Селекциялық жетістіктердің, өнертабыстардың, пайдалы модельдердің, өнеркәсіптік үлгілердің, тауар белгілерінің және тауар шығарылған жерлер атауларының, интегралдық микросхемалар топологияларының мемлекеттік тізілімдерінен үзінді көшірмелер беру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 28 тамыздағы № 1313 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 29 тамызда № 17327 болып тіркелді.

      "Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы" 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 3-1-бабының 2-тармағының 2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының Патент Заңы"1999 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 2-тармағының 2) тармақшасына, "Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы" 1999 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабының 2-тармағының 2) тармақшасына және "Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау туралы" 2001 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Селекциялық жетістіктердің, өнертабыстардың, пайдалы модельдердің, өнеркәсіптік үлгілердің, тауар белгілерінің және тауар шығарылған жерлер атауларының, интегралдық микросхемалар топологияларының мемлекеттік тізілімдерінен үзінді көшірмелер беру қағидалары бекітілсін.

      2. Зияткерлік меншік құқығы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны ресми жариялануы үшін және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына қазақ және орыс тілдерінде жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Әділет министрі
М.Бекетаев

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2018 жылғы 28 тамыздағы
№ 1313 бұйрығымен бекітілген

Селекциялық жетістіктердің, өнертабыстардың, пайдалы модельдердің, өнеркәсіптік үлгілердің, тауар белгілерінің, географиялық нұсқамалардың және тауар шығарылған жерлер атауларының, интегралдық микросхемалар топологияларының мемлекеттік тізілімдерінен үзінді көшірмелер беру қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 26.08.2022 № 714 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер.

      1. Осы Селекциялық жетістіктердің, өнертабыстардың, пайдалы модельдердің, өнеркәсіптік үлгілердің, тауар белгілерінің, географиялық нұсқамалардың және тауар шығарылған жерлер атауларының, интегралдық микросхемалар топологияларының мемлекеттік тізілімдерінен үзінді көшірмелер беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 3-1-бабының 2-тармағының 2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының Патент Заңы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 2-тармағының 2) тармақшасына, "Тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері, географиялық нұсқамалар және тауарлар шығарылған жерлердің атаулары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабының 2-тармағының 2) тармақшасына, "Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 2) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының Селекциялық жетістіктерінің мемлекеттік тізілімінен, Өнертабыстарының мемлекеттік тізілімінен, Пайдалы модельдерінің мемлекеттік тізілімінен, Өнеркәсіптік үлгілерінің мемлекеттік тізілімінен, Тауар белгілерінің, географиялық нұсқамалардың және тауар шығарылған жерлер атауларының мемлекеттік тізілімінен, Интегралдық микросхемалар топологияларының мемлекеттік тізілімінен (бұдан әрі – Мемлекеттік тізілім) үзінді көшірмелерін беру тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:

      1) Географиялық нұсқамалардың мемлекеттік тізілімі – Тіркелген географиялық нұсқамалардың мемлекеттік тізімі;

      2) өтініш беруші – Қазақстан Республикасының Селекциялық жетістіктерінің, өнертабыстарының, пайдалы модельдерінің, өнеркәсіптік үлгілерінің, тауар белгілерінің, географиялық нұсқамалардың және тауарлар шығарылған жер атауларының, интегралдық микросхемалар топологияларының мемлекеттік тізілімінен үзінді көшірмені ұсынуға өтініш берген жеке немесе заңды тұлға;

      3) Пайдалы модельдердің мемлекеттік тізілімі – Тіркелген пайдалы модельдердің мемлекеттік тізілімі;

      4) патенттік сенім білдірілген өкілдер – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілетті орган мен сараптама жасау ұйымы алдында өкілдік етуге құқық берілген Қазақстан Республикасының азаматтары;

      5) сараптама ұйымы – "Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі Санаткерлiк меншiк құқығы жөнiндегі комитетiнiң Ұлттық санаткерлiк меншiк институты" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 11 шелдедегі № 756 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, өз қызметінде уәкілетті органға ведомстволық бағынысты сараптама ұйымы;

      6) Селекциялық жетiстiктердiң мемлекеттiк тiзiлiмi – Қазақстан Республикасының қорғалатын өсiмдiк сорттарының мемлекеттiк тiзiлiмi мен Қазақстан Республикасының патенттер берiлген сорттарды, тұқымдарды қамтитын қорғалатын жануарлар тұқымдарының мемлекеттiк тiзiлiмi;

      7) тауар белгісінің иесі (құқық иеленуші) немесе тауар шығарылған жердің атауын (немесе) және географиялық нұсқамаларды пайдалану құқығының иесі – "Тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері, географиялық нұсқамалар және тауарлар шығарылған жерлердің атаулары туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес тауар белгісіне айрықша құқыққа немесе тауар шығарылған жердің атауын (немесе) және географиялық нұсқамаларды пайдалануға айрықша құқыққа ие жеке немесе заңды тұлға;

      8) Тауар шығарылған жерлер атауларының мемлекеттік тізілімі – Тіркелген тауардың шығарылған жерінің мемлекеттік тізімі;

      9) уәкiлеттi мемлекеттiк орган (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) – тауар белгілерін, қызмет көрсету белгілерін, географиялық нұсқамаларды және тауарлар шығарылған жерлердiң атауларын, өнертабыстарды, пайдалы модельдердi және өнеркәсiптiк үлгiлердi, селекциялық жетiстiктердi, сондай-ақ интегралдық микросхемалар топологияларын қорғау саласында мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;

      10) "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, барлық шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесін білдіретін ақпараттық жүйе;

      11) "электрондық үкімет" төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) – электрондық нысанда көрсетілетін ақылы қызметтер көрсету шеңберінде төлемдер жүргізу туралы ақпаратты беру процесін автоматтандыратын ақпараттық жүйе;

      12) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар терімі.

