Селекциялық жетістіктердің, өнертабыстардың, пайдалы модельдердің, өнеркәсіптік үлгілердің, тауар белгілерінің және тауар шығарылған жерлер атауларының, интегралдық микросхемалар топологияларының мемлекеттік тізілімдерінен үзінді көшірмелер беру қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 28 тамыздағы № 1313 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 29 тамызда № 17327 болып тіркелді.

      "Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы" 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 3-1-бабының 2-тармағының 2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының Патент Заңы"1999 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 2-тармағының 2) тармақшасына, "Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы" 1999 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабының 2-тармағының 2) тармақшасына және "Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау туралы" 2001 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Селекциялық жетістіктердің, өнертабыстардың, пайдалы модельдердің, өнеркәсіптік үлгілердің, тауар белгілерінің және тауар шығарылған жерлер атауларының, интегралдық микросхемалар топологияларының мемлекеттік тізілімдерінен үзінді көшірмелер беру қағидалары бекітілсін.

      2. Зияткерлік меншік құқығы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны ресми жариялануы үшін және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына қазақ және орыс тілдерінде жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Әділет министрі
М.Бекетаев

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2018 жылғы 28 тамыздағы
№ 1313 бұйрығымен бекітілген

Селекциялық жетістіктердің, өнертабыстардың, пайдалы модельдердің, өнеркәсіптік үлгілердің, тауар белгілерінің және тауар шығарылған жерлер атауларының, интегралдық микросхемалар топологияларының мемлекеттік тізілімдерінен үзінді көшірмелер беру қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 15.06.2021 № 508 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1 тарау. Жалпы ережелер.

      1. Осы Селекциялық жетістіктердің, өнертабыстардың, пайдалы модельдердің, өнеркәсіптік үлгілердің, тауар белгілерінің және тауар шығарылған жерлер атауларының, интегралдық микросхемалар топологияларының мемлекеттік тізілімдерінен үзінді көшірмелер беру қағидасы (бұдан әрі – Қағидалар) "Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 3-1-бабының 2-тармағының 2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының Патент Заңы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 2-тармағының 2) тармақшасына, "Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабының 2-тармағының 2) тармақшасына, "Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 2) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының Селекциялық жетістіктерінің мемлекеттік тізілімінен, Өнертабыстарының мемлекеттік тізілімінен, Пайдалы модельдерінің мемлекеттік тізілімінен, Өнеркәсіптік үлгілерінің мемлекеттік тізілімінен, Тауар белгілерінің және тауар шығарылған жерлер атауларының мемлекеттік тізілімінен, Интегралдық микросхемалар топологияларының мемлекеттік тізілімінен (бұдан әрі – Мемлекеттік тізілім) үзінді көшірмелерін беру тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидада мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:

      1) өтініш беруші – Қазақстан Республикасының Селекциялық жетістіктерінің, өнертабыстарының, пайдалы модельдерінің, өнеркәсіптік үлгілерінің, тауар белгілерінің және тауарлар шығарылған жер атауларының , интегралдық микросхемалар топологияларының мемлекеттік тізілімінен үзінді көшірмені ұсынуға өтініш берген жеке немесе заңды тұлға;

      2) Пайдалы модельдердің мемлекеттік тізілімі – Тіркелген пайдалы модельдердің мемлекеттік тізілімі;

      3) патенттік сенім білдірілген өкілдер – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілетті орган мен сараптама жасау ұйымы алдында өкілдік етуге құқық берілген Қазақстан Республикасының азаматтары;

      4) сараптама ұйымы – Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, өз қызметінде уәкілетті органға ведомстволық бағынысты ұйым;

      5) Селекциялық жетiстiктердiң мемлекеттiк тiзiлiмi – Қазақстан Республикасының қорғалатын өсiмдiк сорттарының мемлекеттiк тiзiлiмi мен Қазақстан Республикасының патенттер берiлген сорттарды, тұқымдарды қамтитын қорғалатын жануарлар тұқымдарының мемлекеттiк тiзiлiмi;

      6) тауар белгісінің иесі (құқық иеленуші) немесе тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқығының иесі – Заңға сәйкес тауар белгісіне айрықша құқыққа немесе тауар шығарылған жердің атауын пайдалануға айрықша құқыққа ие жеке немесе заңды тұлға;

      7) Тауар шығарылған жерлер атауларының мемлекеттік тізілімі – Тіркелген тауардың шығарылған жерінің мемлекеттік тізімі;

      8) уәкілетті мемлекеттік орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – зияткерлік меншік құқықтарын сақтау және қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруды және іске асыруды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын мемлекеттік орган;

      9) "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, барлық шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесін білдіретін ақпараттық жүйе;

      10) "электрондық үкімет" төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) – электрондық нысанда көрсетілетін ақылы қызметтер көрсету шеңберінде төлемдер жүргізу туралы ақпаратты беру процесін автоматтандыратын ақпараттық жүйе;

      11) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар терімі.

2-тарау. Селекциялық жетістіктердің, өнертабыстардың, пайдалы модельдердің, өнеркәсіптік үлгілердің, тауар белгілерінің және тауар шығарылған жерлер атауларының, интегралдық микросхемалар топологияларының мемлекеттік тізілімдерінен үзінді көшірмелер беру тәртібі

      3. Мемлекеттік тізілімдерден үзінділерді Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Ұлттық зияткерлік меншік институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – сараптама ұйымы) ұсынады.

      4. Өтініш беруші үзінді көшірме алу үшін сараптама ұйымына осы қағиданың 1-қосымшасына сәйкес селекциялық жетістіктердің, өнертабыстардың, пайдалы модельдердің, өнеркәсіптік үлгілердің, тауар белгілерінің және тауар шығарылған жер атауларының, интегралдық микросхемалар топологияларының мемлекеттік тізілімдерінен үзінді көшірме беру туралы өтінішхат (бұдан әрі – үзінді көшірме беру тулары өтінішхат) ұсынуы қажет.

      5. Қызмет www.kazpatent.kz сайтындағы "Тарифтер" бағанында орналастырылған сараптама ұйымының бағаларына сәйкес ақылы негізде көрсетіледі.

      Төлем қолма-қол ақшасыз аударым тәсілімен көрсетілетін қызметті берушінің "newscab.kazpatent.kz" ақпараттық жүйесімен түйістірілген екінші деңгейлі банктің төлем шлюзі арқылы, осы қағиданың 2-қосымшасында көрсетілген банктік ревизиттер бойынша жүзеге асырылады.

      Өтінішті портал арқылы жіберген кезде "жеке кабинетте" өтініштің қабылданғаны туралы мәртебе автоматты түрде көрсетіледі.

      6. Сараптама ұйымына үзінді көшірме беру туралы өтініш түскен кезде кіріс тіркеу нөмірі енгізіледі.

      Өтініш беруші жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес үзінді көшірме беруге өтініштерді қабылдау келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      Жауапты орындаушы құжатты тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде үзінді көшірмені ұсыну үшін төлемнің түсу фактісін тексереді.

      Төлемді растайтын құжат туралы мәліметтерді сараптама ұйымы "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйеден алады.

      Төлем түскен кезде жауапты орындаушы 3 (үш) жұмыс күні ішінде мемлекеттік тізілімдерден тиісті мәліметтері бар үзінді көшірмені қалыптастырады және оны өтініш берушінің "жеке кабинетіне" осы қағидаларғдың 3, 4 5, 6, 7, 8, 9, 10-қосымшаларына сәйкес электрондық нысанда жолдайды.

      Төлем болмаған жағдайда жауапты орындаушы 3 (үш) жұмыс күні ішінде дәлелді бас тартуды дайындайды және оны осы қағидалардың 11-қосымшасына сәйкес электрондық нысанда өтініш берушінің "жеке кабинетіне" жолдайды.

      7. Селекциялық жетістіктердің, өнертабыстардың, пайдалы модельдердің, өнеркәсіптік үлгілердің, тауар белгілерінің және тауарлар шығарылған жерлер атауларының, интегралдық микросхемалар топологияларының мемлекеттік тізілімдерінен үзінді көшірме беруден бас тарту үшін тиісті төлемді растайтын құжаттың болмауы негіз болып табылады.

      8. Мемлекеттік тізілімнен үзінді көшірме беру туралы өтінішхатты қарау мерзімі 5 (бес) жұмыс күнін құрайды.

3-тарау. Селекциялық жетістіктердің, өнертабыстардың, пайдалы модельдердің, өнеркәсіптік үлгілердің, тауар белгілерінің және тауар шығарылған жерлер атауларының, интегралдық микросхемалар топологияларының мемлекеттік тізілімдерінен үзінді көшірмелер

      9. Сараптама ұйымы Селекциялық жетістіктердің, өнертабыстардың, пайдалы модельдердің, өнеркәсіптік үлгілердің, тауар белгілерінің және тауар шығарылған жерлер атауларының, интегралдық микросхемалар топологияларының мемлекеттік тізілімдерінен мынадай үзінді көшірмелер ұсынады:

      1) Қағиданың 3-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы тауар белгілерінің мемлекеттік тізілімінен үзінді көшірме;

      2) Қағиданың 4-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының тауарлар шығарылған жерлер атауларының мемлекеттік тізілімінен үзінді көшірме;

      3) Қағиданың 5-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының өнертабыстарының мемлекеттік тізілімінен үзінді көшірме;

      4) Қағиданың 6-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының пайдалы модельдерінің мемлекеттік тізілімінен үзінді көшірме;

      5) Қағиданың 7-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік үлгілерінің мемлекеттік тізілімінен үзінді көшірме;

      6) Қағиданың 8-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы селекциялық жетістіктерінің мемлекеттік тізілімінен үзінді көшірме;

      7) Қағиданың 9-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының тауар белгісінің мемлекеттік тізілімінен жалпыға ортақ тауар белгісінен үзінді көшірме;

      8) Қағиданың 10-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының интегралдық микросхемалар топологияларының мемлекеттік тізілімінен үзінді көшірме.

  Селекциялық жетістіктердің,
өнертабыстардың, пайдалы
модельдердің, өнеркәсіптік
үлгілердің, тауар белгілерінің
және тауар шығарылған жерлер
атауларының, интегралдық
микросхемалар
топологияларының мемлекеттік
тізілімдерінен үзінді көшірмелер
беру қағидасына
1-қосымша
  Нысан

Селекциялық жетістіктердің, өнертабыстардың, пайдалы модельдердің, өнеркәсіптік үлгілердің, тауар белгілерінің және тауар шығарылған жерлер атауларының, интегралдық микросхемалар топологияларының мемлекеттік тізілімдерінен үзінді көшірмелер беру туралы ӨТІНІШХАТ

      Өтініш беруші: ____________________________________________________________

      (қолы)                  аты, тегі, әкесінің аты (болған жағдайда)

      Мекенжайы: _______________________________________________________________

      Зияткерлік меншік объектісінің түрі ___________________________________________

      Тіркеу нөмірі немесе патент нөмірі ____________________________________________

      (Электрондық цифрлық қолтаңба)

  Селекциялық жетістіктердің,
өнертабыстардың, пайдалы
модельдердің, өнеркәсіптік
үлгілердің, тауар белгілерінің
және тауар шығарылған жерлер
атауларының, интегралдық
микросхемалар
топологияларының мемлекеттік
тізілімдерінен үзінді көшірмелер
беру қағидасына
2-қосымша
  Нысан

Мемлекеттік баж төлеу үшін көрсетілетін қызметті берушінің қажетті банк деректемелері

