"Патенттік сенім білдірілген өкілдерге кандидаттарды аттестаттаудан өткізу, патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізілімінде тіркеу және оған өзгерістер енгізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 28 тамыздағы № 1316 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2020 жылғы 20 наурыздағы № 106 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 1 сәуірде № 20253 болып тіркелді

      "Селекциялық жетiстiктердi қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шiлдедегi Заңының 22-4-бабының 1-тармағына, "Қазақстан Республикасының Патент заңы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шiлдедегi Заңының 36-бабының 1-тармағына, "Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердiң атаулары туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 26 шiлдедегi Заңының 46-бабының 1-тармағына, "Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 29 маусымдағы Заңының 15-бабының 1-тармағына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Патенттік сенім білдірілген өкілдерге кандидаттарды аттестаттаудан өткізу, патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізілімінде тіркеу және оған өзгерістер енгізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 28 тамыздағы № 1316 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17322 болып тіркеліп, 2018 жылғы 11 қыркүйекте Нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Патенттік сенім білдірілген өкілдерге кандидаттарды аттестаттаудан өткізу, патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізілімінде тіркеу және оған өзгерістер енгізу қағидалары осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Әділет министрі
М. Бекетаев

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2020 жылғы 20 наурыздағы
№ 106 бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2018 жылғы 28 тамыздағы
№ 1316 бұйрығына
қосымша

Патенттік сенім білдірілген өкілдерге кандидаттарды аттестаттаудан өткізу, патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізілімінде тіркеу және оған өзгерістер енгізу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Патенттік сенім білдірілген өкілдерге кандидаттарды аттестаттаудан өткізу, патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізілімінде тіркеу және оған өзгерістер енгізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдедегі Заңына, "Қазақстан Республикасының Патент заңы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі Заңына, "Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 26 шілдедегі Заңына, "Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 29 маусымдағы Заңына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңына сәйкес әзірленді және патенттік сенім білдірілген өкілдерге кандидаттарды аттестаттаудан өткізу, патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізілімінде тіркеу және оған өзгерістер енгізу тәртiбiн белгiлейдi.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар мен терминдер қолданылады:

      1) Аттестаттау комиссиясы - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Аттестаттау комиссиясы;

      2) кандидат - патенттік сенім білдірілген өкіл қызметімен айналысуға үміттену құқығы бар тұлға;

      3) көрсетiлетiн қызметтi алушы - жеке тұлға, патенттік сенім білдірілген өкілге кандидат;

      4) патенттiк сенiм білдірілген өкiл - Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, жоғары бiлiмi және кемінде төрт жыл еңбек өтілі бар, аттестаттаудан өткен және патенттiк сенiм білдірілген өкiлдердің тізілімінде тіркелген Қазақстан Республикасының әрекетке қабiлеттi азаматы;

      5) Тізілім - Қазақстан Республикасының патенттік сенім білдірілген өкілдерінің тізілімі.

      "Патенттік сенім білдірілген өкілдерді аттестаттау" және "Патенттік сенім білдірілген өкіл куәлігін беру" мемлекеттік қызметтер Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен көрсетіледі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші).

2-тарау. Патенттік сенім білдірілген өкілдерге кандидаттарды аттестаттаудан өткізу, патенттік сенім білдірілген өкілдердің тізілімінде тіркеу және оған өзгерістер енгізу тәртібі

1-параграф. Құжаттарды қабылдау

      3. "Патенттік сенім білдірілген өкілдерді аттестаттау" мемлекеттік қызметі.

      4. Патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдерге кандидаттарды аттестаттау Қазақстан Республикасының зияткерлiк меншiк объектiлерiн қорғау саласындағы заңнамасын бiлуiне тестiлеу нысанында жүзеге асырылады.

      5. Аттестаттаудан өту үшiн көрсетілетін қызметті алушы "электрондық үкiмет" веб-порталы арқылы келесi құжаттарды жолдайды:

      1) осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша кандидаттың электрондық цифрлық қолымен (бұдан әрi - ЭЦҚ) куәландырылған мемлекеттiк немесе орыс тiлдерiнде патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдерге кандидаттарды аттестаттауға рұқсат беру туралы өтiнiш;

      2) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдерге кандидаттардың аттестаттаудан өтуi үшiн мәлiметтер;

      3) еңбек қызметiн растайтын, кемiнде төрт жыл жұмыс өтiлi бар құжаттың электрондық көшiрмесi;

      4) патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдердi аттестаттауға мемлекеттiк баж төлемiн растайтын құжат.

      Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтерді, "электрондық үкiметтiң" төлем шлюзi (бұдан әрi - ЭҮТШ) арқылы мемлекеттік баж төлемі туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.

      Мемлекеттiк баж төлеу үшiн қажеттi банк деректемелерi осы Қағидалардың 3-қосымшасында көрсетiлген.

      Осы Қағидалардың 2-қосымшадағы көрсетiлген мәлiметтер аттестаттау емтиханына келген кезде көрсетілетін қызметті алушымен ұсынатын құжаттардың түпнұсқаларымен салыстырылады.

      6. Мемлекеттiк қызмет көрсету ерекшелiктерi ескерiле отырып, қызмет көрсету процесiнiң сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесiн, сондай-ақ мәлiметтердi қамтитын мемлекеттiк қызмет көрсетуге қойылатын негiзгi талаптар тiзбесi осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес "Патенттік сенім білдірілген өкілдерді аттестаттау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көрсетілген.

      7. Көрсетiлетiн қызметтi алушы барлық қажеттi құжаттарды тапсырған кезде көрсетiлетiн қызметтi алушының "жеке кабинетiнде" мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе жолданады.

      Жауапты орындаушы ұсынылған құжаттардың толықтығын және сәйкестiгiн тексередi. "Электрондық үкiмет" веб-порталы арқылы тиiстi түрде ресiмделмеген немесе құжаттар топтамасы толығымен ұсынылмаған жағдайда уәкiлеттi орган олардың түскен күннен бастап екi жұмыс күнi iшiнде өтiнiштi әрi қарай қараудан дәлелдi бас тарту туралы жазбаша түрiнде жауап бередi.

      Аттестаттауға рұқсат беруден бас тарту сот тәртібінде шағымдалады.

      8. Патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдерге кандидаттар аттестаттауына:

      1) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кәсiпкерлiк қызметпен айналысуға тыйым салынған адамдар;

      2) уәкiлеттi органның және оның ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының қызметкерлерi, сондай-ақ олардың жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) болып табылатын адамдар;

      3) қылмыс жасағаны үшiн заң тәртiбiнде белгiленген өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар адамдар;

      4) зияткерлiк меншiк объектiлерiн қорғау саласындағы заңнамаларына сәйкес патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдердiң тiзiлiмiнен шығарылған адамдар жiберiлмейдi.

      9. Уәкілетті орган құжаттардың түскен күні оны қабылдауды және туркеуді жүзеге асырады.

      Көрсетілетін қызмет алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейiн жүгiнген болса, Қазақстан Республикасының еңбек заңына сәйкес демалыс және мереке күндерi өтiнiштердi қабылдау және мемлекеттiк қызмет көрсетiлуiнiң нәтижесiн алу, келесi жұмыс күнi жүзеге асырылады.

      Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтерді, ЭҮТШ арқылы мемлекеттік баж төлемі туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.

2-параграф. Аттестаттауды өткізу

      10. Аттестаттауға рұқсат берiлген кандидаттардың тiзiмi уәкiлеттi органның интернет-ресурсына орналастырылады.