2-тарау. Селекциялық жетістіктердің, өнертабыстардың, пайдалы модельдердің, өнеркәсіптік үлгілердің, тауар белгілерінің, географиялық нұсқамалардың және тауар шығарылған жерлер атауларының, интегралдық микросхемалар топологияларының мемлекеттік тізілімдерінен үзінді көшірмелер беру тәртібі

      3. Мемлекеттік тізілімдерден үзінділерді сараптама ұйымы ұсынады.

      4. Өтініш беруші үзінді көшірме алу үшін сараптама ұйымына осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес селекциялық жетістіктердің, өнертабыстардың, пайдалы модельдердің, өнеркәсіптік үлгілердің, тауар белгілерінің, географиялық нұсқамалардың және тауар шығарылған жер атауларының, интегралдық микросхемалар топологияларының мемлекеттік тізілімдерінен үзінді көшірме беру туралы өтінішхат (бұдан әрі – үзінді көшірме беру тулары өтінішхат) ұсынуы қажет.

      5. Қызмет www.kazpatent.kz сайтындағы "Тарифтер" бағанында орналастырылған сараптама ұйымының бағаларына сәйкес ақылы негізде көрсетіледі.

      Төлем қолма-қол ақшасыз аударым тәсілімен көрсетілетін қызметті берушінің "newscab.kazpatent.kz" ақпараттық жүйесімен түйістірілген екінші деңгейлі банктің төлем шлюзі арқылы, осы Қағидалардың 2-қосымшасында көрсетілген мемлекеттік баж төлеу үшін көрсетілетін қызметті берушінің қажетті банк деректемелері бойынша жүзеге асырылады.

      Өтінішті портал арқылы жіберген кезде "жеке кабинетте" өтініштің қабылданғаны туралы мәртебе автоматты түрде көрсетіледі.

      6. Сараптама ұйымына үзінді көшірме беру туралы өтініш түскен кезде кіріс тіркеу нөмірі енгізіледі.

      Өтініш беруші жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес үзінді көшірме беруге өтініштерді қабылдау келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      Жауапты орындаушы құжатты тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде үзінді көшірмені ұсыну үшін төлемнің түсу фактісін тексереді.

      Төлемді растайтын құжат туралы мәліметтерді сараптама ұйымы "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйеден алады.

      Төлем түскен кезде жауапты орындаушы 3 (үш) жұмыс күні ішінде мемлекеттік тізілімдерден тиісті мәліметтері бар үзінді көшірмені қалыптастырады және оны өтініш берушінің "жеке кабинетіне" осы Қағидалардың 3, 4 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11-қосымшаларына сәйкес электрондық нысанда жолдайды.

      Төлем болмаған жағдайда жауапты орындаушы 3 (үш) жұмыс күні ішінде Селекциялық жетістіктердің, өнертабыстардың, пайдалы модельдердің, өнеркәсіптік үлгілердің, тауар белгілерінің, географиялық нұсқамалардың және тауар шығарылған жерлер атауларының, интегралдық микросхемалар топологияларының мемлекеттік тізілімдерінен үзінді көшірмелер беруден дәлелді бас тартуды дайындайды және оны осы Қағидалардың 12-қосымшасына сәйкес электрондық нысанда өтініш берушінің "жеке кабинетіне" жолдайды.

      7. Селекциялық жетістіктердің, өнертабыстардың, пайдалы модельдердің, өнеркәсіптік үлгілердің, тауар белгілерінің, географиялық нұсқамалардың және тауарлар шығарылған жерлер атауларының, интегралдық микросхемалар топологияларының мемлекеттік тізілімдерінен үзінді көшірме беруден бас тарту үшін тиісті төлемді растайтын құжаттың болмауы негіз болып табылады.

      8. Мемлекеттік тізілімнен үзінді көшірме беру туралы өтінішхатты қарау мерзімі бес жұмыс күнін құрайды.

3-тарау. Селекциялық жетістіктердің, өнертабыстардың, пайдалы модельдердің, өнеркәсіптік үлгілердің, тауар белгілерінің, географиялық нұсқамалардың және тауар шығарылған жерлер атауларының, интегралдық микросхемалар топологияларының мемлекеттік тізілімдерінен үзінді көшірмелер

      9. Сараптама ұйымы Селекциялық жетістіктердің, өнертабыстардың, пайдалы модельдердің, өнеркәсіптік үлгілердің, тауар белгілерінің, географиялық нұсқамалардың және тауар шығарылған жерлер атауларының, интегралдық микросхемалар топологияларының мемлекеттік тізілімдерінен мынадай үзінді көшірмелер ұсынады:

      1) Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Тауар белгілерінің мемлекеттік тізілімінен үзінді көшірме;

      2) Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Географиялық нұсқамалардың мемлекеттік тізілімінен үзінді көшірме;

      3) Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Тауар шығарылған жерлер атауларының мемлекеттік тізілімінен үзінді көшірме;

      4) Қағидалардың 6-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Өнертабыстарының мемлекеттік тізілімінен үзінді көшірме;

      5) Қағидалардың 7-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Пайдалы модельдерінің мемлекеттік тізілімінен үзінді көшірме;

      6) Қағидалардың 8-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Өнеркәсіптік үлгілерінің мемлекеттік тізілімінен үзінді көшірме;

      7) Қағидалардың 9-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Селекциялық жетістіктерінің мемлекеттік тізілімінен үзінді көшірме;

      8) Қағидалардың 10-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Тауар белгісінің мемлекеттік тізілімінен жалпыға ортақ тауар белгісінен үзінді көшірме;

      9) Қағидалардың 11-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Интегралдық микросхемалар топологияларының мемлекеттік тізілімінен үзінді көшірме.