      Қабылдаушы: Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Ұлттық зияткерлік меншік институты" шарушылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны

      Мекенжайы: 010000, Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 57А ғимараты, тұрғын емес үй-жай 8

      БСН: 020940003199

      КБЕ: 16

      ТБК: 859

      Банк атауы ЖСК БСК

      "Нұрбанк" акционерлік қоғамы KZ8584905KZ006015415NURSKZKX

      "Қазақстанның Халық Банкі" акционерлік қоғамы KZ386010111000288323

      HSBKKZKX, KZ366017111000000792 HSBKKZKX

      "Сбербанк" акционерлік қоғамының еншілес банкі KZ14914012203KZ0047J SABRKZKA

      Нұр-Сұлтан қаласындағы "ForteBank" акционерлік қоғамының филиалы KZ1096503F0007611692IRTYKZKA

  Селекциялық жетістіктердің,
өнертабыстардың, пайдалы
модельдердің, өнеркәсіптік
үлгілердің, тауар белгілерінің
және тауар шығарылған жерлер
атауларының, интегралдық
микросхемалар
топологияларының мемлекеттік
тізілімдерінен үзінді көшірмелер
беру қағидасына
3-қосымша
  Нысан

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТАУАР БЕЛГІЛЕРІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЗІЛІМІНЕН ҮЗІНДІ КӨШІРМЕЛЕР

  Үзінді көшірмелердің жасау күні:
  Мәртебесі

(111) Тіркеудің реттік нөмірі:

(210) Өтінім нөмірі:

(151) Тіркелген күні:

(220) Өтінім берілген күн:

(450) Жарияланған күні:

(181) Тіркеу мерзімі:

(310) - (330) Басымдық өтінімнің нөмірі мен күні:

(540) Тауар белгісінің бейнесі:

(591) Түстерді көрсету:

(730) Иесі:

(740) Патенттік сенім білдірілген өкіл:

Басқа өкіл

(511) Тауарлар мен қызметтердің тізімі:

(526) Қорғалмайтын элементтер:

      (Электрондық цифрлық қолтаңба)

  Селекциялық жетістіктердің,
өнертабыстардың, пайдалы
модельдердің, өнеркәсіптік
үлгілердің, тауар белгілерінің
және тауар шығарылған жерлер
атауларының, интегралдық
микросхемалар
топологияларының мемлекеттік
тізілімдерінен үзінді көшірмелер
беру қағидасына
4-қосымша
  Нысан

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТАУАР ШЫҒАРЫЛҒАН ЖЕРЛЕРІНІҢ АТАУЛАРЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЗІЛІМІНЕН ҮЗІНДІ КӨШІРМЕЛЕР

  Үзінді көшірмелердің жасау күні:
  Мәртебесі

(111) Тіркеу нөмірі:

(151) Тіркелген күні:

(210) Өтінім нөмірі:

(220) Өтінім берілген күн:

(730) Иесі:

(540) Атауы:

Тауардың шығарылған жері:

Тауар түрі:

(450) Жарияланған күні:

(181) Жарамдылық мерзімі:

      (Электрондық цифрлық қолтаңба)

  Селекциялық жетістіктердің,
өнертабыстардың, пайдалы
модельдердің, өнеркәсіптік
үлгілердің, тауар белгілерінің
және тауар шығарылған жерлер
атауларының, интегралдық
микросхемалар
топологияларының мемлекеттік
тізілімдерінен үзінді көшірмелер
беру қағидасына
5-қосымша
  Нысан

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӨНЕРТАБЫСТАРЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЗІЛІМІНЕН ҮЗІНДІ КӨШІРМЕЛЕР

  Үзінді көшірмелердің жасау күні:
  Мәртебесі

(11) Қорғау құжатының нөмірі:

(12) Құжат түрінің ауызша белгіленуі:

(21) Өтінім нөмірі:

(22) Өтінім берілген күн:

(31, 32, 33) басымдық деректері:

(51) ХПК:

(54) Атауы:

(73) Патент иесі:

(72) Автор (лар) :

(74) Патенттік сенім білдірілген өкілдер:

(85) Халықаралық өтінімді ұлттық фазаға ауыстыру күні:

(86) Халықаралық өтінімнің тіркеу нөмірі және халықаралық өтінім берілген күн:

(45) Бюллетеннің нөмірі мен күні:

Қолданылу мерзімі:

Өзгерту:

      (Электрондық цифрлық қолтаңба)

  Селекциялық жетістіктердің,
өнертабыстардың, пайдалы
модельдердің, өнеркәсіптік
үлгілердің, тауар белгілерінің
және тауар шығарылған жерлер
атауларының, интегралдық
микросхемалар
топологияларының мемлекеттік
тізілімдерінен үзінді көшірмелер
беру қағидасына
6-қосымша
  Нысан

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПАЙДАЛЫ МОДЕЛЬДЕРІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЗІЛІМІНЕН ҮЗІНДІ КӨШІРМЕЛЕР

  Үзінді көшірмелердің жасау күні:
  Мәртебесі

(11) Қорғау құжатының нөмірі:

(12) Құжат түрінің ауызша белгіленуі:

(21) Өтінім нөмірі:

(22) Өтінім берілген күн:

(31, 32, 33) Басымдық деректері:

(51) ХПК:

(54) Атауы:

(73) Патент иесі:

(72) Автор (лар) :

(74) Патенттік сенім білдірілген өкілдер:

(85) Халықаралық өтінімді ұлттық фазаға ауыстыру күні:

(86) Халықаралық өтінімнің тіркеу нөмірі және халықаралық өтінім берілген күн:

(45) Бюллетеннің нөмірі мен күні:

Қолданылу мерзімі:

Өзгерту:

      (Электрондық цифрлық қолтаңба)

  Селекциялық жетістіктердің,
өнертабыстардың, пайдалы
модельдердің, өнеркәсіптік
үлгілердің, тауар белгілерінің
және тауар шығарылған жерлер
атауларының, интегралдық
микросхемалар
топологияларының мемлекеттік
тізілімдерінен үзінді көшірмелер
беру қағидасына
7-қосымша
  Нысан

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӨНЕРКӘСІПТІК ҮЛГІЛЕРІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЗІЛІМІНЕН ҮЗІНДІ КӨШІРМЕЛЕР

  Үзінді көшірмелердің жасау күні:
  Мәртебесі

(11) Қорғау құжатының нөмірі

(12) Құжат түрінің сөздік белгіленуі

(21) Өтінім нөмірі

(22) Өтінім берілген күн

(31, 32, 33) Басымдық деректері

(51) МКПО

(54) Өнеркәсіптік үлгінің атауы

Суреті

(73) Патент иесі

(72) Автор (лар))

(74) Патенттік сенім білдірілген өкілдер

(45) Бюллетеннің нөмірі мен күні

Қолданылу мерзімі

Өзгерту:

      (Электрондық цифрлық қолтаңба)

  Селекциялық жетістіктердің,
өнертабыстардың, пайдалы
модельдердің, өнеркәсіптік
үлгілердің, тауар белгілерінің
және тауар шығарылған жерлер
атауларының, интегралдық
микросхемалар
топологияларының мемлекеттік
тізілімдерінен үзінді көшірмелер
беру қағидасына
8-қосымша
  Нысан

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СЕЛЕКЦИЯЛЫҚ ЖЕТІСТІКТЕРІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЗІЛІМІНЕН ҮЗІНДІ КӨШІРМЕЛЕР

  Үзінді көшірмелердің жасау күні:
  Мәртебесі

(11) Қорғау құжатының нөмірі:

(12) Құжат түрінің ауызша белгіленуі:

(21) Өтінім нөмірі:

(22) Өтінім берілген күн:


(54) Атауы:

(73) Патент иесі:

(72) Автор (лар):

(74) Патенттік сенім білдірілген өкілдер:

(45) Бюллетеннің нөмірі мен күні:

Қолданылу мерзімі:

Өзгерту:

      (Электрондық цифрлық қолтаңба)

  Селекциялық жетістіктердің,
өнертабыстардың, пайдалы
модельдердің, өнеркәсіптік
үлгілердің, тауар белгілерінің
және тауар шығарылған жерлер
атауларының, интегралдық
микросхемалар
топологияларының мемлекеттік
тізілімдерінен үзінді көшірмелер
беру қағидасына
9-қосымша
  Нысан

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТАУАР БЕЛГІСІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЗІЛІМІНЕН ЖАЛПЫҒА ОРТАҚ ТАУАР БЕЛГІСІНЕН ҮЗІНДІ КӨШІРМЕЛЕР

  Үзінді көшірмелердің жасау күні:
  Мәртебесі

(111) Тіркеудің реттік нөмірі:

(220) Өтінім берілген күн:

(151) Тіркелген күні:

(181) Тіркеу мерзімі:

(152) Жалпыға мәлім деп танылған күн:

(450) Жарияланған күні:

(540) Танымал тауар белгісінің бейнесі:

(591) Түстерді көрсету:

(730) Иесі:

(740) Патенттік сенім білдірілген өкіл:

Басқа өкіл

(511) Тауарлар мен қызметтердің тізімі:

Өзгерту:

      (Электрондық цифрлық қолтаңба)

  Селекциялық жетістіктердің,
өнертабыстардың, пайдалы
модельдердің, өнеркәсіптік
үлгілердің, тауар белгілерінің
және тауар шығарылған жерлер
атауларының, интегралдық
микросхемалар
топологияларының мемлекеттік
тізілімдерінен үзінді көшірмелер
беру қағидасына
10-қосымша
  Нысан

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ИНТЕГРАЛДЫҚ МИКРОСХЕМАЛАР ТОПОЛОГИЯЛАРЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЗІЛІМІНЕН ҮЗІНДІ КӨШІРМЕЛЕР

  Үзінді көшірмелердің жасау күні:
  Мәртебесі

(11) Тіркеу нөмірі (куәлік):

(12) Құжат түрінің сөздік белгіленуі

(15) Тіркелген күні:

(21) Өтінім нөмірі:

(22) Өтінім берілген күн:

(54) Интегралдық микросхема топологиясының атауы:

(73) Құқық иесі:

(72) Автор (лар):

(45) Жарияланған күні:

      (Электрондық цифрлық қолтаңба)

  Селекциялық жетістіктердің,
өнертабыстардың, пайдалы
модельдердің, өнеркәсіптік үлгілердің, тауар белгілерінің
және тауар шығарылған жерлер
атауларының, интегралдық
микросхемалар
топологияларының мемлекеттік
тізілімдерінен үзінді көшірмелер
беру қағидасына
11-қосымша
  Нысан

Селекциялық жетістіктердің, өнертабыстардың, пайдалы модельдердің, өнеркәсіптік үлгілердің, тауар белгілерінің және тауар шығарылған жерлер атауларының, интегралдық микросхемалар топологияларының мемлекеттік тізілімдерінен үзінді көшірмелер беруден ДӘЛЕЛДІ БАС ТАРТУ

      "Ұлттық зияткерлік меншік институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны өтініш беруші ұсынған төленгенін растайтын құжаттың болмауына байланысты селекциялық жетістіктердің, өнертабыстардың, пайдалы модельдердің, өнеркәсіптік үлгілердің, тауар белгілерінің және тауар шығарылған жерлер атауларының, интегралдық микросхемалар топологияларының мемлекеттік тізілімдерінен үзінді көшірмелер беруден бас тартады.

      (Электрондық цифрлық қолтаңба)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады