Халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органға және Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне ұсынылатын "Астана Хаб" халықаралық технологиялық паркіне тартылған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар туралы мәліметтерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 19 қыркүйектегі № 406 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 17 қазанда № 17558 болып тіркелді.

      "Ақпараттандыру туралы" 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 13-1-бабының 11-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органға және Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне ұсынылатын "Астана Хаб" халықаралық технологиялық паркіне тартылған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар туралы мәліметтерді ұсыну қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Ақпараттандыру департаменті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникациялар министрі
Д. Абаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Еңбек және халықты әлеуметтiк

      қорғау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық қауіпсіздік комитеті

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігінің

      Статистика комитеті

  Қазақстан Республикасы
Ақпарат және коммуникациялар
министрінің
2018 жылғы 19 қыркүйектегі
№ 406 бұйрығымен
бекітілген

Халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органға және Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне ұсынылатын "Астана Хаб" халықаралық технологиялық паркі тартқан шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар туралы мәліметтерді ұсыну қағидалары

      1. Халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органға және Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне ұсынылатын "Астана Хаб" халықаралық технологиялық паркі тартқан шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар туралы мәліметтерді ұсыну қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Ақпараттандыру туралы" 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 13-1-бабының 11-тармағына сәйкес әзірленді және "Астана Хаб" халықаралық технологиялық паркі тартылған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар, сондай-ақ олардың отбасы мүшелері туралы мәліметтерді (бұдан әрі - мәліметтер) халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органға және Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне ұсыну тәртібін айқындайды.

      2. "Астана Хаб" халықаралық технологиялық паркі немесе оның қатысушылары тартқан шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар туралы мәліметтер осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынылады.

      3. "Астана Хаб" халықаралық технологиялық паркі немесе оның қатысушылары тартқан шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың отбасы мүшелері туралы мәліметтер осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынылады.

      4. "Астана Хаб" халықаралық технологиялық паркі осы Қағидалардың 2 және 3-тармақтарында көзделген мәліметтерді тоқсан сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-күнінен кешіктірмей халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органға ұсынады және Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне ұсынады.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 20.07.2023 № 274/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Мәліметтер қағаз тасығышта немесе электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде ұсынылады.

  Халықтың көші-қоны мәселелері
жөніндегі уәкілетті органға және
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қауіпсіздік комитетіне
ұсынылатын "Астана
Хаб"халықаралық
технологиялық паркі тартқан
шетелдіктер мен азаматтығы
жоқ адамдар туралы
мәліметтерді ұсыну
қағидаларына
1-қосымша

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 20.07.2023 № 274/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Ұсынылады: "Астана Хаб" халықаралық технологиялық паркі немесе оның қатысушылары тартқан шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар туралы мәліметтер

      Әкімшілік деректердің нысаны – Астана хаб интернет - ресурста орналастырылған

      Әкімшілік дереккөздер нысанының атауы: "Астана Хаб" халықаралық технологиялық паркі немесе оның қатысушылары тартқан шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар туралы мәліметтер

      Әкімшілік дереккөздер нысанының индексі (нысан атауының әріптік-сандық қысқаша көрінісі): 14-СПИ

      Кезеңділік: тоқсан сайын

      Есепті кезең: есепті тоқсаннан кейінгі бірінші айдың 10-күнінен кешіктірмей

      Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: "Астана Хаб" халықаралық технологиялық паркі

      Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: тоқсан сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-күнінен кешіктірмей халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органға; үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), оның ішінде латын әріптерімен

Туған күні

Азаматтығы (тұрақты тұратын елі)

Паспорттың (жеке басын куәландыратын құжаттың) нөмірі, берілген күні және берген органы

Қазақстан Республикасының аумағында болжамды болу мерзімі (ай, жыл)

Біліктілігі туралы мәліметтер

Визаның қолданыс мерзімін ұзарту туралы мәліметтер (бар болса)

Қазақстан Республикасының аумағына келу мақсаты

Қазақстан Республикасында тұратын жерінің мекен-жайы

      Басшы: _________________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), қолы

      Күні 20___ жылғы "___"_____________

      Мөр орны

      Ескертпе: көрсетілген нысанды толтыру жөніндегі түсіндірмелер осы нысанға қосымшада көзделген.

  Халықтың көші-қоны мәселелері
жөніндегі уәкілетті органға және
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қауіпсіздік комитетіне
ұсынылатын "Астана Хаб"
халықаралық технологиялық
паркі тартқан шетелдіктер мен
азаматтығы жоқ адамдар туралы
мәліметтерді ұсыну
қағидаларына
2-қосымша

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 20.07.2023 № 274/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Ұсынылады: "Астана Хаб" халықаралық технологиялық паркі немесе оның қатысушылары тартқан шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар туралы мәліметтер

      Әкімшілік деректердің нысаны – Астана хаб интернет - ресурста орналастырылған

      Әкімшілік дереккөздер нысанының атауы: "Астана Хаб" халықаралық технологиялық паркі немесе оның қатысушылары тартқан шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар туралы мәліметтер

      Әкімшілік дереккөздер нысанының индексі (нысан атауының әріптік-сандық қысқаша көрінісі): 15-СПИ

      Кезеңділік: тоқсан сайын

      Есепті кезең: есепті тоқсаннан кейінгі бірінші айдың 10-күнінен кешіктірмей

      Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: "Астана Хаб" халықаралық технологиялық паркі

      Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: тоқсан сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-күнінен кешіктірмей халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органға; үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), оның ішінде латын әріптерімен

Туған күні

Азаматтығы (тұрақты тұратын елі)

Олар отбасы мүшелері болып табылатын "Астана Хаб" халықаралық технологиялық паркі немесе оның қатысушылары тартқан тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), оның ішінде латын әріптерімен

Туыстық дәрежесі

Туыстығын растайтын құжаттар туралы мәліметтер (неке қию туралы, туу туралы куәлік немесе туыстығы туралы мәліметтерді растайтын өзге де құжаттар)

Паспорттың (жеке басын куәландыратын құжаттың) нөмірі, берілген күні және берген органы

Визаның қолданыс мерзімін ұзарту туралы мәліметтер (бар болса)

Қазақстан Республикасында тұратын жерінің мекенжайы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

      Басшы: _______________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), қолы

      Күні 20___ жылғы "_____"_____________

      Мөр орны

      Ескертпе: көрсетілген нысанды толтыру жөніндегі түсіндірмелер осы нысанға қосымшада көзделген.


Об утверждении Правил представления сведений о привлеченных иностранцах и лицах без гражданства международным технологическим парком "Астана Хаб", представляемых уполномоченному органу по вопросам миграции населения и Комитету национальной безопасности Республики Казахстан

Приказ Министра информации и коммуникаций Республики Казахстан от 19 сентября 2018 года № 406. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 17 октября 2018 года № 17558.

      В соответствии с пунктом 11 статьи 13-1 Закона Республики Казахстан от 24 ноября 2015 года "Об информатизации" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила представления сведений о привлеченных иностранцах и лицах без гражданства международным технологическим парком "Астана Хаб", представляемых уполномоченному органу по вопросам миграции населения и Комитету национальной безопасности Республики Казахстан.

      2.  Департаменту информатизации Министерства информации и коммуникаций Республики Казахстан обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации настоящего приказа направление его в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации" для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства информации и коммуникаций Республики Казахстан;

      4) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа представление в Юридический департамент Министерства информации и коммуникаций Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1), 2) и 3) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра информации и коммуникаций Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр информации и коммуникаций
Республики Казахстан
Д. Абаев

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство труда и социальной
защиты населения
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Комитет национальной
безопасности
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Комитет по статистике
Министерства национальной
экономики
Республики Казахстан

  Утверждены
приказом Министра
информации и коммуникаций
Республики Казахстан
от 19 сентября 2018 года № 406

Правила представления сведений о привлеченных иностранцах и лицах без гражданства международным технологическим парком "Астана Хаб", представляемых уполномоченному органу по вопросам миграции населения и Комитету национальной безопасности Республики Казахстан

      1. Настоящие Правила представления сведений о привлеченных иностранцах и лицах без гражданства международным технологическим парком "Астана Хаб", представляемых уполномоченному органу по вопросам миграции населения и Комитету национальной безопасности Республики Казахстан (далее – Правила) разработаны в соответствии с пунктом 11 статьи 13-1 Закона Республики Казахстан от 24 ноября 2015 года "Об информатизации" и определяют порядок представления сведений о привлеченных иностранцах и лицах без гражданства, а также о членах их семей (далее – сведения) международным технологическим парком "Астана Хаб" в уполномоченный орган по вопросам миграции населения и в Комитет национальной безопасности Республики Казахстан.

      2. Сведения об иностранцах и лицах без гражданства, привлеченных международным технологическим парком "Астана Хаб" или его участниками, представляются по форме согласно приложению 1 к настоящим Правилам.

      3. Сведения о членах семьи иностранцев и лиц без гражданства, привлеченных международным технологическим парком "Астана Хаб" или его участниками, представляются по форме согласно приложению 2 к настоящим Правилам.