  Селекциялық жетістіктердің,
өнертабыстардың, пайдалы
модельдердің, өнеркәсіптік
үлгілердің, тауар белгілерінің,
географиялық нұсқамалардың
және тауар шығарылған жерлер
атауларының, интегралдық
микросхемалар
топологияларының мемлекеттік
тізілімдерінен үзінді көшірмелер
беру қағидаларына
1-қосымша

      Нысан

Селекциялық жетістіктердің, өнертабыстардың, пайдалы модельдердің, өнеркәсіптік үлгілердің, тауар белгілерінің, географиялық нұсқамалардың және тауар шығарылған жерлер атауларының, интегралдық микросхемалар топологияларының мемлекеттік тізілімдерінен үзінді көшірмелер беру туралы ӨТІНІШХАТ

      Өтініш беруші: __________________________________________________

      (қолы) аты, тегі, әкесінің аты (болған жағдайда)

      Мекенжайы: ____________________________________________________

      Зияткерлік меншік объектісінің түрі ________________________________

      Тіркеу нөмірі немесе патент нөмірі _________________________________

      (Электрондық цифрлық қолтаңба)

  Селекциялық жетістіктердің,
өнертабыстардың, пайдалы
модельдердің, өнеркәсіптік
үлгілердің, тауар белгілерінің,
географиялық нұсқамалардың
және тауар шығарылған жерлер
атауларының, интегралдық
микросхемалар
топологияларының мемлекеттік
тізілімдерінен үзінді көшірмелер
беру қағидаларына
2-қосымша

      Нысан

Мемлекеттік баж төлеу үшін көрсетілетін қызметті берушінің қажетті банк деректемелері

      Қабылдаушы: Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Ұлттық зияткерлік меншік институты" шарушылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны

      Мекенжайы: 010000, Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 57А ғимараты, тұрғын емес үй-жай 8

      БСН: 020940003199

      КБЕ: 16

      ТБК: 859

      Банк атауы ЖСК БСК

      "Нұрбанк" акционерлік қоғамы KZ8584905KZ006015415NURSKZKX

      "Қазақстанның Халық Банкі" акционерлік қоғамы KZ386010111000288323

      HSBKKZKX, KZ366017111000000792 HSBKKZKX

      "Сбербанк" акционерлік қоғамының еншілес банкі KZ14914012203KZ0047J SABRKZKA

      Нұр-Сұлтан қаласындағы "ForteBank" акционерлік қоғамының филиалы KZ1096503F0007611692IRTYKZKA

  Селекциялық жетістіктердің,
өнертабыстардың, пайдалы
модельдердің, өнеркәсіптік
үлгілердің, тауар белгілерінің,
географиялық нұсқамалардың
және тауар шығарылған жерлер
атауларының, интегралдық
микросхемалар
топологияларының мемлекеттік
тізілімдерінен үзінді көшірмелер
беру қағидаларына
3-қосымша

      Нысан

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТАУАР БЕЛГІЛЕРІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЗІЛІМІНЕН ҮЗІНДІ КӨШІРМЕ

  Үзінді көшірмелердің жасау күні:
  Мәртебесі

(111) Тіркеудің реттік нөмірі:

(210) Өтінім нөмірі:

(151) Тіркелген күні:

(220) Өтінім берілген күн:

(450) Жарияланған күні:

(181) Тіркеу мерзімі:

(310) - (330) Басымдық өтінімнің нөмірі мен күні:

(540) Тауар белгісінің бейнесі:

(591) Түстерді көрсету:

(730) Иесі, мекенжай:

(740) Патенттік сенім білдірілген өкіл:

Басқа өкіл

(511) Тауарлар мен қызметтердің тізімі:

(526) Қорғалмайтын элементтер:

      (Электрондық цифрлық қолтаңба)

  Селекциялық жетістіктердің,
өнертабыстардың, пайдалы
модельдердің, өнеркәсіптік
үлгілердің, тауар белгілерінің,
географиялық нұсқамалардың
және тауар шығарылған жерлер
атауларының, интегралдық
микросхемалар
топологияларының мемлекеттік
тізілімдерінен үзінді көшірмелер
беру қағидаларына
4-қосымша

      Нысан

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ НҰСҚАМАЛАРДЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЗІЛІМІНЕН ҮЗІНДІ КӨШІРМЕ

  Үзінді көшірмелердің жасау күні:
  Мәртебесі

(111) Тіркеу нөмірі:

(151) Тіркелген күні:

(210) Өтінім нөмірі:

(220) Өтінім берілген күн:

(730) Иесі:

(540) Атауы:

Географиялық нұсқамалар:

Тауар түрі:

(450) Жарияланған күні:

(181) Жарамдылық мерзімі:

      (Электрондық цифрлық қолтаңба)

  Селекциялық жетістіктердің,
өнертабыстардың, пайдалы
модельдердің, өнеркәсіптік
үлгілердің, тауар белгілерінің,
географиялық нұсқамалардың
және тауар шығарылған жерлер
атауларының, интегралдық
микросхемалар
топологияларының мемлекеттік
тізілімдерінен үзінді көшірмелер
беру қағидаларына
5-қосымша

      Нысан

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТАУАР ШЫҒАРЫЛҒАН ЖЕРЛЕРІНІҢ АТАУЛАРЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЗІЛІМІНЕН ҮЗІНДІ КӨШІРМЕ

  Үзінді көшірмелердің жасау күні:
  Мәртебесі

(111) Тіркеу нөмірі:

(151) Тіркелген күні:

(210) Өтінім нөмірі:

(220) Өтінім берілген күн:

(730) Иесі, мекенжай:

(540) Атауы:

Тауар шығарылған жер:

Тауар түрі:

(450) Жарияланған күні:

(181) Жарамдылық мерзімі:

      (Электрондық цифрлық қолтаңба)

  Селекциялық жетістіктердің,
өнертабыстардың, пайдалы
модельдердің, өнеркәсіптік
үлгілердің, тауар белгілерінің,
географиялық нұсқамалардың
және тауар шығарылған жерлер
атауларының, интегралдық
микросхемалар
топологияларының мемлекеттік
тізілімдерінен үзінді көшірмелер
беру қағидаларына
6-қосымша

      Нысан

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӨНЕРТАБЫСТАРЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЗІЛІМІНЕН ҮЗІНДІ КӨШІРМЕ

  Үзінді көшірмелердің жасау күні:
  Мәртебесі

(11) Қорғау құжатының нөмірі:

(12) Құжат түрінің ауызша белгіленуі:

(21) Өтінім нөмірі:

(22) Өтінім берілген күн:

(31, 32, 33) басымдық деректері:

(51) ХПК:

(54) Атауы:

(73) Патент иесі, мекенжай:

(72) Автор (лар) :

(74) Патенттік сенім білдірілген өкілдер:

(85) Халықаралық өтінімді ұлттық фазаға ауыстыру күні:

(86) Халықаралық өтінімнің тіркеу нөмірі және халықаралық өтінім берілген күн:

(45) Бюллетеннің нөмірі мен күні:

Қолданылу мерзімі:

Өзгерту:

      (Электрондық цифрлық қолтаңба)

  Селекциялық жетістіктердің,
өнертабыстардың, пайдалы
модельдердің, өнеркәсіптік
үлгілердің, тауар белгілерінің,
географиялық нұсқамалардың
және тауар шығарылған жерлер
атауларының, интегралдық
микросхемалар
топологияларының мемлекеттік
тізілімдерінен үзінді көшірмелер
беру қағидаларына
7-қосымша

      Нысан

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПАЙДАЛЫ МОДЕЛЬДЕРІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЗІЛІМІНЕН ҮЗІНДІ КӨШІРМЕ

  Үзінді көшірмелердің жасау күні:
  Мәртебесі

(11) Қорғау құжатының нөмірі:

(12) Құжат түрінің ауызша белгіленуі:

(21) Өтінім нөмірі:

(22) Өтінім берілген күн:

(31, 32, 33) Басымдық деректері:

(51) ХПК:

(54) Атауы:

(73) Патент иесі, мекенжай:

(72) Автор (лар) :

(74) Патенттік сенім білдірілген өкілдер:

(85) Халықаралық өтінімді ұлттық фазаға ауыстыру күні:

(86) Халықаралық өтінімнің тіркеу нөмірі және халықаралық өтінім берілген күн:

(45) Бюллетеннің нөмірі мен күні:

Қолданылу мерзімі:

Өзгерту:

      (Электрондық цифрлық қолтаңба)

  Селекциялық жетістіктердің,
өнертабыстардың, пайдалы
модельдердің, өнеркәсіптік
үлгілердің, тауар белгілерінің,
географиялық нұсқамалардың
және тауар шығарылған жерлер
атауларының, интегралдық
микросхемалар
топологияларының мемлекеттік
тізілімдерінен үзінді көшірмелер
беру қағидаларына
8-қосымша

      Нысан

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӨНЕРКӘСІПТІК ҮЛГІЛЕРІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЗІЛІМІНЕН ҮЗІНДІ КӨШІРМЕ

  Үзінді көшірмелердің жасау күні:
  Мәртебесі

(11) Қорғау құжатының нөмірі

(12) Құжат түрінің сөздік белгіленуі

(21) Өтінім нөмірі

(22) Өтінім берілген күн

(31, 32, 33) Басымдық деректері

(51) МКПО

(54) Өнеркәсіптік үлгінің атауы

Суреті

(73) Патент иесі, мекенжай:

(72) Автор (лар))

(74) Патенттік сенім білдірілген өкілдер

(45) Бюллетеннің нөмірі мен күні

Қолданылу мерзімі

Өзгерту:

      (Электрондық цифрлық қолтаңба)

  Селекциялық жетістіктердің,
өнертабыстардың, пайдалы
модельдердің, өнеркәсіптік
үлгілердің, тауар белгілерінің,
географиялық нұсқамалардың
және тауар шығарылған жерлер
атауларының, интегралдық
микросхемалар
топологияларының мемлекеттік
тізілімдерінен үзінді көшірмелер
беру қағидаларына
9-қосымша

      Нысан

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СЕЛЕКЦИЯЛЫҚ ЖЕТІСТІКТЕРІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЗІЛІМІНЕН ҮЗІНДІ КӨШІРМЕ

  Үзінді көшірмелердің жасау күні:
  Мәртебесі

(11) Қорғау құжатының нөмірі:

(12) Құжат түрінің ауызша белгіленуі:

(21) Өтінім нөмірі:

(22) Өтінім берілген күн:


(54) Атауы:

(73) Патент иесі, мекенжай::

(72) Автор (лар):

(74) Патенттік сенім білдірілген өкілдер:

(45) Бюллетеннің нөмірі мен күні:

Қолданылу мерзімі:

Өзгерту:

      (Электрондық цифрлық қолтаңба)

  Селекциялық жетістіктердің,
өнертабыстардың, пайдалы
модельдердің, өнеркәсіптік
үлгілердің, тауар белгілерінің,
географиялық нұсқамалардың
және тауар шығарылған жерлер
атауларының, интегралдық
микросхемалар
топологияларының мемлекеттік
тізілімдерінен үзінді көшірмелер
беру қағидаларына
10-қосымша

      Нысан

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТАУАР БЕЛГІСІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЗІЛІМІНЕН ЖАЛПЫҒА ОРТАҚ ТАУАР БЕЛГІСІНЕН ҮЗІНДІ КӨШІРМЕ

  Үзінді көшірмелердің жасау күні:
  Мәртебесі

(111) Тіркеудің реттік нөмірі:

(220) Өтінім берілген күн:

(151) Тіркелген күні:

(181) Тіркеу мерзімі:

(152) Жалпыға мәлім деп танылған күн:

(450) Жарияланған күні:

(540) Танымал тауар белгісінің бейнесі:

(591) Түстерді көрсету:

(730) Иесі, мекенжай:

(740) Патенттік сенім білдірілген өкіл:

Басқа өкіл

(511) Тауарлар мен қызметтердің тізімі:

Өзгерту:

      (Электрондық цифрлық қолтаңба)

  Селекциялық жетістіктердің,
өнертабыстардың, пайдалы
модельдердің, өнеркәсіптік
үлгілердің, тауар белгілерінің,
географиялық нұсқамалардың
және тауар шығарылған жерлер
атауларының, интегралдық
микросхемалар
топологияларының мемлекеттік
тізілімдерінен үзінді көшірмелер
беру қағидаларына
11-қосымша

      Нысан

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ИНТЕГРАЛДЫҚ МИКРОСХЕМАЛАР ТОПОЛОГИЯЛАРЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЗІЛІМІНЕН ҮЗІНДІ КӨШІРМЕ

  Үзінді көшірмелердің жасау күні:
  Мәртебесі

(11) Тіркеу нөмірі (куәлік):

(12) Құжат түрінің сөздік белгіленуі

(15) Тіркелген күні:

(21) Өтінім нөмірі:

(22) Өтінім берілген күн:

(54) Интегралдық микросхема топологиясының атауы:

(73) Құқық иесі, мекенжай:

(72) Автор (лар):

(45) Жарияланған күні:

      (Электрондық цифрлық қолтаңба)

  Селекциялық жетістіктердің,
өнертабыстардың, пайдалы
модельдердің, өнеркәсіптік
үлгілердің, тауар белгілерінің,
географиялық нұсқамалардың
және тауар шығарылған жерлер
атауларының, интегралдық
микросхемалар
топологияларының мемлекеттік
тізілімдерінен үзінді көшірмелер
беру қағидаларына
12-қосымша

      Нысан

Селекциялық жетістіктердің, өнертабыстардың, пайдалы модельдердің, өнеркәсіптік үлгілердің, тауар белгілерінің, географиялық нұсқамалардың және тауар шығарылған жерлер атауларының, интегралдық микросхемалар топологияларының мемлекеттік тізілімдерінен үзінді көшірмелер беруден ДӘЛЕЛДІ БАС ТАРТУ

      "Ұлттық зияткерлік меншік институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны өтініш беруші ұсынған төленгенін растайтын құжаттың болмауына байланысты селекциялық жетістіктердің, өнертабыстардың, пайдалы модельдердің, өнеркәсіптік үлгілердің, тауар белгілерінің, географиялық нұсқамалардың және тауар шығарылған жерлер атауларының, интегралдық микросхемалар топологияларының мемлекеттік тізілімдерінен үзінді көшірмелер беруден бас тартады.

      (Электрондық цифрлық қолтаңба)


Об утверждении Правил предоставления выписок из Государственных реестров селекционных достижений, изобретений, полезных моделей, промышленных образцов, товарных знаков и наименований мест происхождения товаров, топологий интегральных микросхем

Приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 28 августа 2018 года № 1313. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 29 августа 2018 года № 17327.

      В соответствии с подпунктом 2) пункта 2 статьи 3-1 Закона Республики Казахстан от 13 июля 1999 года "Об охране селекционных достижений", подпунктом 2) пункта 2 статьи 4 Закона Республики Казахстан от 16 июля 1999 года "Патентный закон Республики Казахстан", подпунктом 2) пункта 2 статьи 3 Закона Республики Казахстан от 26 июля 1999 года "О товарных знаках, знаках обслуживания и наименованиях мест происхождения товаров" и подпунктом 2) статьи 4 Закона Республики Казахстан от 29 июня 2001 года "О правовой охране топологий интегральных микросхем" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила предоставления выписок из Государственных реестров селекционных достижений, изобретений, полезных моделей, промышленных образцов, товарных знаков и наименований мест происхождения товаров, топологий интегральных микросхем.

      2. Департаменту по правам интеллектуальной собственности в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа;

      2) в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации настоящего приказа его направление на казахском и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации" для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства юстиции Республики Казахстан.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего Вице-министра юстиции Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр юстиции
Республики Казахстан
М. Бекетаев

  Утверждены приказом
Министра юстиции
Республики Казахстан
от 28 августа 2018 года № 1313

Правила предоставления выписок из Государственных реестров селекционных достижений, изобретений, полезных моделей, промышленных образцов, товарных знаков, географических указаний и наименований мест происхождения товаров, топологий интегральных микросхем

      Сноска. Правила - в редакции приказа Министра юстиции РК от 26.08.2022 № 714 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила предоставления выписок из Государственных реестров селекционных достижений, изобретений, полезных моделей, промышленных образцов, товарных знаков, географических указаний и наименований мест происхождения товаров, топологий интегральных микросхем (далее – Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 2) пункта 2 статьи 3-1 Закона Республики Казахстан "Об охране селекционных достижений", подпунктом 2) пункта 2 статьи 4 Закона Республики "Патентный закон Республики Казахстан", подпунктом 2) пункта 2 статьи 3 Закона Республики Казахстан "О товарных знаках, знаках обслуживания, географических указаний и наименованиях мест происхождения товаров", подпунктом 2) статьи 4 Закона Республики Казахстан "О правовой охране топологий интегральных микросхем" определяют порядок предоставления выписок из Государственного реестра селекционных достижений, Государственного реестра изобретений, Государственного реестра полезных моделей, Государственного реестра промышленных образцов, Государственных реестров товарных знаков, географических указаний, наименований мест происхождения товаров, Государственного реестра топологий интегральных микросхем Республики Казахстан (далее – Государственные реестры).

