"Халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органға және Ұлттық қауіпсіздік комитетіне ұсынылатын "Астана Хаб" халықаралық технологиялық паркі тартқан шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар туралы мәліметтерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 19 қырқүйектегі № 406 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2023 жылғы 20 шiлдедегi № 274/НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 25 шiлдеде № 33153 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің "Халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органға және Ұлттық қауіпсіздік комитетіне ұсынылатын "Астана Хаб" халықаралық технологиялық паркі тартқан шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар туралы мәліметтерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы" 19 қырқүйектегі бұйрығына 2018 жылғы № 406 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17558 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органға және Ұлттық қауіпсіздік комитетіне ұсынылатын "Астана Хаб" халықаралық технологиялық паркі тартқан шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар туралы мәліметтерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. "Астана Хаб" халықаралық технологиялық паркі осы Қағидалардың 2 және 3-тармақтарында көзделген мәліметтерді тоқсан сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-күнінен кешіктірмей халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органға ұсынады және Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне ұсынады.";

      1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      2-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің ақпараттық технологиялар саласын дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрінің
міндетін атқарушы
К. Тулеушин

      "КЕЛЕСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Стратегиялық жоспарлау
және реформалар агенттігі
Ұлттық статистика бюросы

      "КЕЛЕСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қауіпсіздік комитеті

  Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрінің міндетін атқарушы
2023 жылғы 20 шілдедегі
№ 274/НҚ Бұйрыққа
1-қосымша
  Халықтың көші-қоны мәселелері
жөніндегі уәкілетті органға және
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қауіпсіздік комитетіне
ұсынылатын "Астана
Хаб"халықаралық
технологиялық паркі тартқан
шетелдіктер мен азаматтығы
жоқ адамдар туралы
мәліметтерді ұсыну
қағидаларына
1-қосымша

      Ұсынылады: "Астана Хаб" халықаралық технологиялық паркі немесе оның қатысушылары тартқан шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар туралы мәліметтер

      Әкімшілік деректердің нысаны – Астана хаб интернет - ресурста орналастырылған

      Әкімшілік дереккөздер нысанының атауы: "Астана Хаб" халықаралық технологиялық паркі немесе оның қатысушылары тартқан шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар туралы мәліметтер

      Әкімшілік дереккөздер нысанының индексі (нысан атауының әріптік-сандық қысқаша көрінісі): 14-СПИ

      Кезеңділік: тоқсан сайын

      Есепті кезең: есепті тоқсаннан кейінгі бірінші айдың 10-күнінен кешіктірмей

      Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: "Астана Хаб" халықаралық технологиялық паркі

      Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: тоқсан сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-күнінен кешіктірмей халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органға; үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), оның ішінде латын әріптерімен

Туған күні

Азаматтығы (тұрақты тұратын елі)

Паспорттың (жеке басын куәландыратын құжаттың) нөмірі, берілген күні және берген органы

Қазақстан Республикасының аумағында болжамды болу мерзімі (ай, жыл)

Біліктілігі туралы мәліметтер

Визаның қолданыс мерзімін ұзарту туралы мәліметтер (бар болса)

Қазақстан Республикасының аумағына келу мақсаты

Қазақстан Республикасында тұратын жерінің мекен-жайы

      Басшы: _________________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), қолы

      Күні 20___ жылғы "___"_____________

      Мөр орны

      Ескертпе: көрсетілген нысанды толтыру жөніндегі түсіндірмелер осы нысанға қосымшада көзделген.

  Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрінің міндетін атқарушы
2023 жылғы 20 шілдедегі
№ 274/НҚ Бұйрыққа
2-қосымша
  Халықтың көші-қоны мәселелері
жөніндегі уәкілетті органға және
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қауіпсіздік комитетіне
ұсынылатын "Астана Хаб"
халықаралық технологиялық
паркі тартқан шетелдіктер мен
азаматтығы жоқ адамдар туралы
мәліметтерді ұсыну
қағидаларына
2-қосымша

      Ұсынылады: "Астана Хаб" халықаралық технологиялық паркі немесе оның қатысушылары тартқан шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар туралы мәліметтер

      Әкімшілік деректердің нысаны – Астана хаб интернет - ресурста орналастырылған

      Әкімшілік дереккөздер нысанының атауы: "Астана Хаб" халықаралық технологиялық паркі немесе оның қатысушылары тартқан шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар туралы мәліметтер

      Әкімшілік дереккөздер нысанының индексі (нысан атауының әріптік-сандық қысқаша көрінісі): 15-СПИ

      Кезеңділік: тоқсан сайын

      Есепті кезең: есепті тоқсаннан кейінгі бірінші айдың 10-күнінен кешіктірмей

      Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: "Астана Хаб" халықаралық технологиялық паркі

      Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: тоқсан сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-күнінен кешіктірмей халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органға; үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), оның ішінде латын әріптерімен

Туған күні

Азаматтығы (тұрақты тұратын елі)

Олар отбасы мүшелері болып табылатын "Астана Хаб" халықаралық технологиялық паркі немесе оның қатысушылары тартқан тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), оның ішінде латын әріптерімен

Туыстық дәрежесі

Туыстығын растайтын құжаттар туралы мәліметтер (неке қию туралы, туу туралы куәлік немесе туыстығы туралы мәліметтерді растайтын өзге де құжаттар)

Паспорттың (жеке басын куәландыратын құжаттың) нөмірі, берілген күні және берген органы

Визаның қолданыс мерзімін ұзарту туралы мәліметтер (бар болса)

Қазақстан Республикасында тұратын жерінің мекенжайы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

      Басшы: _______________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), қолы

      Күні 20___ жылғы "_____"_____________

      Мөр орны

      Ескертпе: көрсетілген нысанды толтыру жөніндегі түсіндірмелер осы нысанға қосымшада көзделген.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады