) куәлiк нөмiрi болып табылатын реттiк тiркеу нөмiрi;
2) патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдi тiркеу күнi;
3) патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдiң тегi, аты, әкесiнiң аты (ол бар болғанда);
4) тұрақты тұрғылықты жерi;
5) Аттестаттау комиссиясының шешiмiнiң нөмiрi және күнi (тiркеудi жүргiзуге негiз болған құжат);
6) хат алмасу үшiн мекен-жайы, сондай-ақ бар болған жағдайда телефон, телетайп, телефакс нөмiрлерi, хат жазысу тiлдерi;
7) жұмыс орны, лауазымы;
8) куәлiктi беру немесе жiберу туралы мәлiметтер;
9) тоқтата тұру туралы мәлiметтер;
10) Тiзiлiмнен алып тастау жөнiндегi мәлiметтер.
26. Осы Қағидалардың 25-тармағында көрсетiлген патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдердiң мәлiметтерi өзгерген жағдайда, патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiл бiр ай мерзiмде осындай мәлiметтер өзгерген сәттен бастап ол туралы уәкiлеттi органға хабарлайды.
3-тарау. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердi көрсету мәселелерi бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешiмдерiне, әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi
27. Уәкілетті органның құрылымдық бөлімшенің қызметкерлерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану көрсетілетін қызметті берушінің басшысының және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына беруге болады.
Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы оны тiркеген күннен бастап "Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес 5 (бес) жұмыс күнi iшiнде қаралуға жатады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келiп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тiркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күнi iшiнде қаралуға жатады.
28. Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайларда, көрсетiлетiн қызметтi алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнедi.
Ескерту. Оң жақ жоғары бұрыш жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 31.08.2022 № 727 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Нысан | |
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Аттестаттау комиссиясының төрағасына ____________________________ (азаматтың тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болған кезде), жеке сәйкестендiру нөмiрi) мекен-жайы ____________________________ ____________________________ |
|
(пошталық индексi, облысы, қаласы, ауданы, | |
елдi мекенi, көше атауы, үй/ғимараттың нөмiрi) |
Патенттік сенім білдірілген өкілдерді аттестаттауға рұқсат беру туралы өтініш
Мені Қазақстан Республикасы патенттік сенім білдірілген өкілге аттесттауға өтуге рұқсат беруіңізді сұраймын.
Шынайы мәліметтер ұсынғаным үшін дербес жауап беремін, сондай-ақ аталған мемлекеттік қызметті көрсету кезінде ақпараттық жүйелердегі Заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Телефонның нөмірі:
E-mail:
Факс:
Талап етілетін құжат топтамасы:
- патенттік сенім білдірілген өкілдерге кандидаттардың аттестаттаудан өтуі үшін мәліметтер;
- еңбек қызметін растайтын, кемінде төрт жыл жұмыс өтілі бар құжаттың электрондық көшірмесі;
- патенттік сенім білдірілген өкілдерді аттестаттағаны үшін мемлекеттік баж төлемін растайтын құжат.
Қосымша _____ парақта.
Азамат ___________________________________________ күні:________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде)
Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін
Ескерту. Оң жақ жоғары бұрыш жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 31.08.2022 № 727 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Патенттік сенім білдірілген өкілдерді аттестаттаудан өту үшін мәліметтер
__________________________________________________________________________
(жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болған кезде), жеке сәйкестендiру нөмiрi)
1. Диплом туралы мәлімет:
1) жоғары оқу орнының атауы ________________________________________________
2) дипломның нөмірі ________________________________________________________
3) дипломның берілген күні __________________________________________________
4) "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес
нострификациялау немесе тану рәсімдерінен өткенін растайтын құжат
сериясы және нөмірі: ________________________________________________________
негіздеме: күні және нөмірі __________________________________________________
тіркеу нөмірі және күні ______________________________________________________
Жеке тұлға _____________________________________ күні:________
(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде)
Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін
Ескерту. Оң жақ жоғары бұрыш жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 31.08.2022 № 727 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Мемлекеттік баж төлеу үшін қажетті банк деректемелері
Ескерту. 3-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Әділет министрінің м.а. 21.10.2022 № 876 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Бенефициар - ҚР ҚМ МКК Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кіріс департаментінің Есіл ауданы бойынша Мемлекеттік кіріс басқармасы РММ
БСН - 081240013779
ЖСК - KZ24070105KSN0000000
БСК - KKMFKZ2A
Бенефициар Банкі – "ҚР Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті" ММ, Астана қаласы
КБЕ-11
Бюджеттік сыныптама коды (БСК) - 108125
Нысан
"Патенттік сенім білдірілген өкіл қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 31.08.2022 № 727 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі |
2 | Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары) | "Электрондық үкімет" веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі – портал) |
3 | Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі | Аттестаттау емтиханы тиісті жартыжылдықтың соңғы айының 7 (жеті) жұмыс күні ішінде жүргізіледі |
4 | Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны | Электронды (толық автоматтандырылған)/"бір өтініш" қағидаты бойынша көрсетілетін |
5 | Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі |
Аттестаттау емтиханын тапсыру қорытындысы бойынша оң немесе теріс шешім немесе осы қосымшаның 9-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту туралы дәлелді жауап. |
6 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
Мемлекеттік баж көрсетілетін қызметті алушымен "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасы кодексінің 614-бабында белгіленген төлемнің соммасын және күнін растайтын төлем құжаттарын беретін Қазақстан Республикасының банк мекемелері арқылы төленеді: |
7 | Жұмыс кестесі |
Көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін жұмыс істейді. |
8 | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
1) осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мемлекеттік немесе орыс тілдерінде электрондық цифрлық қолтаңбамен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған патенттік сенім білдірілген өкіл қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттауға жіберу туралы өтініш; |
9 | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау; |
10 | Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар |
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары уәкілетті органның www.adilet.gov.kz интернет-ресурсының "Мемлекеттік қызметтер" бөлігінде орналастырылған. |
Ескерту. Оң жақ жоғары бұрыш жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 31.08.2022 № 727 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Нысан | |
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Аттестаттау комиссиясының төрағасына ____________________________ (азаматтың тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болған кезде), жеке сәйкестендiру нөмiрi) мекен-жайы _____________________ _____________________ (пошталық индексi, облысы, қаласы, ауданы, елдi мекенi, көше атауы, үй/ғимараттың нөмiрi) |
Патенттік сенім білдірілген өкілдерді аттестаттауғарұқсат беру және патенттік сенім білдірілген өкіл куәлігін алу туралы өтініш
Мені Қазақстан Республикасы патенттік сенім білдірілген өкілге аттесттауға өтуге рұқсат беруіңізді сұраймын.
Шынайы мәліметтер ұсынғаным үшін дербес жауап беремін, сондай-ақ аталған мемлекеттік қызметті көрсету кезінде ақпараттық жүйелердегі Заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Аттестаттау емтиханын тапсыру қорытындысы бойынша оң шешімнен кейін патенттік сенім білдірілген өкіл куәлігін беруіңізді сұраймын.
Телефонның нөмірі:
E-mail:
Факс:
Талап етілетін құжат топтамасы:
- патенттік сенім білдірілген өкілдерге кандидаттардың аттестаттаудан өтуі үшін мәліметтер;
- еңбек қызметін растайтын, кемінде төрт жыл жұмыс өтілі бар құжаттың электрондық көшірмесі;
- патенттік сенім білдірілген өкілдерді аттестаттағаны үшін және патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiл ретiнде тiркегенi үшiн мемлекеттік баж төлемдерін растайтын құжат
Қосымша _____ парақта.
Азамат ___________________________________________ күні:________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде)
Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін
Ескерту. Оң жақ жоғары бұрыш жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 31.08.2022 № 727 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
нысан
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Аттестаттау комиссиясының төрағасына кiмнен _________________________ (азаматтың тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болған кезде), жеке сәйкестендiру нөмiрi) мекен-жайы ____________________________ ____________________________ (пошталық индексi, облысы, қаласы, ауданы, елдi мекенi, көше атауы, үй/ғимараттың нөмiрi) |
Патенттік сенім білдірілген өкіл куәлігін алу үшін өтініш
Патенттік сенім білдірілген өкіл куәлігін маған беруіңізді сұраймын.
Шынайы мәліметтер ұсынғаным үшін дербес жауап беремін, сондай-ақ аталған мемлекеттік қызметті көрсету кезінде ақпараттық жүйелердегі Заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Қосымша: ____ парақта.
Азамат ___________________________________________ күні: ______
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде)
Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Нысан
"Патенттік сенім білдірілген өкіл куәлігін беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
Ескерту. 7-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 31.08.2022 № 727 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі |
2 | Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары) | "Электрондық үкімет" веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі – портал) |
3 | Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі | 3 жұмыс күні ішінде |
4 | Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны | Электронды (толық автоматтандырылған)/"бір өтініш" қағидаты бойынша көрсетілетін |
5 | Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі |
Патенттік сенім білдірілген өкіл куәлігі осы Қағидалардың 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолымен (бұдан әрi – ЭЦҚ) жолданады. |
6 | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
Мемлекеттік баж көрсетілетін қызметті алушымен "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасы кодексінің 614-бабында белгіленген төлемнің соммасын және күнін растайтын төлем құжаттарын беретін Қазақстан Республикасының банк мекемелері арқылы төленеді: |
7 | Жұмыс кестесі |
Көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін жұмыс істейді. |
8 | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
1) кандидаттың ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат түріндегі мемлекеттік немесе орыс тілдерінде патенттік сенім білдірілген өкіл куәлігін алу үшін осы Қағидалардың 7-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш; |
9 | Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
Көрсетілетін қызметті алушы осы қосымшаның 8-тармағына сәйкес құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға құжаттар топтамасы қандай талаптарға сәйкес келмейтінін көрсете отырып, хабарлама жібереді. |
10 | Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар |
Мемлекеттік қызметті "бір өтініш" қағидаты бойынша көрсетілген кезде мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiл ретiнде тiркелген мемлекеттiк баж төленгенiн растайтын құжат ұсынылған күннен бастап есептеледі. |
Патенттік сенім білдірілген өкілдерге кандидаттарды аттестаттаудан өткізу, патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізілімінде тіркеу және оған өзгерістер енгізу қағидаларына 8-қосымша |
|
нысан |
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘДIЛЕТ МИНИСТРЛIГI | МИНИСТЕРСТВО ЮСТИЦИИ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН | |
[УО мемлекеттiк тiлдегi деректемелер] |
[УО орыс тiлдегi |
ПАТЕНТТIК СЕНIМ БIЛДIРIЛГЕН ӨКIЛДIҢ КУӘЛIГI
Патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлi ретiнде тiркелген [Тегi] [Аты] [Әкесiнiң аты (болған жағдайда)] берiлдi.
Тiркеу туралы жазба ___ жылғы "___" _______ №____ патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдердiң тiзiлiмiне енгiзiлген.