      2. В Правилах используются следующие основные понятия:

      1) Государственный реестр географических указаний – Государственный реестр зарегистрированных географических указаний;

      2) заявитель – физическое или юридическое лицо, обратившееся за предоставлением выписки из Государственного реестра селекционных достижений, изобретений, полезных моделей, промышленных образцов, товарных знаков, географических указаний и наименований мест происхождения товаров, топологий интегральных микросхем Республики Казахстан;

      3) Государственный реестр полезных моделей – Государственный реестр зарегистрированных полезных моделей;

      4) патентные поверенные – граждане Республики Казахстан, которым в соответствии с законодательством Республики Казахстан предоставлено право на представительство физических и юридических лиц перед уполномоченным органом и экспертной организацией;

      5) экспертная организация – организация, созданная по решению Правительства Республики Казахстан, утвержденному Постановлением Правительства Республики Казахстан от 11 июля 2002 года № 756 "О создании Республиканского государственного казенного предприятия "Национальный институт интеллектуальной собственности Комитета по правам интеллектуальной собственности Министерства юстиции Республики Казахстан", в организационно-правовой форме республиканского государственного предприятия на праве хозяйственного ведения, подведомственная в своей деятельности уполномоченному органу;

      6) Государственный реестр селекционных достижений - Государственный реестр Республики Казахстан охраняемых сортов растений и Государственный реестр Республики Казахстан охраняемых пород животных, которые включают сорта, породы, на которые выданы патенты;

      7) владелец (правообладатель) товарного знака или владелец права пользования географическим указанием и (или) наименованием места происхождения товара – физическое или юридическое лицо, обладающее исключительным правом на товарный знак или исключительным правом пользования географическим указанием и (или) наименованием места происхождения товара в соответствии с Законом Республики Казахстан "О товарных знаках, знаках обслуживания, географических указаний и наименованиях мест происхождения товаров";

      8) Государственный реестр наименований мест происхождения товаров - Государственный реестр зарегистрированных наименований мест происхождения товаров;

      9) уполномоченный государственный орган (далее – уполномоченный орган) – государственный орган, осуществляющий государственное регулирование в области охраны товарных знаков, знаков обслуживания, географических указаний и наименований мест происхождения товаров, изобретений, полезных моделей, промышленных образцов, селекционных достижений, а также топологий интегральных микросхем;

      10) веб-портал "электронного правительства" (далее – портал) – информационная система, представляющая собой единое окно доступа ко всей консолидированной правительственной информации, включая нормативную правовую базу, и к государственным услугам, услугам по выдаче технических условий на подключение к сетям субъектов естественных монополий и услугам субъектов квазигосударственного сектора, оказываемым в электронной форме;

      11) платежный шлюз "электронного правительства" (далее – ПШЭП) – информационная система, автоматизирующая процессы передачи информации о проведении платежей в рамках оказания возмездных услуг, оказываемых в электронной форме;

      12) электронная цифровая подпись (далее – ЭЦП) – набор электронных цифровых символов, созданный средствами ЭЦП и подтверждающий достоверность электронного документа, его принадлежность и неизменность содержания.

Глава 2. Порядок предоставления выписки из Государственных реестров селекционных достижений, изобретений, полезных моделей, промышленных образцов, товарных знаков, географических указаний и наименований мест происхождения товаров, топологий интегральных микросхем

      3. Выписки из Государственных реестров предоставляются экспертной организацией.

      4. Для получения выписки заявитель в экспертную организацию представляет ходатайство о предоставлении выписки из Государственных реестров селекционных достижений, изобретений, полезных моделей, промышленных образцов, товарных знаков, географических указаний и наименований мест происхождения товаров, топологий интегральных микросхем согласно приложению 1 к настоящим Правилам (далее – ходатайство о предоставлении выписки).

      5. Услуга оказывается на платной основе в соответствии с ценами экспертной организации, размещенными в графе "Тарифы" на сайте www.kazpatent.kz.

      Оплата осуществляется безналичным способом через платежный шлюз банка второго уровня, интегрированного c информационной системой экспертной организации newcab.kazpatent.kz, по банковским реквизитам необходимым для оплаты услуг услугодателя, указанным в приложении 2 к настоящим Правилам.

      При направлении заявления через портал в "личном кабинете" автоматически отображается статус о принятии запроса.

      6. При поступлении ходатайства о предоставлении выписки в экспертную организацию присваивается входящий регистрационный номер.

      При обращении заявителя после окончания рабочего времени, в выходные и праздничные дни согласно трудовому законодательству Республики Казахстан и статье 5 Закона Республики Казахстан "О праздниках в Республике Казахстан" прием заявлений на предоставление выписки осуществляется следующим рабочим днем.

      В течение 2 (двух) рабочих дней с момента регистрации документа ответственный исполнитель проверяет факт поступления оплаты за предоставление выписки.

      Сведения о документе, подтверждающем оплату, экспертная организация получает из соответствующей государственной информационной системы через шлюз "электронного правительства".

      При поступлении оплаты ответственный исполнитель в течение 3 (трех) рабочих дней формирует выписку с соответствующими сведениями из Государственных реестров и направляет ее в "личный кабинет" заявителя в электронной форме согласно приложениям 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11 к настоящим Правилам.

      При отсутствии оплаты ответственный исполнитель в течение 3 (трех) рабочих дней готовит мотивированный отказ о предоставлении выписки из государственных реестров селекционных достижений, изобретений, полезных моделей, промышленных образцов, товарных знаков, географических указаний и наименований мест происхождения товаров, топологий интегральных микросхем и направляет его в "личный кабинет" заявителя в электронной форме согласно приложению 12 к настоящим Правилам.

      7. Основаниями для отказа в выдаче выписки из Государственных реестров селекционных достижений, изобретений, полезных моделей, промышленных образцов, товарных знаков, географических указаний и наименований мест происхождения товаров, топологий интегральных микросхем являются отсутствие документа, подтверждающего соответствующую оплату.

      8. Срок рассмотрения ходатайства о предоставлении выписки из Государственного реестра составляет пять рабочих дней.

