"Мемлекеттік статистикалық қызмет және сауда қызметін реттеу салаларындағы ұйымдардың басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 3 наурыздағы № 92 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 8 қазандағы № 22 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 25 қазанда № 17611 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттік статистикалық қызмет және сауда қызметін реттеу салаларындағы ұйымдардың басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 3 наурыздағы № 92 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16626 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 28 наурызда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік статистикалық қызмет және сауда қызметін реттеу салаларындағы ұйымдардың басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларында:

      24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "24. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      білім, гуманитарлық ғылымдар, құқық, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, жаратылыстану ғылымдары, техникалық ғылымдар және технологиялар, ауылшаруашылық ғылымдары, қызмет көрсету мамандықтары бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім және мамандығы бойынша үш жылдан кем емес жұмыс өтілі.";

      27 және 28-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "27. Біліктілікке қойылатын талаптар:

      білім, гуманитарлық ғылымдар, құқық, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, жаратылыстану ғылымдары, техникалық ғылымдар және технологиялар, ауылшаруашылық ғылымдары, қызмет көрсету мамандықтары бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе жұмыс өтіліне қойылатын талаптарсыз тиісті мамандық (біліктілік) бойынша техникалық және кәсіптік (орта арнайы, орта кәсіптік) білім.

      28. Тиісті санатын айқындаумен біліктілікке қойылатын талаптар:

      Біліктілігі жоғары деңгейдегі маман:

      жоғары санатты: білім, гуманитарлық ғылымдар, құқық, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, жаратылыстану ғылымдары, техникалық ғылымдар және технологиялар, ауылшаруашылық ғылымдары, қызмет көрсету мамандықтары бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім және ұлттық санақтарға дайындық және өткізу бойынша бірінші санатты нұсқаушы лауазымындағы үш жылдан кем емес жұмыс өтілі немесе мамандығы бойынша бес жылдан кем емес жұмыс өтілі;

      бірінші санатты: білім, гуманитарлық ғылымдар, құқық, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, жаратылыстану ғылымдары, техникалық ғылымдар және технологиялар, ауылшаруашылық ғылымдары, қызмет көрсету мамандықтары бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім және ұлттық санақтарға дайындық және өткізу бойынша екінші санатты нұсқаушы лауазымындағы үш жылдан кем емес жұмыс өтілі немесе мамандығы бойынша төрт жылдан кем емес жұмыс өтілі;

      екінші санатты: білім, гуманитарлық ғылымдар, құқық, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, жаратылыстану ғылымдары, техникалық ғылымдар және технологиялар, ауылшаруашылық ғылымдары, қызмет көрсету мамандықтары бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім және ұлттық санақтарға дайындық және өткізу бойынша санаты жоқ нұсқаушы лауазымындағы бір жылдан кем емес жұмыс өтілі немесе мамандығы бойынша үш жылдан кем емес жұмыс өтілі.".

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық экономика министрі Т. Сүлейменов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Еңбек және халықты

      әлеуметтік қорғау министрі

      ________________ М. Әбілқасымова

      2018 жылғы "____"_____________

О внесении изменений в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 3 марта 2018 года № 92 "Об утверждении типовых квалификационных характеристик должностей руководителей, специалистов и других служащих организаций в сферах государственной статистической деятельности и регулирования торговой деятельности"

Приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 8 октября 2018 года № 22. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 25 октября 2018 года № 17611

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 3 марта 2018 года № 92 "Об утверждении типовых квалификационных характеристик должностей руководителей, специалистов и других служащих организаций в сферах государственной статистической деятельности и регулирования торговой деятельности" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 16626, опубликован 28 марта 2018 года в Эталонном контрольном банке нормативных-правовых актов Республики Казахстан) следующие изменения:

      в Типовых квалификационных характеристиках должностей руководителей, специалистов и других служащих организаций в сферах государственной статистической деятельности и регулирования торговой деятельности, утвержденных указанным приказом:

      пункт 24 изложить в следующей редакции:

      "24. Требования к квалификации:

      высшее или послевузовское образование по специальностям образование, гуманитарные науки, право, социальные науки, экономика и бизнес, естественные науки, технические науки и технологии, сельскохозяйственные науки, услуги и стаж работы по специальности не менее трех лет.";

      пункты 27 и 28 изложить в следующей редакции:

      "27. Требования к квалификации:

      высшее или послевузовское образование по специальностям образование, гуманитарные науки, право, социальные науки, экономика и бизнес, естественные науки, технические науки и технологии, сельскохозяйственные науки, услуги или техническое и профессиональное (среднее специальное, среднее профессиональное) образование по соответствующей специальности (квалификации) без предъявления требований к стажу работы.

      28. Требования к квалификации с определением соответствующей категории:

      Специалист высшего уровня квалификации:

      высшей категории: высшее или послевузовское образование по специальностям образование, гуманитарные науки, право, социальные науки, экономика и бизнес, естественные науки, технические науки и технологии, сельскохозяйственные науки, услуги и стаж работы в должности инструктора по подготовке и проведению переписей первой категории не менее трех лет или стаж работы по специальности не менее пяти лет;

      первой категории: высшее или послевузовское образование по специальностям образование, гуманитарные науки, право, социальные науки, экономика и бизнес, естественные науки, технические науки и технологии, сельскохозяйственные науки, услуги и стаж работы в должности инструктора по подготовке и проведению переписей второй категории не менее трех лет или стаж работы по специальности не менее четырех лет;

      второй категории: высшее или послевузовское образование по специальностям образование, гуманитарные науки, право, социальные науки, экономика и бизнес, естественные науки, технические науки и технологии, сельскохозяйственные науки, услуги и стаж работы в должности инструктора по подготовке и проведению переписей без категории не менее одного года или стаж работы по специальности не менее трех лет.".

      2. Комитету по статистике Министерства национальной экономики Республики Казахстан обеспечить в установленном законодательством Республики Казахстан порядке:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан направление его в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации" для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) размещение настоящего приказа на интернет – ресурсе Министерства национальной экономики Республики Казахстан;

      4) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Юридический департамент Министерства национальной экономики Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1), 2) и 3) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на первого вице – министра национальной экономики Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр национальной экономики
Республики Казахстан
Т. Сулейменов

      "СОГЛАСОВАН"
Министр труда и социальной
защиты населения
Республики Казахстан
________________ М. Абылкасымова
"____" _____________ 2018 года