      Аттестаттауға рұқсат берiлген кандидат үш жұмыс күнi бұрын тестiлеуден өту орны, күнi, уақыты туралы "электрондық үкiмет" веб-порталы арқылы электрондық нысанда хабарланады және көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң интернет-ресурсында орналастырылады.

      Кандидат жеке басын куәландыратын құжат ұсынған кезде бір жұмыс күні ішінде емтихан тапсырады.

      11. Кандидат өз қалауы бойынша аттестатты қазақ немесе орыс тiлiнде өтедi. Аттестацияның басталуына дейiн кандидат өз тiл қалауын жазбаша түрде растайды.

      12. Тестiлерге енгiзiлуi тиiстi сұрақтар тiзбесiн аттестаттау комиссиясымен бекiтедi. Кандидаттардың бiлiмiн бағалауға арналған сұрақтар патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдерге қызметтi жүзеге асыру үшiн бiлудi қажет ететiн құқық пәндерiнiң тақырыптарына ("Селекциялық жетiстiктердi қорғау туралы", "Қазақстан Республикасының Патент заңы", "Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердiң атаулары туралы", "Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңдары) сәйкес келуi және бiреуi дұрыс болатын жауаптардың кемiнде төрт нұсқасын қамтиды.

      Тестiлеу компьютерлiк техниканы пайдалана отырып өткiзiледi. Тестiлеуге бөлiнген уақыт тоқсан минутты құрайды.

      Тест құпия ақпарат болып табылады және еркiн жариялауға жатпайды.

      Аттестаттауды өткiзер алдында Аттестаттау комиссиясы кандидатты аттестаттауды өткiзу тәртiбi, ұзақтығы және iрiктеу рәсiмiнiң мазмұны туралы хабардар етедi.

      13. Аттестаттау комиссияның отырысында оның күнi, уақыты мен орны, аттестаттаудан өтушiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты (ол бар болғанда), тестiлеу нәтижесi көрсетiлетiн хаттама (бұдан әрi - Комиссияның хаттамасы) жүргiзiледi.

      14. Тестiлеуден шеттетiлген кандидат келесi аттестаттауға жiберу туралы өтiнiштi қайта беру құқығынан айырылмайды.

      15. Тестiлеудiң дұрыс жауаптарын есептеу қолданылатын компьютерлiк бағдарламаның көмегiмен автоматты түрде жүргiзiледi. Тестiлеу нәтижелерi принтерде екi данада басылып шығарылады және аяқтала салысымен бiрден үмiткерге жеке қол қойдыру арқылы танысу үшiн ұсынылады.

      Тестiлеу нәтижелерi бар парақтың бiр данасы үмiткерге тапсырылады, екiншiсi Аттестаттау комиссиясына берiледi.

      16. Егер дұрыс жауаптардың саны ұсынылған сұрақтардың жалпы санының 70 % және одан жоғары құраса, кандидат тестiлеуден өттi деп саналады.

      Жауапты орындаушы тестiлеу нәтижесi бойынша хаттама дайындайды және екі жұмыс күні ішінде оны құрылымдық бөлiмшенiң басшысы мен көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң уәкiлеттi тұлғасынаиқол қоюға жолдайды.

      Хаттамаға комиссияның төрағасы және оның орынбысары қол қояды.

      Хаттама көрсетiлетiн қызметтi алушының "жеке кабинетiне" электрондық құжат нысанында көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң уәкiлеттi тұлғасының ЭЦҚ жолданады.

      17. Аттестаттау тиiстi жартыжылдықтың соңғы айының 7 жұмыс күнi iшiнде жүргiзiледi.

      18. Көрсетiлетiн қызметтi алушының қалауы бойынша мемлекеттік қызмет патенттік сенім білдірілген өкілдерді аттестаттауғарұқсат беру және патенттік сенім білдірілген өкіл куәлігін алу туралы өтініш негізінде осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша "бір өтініш" қағидаты бойынша "Патенттік сенім білдірілген өкіл куәлігін беру" мемлекеттік қызметінің жиынтығымен көрсетіледі.

3-параграф. Патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдiң куәлiгiн беру

      19. "Патенттік сенім білдірілген өкіл куәлігін беру" мемлекеттік қызметі.

      20. Патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдiң куәлiгiн алу үшiн кандидат "электрондық үкiмет" веб-порталы арқылы келесi құжаттарды жолдайды:

      1) кандидаттың ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат түрiндегi мемлекеттiк немесе орыс тiлдерiнде патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiл куәлiгiн алу үшiн осы Қағидалардың 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтiнiш;

      2) патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiл ретiнде тiркелгенi үшiн мемлекеттiк баж төлемiн растайтын құжат.

      Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтерді, ЭҮТШ арқылы мемлекеттік баж төлемі туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.

      Көрсетiлетiн қызметтi алушы барлық қажеттi құжаттарды тапсырған кезде көрсетiлетiн қызметтi алушының "жеке кабинетiнде" мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе жолданады.

      Патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдiң куәлiгi үш жұмыс күнi iшiнде беріледі.

      Мемлекеттік қызметті "бір өтініш" қағидаты бойынша көрсетілген кезде патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiл ретiнде тiркелген мемлекеттiк баж төленгенiн растайтын құжат ұсынылған күннен бастап берiледi.

      21. Мемлекеттiк қызмет көрсету ерекшелiктерi ескерiле отырып, қызмет көрсету процесiнiң сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесiн, сондай-ақ мәлiметтердi қамтитын мемлекеттiк қызмет көрсетуге қойылатын негiзгi талаптар тiзбесi осы Қағидалардың 7-қосымшасына сәйкес "Патенттік сенім білдірілген өкіл куәлігін беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көрсетілген.

      22. Уәкілетті орган құжаттардың түскен күні оны қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады.

      Көрсетілетін қызмет алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейiн жүгiнген болса, Қазақстан Республикасының еңбек заңына сәйкес демалыс және мереке күндерi өтiнiштердi қабылдау және мемлекеттiк қызмет көрсетiлуiнiң нәтижесiн алу, келесi жұмыс күнi жүзеге асырылады.

      Жауапты орындаушы ұсынылған құжаттардың толықтығын және сәйкестiгiн тексередi. Көрсетiлетiн қызметтi алушы Қағидалардың 20-тармағына сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзiмi өтiп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда өтiнiштi қабылдаудан бас тартады.

      Жауапты орындаушы құжаттарды тексеру нәтижесiнен кейiн, осы Қағидалардың 8-қосымшасына сәйкес нысан бойынша патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдiң куәлiгiн рәсiмдейдi және мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижесiн құрылымдық бөлiмшенiң басшысына келiсуге жiбередi - орындау мерзімі бір жұмыс күні.

      23. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі көрсетiлетiн қызмет берушiнiң уәкiлеттi тұлғаның қолы қойылғаннан кейін көрсетiлетiн қызметтi алушының жеке кабинетiне бір жұмыс күні ішінде жолданады.

4-параграф. Патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдердiң тiзiлiмiнде және оған өзгерiстер енгiзудi тiркеу

      24. Тiзiлiмге куәлiк алған патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдердiң және олардың алдағы уақыттағы өзгерiстерi туралы мәлiметтерi енгiзiледi. Тiзiлiм уәкiлеттi органмен жүргiзiледi және уәкiлеттi органның интернет-ресурсында орналастырылады.

      25. Тiзiлiмде келесi мәлiметтер көрiнiс табады:

      1) куәлiк нөмiрi болып табылатын реттiк тiркеу нөмiрi;

      2) патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдi тiркеу күнi;

      3) патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдiң тегi, аты, әкесiнiң аты (ол бар болғанда);

      4) тұрақты тұрғылықты жерi;

      5) Аттестаттау комиссиясының шешiмiнiң нөмiрi және күнi (тiркеудi жүргiзуге негiз болған құжат);

      6) хат алмасу үшiн мекен-жайы, сондай-ақ бар болған жағдайда телефон, телетайп, телефакс нөмiрлерi, хат жазысу тiлдерi;

      7) жұмыс орны, лауазымы;

      8) куәлiктi беру немесе жiберу туралы мәлiметтер;

      9) тоқтата тұру туралы мәлiметтер;

      10) Тiзiлiмнен алып тастау жөнiндегi мәлiметтер.

      26. Осы Қағидалардың 25-тармағында көрсетiлген патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдердiң мәлiметтерi өзгерген жағдайда, патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiл бiр ай мерзiмде осындай мәлiметтер өзгерген сәттен бастап ол туралы уәкiлеттi органға хабарлайды.

3-тарау. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердi көрсету мәселелерi бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешiмдерiне, әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi

      27. Уәкілетті органның құрылымдық бөлімшенің қызметкерлерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану көрсетілетін қызметті берушінің басшысының және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына беруге болады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы оны тiркеген күннен бастап "Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес 5 (бес) жұмыс күнi iшiнде қаралуға жатады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келiп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тiркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күнi iшiнде қаралуға жатады.

      28. Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайларда, көрсетiлетiн қызметтi алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнедi.

  Патенттік сенім білдірілген
өкілдерге кандидаттарды
аттестаттаудан өткізу, патенттік
сенім білдірілген өкілдердің
тізілімінде тіркеу және оған
өзгерістер енгізу қағидаларына
1-қосымша
  Нысан
  Қазақстан Республикасы
Әділет министрлігі
Аттестаттау комиссиясының
төрағасына
____________________________
(азаматтың тегi, аты, әкесiнiң
аты (бар болған кезде), жеке
сәйкестендiру нөмiрi)
мекен-жайы
____________________________
____________________________
  (пошталық индексi, облысы, қаласы, ауданы,
  елдi мекенi, көше атауы, үй/ғимараттың нөмiрi)

Патенттік сенім білдірілген өкілдерді аттестаттауға рұқсат беру туралы өтініш

      Мені Қазақстан Республикасы патенттік сенім білдірілген өкілге аттесттауға өтуге рұқсат беруіңізді сұраймын.

      Шынайы мәліметтер ұсынғаным үшін дербес жауап беремін, сондай-ақ аталған мемлекеттік қызметті көрсету кезінде ақпараттық жүйелердегі Заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      Телефонның нөмірі:

      E-mail:

      Факс:

      Талап етілетін құжат топтамасы:

      - патенттік сенім білдірілген өкілдерге кандидаттардың аттестаттаудан өтуі үшін мәліметтер;

      - еңбек қызметін растайтын, кемінде төрт жыл жұмыс өтілі бар құжаттың электрондық көшірмесі;

      - патенттік сенім білдірілген өкілдерді аттестаттағаны үшін мемлекеттік баж төлемін растайтын құжат.

      Қосымша _____ парақта.

      Азамат ___________________________________________ күні:________

      (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде)

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін

  Патенттік сенім білдірілген
өкілдерге кандидаттарды
аттестаттаудан өткізу, патенттік
сенім білдірілген өкілдердің
тізілімінде тіркеу және оған
өзгерістер енгізу қағидаларына
2-қосымша

Патенттік сенім білдірілген өкілдерді аттестаттаудан өту үшін мәліметтер

      __________________________________________________________________________

      (жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болған кезде), жеке сәйкестендiру нөмiрi)

      1. Диплом туралы мәлімет:

      1) жоғары оқу орнының атауы ________________________________________________

      2) дипломның нөмірі ________________________________________________________

      3) дипломның берілген күні __________________________________________________

      4) "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес

      нострификациялау немесе тану рәсімдерінен өткенін растайтын құжат

      сериясы және нөмірі: ________________________________________________________

      негіздеме: күні және нөмірі __________________________________________________

      тіркеу нөмірі және күні ______________________________________________________

      Жеке тұлға _____________________________________ күні:________

      (қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде)