Глава 3. Выписки из Государственных реестров селекционных достижений, изобретений, полезных моделей, промышленных образцов, товарных знаков, географических указаний и наименований мест происхождения товаров, топологий интегральных микросхем

      9. Экспертная организация предоставляет из Государственных реестров селекционных достижений, изобретений, полезных моделей, промышленных образцов, товарных знаков, географических указаний и наименований мест происхождения товаров, топологий интегральных микросхем следующие выписки:

      1) выписка из Государственного реестра товарных знаков Республики Казахстан согласно приложению 3 к Правилам;

      2) выписка из Государственного реестра географических указаний Республики Казахстан согласно приложению 4 к Правилам;

      3) выписка из Государственного реестра наименований мест происхождения товаров Республики Казахстан согласно приложению 5 к Правилам;

      4) выписка из Государственного реестра изобретений Республики Казахстан согласно приложению 6 к Правилам;

      5) выписка из Государственного реестра полезных моделей Республики Казахстан согласно приложению 7 к Правилам;

      6) выписка из Государственного реестра промышленных образцов Республики Казахстан согласно приложению 8 к Правилам;

      7) выписка из Государственного реестра селекционных достижений Республики Казахстан согласно приложению 9 к Правилам;

      8) выписка из Государственного реестра товарных знаков Республики Казахстан общеизвестный товарный знак согласно приложению 10 к Правилам;

      9) выписка из Государственного реестра топологий интегральных микросхем Республики Казахстан согласно приложению 11 к Правилам.

  Приложение 1
к Правилам предоставления
выписок из Государственных
реестров селекционных
достижений, изобретений,
полезных моделей,
промышленных образцов,
товарных знаков,
географических указаний
и наименований мест
происхождения товаров,
топологий интегральных
микросхем
  Форма

ХОДАТАЙСТВО
о предоставлении выписки из Государственных реестров селекционных достижений,
изобретений, полезных моделей, промышленных образцов, товарных знаков,
географических указаний и наименований мест происхождения товаров,
топологий интегральных микросхем

      Заявитель: _____________________________________________________
(подпись) фамилия, имя, отчество (при его наличии)
Адрес: ________________________________________________________
Вид объекта интеллектуальной собственности ______________________
Номер регистрации или номер патента _____________________________
(Электронная цифровая подпись)

  Приложение 2
к Правилам предоставления
выписок из Государственных
реестров селекционных
достижений, изобретений,
полезных моделей,
промышленных образцов,
товарных знаков,
географических указаний
и наименований мест
происхождения товаров,
топологий интегральных
микросхем
  Форма

Банковские реквизиты, необходимые для оплаты услуг услугодателя

      Получатель: Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного
ведения "Национальный институт интеллектуальной собственности"
Министерства юстиции Республики Казахстан
Адрес: 010000, Республика Казахстан, город Нур-Султан, район Есиль,
проспект Мәңгілік Ел, здание 57А, нежилое помещение 8
БИН: 020940003199
КБЕ: 16
КНП: 859
Наименование банка ИИК БИК:
Акционерное общество "Нурбанк" KZ8584905KZ006015415NURSKZKX
Акционерное общество "Народный Банк Казахстана" KZ386010111000288323
HSBKKZKX, KZ366017111000000792 HSBKKZKX
Дочерний банк акционерного общество "Сбербанк" KZ14914012203KZ0047J
SABRKZKA
Филиал акционерного общество "ForteBank" в городе Нур-Султан
KZ1096503F0007611692IRTYKZKA

  Приложение 3
к Правилам предоставления
выписок из Государственных
реестров селекционных
достижений, изобретений,
полезных моделей,
промышленных образцов,
товарных знаков,
географических указаний
и наименований мест
происхождения товаров,
топологий интегральных
микросхем
  Форма

ВЫПИСКА ИЗ ГОСУДАРСТВЕННОГО РЕЕСТРА ТОВАРНЫХ ЗНАКОВ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

  Дата формирования выписки:
Статус:

(111) Порядковый номер регистрации:

(210) Номер заявки:

(151) Дата регистрации:

(220) Дата подачи заявки:

(450) Дата публикации:

(181) Срок действия регистрации:

(310)-(330) Номер и дата приоритетной заявки:

(540) Изображение товарного знака:

(591) Указание цветов:

(730) Владелец, адрес:

(740) Патентный поверенный

Иной представитель

(511) Перечень товаров и услуг:

(526) Неохраноспособные элементы:

      (Электронная цифровая подпись)

  Приложение 4
к Правилам предоставления
выписок из Государственных
реестров селекционных
достижений, изобретений,
полезных моделей,
промышленных образцов,
товарных знаков,
географических указаний
и наименований мест
происхождения товаров,
топологий интегральных
микросхем
  Форма

ВЫПИСКА ИЗ ГОСУДАРСТВЕННОГО РЕЕСТРА ГЕОГРАФИЧЕСКИХ УКАЗАНИЙ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

  Дата формирования выписки:
Статус:

(111) Номер регистрации

(151) Дата регистрации

(210) Номер заявки

(220) Дата подачи заявки

(730) Владелец, адрес

(540) Название

Географического указания

Вид товара

(450) Дата публикации:

(181) Срок действия

      (Электронная цифровая подпись)

  Приложение 5
к Правилам предоставления
выписок из Государственных
реестров селекционных
достижений, изобретений,
полезных моделей,
промышленных образцов,
товарных знаков,
географических указаний
и наименований мест
происхождения товаров,
топологий интегральных
микросхем
  Форма

ВЫПИСКА ИЗ ГОСУДАРСТВЕННОГО РЕЕСТРА НАИМЕНОВАНИЙ МЕСТ ПРОИСХОЖДЕНИЯ ТОВАРОВ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

  Дата формирования выписки:
Статус:

(111) Номер регистрации

(151) Дата регистрации

(210) Номер заявки

(220) Дата подачи заявки

(730) Владелец, адрес

(540) Наименование

Место происхождения товара

Вид товара

(450) Дата публикации:

(181) Срок действия

      (Электронная цифровая подпись)

  Приложение 6
к Правилам предоставления
выписок из Государственных реестров селекционных
достижений, изобретений,
полезных моделей,
промышленных образцов,
товарных знаков,
географических указаний
и наименований мест
происхождения товаров,
топологий интегральных
микросхем
  Форма

ВЫПИСКА ИЗ ГОСУДАРСТВЕННОГО РЕЕСТРА ИЗОБРЕТЕНИЙ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

  Дата формирования выписки:
Статус:

(11) Номер охранного документа

(12) Словесное обозначение вида документа

(21) Номер заявки

(22) Дата подачи заявки

(31, 32, 33) Приоритетные данные

(51) МПК

(54) Название

(73) Патентообладатель, адрес

(72) Автор (ы)

(74) Патентные поверенные

(85) Дата перевода международной заявки на национальную фазу

(86) Регистрационный номер международной заявки и дата международной подачи

(45) Номер и дата бюллетеня

Срок действия

Изменение:

      (Электронная цифровая подпись)

  Приложение 7
к Правилам предоставления
выписок из Государственных
реестров селекционных
достижений, изобретений,
полезных моделей,
промышленных образцов,
товарных знаков,
географических указаний
и наименований мест
происхождения товаров,
топологий интегральных
микросхем
  Форма

ВЫПИСКА ИЗ ГОСУДАРСТВЕННОГО РЕЕСТРА ПОЛЕЗНЫХ МОДЕЛЕЙ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

  Дата формирования выписки:
Статус:

(11) Номер охранного документа

(12) Словесное обозначение вида документа

(21) Номер заявки

(22) Дата подачи заявки

(31, 32, 33) Приоритетные данные

(51) МПК

(54) Название

(73) Патентообладатель, адрес

(72) Автор (ы)

(74) Патентные поверенные

(85) Дата перевода международной заявки на национальную фазу

(86) Регистрационный номер международной заявки и дата международной подачи

(45) Номер и дата бюллетеня

Срок действия

Изменение:

      (Электронная цифровая подпись)

  Приложение 8
к Правилам предоставления
выписок из Государственных
реестров селекционных
достижений, изобретений,
полезных моделей,
промышленных образцов,
товарных знаков,
географических указаний
и наименований мест
происхождения товаров,
топологий интегральных
микросхем
  Форма

ВЫПИСКА ИЗ ГОСУДАРСТВЕННОГО РЕЕСТРА ПРОМЫШЛЕННЫХ ОБРАЗЦОВ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

  Дата формирования выписки:
Статус:

(11) Номер охранного документа

(12) Словесное обозначение вида документа

(21) Номер заявки

(22) Дата подачи заявки

(31, 32, 33) Приоритетные данные

(51) МКПО

(54) Название промышленного образца

Изображение

(73) Патентообладатель, адрес

(72) Автор (ы)

(74) Патентные поверенные

(45) Номер и дата бюллетеня

Срок действия

Изменение:

      (Электронная цифровая подпись)

  Приложение 9
к Правилам предоставления
выписок из Государственных
реестров селекционных
достижений, изобретений,
полезных моделей,
промышленных образцов,
товарных знаков,
географических указаний
и наименований мест
происхождения товаров,
топологий интегральных
микросхем
  Форма

ВЫПИСКА ИЗ ГОСУДАРСТВЕННОГО РЕЕСТРА СЕЛЕКЦИОННЫХ ДОСТИЖЕНИЙ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

  Дата формирования выписки:
Статус:

(11) Номер охранного документа

(12) Словесное обозначение вида документа

(21) Номер заявки

(22) Дата подачи заявки


(54) Название

(73) Патентообладатель, адрес

(72) Автор (ы)

(74) Патентные поверенные

(45) Номер и дата бюллетеня

Срок действия

Изменение:

      (Электронная цифровая подпись)

  Приложение 10
к Правилам предоставления
выписок из Государственных
реестров селекционных
достижений, изобретений,
полезных моделей,
промышленных образцов,
товарных знаков,
географических указаний
и наименований мест
происхождения товаров,
топологий интегральных
микросхем
  Форма

ВЫПИСКА ИЗ ГОСУДАРСТВЕННОГО РЕЕСТРА ТОВАРНЫХ ЗНАКОВ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН ОБЩЕИЗВЕСТНЫЙ ТОВАРНЫЙ ЗНАК

  Дата формирования выписки:
Статус:

(111) Порядковый номер регистрации:

(220) Дата подачи заявки:

(151) Дата регистрации:

(181) Срок действия регистрации:

(152) Дата признания общеизвестным

(450) Дата публикации:

(540) Изображение общеизвестного товарного знака:
(591) Указание цветов:

(730) Владелец, адрес:
(740) Патентный поверенный
Иной представитель

(511) Перечень товаров и услуг:

Изменение:

      (Электронная цифровая подпись)

  Приложение 11
к Правилам предоставления
выписок из Государственных
реестров селекционных
достижений, изобретений,
полезных моделей,
промышленных образцов,
товарных знаков,
географических указаний
и наименований мест
происхождения товаров,
топологий интегральных
микросхем
  Форма

ВЫПИСКА ИЗ ГОСУДАРСТВЕННОГО РЕЕСТРА ТОПОЛОГИЙ ИНТЕГРАЛЬНЫХ МИКРОСХЕМ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

  Дата формирования выписки:
Статус:

(11) Номер регистрации (свидетельства):

(12) Словесное обозначение вида документа

(15) Дата регистрации:

(21) Номер заявки:

(22) Дата подачи заявки:

(54) Наименование топологии интегральной микросхемы:

(73) Правообладатель, адрес:

(72) Автор(ы):

(45) Дата публикации:

      (Электронная цифровая подпись)

  Приложение 12
к Правилам предоставления
выписок из Государственных
реестров селекционных
достижений, изобретений,
полезных моделей,
промышленных образцов,
товарных знаков,
географических указаний
и наименований мест
происхождения товаров,
топологий интегральных
микросхем
  Форма

МОТИВИРОВАННЫЙ ОТКАЗ
о предоставлении выписки из государственных реестров селекционных достижений,
изобретений, полезных моделей, промышленных образцов, товарных знаков,
географических указаний и наименований мест происхождения товаров,
топологий интегральных микросхем

      Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Национальный институт интеллектуальной собственности" в связи с отсутствием оплаты, представленных заявителем отказывает в выдаче выписки из государственных реестров селекционных достижений, изобретений, полезных моделей, промышленных образцов, товарных знаков, географических указаний и наименований мест происхождения товаров, топологий интегральных микросхем.
(Электронная цифровая подпись)