"Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы" 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 3-тармағының 55-26) тармақшасына және "Ішкі су көлігі туралы" 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 26-28) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Палубалы шағын көлемді кемелерді техникалық қадағалауды жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.
2. "Шағын көлемді кемелерді техникалық қадағалау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 458 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 16 маусымда № 11351 болып тіркелген, 2015 жылғы 10 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі |
Ж. Қасымбек |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
2018 жылғы "___" __________
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 24 қыркүйектегі бұйрығымен № 669 бекітілген |
Палубалы шағын көлемді кемелерді техникалық қадағалауды жүзеге асыру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Палубалы шағын көлемді кемелерді техникалық қадағалауды жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы" 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 3-тармағының 55-26) тармақшасына және "Iшкi су көлiгi туралы" 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 26-28) тармақшасына сәйкес әзірленді және палубалы шағын көлемді кемелерді техникалық қадағалауды жүзеге асыру тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидалар кеме кітабында мемлекеттік тіркелуге жататын, палубалы шағын көлемді кемелерге қолданылады.
3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) палубалы шағын көлемді кеме – бортқа, арақабырға және тіреуіш бағандарға сүйенетін кеме корпусында тұмсығынан артқы бөлігіне дейін төсемнен және жинақтан тұратын, су өткізбейтін көлденең жабыны бар шағын көлемді кеме;
2) Кеме қатынасының тіркелімі – кемелерді, палубалы шағын көлемді кемелерді сыныптайтын және олардың техникалық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын;
3) техникалық қадағалау – палубалы шағын көлемді кемелерді куәландыру бойынша Кеме қатынасының тіркелімінің қызметі;
4) куәландыру – кеменiң арналуы мен жiктелiмiнiң расталуын есепке ала отырып, оның жүзу қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге бағытталған, техникалық регламенттерде және Кеме қатынасы тiркелiмiнiң ережелерiнде белгiленген талаптарға сәйкес кеменiң техникалық жай-күйiн анықтау мақсатында кеменi қарап шығу;
5) палубалы шағын көлемді кемені куәландыру актісі – Кеме қатынасы тiркелiмiмен берілетін және куәландыру нәтижелерін қамтитын құжат;
6) паналау орнына дейінгі қашықтық – жақын маңайдағы қол жетімді портқа немесе паналау орнына кеме жүруі үшін таңдалған бағдардың нүктесінен жолдың навигациялық жағынан ең қысқа қауіпсіз жағалауынан өлшенетін километрдегі (бұдан әрі – км) барынша рұқсат етілетін қашықтық;
7) паналау орны – кемемен оның қауіпсіздігіне қатер төндіретін мән-жайлар туындаған кезде пана ретінде қолданатын табиғи немесе жасанды қорғалған акватория;
8) қамтамасыз етілуі (h1%) 1 % толқынның биіктігі – нақты толқынның 1 % үзіліссіз ұзақ байқау кезінде көрсетілгеннен артатын биіктікте болған, тұрақсыз толқындату режимін сипаттайтын толқынның биіктігі;
9) қамтамасыз етілуі (h3%) 3 % толқынның биіктігі – нақты толқынның 3 % үзіліссіз ұзақ байқау кезінде көрсетілгеннен артатын биіктікте болған, тұрақсыз толқындату режимін сипаттайтын толқын биіктігі.
2-тарау. Техникалық қадағалауды жүргізу тәртібі
4. Техникалық қадағалау осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кеме иесі өтінімінің негізінде жүзеге асырылады.
5. Техникалық қадағалау нәтижесі бойынша Кеме қатынасы тiркелiмiмен кеме иесіне палубалы шағын көлемді кемені куәландыру актісі беріледі
6. Техникалық куәландыру мынадай кезеңдерден тұрады:
1) бастапқы куәландыру;
2) қайта куәландыру;
3) кезектен тыс куәландыру.
7. Алғашқы куәландыру жағада немесе жүзу кезінде жүргізіледі.
Кемені Кеме қатынасы тiркелiмiнде есепке қою кезінде оның мемлекеттік тіркеу алдында кеменің оның құқық иелігін белгілейтін құжаттарда көрсетілген мәліметтерге нақты сәйкестігін растау үшін кеме алғашқы куәландырудан өтеді.
Бастапқы куәландыру барысында кеме техникалық құралдарының дұрыстығы мен жұмысқа қабілеттілігі, кемеге арналған техникалық құжаттама тексеріледі, оның жүк көтергіштігі мен жолаушы сыйымдылығы, рұқсат етілген қуаты мен қозғалтқыштар (аспалы моторлар) саны, желкендерінің рұқсат етілген алаңы, жүзу аудандары (жағалаудан алшақтығы), су үстіндегі борттың ең төменгі биіктігі, рұқсат етілетін толқын биіктігі, құтқару және өртке қарсы құралдармен, сигнал беру оттарымен, навигациялық және басқа жабдықтармен жарақтандырылуы бойынша шарттар мен техникалық талаптар белгіленеді.
8. Есепке қою мақсатында Бастапқы куәландыруға ұсынылатын палубалы шағын көлемді кеме, осы Қағидаларға 2-қосымшаға (бұдан әрі – 2-қосымша) сәйкес авариялық-құтқару және өзге де жарақтандырулармен жиынтықталады.
9. Қайта куәландыру Бастапқы куәландыру актісінде көрсетілген мерзімі басталғанға дейiн 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізіледі.
Қайта куәландыру жүзу кезінде жүргізіледі.
Егер палубалы шағын көлемді кемені куәландыру нәтижесінде оның сипаттамасы құқық иелігін белгілейтін құжаттарға сәйкес келмейтіндігі немесе кеменің техникалық жай-күйі кеме қатынасының қауіпсіздік талаптарына жауап бермейтіндігі анықталса, анықталған сәйкессіздіктер Куәландыру актісінде көрсетіледі.
10. Кезектен тыс куәландыру мынадай жағдайларда жүргізіледі:
1) жойылмаса кеменің жүзу қауіпсіздігі қамтамасыз етілмейтін бүлінулерден кейін;
2) жүзу қауіпсіздігіне қатер төндіретін ақаулар анықталған жағдайда және кеменің техникалық жай-күйін немесе жүзу ауданын нақтылау кезінде, сондай-ақ Сыныптау куәлігі қолданысының тоқтата тұруына әкеп соққан себептердің жойылуын тексеру үшін;
3) кеме типін, мақсатын және сыныбын (санатын) өзгертпестен, алайда оның конструкциясының және (немесе) жабдығының елеулі өзгеруінен, шағын көлемді кемелердің жөнделуінен немесе жетілдірілуінен кейін;
4) куәландыру актілерімен белгіленген жүзу ауданының немесе маусымдық шектеулердің бұзылуына жол берген кемелер үшін;
5) мемлекеттік қадағалау (бақылау) органдарының және олардың лауазымды тұлғаларының нұсқамалары бойынша;
6) кемені сыныптамалық тіркеуге қою және алу кезінде;
7) кеме үшін белгіленбеген жүзу аудандарынан және маусымдарынан тыс бір жолғы өтуге (айдауға) дайындық кезінде және жүзеге асырғаннан соң;
8) кеме иесінің бастамасы бойынша.
11. Палубалы шағын көлемді кемеге жобалаушы және пайдаланушы құжаттамада (спецификациялары, қолданушыға нұсқама және басқа құжаттамалар) жобалаушымен айқындалған жел жылдамдығының шектеуі белгіленеді.
Кемелерді куәландыру, авариялық жағдайлар кезіндегі шақыруларды есепке алмағанда, куәландыруға дейін кемінде 10 (он) жұмыс күні ішінде Кеме қатынасының тіркеліміне алдын ала жіберілетін өтінімдер бойынша жүзеге асырылады.
12. Әрбір куәландыру алдында Кеме қатынасы тіркелімінің жұмысшысы алдыңғы куәландыру нәтижелерімен танысады және кеме иесінен кемені және оның элементтерін алдыңғы куәландырудан (сынаудан) кейін анықталған ақаулары жойылғаны туралы мәліметтерді алады.
13. Кемені және оның элементтерін куәландыру кеме иесінің немесе аталған кеме элементтері үшін жауапты адамның қатысуымен жүргізіледі.
14. Куәландыру нәтижелері бойынша кеме иесімен мәлімделген жолаушылар санын тасымалдауға кеменің жарамдылығын бортта адамдардың жайғасу орындарының жалпы орналасуы, құтқару құралдарының бар-жоқтығын және осы Қағидалардың басқа талаптарының орындалуы бойынша айқындалады.
1-параграф. Корпусты куәландыру бойынша жалпы талаптар
15. Болаттан, жеңіл қорытпадан, пластмассадан (шыны пластиктен, көп қабатты композициялардан) және ағаштан жасалған палубалы шағын көлемді кемелердің корпустары куәландыруға жатады.