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін

  Патенттік сенім білдірілген
өкілдерге кандидаттарды
аттестаттаудан өткізу, патенттік
сенім білдірілген өкілдердің
тізілімінде тіркеу және оған
өзгерістер енгізу қағидаларына
3-қосымша

Мемлекеттік баж төлеу үшін қажетті банк деректемелері

      Бенефициар - ҚР ҚМ МКК Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Мемлекеттік кіріс департаментінің Есіл ауданы бойынша Мемлекеттік кіріс басқармасы РММ

      БСН - 081240013779

      ЖСК - KZ24070105KSN0000000

      БСК - KKMFKZ2A

      Бенефициар Банкі - "ҚР Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті" ММ, Нұр-Сұлтан қаласы.

      КБЕ-11

      Бюджеттік сыныптама коды (БСК) - 108125

  Патенттік сенім білдірілген
өкілдерге кандидаттарды
аттестаттаудан өткізу, патенттік
сенім білдірілген өкілдердің
тізілімінде тіркеу және оған
өзгерістер енгізу қағидаларына
4-қосымша

"Патенттік сенім білдірілген өкілдерді аттестаттау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары)

"Электрондық үкімет" веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі - портал)

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

аттестаттау емтиханы тиісті жартыжылдықтың соңғы айының 7 жұмыс күні ішінде жүргізіледі

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

электрондық (толық автоматтандырылған)

5

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Аттестаттау емтиханын тапсыру қорытындысы бойынша оң немесе теріс шешім не осы қосымшаның 9-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің ұсыну нысаны: электрондық.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік баж көрсетілетін қызметті алушымен 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасы кодексінің 614-бабында белгіленген төлемнің соммасын және күнін растайтын төлем құжаттарын беретін Қазақстан Республикасының банк мекемелері арқылы төленеді:
патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдердi аттестаттағаны үшiн - 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш.
Төлем қолма-қол немесе аударым арқылы есеп айырысу жолымен, "электрондық үкiметтiң" төлем шлюзi арқылы немесе екінші деңгейлі банк арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік баж төлеу үшін қажетті банк деректемелері Қағидалардың 3-қосымшасында көрсетілген.

7

Жұмыс кестесі

1) порталдікі - тәулік бойы, жөндеу жұмыстарын жүргізумен байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда (көрсетілетін қызметті алушы жүгінген жағдайда жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мейрам күндері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады)
2) қызмет көрсетушінің - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден 18-30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізімі

1) осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша кандидаттың электрондық цифрлық қолымен (бұдан әрi - ЭЦҚ) куәландырылған мемлекеттiк немесе орыс тiлдерiнде патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдерге кандидаттарды аттестаттауға рұқсат беру туралы өтiнiш;
2) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдерге кандидаттардың аттестаттаудан өтуi үшiн мәлiметтер;
3) еңбек қызметiн растайтын, кемiнде төрт жыл жұмыс өтiлi бар құжаттың электрондық көшiрмесi;
4) патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдердi аттестаттауға мемлекеттiк баж төлемiн растайтын құжат.
Осы Қағидалардың 2-қосымшадағы көрсетiлген мәлiметтер аттестаттау емтиханына келген кезде көрсетілетін қызметті алушымен ұсынатын құжаттардың түпнұсқаларымен салыстырылады.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
 2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
 3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы.