      4. Международный технологический парк "Астана Хаб" представляет сведения, предусмотренные в пунктах 2 и 3 настоящих Правил ежеквартально не позднее 15 числа месяца, следующего за отчетным периодом в уполномоченный орган по вопросам миграции населения и Комитет национальной безопасности Республики Казахстан.

      Сноска. Пункт 4 - в редакции приказа и.о. Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности РК от 20.07.2023 № 274/НҚ (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      5. Сведения представляются на бумажном носителе или в электронном виде на казахском и русском языках.

  Приложение 1
к Правилам представления
сведений о привлеченных
иностранцах и лицах
без гражданства международным
технологическим парком
"Астана Хаб", представляемых
уполномоченному органу
по вопросам миграции населения
и Комитету национальной безопасности
Республики Казахстан

      Сноска. Приложение 1 - в редакции приказа и.о. Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности РК от 20.07.2023 № 274/НҚ (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      Представляется: сведения о привлеченных иностранцах и лицах без гражданства международным технологическим парком "Астана Хаб" или его участниками
Форма административных данных размещена на интернет – ресурсе: Астана Хаб
Наименование формы административных данных: сведения о привлеченных иностранцах и лицах без гражданства международным технологическим парком "Астана Хаб" или его участниками
Индекс формы административных данных (краткое буквенно-цифровое выражение наименования формы): 14-СПИ
Периодичность: ежеквартально
Отчетный период: не позднее 10 числа первого месяца, следующего за отчетным кварталом
Круг лиц, представляющих информацию: международный технологический парк "Астана Хаб"
Срок представления формы административных данных: ежеквартально не позднее 15 числа месяца следующего за отчетным периодом в уполномоченный орган по вопросам миграции населения и Комитет национальной безопасности Республики Казахстан.

Фамилия, имя, отчество (при его наличии), в том числе латинскими буквами

Дата рождения

Гражданство (страна постоянного проживания)

Номер, дата и орган выдачи паспорта (документа, удостоверяющего личность)

Срок предполагаемого пребывания (месяц, год) на территории Республики Казахстан

Сведения о квалификации

Сведения о продлении срока действия визы (при наличии)

Цель пребывания на территорию Республики Казахстан

Адрес места проживания в Республике Казахстан

      Руководитель: __________________________________________________
фамилия, имя, отчество (при его наличии), подпись
Дата "_____"_____________20___года
Место для печати
Примечание: пояснение по заполнению указанной формы предусматривается в приложении к настоящей форме.

  Приложение 2
к Правилам представления сведений
о привлеченных иностранцах
и лицах без гражданства
международным технологическим
парком "Астана Хаб", представляемых
уполномоченному органу
по вопросам миграции населения
и Комитету национальной безопасности
Республики Казахстан

      Сноска. Приложение 2 - в редакции приказа и.о. Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности РК от 20.07.2023 № 274/НҚ (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      Представляется: сведения о привлеченных иностранцах и лицах без гражданства международным технологическим парком "Астана Хаб" или его участниками
Форма административных данных размещена на интернет – ресурсе: Астана хаб
Наименование формы административных данных: сведения о привлеченных иностранцах и лицах без гражданства международным технологическим парком "Астана Хаб" или его участниками
Индекс формы административных данных (краткое буквенно-цифровое выражение наименования формы): 15-СПИ
Периодичность: ежеквартально
Отчетный период: не позднее 10 числа первого месяца, следующего за отчетным кварталом
Круг лиц, представляющих информацию: международный технологический парк "Астана Хаб"
Срок представления формы административных данных: ежеквартально не позднее 15 числа месяца следующего за отчетным периодом в уполномоченный орган по вопросам миграции населения и Комитет национальной безопасности Республики Казахстан.

Фамилия, имя, отчество (при его наличии), в том числе латинскими буквами

Дата рождения

Гражданство (страна постоянного проживания)

Фамилия, имя, отчество (при его наличии), в том числе латинскими буквами, лица, привлеченного международным технологическим парком "Астана Хаб" или его участниками, членами семьи которого они являются

Степень родства

Сведения о документах подтверждающих родство (свидетельство о заключении брака, о рождении или иные документы, подтверждающие сведения о родстве)

Номер, дата и орган выдачи паспорта (документа, удостоверяющего личность)

Сведения о продлении срока действия визы (при наличии)

Адрес места проживания в Республике Казахстан

      Руководитель: _______________________________________________
фамилия, имя, отчество (при его наличии), подпись
Дата "_____"_____________20___года
Место для печати
Примечание: пояснение по заполнению указанной формы предусматривается в приложении к настоящей форме.