16. Корпусты куәландыру кезінде рубкалардың, кокпиттердің техникалық жай-күйі, люктердің және саңылаулардың жабылуы, леер қоршаулары және торлары тексеріледі.
17. Ұзындығы 12 (он екі) метрден асатын кемелерде адамдар болуы жоспарланған ашық палубаларда берік фальшбортпен немесе леерлі қоршауларумен жарақталады.
Ұзындығы 12 (он екі) метрден кем кемелерде, бұл жағдайда, қондырма немесе рубка периметрі бойынша тұтқа орнатуға рұқсат етіледі.
Командасыз пайдаланылып жатқан өздігінен жүрмейтін кемелерде жүкке арналған трюм мен жүкке арналған бункерлер ауданындағы леерлі қоршауларды жүкке арналған люк немесе жүкке арналған бункердің қабырғасы бойынша шкафутты қырлы бөренемен және тұтқышпен ауыстыруға рұқсат етіледі.
18. Адамдардын орналасуы мен демалуына арналған (күншуақ аймақтары) ашық палубаның қаптамасы және рубкаларының жеке аймақтары қосымша қоршаулармен жабдықталады не кеме жүзуі барысында статистикалық қалыпта адамның сенімді тұрақтылығын қамтамасыз етіледі.
19. Конструктивті өрттен қорғау:
1) осы Қағидаларға 2-қосымшаның 1-кестесіне сәйкес өрт сөндіргіштермен жарақталады;
2) өрт сөндіргіштерге еркін қол жеткізу қамтамасыз етіеді; кем дегенде бір өрт сөндіргіш шағын көлемді кемені басқаруды жүзеге асыратын тұлғалардың қол жетімді жерде болады;
3) адамдар тұратын шағын көлемді кемелерде өрт болған жағдайда сенімді эвакуация құралдары болумен қамтамасыз етіледі;
4) мотор бөліктерінің, май цистерналарымен (бактарымен) қоршаудың және газбен жұмыс істейтін жабдықтар үй-жайының табиғи түрде және күштеп желдетілуі қамтамасыз етіледі;
5) ұзындығы 6 (алты) метрден асатын кемелер үшін негізгі және қосымша сөндіру құралдарының және эвакуация жолдарының орналасуы көрсетілген өрт жоспары болумен қамтамасыз етіледі;
6) отын жүйесінің тораптары шығару жинағышына қарама-қарсы жақта орналастырылады;
7) кеме пиротехникалық құралдарын сақтау үшін тығыз жабылатын, өткізбейтін металл жәшіктің болуымен қамтамасыз етіледі.
20. Ұзындығы 12 (он екі) метрден асатын палубалы шағын көлемді кемелерде іштен жанатын қозғалтқышқа арналған үй-жай өткізбейтін қалқамен қоршалады.
21. Жолаушылар тасымалдауға жарамды палубалы шағын көлемді кемелерде: су ығыстырғыш кемелерде және барлық сыныпты және санатты қолдаудың динамикалық принципті кемелерінде жиһаз бен жабдық заттар берік бекітіледі.
22. Куәландыру:
1) копус тұтастығының су өткізбегіштігін;
2) аралықтардың бар-жоқтығын және орналасуын (көп корпусты кемелер үшін);
3) кокпиттер мен рецесстердің көлемін және орналасуын; люктер мен жапқыштардың орналасуын;
4) орнықтылығын;
5) осы Қағиданың 27-тармағында көрсетілген ақаулардың корпуста және қондырмада болмауын тексеруді қамтиды.
23. Куәландыру үшін кеме бақылауға жататын аудандарға қол жетімді жерде орналасуы тиіс. Кеме иесі жиналған құрғатылған күйдегі корпуспен және қараңғы бөлмемен қамтамасыз етеді.
24. Кеме корпустарының техникалық жай-күйі олардың негізгі байланыстарының тозу деңгейіне, корпустың жалпы және жергілікті беріктілігін төмендететін деформациялар және басқа бүлінулердің болу дәрежесіне қарай анықталады.
25. Корпус қандай материалдардан жасап шығарылғанына қарамастан, кеме корпусының техникалық жай-күйі мынадай жағдайларда жарамсыз деп танылады:
1) үзілу, жалпы қалдық (асыра иіп жіберу) үзілумен, жарықтану, балық жинақ аралықтар мен олардың комингстерінің орнықтылығының жойылуы, палуба төсеніштерінің, борт қаптамаларының, түп көлденең қатты қаптарлануымен немесе белгіленген сынықтардың өзге белгілерімен корпуста бүкпелердің жалпы қалып қойған иілген жері (майысқан жері) болса;
2) кеме су басып кеткен күйде болса;
3) корпус қаптамаларында, су өткізбейтін палубада, аралықтарда, корпус қамтамасының сынығында тесіктер болса;
4) пластмасс корпустардың қаптамаларынан су өткізбеушілігін бұзатын қаптамалардың қатпарлануының, қаптамадан қалыптардың қабатталуының орын алуы анықталса;
5) саңылаусыздық аралықтардың тұтастығы бұзылса;
6) конструкциямен қарастырылған гермобөліктер, жүзгіштік әуе жәшіктері және блоктары болмаса немесе герметизациясын жойса;
7) әуе жәшіктері және гермобөліктері тығыз жабылмаса;
8) транц тақтасы ақауларының болуы немесе оның өлшемдерінің дайындаушы зауыт деректерімен сәйкессіздігі анықталса;
9) дәнекерлеу, тойтармалау, желімдеу, шеге және басқа біріктірулер (тігістерінде желімі ажырау және жарықтары, дәнекерленбей қалу, тігістердің түсуі, тойтармалардың, шегелердің және бұрандама біріктірулерінің түсуі немесе босауы орын алса) бойынша корпус конструкциясы элементтерінің біріктірулерінде бұзылу табылған кезде;
10) жобамен көзделген корпусқа бекіту конструкциясының (бұрандамалар, түйреуіштер, сомындар, тойтармалар және дәнекерленген жік) қираулар немесе болмауы, оның ішінде фальшкильдер, салындылар, дейдвудты және гельмпортты құбырлардың бұрандалы біріктірулерінде бөгеткіш құрылғылардың болмауы орын алса;
11) су аққандығы табылған кезде;
12) экипажды және жолаушыларды қорғау құралдары, ойықтардың жабылуы жөнделмесе;
13) пластмассадан және бакелитті шереден жасалған шағын көлемді кеме корпустарында су ағуға әкелуі мүмкін, көрінетін зақымданулар (қыртыстанулар, кертіктенулер, үйкеленулер, ватерсызықтан төмен орналасқан жөндеу іздері) болса;
14) ағаш шағын көлемді кеме корпусының құрт жеген қуыс, шіріп талқандануы болса.
2-параграф. Болаттан жасалған корпустарды куәландыру бойынша талаптар
26. Ұзындығы 6 (алты) метрден асатын кемелер үшін негізгі байланыс топтарының орташа қалдық қалыңдық осы Қағидаларға 2-қосымшаға 2-кестеде келтірілген.
27. Болаттан жасалған корпусты конструкцияның жергілікті қалдық деформациялары осы Қағидаларға 2-қосымшаға 3-кестеде келтірілген.
28. Корпустың техникалық жай-күйі мынадай жағдайларда жарамсыз деп танылады:
1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға 2-кестеде келтірілген орташа қалдық қалыңдық артатын байланыстың тозуы кезінде;
2) 0,1 асатын f/l қатынасы кезінде, мұндағы f - майысудың барынша шекті жебесі, ал l - майысудың барынша хордасы;
3) гофрлеу және орамның майысу жебесінің мәні осы Қағидаларға 2-қосымшаға 3-кестеде келтірілген жергілікті қалдық деформациясынан асқанда;
4) біріктіру табақтарының шегінен төмен тереңдігінде дәнекерлеу тігістерінде тозық анықталғанда.
3-параграф. Жеңіл қоспалардан жасалған корпустарды куәландыру бойынша талаптар
29. Негізгі байланыс топтарының орташа қалдық қалыңдық осы Қағидаларға 2-қосымшаға 2 және 4-кестеде келтірілген.
30. Жеңіл қоспалы корпусты конструкциялардың жергілікті қалдықты деформациялары осы Қағидаларға 2-қосымшаға 3-кестеде келтірілген.
31. Корпустың техникалық жай-күйі мынадай жағдайларда жарамсыз деп танылады:
1) дюралюминді және тиісінше алюминий-магний қорытпалардан жасалған корпустар оның f/l жоспардағы оның ең кіші мөлшеріне қарай майысқан жердің иілу бағыттамаларының қатынасы 0,05 және 0,07 асқанда;
2) дюралюминий және тиісінше алюминий-магний қорытпаларына арналған гофрлеудің барынша иілу бағыттамалары кеме жиынтығының белдемдері арасындағы арақашықтық 0,03 және 0,05 асқанда;
3) дюралюминді және тиісінше алюминий-магнилі қоспаларына арналған орамдардың барынша иілу бағыттамалары кеме жиынтығының белдемдері арасындағы арақашықтық 0,05 және 0,07 асқанда;
4) тойтармалы біріктірулердің әлсіреуі өткізбегіштік бұзылуына әкеп соққанда;
5) кристал аралық және пленкалы коррозияға (сұр қақ, терең жаралар, металл кебуі және жіктелуі тән) ұшыраған сыртқы қаптама табақтарының және палуба төсеніші ендерінің жиынтығы осы қимадағы негізгі байланыс топтарының енінен 0,2 асқанда.
4-параграф. Кемелердің пластмасс корпустарын куәландыру бойынша талаптар
32. Пластмассадан жасалған корпусты куәландыру осы Қағидалардың 22-тармағына толықтыру ретінде:
1) су өткізбегіштікті;
2) жарықтардың, көрінетін көпіршіктердің, қабықтың қыртыстылуының болмауын;
3) кетіктердің, декоративті қабат жарықтарының, қаптама жарықтарының болмауы;
4) қалыптама жарықтарының, үзілулерінің болмауын тексеруді қамтиды.
5-параграф. Кемелердің ағаш корпустарын куәландыру бойынша талаптар
33. Ағаштан жасалған корпусты куәландыру осы Қағидалардың 22-тармағына толықтыру ретінде мынадай ақаулардың болмауын тексеруді қамтиды:
1) сыртқы қаптамасында, жинағында, шпунт белдемесі маңайында, сабақтарға қосылу маңайында, еспелі білік шығысы, гельмпорт, борт сырты тесіктерінің, цистерналардың, транцтардың, палуба төсенішінде, ватервейстерде, рубка комингстерінде, кокпитте, люктерде, кокпит кұдығында шіру, жарық, сыртқы қаптаманың қабыршақтануын;
2) сыртқы қабық және палуба төсенішіндегі ағаш құртын, механикалық тозуды (үйкелуде), кетіктерді.
34. Ағаштан жасалған корпустың техникалық жай-күйі осы Қағидалардың 27-тармағына толықтыру ретінде мынадай жағдайларда жарамсыз деп танылады:
1) өткізбегіштікті бұзатын қаптама қабыршақтануы, кесілулері, фонер беттерінің тырналулары, біріктірулердің босауы (шруптардың ұяларынан түсуі не босауы) байқалғанда;
2) қаптама және жинақ бойынша жырықтардың пайда болуы;
3) құрт жеген қуыстардың, шірік ошағының орын алғаны белгіленгенде; рұқсат етілген тозу нормаларын есепке ала отырып анықталатын белдеме қалыңдығы шірікті жойғаннан кейінгіден қалыңдығы аз болатындай тереңдікке дейін ағаш қаптаманың шіруі белгіленгенде;
4) металл бекіткіштің бастары олардың биіктігінен 1/3 аса тозса және бұрандама (шеге) диаметрі алғашқы диаметрден 0,1-ден аса кішірейсе.
6-параграф. Орнықтылықты, батпайтындықты, маневрлеуді бағалау. Сынақтар өткізу
35. Шағын көлемді кемелердің орнықтылығын, батпайтындығын, маневрлеуін тексеру кезінде теңізде жүзгіштік қабілеттіктеріне (жүзгіштік, орнықтылық, батпайтындық) сынақтар өткізеді.
36. Палубалы шағын көлемді кемелердің батпайтындығы келесі әдістердің біреуімен қамтамасыз етіледі:
1) корпустың су өткізбейтін аралықтарға бөлінуі;
2) кеме корпусында қалқыма элементтерінің (ауа жәшіктері) орнатылуы.
37. Палубалы шағын көлемді кеменің маневрлеуін сынау кезінде кеменің пайдаланымдағы техникалық құжатаманы басшылыққа алу қажет.
7-параграф. Механизмдерді куәландыру жөніндегі жалпы нұсқаулар
38. Негізгі және қосалқы, соның ішінде палубалы шағын көлемді кемелерде орнатылған бензинді қозғалтқыштарға, редукторларға, реверстік-редукторлы берілістерге, ажыратқыш және басқа муфталарға, білте өткізгіштерге және қозғалтқыштарға, компрессорларға, сорғыларға, желдеткіштерге, сепараторларға және палубалы механизмдерге (бұдан әрі - механизмдер) сынақ барлық штаттық аспаптармен, аппараттармен, қашықтық және автоматты басқару құрылғыларымен және белгі берулермен өткізіледі. Автоматтандыру жабдығын куәландыру және жұмыс істеуін сынау бұл жабдық жататын механизмдермен, құрылғылармен, жүйелермен бірлесе жүргізіледі.
39. Алдағы және жүргізіліп жатқан жөндеулермен және авариялық жағдайлармен байланысты куәландыруларды қоспағанда, куәландыру және жұмыс істеуін тексеру үшін механизмдер ақаусыз күйде ұсынылады.
Куәландыру алдында Кеме қатынастары тіркелімінің жұмысшысы қолда бар құжаттармен (сызбалар, сипаттамалар, схемалар, формулярлар, төлқұжаттар, пайдалану және қызмет көрсету бойынша басшылықтар (нұсқаулықтар), механизмдерге техникалық (сервистік) қызмет көрсету жөніндегі арнайы ұйымдардың қортындылары) танысады.
40. Қазақстан Республикасынан тыс жерде жасап шығарылған қозғалтқыштарды (оның ішінде аспалы) куәландыру кезінде көрсетілген қозғалтқыштардың техникалық жай-күйін айқындайтын оларға техникалық (сервистік) қызмет көрсету жөніндегі арнайы ұйымдар берген құжаттар танылады. Көрсетілген құжаттардың қолданылу мерзімін қозғалтқышты дайындаушы немесе техникалық (сервистік) қызмет көрсету жөніндегі арнайы ұйымдар белгілейді.
Кемемен бірге жеткізілген пайдалану құжаттарында кеме жасаушы кемеде орнатуға рұқсат етілген бензинді қозғалтқыштар туралы ақпаратты, сондай-ақ олардың техникалық сипаттамасы және құрамында бензин бар жабдықты (қозғалтқыштар, бензобактар, құбыр желілері және арматуралар) орналастыру орындары көрсетіледі.
Құрамында бензин бар жабдықты бұндай мақсаттарға арналмаған кеменің отсектарында орнатуға жол берілмейді.
41. Куәландыруларды өткізу кезінде мынадай тексерулерге көңіл бөлінеді:
1) отын жүйесіне (құбыр желілері, арматура, отын цистерналары);
2) сөндіру құралының болуына және ақаусыздығына;
3) қозғалтқышты қашықтан басқару жүйесінің ақаусыздығына (егер, бұл конструкциямен қарастырылса);
4) жүзудің түрлі режимдерінде реверс-редуктордың қосылу (өшірілу), реверстің өздігінен қосылу және өшірілу мүмкіндігін болдырмайтын, реверс тұтқышының "алға", "артқа", "бейтарап" қалыптарында бекіту жеңілдігі;
5) егер бұл конструкцияда көзделсе, реверс қосылып тұрған кезінде қозғалтқышты (моторды) іске қосу бұғаттамасының ақаусыздығы;
6) люфтың немесе ескіш білік (винт) бүлінуінің жоқтығы;
7) қозғалтқыш детальдарында, фундаментінде, кеме корпусының жүйелері мен элементтерінің біріктірулерінде және құбыр желілерінде жарықтың пайда болуына әкеп соғуы мүмікн қозғалтқыш (мотро) жұмысы кезінде елеулі вибрацияның болмауы.
42. Механизмдерді алғашқы куәландыру ауқымы олардың атқарымдарына, техникалық жай-күйіне, техникалық құжаттаманын бар-жоқтығына байланысты белгіленеді.
43. Механизмдерді қайта куәландыруды жүргізу кезінде мынадай тексерулер мен сынақтар өткізіледі:
1) механизмдердің пайдалану құжаттамасын тексеру;
2) қол жетімді орындарда механизмдерді қарау және олардың жұмыс істеуін түрлі режимдерде тексеру;
3) бас және қосалқы қозғалтқыштарды, білік өткізгіштерді, жүйелерді және оларға қызмет көрсетуші құрылғыларды, сондай-ақ рульдік рубкасы бар машиналы бөлімшенің байланыс құралдарын (кеме жобасы бойынша олар болған кезде) тексеру;
4) мәндерін дайындаушы-ұйым белгілеген шектен шықпайтын қозғалтқыштардың жұмыс параметрлерінің сәйкестігін тексеру;
5) қашықтықтан автоматты басқару (қашықтықтан басқару) жұмыс қабілеттігін, қозғалтқыштарды іске қосу, айналым жиілігін өзгерту және реверстеу бойынша берілген барлық командалардың дұрыс және нақты орындалуын тексеру;
6) кемені басқару постынан (рульдік рубкадан) негізгі және қосалқы қозғалтқыштарды авариялық тоқтату құрылғыларының жұмыс істеуін тексеру;
7) автоматты сигнал беру жүйесін (бас және қосалқы қозғалтқыштарды авариялық-ескертпе сигнал берулер, трюмдарда арнау сулардың, сулардың болуын сигналдау және басқаларды), негізгі және қосалқы қозғалтқыштардың бақылау және қорғау аспаптарын тексеру.
44. Механизмдерді кезектен тыс куәландыру кезінде осы Қағидалардың 46-тармағында көрсетілген тексерулер мен сынақтарға қосымша мыналар орындалады:
1) кеме иесі ұсынған механизмдердің ақауын анықтау нәтижесін көрсететін құжаттарды немесе мамандандырылған ұйымдарда техникалық қызмет көрсетуден өткені туралы құжаттарды тексеру;
2) тірек, аралық және ескіш біліктердің (олар болған жағдайда) техникалық жай-күйін тексеру.
45. Кеме қатынастары тіркелімінің жұмысшысы конструкцияны, пайдалану бойынша нұсқаулықты, қызмет ету мерзімін, атқарымдарды, алдыңғы куәландырудың нәтижелерін, бұрын жүргізілген жөндеулер мен ауыстыруларды, сондай-ақ қозғалтқыштардың жұмыс параметрлерін назарға ала отырып, әрбір нақты жағдайда қарау, өлшеу және олармен байланысты механизмдерді ашу, бөлшектеу, демонтаждау көлемін белгілейді.
46. Кеме иесі ұсынған құжаттарда көрсетілген қарау, өлшемдер және сынау нәтижелері және іріктеп бақылау бойынша Кеме қатынастары тіркелімінің жұмысшысы механизмдердің техникалық жай-күйін осы Қағидалардың 44 және 68-тармақтарында көрсетілген олардың техникалық жай-күйін анықтау жөніндегі өлшемшарттарды басшылыққа алып белгілейді.
47. Механизмдердің техникалық жай-күйі алдыңғы куәландыру актілерін және кеме иесі ұсынған құжаттама бойынша анықталған тозу, ақау, зақымдану және жөндеу жүргізу мен жабдық ауыстыру туралы мәліметтерді пайдаланумен куәландыру нәтижелері бойынша белгіленеді.
Конструкциялардың, тораптардың және детальдардың тозуларының, ақауларының және ақаулардың рұқсат етілген нормалары дайындаушы ұйымның конструкторлық құжаттамасы, нұсқаулықтары және формулярлары және осы Қағидалардың нұсқаулары бойынша анықталады.
Механизмдердің техникалық жай-күйі егер олар жұмысқа қабілетті күйде болса және рұқсат етілген тозулар мен ақаулар нормаларынан асып кеткені анықталмаса жарамды деп танылады.
48. Механизмдердің техникалық жай-күйі мынадай өлшемшарттар бойынша жарамсыз деп танылады:
1) тораптар мен детальдың тозуларының, ақауларының рұқсат етілген нормалардан асуы, техникалық (сервистік) қызмет көрсетудің дайындаушының пайдалану құжаттамасында регламенттелген көлемде және мерзімдерде орындалмауы;
2) дайындаушы ұйыммен белгіленген шегінен асып кету, қозғалтқыштардың жұмысшы параметрлерінің ауытқуы;
3) блок бастиегі, форсункалар, іске қосу клапандарының нығыздағыштары және басқа арматура арқылы газдың өтуі және қозғалтқыштың картеріне және машиналы бөлімшеге газдың кіруі, цилиндр қақпақшысында және цилиндр төлкесінде бүлінулер, жарықтар, өтпелі раковиналар немесе сырдың кетуі;
4) газ шығару жүйесінің өткізгіштігі;
5) жарамсыз немесе калибреуден өтпеген бақылау-өлшеу аспаптары.
8-параграф. Жолаушыларды тасымалдауға жарамды кемелерге қосымша талаптар
49. Кемеде пайдаланылатын механизмдердің, отын багының және оларға қызмет көрсетуші құбыржүйелерінің өз мақсатына сәйкес келуін тексеру.
50. Стартерлі құрылғының жұмыс істеуін тексеру. Осындай құрылғы ретінде аккумуляторлы батарея пайдаланылса, оны зарядтау мүмкіндігі көзделеді.
9-параграф. Жалпы кемелік жүйені куәландыру жөніндегі жалпы нұсқаулар
51. Осы параграф мынадай жалпы кемелік жүйелерге қолданылады:
1) құрғату;
2) сумен, көмірқышқылды, аэрозольдік өрт сөндіру (олар болған жағдайда);
3) желдету;
4) үй-жайлардың ауасын баптау және жылыту, ауыз су;
5) техникалық су; нәжісті;
6) ластанған суды жинау.
Барлық жүйелердің пайдалануға жарамдылығы тексеріледі. Тексеру барлық штаттық сорғыларды, компрессорларды, қашықтықтан басқарылатын жетектерді және сигнал беру құрылғыларын пайдаланумен жүргізіледі.
52. Сумен сөндіру жүйесін куәландыру кезінде кез келген өрт сөндіретін көтергіш крандағы судың барынша шығындалуы кезіндегі қысымы тексеріледі.
53. Аэрозольды сөндіру жүйесін куәландыру кезінде оның жарамдылығын басқару және сигнал беру қалқанындағы индикация арқылы анықтайды, ал жұмысқа қабілеттілігін имитация әдісімен тексереді. Сонымен бірге жабдықты бекіту сенімділігін бақылайды.
54. Көмірқышқылды сөндіру жүйесін куәландыру кезінде оның жұмысқа қабілеттілігін сығылған ауамен тексереді.
Баллондарда көмір қышқылының бар болуын кеме иесі ұсынған өлшеу актісі бойынша тексереді. Осы ретте баллондардағы көмір қышқылы массасының рұқсат етілген ауытқуы жобада немесе қондырғыны пайдалану жөніндегі нұсқамада көзделгеннен 10 % аспауы тиіс.
55. Өртке қарсы жүйелерін куәландыру кезінде өрт сигнал беру жүйесінің жұмысқа жарамдылығын тексереді.
56. Құрғату жүйесінің жұмысқа жарамдылығын корпус отсектарынан суды сынамалы тартып шығару жолымен тексереді.
57. Желдету жүйесін куәландыру кезінде оны жұмысқа жарамдылығын басқару постарынан іске қосу және тоқтату арқылы тексереді. Сұйылтылған газдың тұрмыстық құрылғысы (плита) бар үй-жайларда және баллондар сақталатын үй-жайларда (қоршаулар) желдету жүйесінің тексерілуіне ерекше көңіл бөлінеді.
58. Жүйенің техникалық жай-күйі, егер жүйе дұрыс жұмыс істеп тұрса, жұмыс ортасында ағу анықталмаса, ал бақылау-өлшеу аспабы ақаусыз болса жарамды деп танылады.
59. Осы Қағидалардың 54-тармағында көрсетілген жүйелер элементтерінің техникалық жай-күйі мыналар анықталған жағдайда жарамсыз деп танылады:
1) корпуста бүлінулер, жарықтар, өтпелі қалқалар;
2) қозғалыс детальдарында, мойынтіректерде, жалғаулық және үйкелісті муфталарда бүлінулер, жарықтар, задирлер;
3) фундаменттерге жүйелер элементтері бекітпесінің босауы, жоғары діріл;
4) агрегаттар жұмыс істеп тұрған кезінде бөгде шулар;
5) құбыр желісі қабырғасының және оқшаулағышының бүлінуі, құбыр желісі қосындылары арқылы жұмыс ортасының шығып кетуі, майұстағышты тығыздағыштардың тозуы, арматураның дұрыс жұмыс істемеуі.
10-параграф. Жалпыкемелік жүйелерді куәландыру
60. Куәландыру кезінде сынақ жүйелері мен актілері құрамына кіретін жабдыққа қоса берілетін құжаттаманың бар болуы тексеріледі.
61. Жүйелерді куәландыру көлемі кеменің қызмет ету мерзіміне, оның элементтерінің техникалық жай-күйіне, техникалық құжаттаманың бар болуына қарай белгіленеді және жалпы жағдайда кезекті куәландыру көлемінен кем болмауы тиіс.
62. Куәландыру көлеміне мыналар кіреді:
1) қолжетімді орындардағы жүйелерді қарап тексеру;
2) барлық жүйелерді жұмыс істеу жарамдылығын тексеру;
3) ауыз су жүйесінің жарамдылығын тексеру. Сынау және зертханалық талдау нәтижелері кемеде сақталады.
11-параграф. Жалпы кемелік жүйелердің техникалық жай-күйін анықтау
63. Жүйелердің техникалық жай-күйі бұрынғы куәландыру актілерін және кеме құжаттамасы бойынша анықталған тозулар, ақаулар, жүргізілген жөндеулер және ауыстырулар туралы мәліметтерді пайдалана отырып, олардың элементтерін (сорғыларды, компрессорларды, сепараторларды, желдеткіштерді, жылу алмасу аппараттарын, фильтрларды, құбыр желілерін және арматураны) сынау және куәландыру нәтижесі бойынша анықталады.
64. Жүйелер элементтерінің тозу және ақау нормаларын конструкторлық құжаттамаға, дайындаушы ұйымның нұсқаулықтары және формулярларына және осы Қағидалардың нұсқауларына сәйкес белгілейді.
65. Егер тозулар және ақаулар дайындаушы ұйымның құжаттарында белгіленген нормалардан асса, онда жүйелердің және олардың элементтерінің техникалық жай-күйі жарамсыз деп танылады.
12-параграф. Кеме құрылғыларын және жабдықтауды куәландыру жөніндегі жалпы нұсқаулар
66. Кеме құрылғыларын (рульдік, ауыстырушы басқарғыш, зәкірлі, буксирлі, арқандап байланатын, қайықшалы, фальшкильдер мен салынды бұрылысы) құтқару және сигнал беру құралдарын, өртке қарсы, навигациялық және авариялық жабдықтарын, жүк көтергіш құрылғыларын куәландыру корпусты куәландырумен бір мезгілде жүргізіледі. Кеме құрылғылары жұмыс істеуге жарамды жасақталған күйде штаттық аспаптарды пайдалана отырып тексеріледі.
Кеме иелері пайдалану кезінде анықталған тозулар, бүлінулер және ақаулар, жүргізілген жөндеулер және ауыстырулар туралы мәліметтерді ұсынады.
Кеме құрылғыларының жұмыс істеуге жарамдылығын тексеру кезінде құрылғының құрамдас бөлігін ауыстырып, жөндеу жұмыстарын жүргізгеннен кейін оларды тексеру кеменің арқандар байланатын және қажет болған жағдайда жүріс сынақтарында орындалады.
67. Шағын көлемді кемелердің зәкірлі жабдықтау құрамын техникалық әдебиеттер мен нормативтік құжаттарда келтірілген жалпы қабылданған нормалардың көмегімен анықтауға жол беріледі.
68. Рульдік құрылғыны техникалық куәландыруды жүргізу кезінде бағалау өлшемшарттары:
1) рульді борттан бортқа ауыстырып қою 350 кем емес, аспалы қайық моторы үшін- 300 кем емес шекте.
2) штурвалдың айналымы кезінде кептелудің болмауы;
3) егер шағым көлемді кеме қашықтық рульдік басқарумен жабдықталса, рульдіктің орнында орнатылған көрсеткіштің көмегімен рульдің диаметрлік жазықтыққа қатысты ақпараттың болуы;
4) штуртроста қаттама үзіктерінің жоқтығы;
5) рульдің қалақшасы және рульдік жетектің детальдарының бүлінбеуі; шағым көлемді кемені қашықтық рульдік басқарумен жабдықтау кезінде кемені шағым жылдамдықта басқарудың авариялық құралының болуы.
69. Төменде көрсетілген талаптардың кем дегенде біреуіне сәйкес келмеу зәкірлі және арқандап байлау-сүйрету құрылғысының техникалық жай-күйін "жарамсыз" деп бағалауға негіз болады:
1) 20 %-дан аса коррозиялық тозу салдарынан зәкір массасының төмендеуі;
2) алғашқы диаметрден зәкір шынжыр буындарының 10 %-дан аса тозуы;
3) болатты зәкір арқан сымдары үзілістерінің 8 (сегіз) диаметрге тең ұзындықта олардың жалпы мөлшерінен 10 %-дан аса кез-келген жерінен, үзілулері саны.
13-параграф. Кеме құрылғыларын және жабдықтарын куәландыру
70. Куәландыру кезінде кеме құрылғыларына және жабдықталуына қоса берілетін құжаттаманың және сынау актілерінің болуы тексеріледі.
71. Кеме құрылғыларын және жабдықтауды куәландыру көлемі кеменің қызмет ету мерзіміне, оның элементтерінің техникалық жай-күйіне, техникалық құжаттаманың болуына қарай белгіленеді және кезекті куәландыру көлемінен кем болмауы тиіс.
14-параграф. Кеме құрылғыларын және жабдықтарын қайта куәландыру
72. Рульдік құрылғыны куәландыру кезінде руль жетегі, штуртрос, білікше өткізгіш, румпель, сектор, буферлі серіппелер, руль бұрағышты шектеулер (насадок), гидроцилиндрлер, сорғылар, құбыр жүйелері және гидропроводтардың арматурасы, сонымен бірге қарауға қолжетімді басқа да детальдар қаралуы тиіс.
Рульдік құрылғының жұмыс істеуге жарамдылығы басты қозғалтқыштардың түрлі режимде тоқтатылған және жұмыс істеген кезінде тексерілуі тиіс.
Негізгі рульді жетекті рульдік борттан бортқа көп рет ауыстырып салу жолымен, қосалқы жетекті – 60 %-ға тең кеменің алдыңғы жүрісінің жылдамдығына сәйкес келетін бас қозғалтқыштың жұмыс істеу режимі кезінде рульді борттан бортқа ауыстырып салу жолымен тексеру керек. Бір мезгілде аксиометр көрсеткішінің дұрыстығы тексеріледі.
Негізгі және қосалқы рульдік жетектерді негізгі, сондай-ақ авариялық қоректену көзі ретінде жұмыс істеуге жарамдылығын тексеру қажет.
Ауыстырушы басқарғыштың жұмыс істеуге жарамдылығын тексеру қажет.
73. Зәкірлік құрылғыны қарау кезінде зәкір массасы мен типінің сәйкестігіне, сондай-ақ калибріне (диаметріне) және тізбек ұзындығына (зәкір тростарының), зәкірдің тез қайтару мүмкіндігін және бекіткіш құрылғының жай-күйіне назар аудару қажет.
74. Қайықшалы құрылғы және қайықшаларды түсіру мен көтеру арқылы сыналады, қайықшаларды жабдықтау жиынтықтығы тексеріледі.
75. Буксирлі құрылғыны қарау кезінде буксирлі гактың, буксирлі арқанның, буксирлі кнехтің жай-күйін, кеме корпусына арналған бекіткіштің сенімділігін және шектемелі құрылғының жай-күйін тексеру қажет.
Арқанмен буксирлі гактың онда бекітілген жылжымалығын, гактан буксирлі арқанның қайтарымын, рубкадан гактың қашықтық қайтарымын, қашықтық және жергілікті басқару постарынан арқанды таңдау және өңдеу бойынша буксирлі жүкшығырының жұмысын, өздігінен тежелетін жетектен барабанды ағыту және арқанды еркін өңдеу, жүкшығыр механизмінің, тежеуішінің және электр жабдығының жұмысын тексеру қажет.
76. Сынап беру құралын қарау кезінде сигналды-ерекшелендіру фонарьларының, дыбыстық және пиротехникалық құралдардың сәйкестігі тексеріледі. Фонарьлар мен дыбыстық құралдардың жұмыс істеу жарамдылығы тексеріледі.
77. Кеме жабдығын қарап тексеру кезінде құтқару, навигациялық, авариялық және өртке қарсы жабдықталуын осы Қағидалардың 19-21-параграфтарында белгіленген нормаларға сәйкестігін тексеру қажет. Жабдықтаудың техникалық жай-күйі сыртынан қарап тексерілуі қажет.
15-параграф. Кеме құрылғыларын және жабдықтарын куәландыру
78. Куәландырудың алдында Қазақстанның кеме қатынасы тіркелімінің жұмысшысы кеме иесі ұсынған, кеме құрылғыларының техникалық жай-күйін және жабдықталуын көрсететін құжаттармен танысады.
79. Слипта, докта немесе жағаға көтерілген кемеде корпустың суасты бөлігінде орналасқан құрылғылар элементтерінің жай-күйін тексеру қажет.
80. Металдан жасалған әрбір құтқару аспабы өткізбеушілікке, ал әрбір пластмассалы құтқару аспабы жүзгіштікке сыналуы тиіс.
Жауапты элементтерді (қаптама, киль, планширь) ауыстыру арқылы жөндеуден өткен қайықша беріктілігіне қосымша сыналуы тиіс.
Сынаудан өткеннен кейін құтқару аспабына сыналу күні көрсетілген мөртабан қойылады.
16-параграф. Кеме құрылғыларының техникалық жай-күйін және жабдықталуын анықтау
81. Кеме құрылғыларының техникалық жай-күйі және жабдықталуы бұрынғы куәландыру актілерін және кеме иесі ұсынған құжаттама бойынша анықталған тозу, ақау, зақымдану, бүліну, жөндеу жүргізу және жабдық ауыстыру туралы мәліметтерді пайдалана отырып куәландыру нәтижесі бойынша анықталады.
82. Кеме құрылғыларының және жабдықтардың тозуы және ақаулары дайындаушы ұйымның конструкторлық құжаттамасына, нұсқаулықтарына және формулярларына, сондай-ақ осы Қағидалардың нұсқауларына сәйкес белгіленеді.
83. Кеме құрылғыларының техникалық жай-күйі және жабдықталуы, егер оларды куәландыру кезінде тозу және ақау нормаларынан асып кетпесе, құрылғылар жұмысқа қабілетті күйде болса, ал жабдықтау осы Қағидаларда белгіленген нормаларға сәйкес келсе жарамды деп танылады.
84. Кеме құрылғыларының техникалық жай-күйі және жабдықталуы мынадай өлшемшарттар бойынша жарамсыз деп танылады:
1) құрылғыларда, олардың механизмдерінде және конструкцияларда жол берілмейтін тозу, ақау немесе жарамсыздығы анықталса;
2) кеменің жинақсыздығы;
3) гельмпорттағы төлкенің саңылау мәні конструкторлық құжаттамада көрсетілген нормалардан асқан жағдайда. Конструкторлық құжаттамада тисті нұсқау болмаған жағдайда, осы Қағидаларға 2-қосымшада көзделген талаптарды пайдалану қажет.
17-параграф. Палубалы шағын көлемді кемелердің желкенді жабдықталуын куәландыру
85. Желкенді жабдықты куәландыру кезінде бағалау өлшемшарттары палубалы шағын көлемді кемеге арналған төлқұжат деректерінің талаптарына сәйкес жүргізіледі.
86. Төлқұжат деректерінде көрсетілген талаптар міндетті болып табылады және олардың кез-келгенін орындамаған жағдайда, кеменің желкенді жарақтандырылуы бойынша жай-күйі "жарамсыз" деп бағаланады.
18-параграф. Палубалы шағын көлемді кемелердің тұрмыстық қыздырғыш құрылғыларын куәландыру
87. Тұрмыстық қыздырғыш қондырғыларын әрбір куәландыру алдында Қазақстанның кеме қатынасы тіркелімінің қызметкері бұрынғы куәландыру нәтижелерімен танысады және кеме иесінен сұйылтылған газдың тұрмыстық қондырғыларын, камбуздарды, камбуз плиткаларын, жылытқыларды және пештерді бұрынғы куәландырудан кейін анықталған ақауларды жою жөніндегі мәліметтерді алады.
Осы параграфтың талаптары тасылмалданатын тұрмыстық қыздыру аспаптарына қолданылмайды.
88. Куәландыруды өткізу кезінде тұрмыстық қыздырғыш құрылғыларына және оларды жабдықтауға жинақтауыштарына қоса берілетін құжаттаманың (төлқұжаттар, формулярлар, сертификаттар және сынау актілері) бар болуы тексеріледі.
89. Тұрмыстық жылытқыш құрылғыларын қайта куәландыру оларға қызмет көрсетуші жүйелерді куәландыра отырып бір мезгілде жүргізіледі. Куәландыру кезінде жалпы құрылғылардың жұмыс қабілеттілігі және сұйылтылған газдың тұрмыстық құрылғысының газ құбырының барлық байланысдан оларға сабын ертіндісін жағу арқылы саңылаусыздығын сынау нәтижесі тексеріледі. Жүргізілген тұрмыстық қыздырғыш құрылғыларына техникалық қызмет көрсету мерзімдері және көлемі туралы мәліметтердің болуы, сондай-ақ сұйылтылған газдың тұрмыстық құрылғысының жарамдылығы туралы мамандырылған ұйымның қортындысы бар тексерістер және сынаудан өту туралы актілер тексеріледі.
19-параграф. Палубалы шағын көлемді кемелердің тұрмыстық қыздырғыш құрылғыларының техникалық жай-күйін анықтау
90. Мынадай жағдайларда тұрмыстық қыздыру құрылғыларының техникалық жай-күйі жарамсыз деп танылады:
1) газ тұтынушылар автоматты газ беруді тоқтату құрылғыларымен жабдықталмаған немесе аталған құрылғылар жарамсыз болғанда;
2) газ құбырыны байланыстарында саңылау болғанда;
3) газ жабдықтары орнатылған үй-жай желдеткішпен жабдықталмаса.
20-параграф. Палубалы шағын көлемді кемелердің электр жабдығын куәландыру
91. Электр жабдықты жұмыс істеу қабілетін сынау барлық штаттық аспаптармен, аппараттармен, қашықтықтан және автоматты басқару құрылғыларымен, сигнал беру және қорғау құралдарымен жүргізеді.
92. Куәландырудың кез-келген түрінде мыналар тексерілуге тиіс:
1) аккумуляторлардың сенімді бекітілуі және оларды судың кіріп кетуінен қорғалуы;
2) оқшаулау кедергісі;
3) аккумулятордан бөлінетін газдың шоғырлану мүмкіндігін болдырмайтын желдету жүйесінің ақаусыздығы;
4) палубалы шағын көлемді кеменің корпусынан тыс орналасқан сигналды-ерекшелендіру фонарьларының, шамдардың, ашалық ағытпалардың және ажыратқыштардың судан қорғалып орындалуы.
5) кабельдердің сенімді бекітілуі және тұтастығы.
6) электр жабдығының металл корпусының жерге тұйықталуғының қорғанышының болуы;
7) оқшауланбаған тоқ өткізгіш және ашық жылжымалы бөліктерге тиіп кетуден қорғайтын қоршаудың болуы және ақаусыздығы;
8) электр жабдығын механикалық зақымданудан және оған судың, будың, жылудың және майлайтын майдың түсіп кетеуінен қорғалуы;
9) электр жабдықты орнату кезінде өртке қарсы шаралардың сақталуы;
10) жайтартқыш құрылғысының болуы және ақаусыздығы;
11) электр жабдықтың оқшаулау кедергісін өлшеу нәтижесі.
93. Аккумуляторларды қарау кезінде:
1) аккумуляторлардың жарамдылығы және оларды бекіту сенімділігі;
2) аккумулятор батареяларының қуаттауға қосқан кезіндегі жұмысы;
3) қуаттау тоғының барлық сатыларында қуаттау құрылғысының жұмыс істеуі тексеріледі.
94. Шаруашылық, тұрмыстық және технологиялық мақсаттағы электр жабдыққа қатысты мыналарды тексеру қажет:
1) кабель трассасын электр энергиясы көзінен бастап жабдыққа дейін;
2) қорғау жабдығы;
3) оқшалау кедергісі;
4) жерге тұйықтау қорғанышы.
95. Куәландыруды жүргізу кезінде барлық тұтынушылардың қуат алуы кемедегі электр энергия көздерінен жүзеге асырылуы қажет.
Қазақстанның кеме қатынастарының тіркелімімен келісім бойынша кеме тұтынушыларының жағалаудағы тиісті параметрлері бар электр энергиясы көздерінен қуат алу кезінде куәландыру жүргізуге жол беріледі.
21-параграф. Электр жабдықтың техникалық жай-күйін анықтау
96. Электр жабдығының техникалық жай-күйін анықтау алдыңғы куәландыру актілерін және кеме иесі ұсынған құжаттама (ақаулау актілері, сынау актілері, өлшеу нәтижелері, формулярлар және журналдар) бойынша анықталған тозулар, дефектілер, ақаулар және жүргізілген жөндеулер және ауыстырулар туралы мәліметтер пайдалана отырып, куәландыру нәтижелері бойынша жүргізіледі.
97. Электр жабдығының техникалық жай-күйі, егер ол жұмысқа қабілетті күйде және оқшаулау кедергісі нормада болса жарамды деп танылады.
98. Электр жабдығының техникалық жай-күйі мынадай жағдайларда:
1) оқшаулау кедергісі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес 5-кестеде көрсетілген рұқсат етілген мәннен төмен болса;
2) параметрлерінің мәні техникалық шарттармен немесе дайындаушы ұйыммен рұқсат етілгеннен асатын тозулар және ақаулар бар болса;
3) электр станциясы генераторларының кернеу реттегіштері, коммутация, қорғау, бақылау және сигнал беру аппараттары жарамсыз болса;
4) кабелдің оқшаулағышы бүлінген болса (сырдың кетуі, желінуі, күпірейуі);
5) авария көздері және электр энергиясын тұтынушылар жарамсыз болып табылады.
22-параграф. Радио байланыс құралдарын және навигациялық жабдықтарды куәландыру
99. Радио және навигациялық жабдықты куәландыру кезінде мыналарды тексеру қажет:
1) пайдалану құжаттарының болуы;
2) аппаратураның және антеннаның бекітілуі;
3) кабельдердің маркалары мен қималарының сызбаға сәйкестігі;
4) кабельдердің сыртқы қабығының жай-күйі;
5) аппаратураға енгізер алдындағы кабельдің запасы;
6) қуатты кабель желісін және радиожиілікті кабельдерді экрандаудың үздіксіздігі;
7) кабель желісі қабығының, радиоаппаратура корпустарының кеме корпусынын жерге тұйықталуы;
8) антенналардың, кабель желісінің және қуат беру көздерінің оқшаулау кедергісі;
9) жабдықтың тоқ өткізгіш және айналмалы бөлігінде қоршаудың болуы;
10) таратқышты енгізу орнында қорғау құрылғыларының (колонкалар, метал сеткалар және қалқандар) орнатылуы;
11) жерге тұйықтау қорғанышының болуы.
100. Радио және навигациялық жабдықты куәландыру кезінде оның жұмыс қабілеттілігін тексеру электр энергиясының негізгі және авариялық көзінен қуат алу кезінде жүргізілуге тиіс.
101. Радиостанцияларды және спутник байланысының кеме жер станциясын куәландыру кезінде кеме және жағалаудағы станциялармен екі жақты байланыстың орнатылуын тексереді және оларды жұмыс істеу қабілетін тексеруді жүргізеді.
102. Кеме курсын анықтау құралын сынау кезінде тура курста және маневрлеу кезіндегі көрсеткіштердің тұрақтылығын тексереді.
103. Радиолокациялық станцияны куәландыру кезінде:
1) қалтқыны, бакенді және жағаны анықтаудың ең аз алыстығы;
2) төмен және биік жағаны, қалтқыны, бакенді, кемені анықтаудың барынша алыстығы тексеріледі.
104. ЖНАСЖ ЖНСЖ немесе ЖНАСЖ/GPS қабылдау индикаторын және автоматтандырылған кеме индикаторы (бұдан әрі - АКИ) транспондерін куәландыру кезінде:
1) бұйымды пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа (нұсқау) сәйкес жұмыс қабілеттілігі;
2) анықталған кеме АКИ деректерін жағалаудағы АКИ базалық станциясына автоматты режимде және сұрау бойынша берілуі тексеріледі.
23-параграф. Құтқару құралдарымен және құтқару жабдықтарымен жабдықтау
105. Жолаушыларды тасымалдауға арналған, өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін паромдар, су асты қанаттары бар, ауа жастықшаларындағы және глиссирленген кемелер осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес ұжымдық құтқару құралдарымен жабдықталады.
106. Өздігінен жүзетін кемелерді ұжымдық құтқару құралдарымен жабдықталуы, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес 6-7-кестелерде көрсетілген кемелерден басқа, осы Қағидаларға 2-қосымшаның 8-кестесіне сәйкес қамтамасыз етіледі.
Өздігінен жүзбейтін кемелерді ұжымдық құтқару құралдарымен жабдықталуы, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес 6-7-кестелерде көрсетілген кемелерден басқа, осы Қағидаларға 2-қосымшаның 9-кестесіне сәйкес қамтамасыз етіледі.
"Р" және "Л" разрядты бассейндерде пайдалануға арналған өздігінен жүзбейтін кемелердің, сондай-ақ Каспий теңізінің жағалауындағы аудандарда 2 бірліктен кем емес топтардың пайдаланымындағы 4 және 5 санатты балық аулау кәсіпшілігі кемелерінің ұжымдық құтқару құралдарымен жабдықталмауына рұқсат етіледі.
Командасыз пайдаланылатын өздігінен жүзбейтін кемелердің құтқару құралдарымен жабдықталмауына рұқсат етіледі.
107. "Р" және "Л" разрядты өзендердің және каналдардың өткелдерінде пайдалануға арналған өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін паромдарды паромның бір құтқару шеңберімен әрбір 5 (бес) метр габаритті ұзындығын жабдықтауға рұқсат етіледі, бұл ретте осы Қағидаларға 2-қосымшаның 10-кестесінде қарастырылған.
108. Кеме бортта бар адамдардың 100 % құтқару кеудешелерімен қамтамасыз етілуіне қарай жабдықталуы тиіс.
Балаларды тасымалдау кезінде кеме иесі тасымалданатын балалардың санына сәйкес келетін мөлшерде балаларға арналған құтқару кеудешелерін қарастырады, бірақ олардың мөлшері жолаушылардың рұқсат етілген санының кемінде 10%-ын құрайды.
109. Кемелерде құтқару шеңберлерінің саны осы Қағидаларға 2-қосымшаның 10-кестесіне сәйкес жабдықталады.
110. Барлық палубалы шағын көлемді кемелер трюмды құрғатуға арналған жабдықтың бір жиынтығымен жабдықталады.
24-параграф. Сигналды және пиротехникалық құралдармен, авариялық жабдықтармен жабдықтау
111. Ішкі жүзетін палубалы шағым көлемді кемелердің сигналды-ерекшелендіру құралдарымен және сигналды-ерекшелендіру фонарьларымен жабдықталуы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 537 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11347 тіркелген) Ішкі су жолдарымен жүзу қағидаларының талаптарына сәйкес келуі тиіс.
Теңіз режимді учаскелерінде пайдаланылатын палубалы шағын көлемді кемелері жасалатын рейстің сипатына қарамастан, Кемелердің соқтығысуын болдырмаудың халықаралық қағидасының (КСБХҚ-72) ережесіне сәйкес ішкі су жолдарында жүзу кезінде талап етілетін сигнал беру құралдарымен және теңіз аудандарында жүзу кезінде талап етілетін сигнал беру құралдарымен жабдықталады.
Ішкі суларда жүзетін палубалы шағын көлемді кемелерді сигналды-ерекшелендіру құралдарымен және сигналды-ерекшелендіру фонарьларымен жабдықталуы осы Қағидаларға 2-қосымшаның 11-кестесінде келтірілген.
112. Кеменің пиротехникалық құралдармен жабдықталуы осы Қағидаларға 2-қосымшаның 12-кестесіне сәйкес қабылданады.
113. Палубалы шағын көлемді кемелерді авариялық жабдықталуы осы Қағидаларға 2-қосымшаның 12-кестесіне сәйкес келтірілген.
25-параграф. Өртке қарсы жабдықтау
114. Палубалы шағын көлемді кемелердің өрт сөндіру жабдықтары осы Қағидаларға 2-қосымшаның 1-кестесімен айқындалған.
26-параграф. Навигациялық жабдықтау, байланыс және навигация құралдарымен жарақтандыру
115. 12 (он екі) метрге дейінгі өздігінен жүзетін палубалы шағым көлемді кемелер призмалы бинокльмен, футштокпен, ал ұзындығы 12 (он екі) метрден асатын кемелер осы Қағидаларға 2-қосымшаның 13-кестесіне сәйкес палубалы шағын көлемді кемелерді қауіпсіз пайдалануға қойылатын талаптарға сәйкес қосымша байланыс және навигация құралдарымен жабдықталуы тиіс.
116. Радио және навигациялық жабдықтар, оның ішінде осы Қағидаларға 2-қосымшаның 13-кестесіне сәйкес палубалы шағын көлемді кемелерді қауіпсіз пайдалануға қойылатын талаптарда регламенттелген жабдықтың құрамына кірмейтін, бірақ кемеде орнатылған, Қазақстан Кеме қатынасы тіркелімінің талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттын бар болуы жағдайында пайдаланыла алады.
Палубалы шағын көлемді кемелерді техникалық қадағалауды жүзеге асыру қағидаларына 1-қосымша |
|
Нысан | |
Қазақстан кеме қатынасының тіркелімі 20__ жылғы "__" ________ |
Өтінім
__________________________________________________________________________
(ұйымның толық атауы немесе палубалы шағын көлемді кеме (объект) иесінің тегі, аты,
әкесінің аты (болған жағдайда))
Палубалы шағын көлемді кеменің (объектінің) атауы _____________________________
№ ___________ жоба _______________________________________________________
Палубалы шағын көлемді кеменің (объектінің) орналасқан жері ____________________
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
(палубалы шағын көлемді кеме (объект) иесінің заңды мекенжайы)
__________________________________________________________________________
(палубалы шағын көлемді кеме (объект) иесінің нақты мекенжайы)
_________________________________________________________________________
Палубалы шағын көлемді кеменің немесе объектінің орындайтын жұмыс түрі
__________________________________________________________________________
Палубалы шағын көлемді кемеге (объектіге) ______________ куәландыру жүргізу.
(куәландыру түрі)
Палубалы шағын көлемді кемені (объектіні) куәландыру күні ______________________
Байланыс телефоны: ________________________________________________________
Палубалы шағын көлемді кеме (объект) иесі ____________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
Орындаушы _____________________
Телефон _____________________
Палубалы шағын көлемді кемелерді техникалық қадағалауды жүзеге асыру қағидаларына 2-қосымша |
Палубалы шағын көлемді кемелерді қауіпсіз пайдалануға қойылатын талаптар
1-кесте |
Атауы | Өрт сөндіру жабдықтарының нормалары |
Қолмен тасымалданатын өртсөндіргіштер: | |
Ұнтақты немесе көбікті | 1 - машина үй-жайында, 1 - газбен, сұйық немесе кесек отынмен жұмыс істейтін камбузда |
Ұнтақты немесе көмірқышқылды | 1 - кемені басқаруға арналған жабдық орналасқан үй-жай |
Жабындар өлшемдері 1,0х1,5 м | 1 - машина үй-жайында |
Шелектер 10 л | 2 - кемеде |
Е с к е р т п е: 1. Массасы 1,4 кг кем емес заряды бар ұнтақты және көмірқышқылды, сыйымдылығы -3,5 дм3 көбікті өртсөндіргіштерді қолдануға рұқсат етіледі. Ұзындығы 12 м кем кемелерді бір өртсөндіргішпен және бір шелекпен жабдықтауға рұқсат етіледі. |
2-кесте |
Байланыстарының негізгі топтары | Орташа қалдық қалыңдық нормалары |
Палуба төсеніші, түп қаптамасы, бүйір белдіктері, люктер комингстері, палуба және түп жинағы: |
0,6 t |
Ескертпе. |
3-кесте |
Нормаланатын параметр | Жергілікті қалдық деформациялардың нормалары |
Корпустың орта бөлігіндегі палуба мен түпке бөлек bi/В бір қимада корпус ені бойынша жаншылудың таралу дәрежесі | 0,35 |
Палуба мен түпке жаншылу майысудың барынша шекті жебесі |
1/12 шпация |
Кеме ұзындығы бойынша орналасуына қарамай борттарға және екінші түпке жаншылу майысудың шекті жебесі f мм | 1/10 шпации |
Ескертпе. |
4-кесте |
Материал | Корпус байланысының негізгі топтары | Орташа қалдық қлыңдығының нормалары |
1. Дюралюминий қорытпалар | Түбінің қаптамасы, түбінің жинағы | 0,85t |
Палуба төсеніші (құрылыс үсті тенті), палуба жинағы | 0,80t | |
Борт қаптамасы, борт жинағы | 0,75t | |
2. Алюминий-магний қорытпалар | Түбінің қаптамасы, жинақ қаптамасы | 0,80t |
Палуба төсеніші (қондырма тенті), палуба жинағы | 0,80t | |
Борт қаптамасы, борт жинағы | 0,75t | |
Ескерту . t - корпус байланыстары элементтерінің жобалы қалыңдығы, мм |
5-кесте |
Электр жабдығының атауы | Оқшаулау кедергісінің рұқсат етілген мәні, Мом |
1. Пайдалану кезінде ең төмен рұқсат етілген оқшаулау кедергісі техникалық жағдайлармен немесе ұйым-дайындаушымен белгіленген электр машиналар | техникалық жай-күйі немесе әзірлеуші-ұйымның мәліметтері бойынша |
2. Номинальды кернеу кезінде, оқшаулау кедергісінің ең төмен рұқсат етілген мәні туралы мәліметтер жоқ кеме электр станциясының генераторлары, В: | |
500-ге дейін | 0,2 |
500 аса | 0,001U |
3. оқшаулау кедергісінің ең төмен рұқсат етілген мәні туралы мәліметтер жоқ өзге электр машиналар | 0,2 |
4. басты таратқыш құрылғылар ажыратылған тұтынушылар кезінде | 1,0 |
5. өзге таратқыш құрылғылар және басқару пульттері рұқсат етілген номиналды кернеу кезінде, В: | |
100-ге дейін | 0,06 |
101-ден 500-ге дейін | 0,2 |
6. Магнитты станциялар, іске қосу құрылғылары, резисторлар және ж.б. | 0,2 |
7. Күш беретін кабель номинальды кернеу кезінде, В: | |
до 500-ге дейін | 0,2 |
500 аса | 0,002U |
8. Жарықтандыру желісінің қуат көзі тізбегі номинальды кернеу кезінде, В: | |
100-ге дейін; | 0,06 |
101-ден 500-ге дейін | 0,2 |
9. Басқару, сигнал беру және бақылау тізбектері номиналды кернеу кезінде, В: | |
100-ге дейін | 0,06 |
101-ден 500-ге дейін | 0,2 |
10. Аккумуляторлық батареялар номинальды кернеу кезінде ажыратылған тұтынушылар кезінде, В; | |
24-ке дейін | 0,02 |
25-тен 220-ға дейін | 0,1 |
Ескертпе: |
6-кесте |
Сыныбы/санаты | Ұжымдық құтқару құралдарымен қамтылатын адамдар саны, % | |
плотармен | құралдармен | |
М шкк, О-ПР шкк, М-ПР шкк, М-СП шкк, 0,1-санатты | 100 | – |
Ошкк, 2-санатты | 100 | – |
Р шкк*, 3-санатты | 50 | 50 |
Р шкк, 3-санатты | – | 20 |
Л шкк, 4 және 5-санатты | – | 20 |
* Р разрядты өзендерге және бөгендерге шығатын кемелер үшін. |
7-кесте |
Сыныбы/санаты | Құтқару салдармен қамтылатын адамдар саны, % |
М шкк, О-ПР шкк, М-ПР шкк, М-СП шкк, 0,1-санатты | 100 |
О шкк, 2-санатты | 20 |
Р шкк*, 3-санатты | 10 |
* Р разрядты өзендерге және бөгендерге шығатын кемелер үшін |
8-кесте |
Сыныбы/санаты | Ұжымдық құтқару құралдарымен қамтылатын адамдар саны, % | |
салдармен | құрал-саймандармен | |
М шкк, О-ПР шкк, М-ПР шкк, М-СП шкк, 0,1-санатты | 100 | - |
О шкк, 2-санатты | 100 | - |
Р шкк, 3-санатты | - | 100 |
9-кесте |
Сыныбы/ санаты | Ұжымдық құтқару құралдарымен қамтылатын адамдар саны, % | |
салдармен | құрал-саймандармен | |
М шкк, О-ПР шкк, М-ПР шкк, | 100 | - |
О шкк, 2-санатты | 50 | 50 |
10-кесте |
Кемелері типі |
Кеменің ұзындығы | Құтқару шеңберлерінің саны, дана | ||
барлығы | соның ішінде | |||
Өздігінен тұтанатын бүйкамен | Құтқару кеме арқанымен | |||
Жолаушылар, өздігінен жүретін паромдар |
< 15 | 24 |
1 | Әрбір палубада әрбір борттан бірден кем емес |
Су асты қанаттарымен, әуе жастығында, глиссирлейтін |
< 15 | 12 | - | 11 |
Кәсіпшілік |
<12 | 12 | 1 | 11 |
Өздігінен жүрмейтіндер | <20 | 2 | 1 | 1 |
11-кесте |
Кеме типтері | Белгі беру-айыру фонарьлары | ||||||||||||
Отты | Бортты 7 | Кормалық | Буксирлік | Жарық бұлғағыш импульсті | Айналмалы | ||||||||
Ақ | Қызыл | Жасыл | Ақ | Қызыл | Сары жылтырлақ | ||||||||
Өздігінен жүретін кемелер 6 | 1 | 1 | 1 | 31 | — | 45 | 26 | 36 | 12 | ||||
Өздігінен жүрмейтін кемелер 4 | 1 | — | — | — | — | — | 2 | 1 | — | ||||
1 Ені 5 метр және одан да аз кемелерде бір кормалық фонарь орнатылады.. | |||||||||||||
Күндізгі белгілер | |||||||||||||
Қара шар | Қара конус | Қызыл конус | Ақ ту-бұлғағыш | ||||||||||
3 | 23 | 14 | 1 | ||||||||||
1 | — | 1 | — |
12-кесте |
Кемелер типі | Апат белгісі ракетасы парашютты кемелік немесе қызыл фальшфейерлер, дана |
Кемелер ұзындығы, м: | |
12-ден ұзын | 6 |
6-дан 12-ге дейін | 3 |
Ескертпе. "Р" және "Л" разрядты ІЖС тұрақты пайдаланатын барлық сыныптар және санаттар кемелері үшін пиротехникалық құралдармен жабдықталуы талап етілмейді. |
13-кесте |
Құрал-жабдықтың құрамы | Пайдалану аудандары | ||
М-СП, М-ПР, О-ПР | М, О | Р, Л | |
1. УҚТ-радиотелефон станциясы (300,025 – 300,500 МГц; 336,025 – 336,500 МГц)1 | — | 1 | 1 |
2. УҚТ радиотелефон станциясы (теңіз жылжымалы қызмет жиілігімен) 1 | 1 | 12 | 12 |
3. Радиолокациялық жауап беруші немесе АКИ таратқышы3 | 1 | 14 | — |
4. Авариялық немесе дербес радиобуй3 | 1 | 1 | — |
5. Курсты нұсқаушы құрал | 1 | 14 | — |
1 Судың кіріп кетуінен IPX6 қорғаныс дәрежесі бар немесе кемені басқару постында су кірмейтін футлярда (контейнерде) ұсталатын алып жүретін (портативті) УҚТ-радиотелефон станциясын қолдануға рұқсат етіледі. |