2019 жылға арналған студенттерді, магистранттар мен докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырысты бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2018 жылғы 14 қыркүйектегі № 467 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 18 қыркүйекте № 17382 болып тіркелді

      "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 2-3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 2019 жылға арналған студенттерді, магистранттар мен докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырыс бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Бюджеттік жоспарлау департаменті (С.А. Жақыпова) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Б.А. Асыловаға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
міндетін атқарушы
Б. Асылова

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
міндетін атқарушысының
2018 жылғы 14 қыркүйектегі
№ 467 бұйрығына
қосымша

2019 жылға арналған студенттерді, магистранттар мен докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырыс

Студенттерді, магистранттар мен докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге арналған мемлекеттік тапсырысты орналастыру шеңберінде қаржыландырудың жылдық көлемі

Жатақханалардағы жаңа орындардың саны

Жатақхана құрылысы жағдайында жатақханадағы бір орын үшін студенттерді, магистранттар мен докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге
мемлекеттік тапсырыстың жылдық мөлшері

Реконструкциялау жағдайында жатақханадағы бір орын үшін студенттерді, магистранттар мен докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге
мемлекеттік тапсырыстың жылдық мөлшері

1 047 875 000 теңге

5 000

Жатақхананы пайдалануға енгізу жылына сәйкес қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 122 еселенген мөлшері

Жатақхананы пайдалануға енгізу жылына сәйкес қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 47 еселенген мөлшері


Об утверждении государственного заказа на обеспечение студентов, магистрантов и докторантов местами в общежитиях на 2019 год

Приказ и.о. Министра образования и науки Республики Казахстан от 14 сентября 2018 года № 467. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 18 сентября 2018 года № 17382

      В соответствии с подпунктом 2-3) статьи 5 Закона Республики Казахстан от 27 июля 2007 года "Об образовании" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить государственный заказ на обеспечение студентов, магистрантов и докторантов местами в общежитиях на 2019 год согласно приложению к настоящему приказу.

      2. Департаменту бюджетного планирования Министерства образования и науки Республики Казахстан (Джакипова С.А.) в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации настоящего приказа направление его копии в бумажном и электронном виде на казахском и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации" для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства образования и науки Республики Казахстан после его официального опубликования;

      4) в течение десяти рабочих дней со дня государственной регистрации настоящего приказа предоставление в Департамент юридической службы Министерства образования и науки Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1), 2) и 3) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на вице-министра образования и науки Республики Казахстан Асылову Б.А.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      И.о. Министра образования и науки
Республики Казахстан
Б. Асылова

  Приложение
к приказу и.о. Министра
образования и науки
Республики Казахстан
от 14 сентября 2018 года № 467

Государственный заказ на обеспечение студентов, магистрантов и докторантов местами в общежитиях на 2019 год

Годовой объем финансирования в рамках размещения государственного заказа на обеспечение студентов, магистрантов и докторантов местами в общежитиях

Количество новых мест в общежитиях

Годовой размер государственного заказа на обеспечение студентов, магистрантов и докторантов местами в общежитиях при строительстве общежития за одно место в общежитии

Годовой размер государственного заказа на обеспечение студентов, магистрантов и докторантов местами в общежитиях при реконструкции за одно место в общежитии

1 047 875 000 тенге

5 000

122-кратный размер месячного расчетного показателя, установленного законом о республиканском бюджете на финансовый год, соответствующий году введения в эксплуатацию общежития

47-кратный размер месячного расчетного показателя, установленного законом о республиканском бюджете на финансовый год, соответствующий году введения в эксплуатацию общежития