"Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 2-3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 2019 жылға арналған студенттерді, магистранттар мен докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырыс бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Бюджеттік жоспарлау департаменті (С.А. Жақыпова) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Б.А. Асыловаға жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушы |
Б. Асылова |
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушысының 2018 жылғы 14 қыркүйектегі № 467 бұйрығына қосымша |
2019 жылға арналған студенттерді, магистранттар мен докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырыс
Студенттерді, магистранттар мен докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге арналған мемлекеттік тапсырысты орналастыру шеңберінде қаржыландырудың жылдық көлемі | Жатақханалардағы жаңа орындардың саны |
Жатақхана құрылысы жағдайында жатақханадағы бір орын үшін студенттерді, магистранттар мен докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге |
Реконструкциялау жағдайында жатақханадағы бір орын үшін студенттерді, магистранттар мен докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге |
1 047 875 000 теңге | 5 000 | Жатақхананы пайдалануға енгізу жылына сәйкес қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 122 еселенген мөлшері | Жатақхананы пайдалануға енгізу жылына сәйкес қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 47 еселенген мөлшері |