10

Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары уәкілетті органның www.adilet.gov.kz интернет-ресурсында және көрсетілетін қызметті берушінің www.kazpatent.kz сайтында орналастырылған.
Портал арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ЭЦҚ болуы қажет.
Көрсетілетін қызметтті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты "жеке кабинет" порталда қашықтықтан қолжетімділік режим арқылы, сондай-ақ бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.
Көрсетiлетiн қызметтi алушының қалауы бойынша мемлекеттік қызмет осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бір өтініш негізінде "бір терезе" қағидаты бойынша "Патенттік сенім білдірілген өкіл куәлігін беру" мемлекеттік қызметінің жиынтығымен көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметінің байланыс телефондары: 8 (7172) 74-09-69, 55-88-21.
Бірыңғай байланыс-орталығы - 1414, 8 800 080 7777.

  Патенттік сенім білдірілген
өкілдерге кандидаттарды
аттестаттаудан өткізу, патенттік
сенім білдірілген өкілдердің
тізілімінде тіркеу және оған
өзгерістер енгізу қағидаларына
5-қосымша
  Нысан
  Қазақстан Республикасы
Әділет министрлігі
Аттестаттау комиссиясының
төрағасына
____________________________
(азаматтың тегi, аты, әкесiнiң
аты (бар болған кезде), жеке
сәйкестендiру нөмiрi)
мекен-жайы
_____________________
_____________________
(пошталық индексi, облысы,
қаласы, ауданы,
елдi мекенi, көше атауы,
үй/ғимараттың нөмiрi)

Патенттік сенім білдірілген өкілдерді аттестаттауғарұқсат беру және патенттік сенім білдірілген өкіл куәлігін алу туралы өтініш

      Мені Қазақстан Республикасы патенттік сенім білдірілген өкілге аттесттауға өтуге рұқсат беруіңізді сұраймын.

      Шынайы мәліметтер ұсынғаным үшін дербес жауап беремін, сондай-ақ аталған мемлекеттік қызметті көрсету кезінде ақпараттық жүйелердегі Заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      Аттестаттау емтиханын тапсыру қорытындысы бойынша оң шешімнен кейін патенттік сенім білдірілген өкіл куәлігін беруіңізді сұраймын.

      Телефонның нөмірі:

      E-mail:

      Факс:

      Талап етілетін құжат топтамасы:

      - патенттік сенім білдірілген өкілдерге кандидаттардың аттестаттаудан өтуі үшін мәліметтер;

      - еңбек қызметін растайтын, кемінде төрт жыл жұмыс өтілі бар құжаттың электрондық көшірмесі;

      - патенттік сенім білдірілген өкілдерді аттестаттағаны үшін және патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiл ретiнде тiркегенi үшiн мемлекеттік баж төлемдерін растайтын құжат

      Қосымша _____ парақта.

      Азамат ___________________________________________ күні:________

      (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде)

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін

  Патенттік сенім білдірілген
өкілдерге кандидаттарды
аттестаттаудан өткізу, патенттік
сенім білдірілген өкілдердің
тізілімінде тіркеу және оған
өзгерістер енгізу қағидаларына
6-қосымша
нысан
  Қазақстан Республикасы
Әділет министрлігі
Аттестаттау комиссиясының
төрағасына
кiмнен
_________________________
(азаматтың тегi, аты, әкесiнiң
аты (бар болған кезде), жеке
сәйкестендiру нөмiрi)
мекен-жайы
____________________________
____________________________
(пошталық индексi, облысы,
қаласы, ауданы, елдi мекенi,
көше атауы, үй/ғимараттың
нөмiрi)

Патенттік сенім білдірілген өкіл куәлігін алу үшін өтініш

      Патенттік сенім білдірілген өкіл куәлігін маған беруіңізді сұраймын.

      Шынайы мәліметтер ұсынғаным үшін дербес жауап беремін, сондай-ақ аталған мемлекеттік қызметті көрсету кезінде ақпараттық жүйелердегі Заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      Қосымша: ____ парақта.

      Азамат ___________________________________________ күні: ______

      (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде)

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

  Патенттік сенім білдірілген
өкілдерге кандидаттарды
аттестаттаудан өткізу, патенттік
сенім білдірілген өкілдердің
тізілімінде тіркеу және оған
өзгерістер енгізу қағидаларына
7-қосымша

"Патенттік сенім білдірілген өкіл куәлігін беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары)

"Электрондық үкімет" веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі - портал)

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

3 жұмыс күні ішінде

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

электрондық (толық автоматтандырылған).

5

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Патенттік сенім білдірілген өкіл куәлігі осы Қағидалардың 8-қосымшасына сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолымен (бұдан әрi - ЭЦҚ) жолданады.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің ұсыну нысаны: электрондық.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік баж көрсетілетін қызметті алушымен 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасы кодексінің 614-бабында белгіленген төлемнің соммасын және күнін растайтын төлем құжаттарын беретін Қазақстан Республикасының банк мекемелері арқылы төленеді:
патенттік сенім білдірілген өкіл ретінде тіркелгені үшін - 1 (бір) айлық есептік көрсеткіш.
Төлем қолма-қол немесе аударым арқылы есеп айырысу жолымен, "электрондық үкiметтiң" төлем шлюзi (бұдан әрi - ЭҮТШ) арқылы немесе екінші деңгейлі банк арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.
Мемлекеттік баж төлеу үшін қажетті банк деректемелері Қағидалардың 3-қосымшасында көрсетілген.

7

Жұмыс кестесі

1) порталда - тәулік бойы, жөндеу жұмыстарын жүргізумен байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда (көрсетілетін қызметті алушы жүгінген жағдайда жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мейрам күндері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады)
2) қызмет көрсетушінің - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден 18-30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізімі

1) кандидаттың ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат түріндегі мемлекеттік немесе орыс тілдерінде патенттік сенім білдірілген өкіл куәлігін алу үшін осы Қағидалардың 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) патенттік сенім білдірілген өкіл куәлігін алу үшін мемлекеттік баж төлемін растайтын электрондық құжат.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтерді, ЭҮТШ арқылы мемлекеттік баж төлемі туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

Көрсетілетін қызметті алушы осы қосымшаның 8-тармағына сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда қызмет беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.

10

Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

Мемлекеттік қызметті "бір өтініш" қағидаты бойынша көрсетілген кезде мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiл ретiнде тiркелген мемлекеттiк баж төленгенiн растайтын құжат ұсынылған күннен бастап есептеледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары уәкілетті органның www.adilet.gov.kz интернет-ресурсында және көрсетілетін қызметті берушінің www.kazpatent.kz сайтында орналастырылған.
Портал арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ЭЦҚ болуы қажет.
Көрсетілетін қызметтті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты "жеке кабинет" порталда қашықтықтан қолжетімділік режим арқылы, сондай-ақ бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметінің байланыс телефондары: 8 (7172) 74-09-69, 55-88-21.
Бірыңғай байланыс-орталығы - 1414, 8 800 080 7777.

  Патенттік сенім білдірілген
өкілдерге кандидаттарды
аттестаттаудан өткізу, патенттік
сенім білдірілген өкілдердің
тізілімінде тіркеу және оған
өзгерістер енгізу қағидаларына
8-қосымша
  нысан

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘДIЛЕТ МИНИСТРЛIГI


МИНИСТЕРСТВО ЮСТИЦИИ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

[УО мемлекеттiк тiлдегi деректемелер]
Нөмiрi: [Номер Свидетельства]
Берiлген күнi: [Дата выдачи]


[УО орыс тiлдегi
деректемелер]

ПАТЕНТТIК СЕНIМ БIЛДIРIЛГЕН ӨКIЛДIҢ КУӘЛIГI

      Патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлi ретiнде тiркелген [Тегi] [Аты] [Әкесiнiң аты (болған жағдайда)] берiлдi.

      Тiркеу туралы жазба ___ жылғы "___" _______ №____ патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдердiң тiзiлiмiне енгiзiлген.

[Қол қоюшының лауазымы] [Қол қоюшының тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)]

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады