Ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру туралы үлгілік шартты бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 қыркүйектегі № 226 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 29 қазанда № 17629 болып тіркелді.

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру туралы үлгілік шарт бекітілсін.

      2. Қаржы нарығының әдіснамасы департаменті (Сәлімбаев Д.Н.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;

      3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      4) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2), 3) тармақшаларында және 3-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары О.А. Смоляковқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк
Төрағасы
Д. Ақышев

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2018 жылғы 27 қыркүйектегі
№ 226 қаулысымен
бекітілген

Ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру туралы үлгілік шарт

      20__ жылғы "__" _________                                    № ___________

      Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын

      ________________________________________________________________________________

      _______________________________________________________________________________,

      (заңды тұлғаның толық атауы және орналасқан жері)

      бұдан әрі "Қатысушы" деп аталады, Жарғы негізінде іс-әрекет жасайтын бірінші басшысы

      ______________________________________________________________________________________________________________________________________________ арқылы бір жағынан

      (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)

      және ___________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті

      органның атауы), бұдан әрі "уәкілетті орган" деп аталады, "Қаржы нарығы мен қаржы

      ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі

      Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - Заң) негiзiнде iс-әрекет жасайтын Төрағасы

      (Төрағаның орынбасары) __________________

      _______________________________________________ арқылы екінші жағынан, бұдан әрі

      бірлесіп "Тараптар" деп аталады, Заңның 13-4-бабының 2-тармағына сәйкес, Уәкілетті

      органның Басқармасының 20__жылғы "__" __________ шешімі негізінде төмендегілер туралы

      осы Ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру туралы шартты (бұдан әрі - Шарт) жасады:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.03.2020 № 28 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

1. Шарттың мәні

      1. Шарттың мәні Қатысушының

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (жүзеге асыруы болып табылады (Қатысушы ерекше реттеу режимі шеңберінде жүзеге асыратын қызметтің түрлерін сипаттау).

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.03.2020 № 28 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Шарттың мақсаты үшін ерекше реттеу режимі деп қаржы саласындағы қызметті, қаржы ресурстарына шоғырландыруға және (немесе) көрсетілетін төлем қызметтеріне байланысты қызметті жүзеге асыру түсініледі.

      3. Қатысушы Шарттың 1-тармағында көрсетілген қызметті ерекше реттеу режимі шеңберінде уәкілетті органға ұсынылатын және Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын бизнес-жоспарға сәйкес, Қазақстан Республикасының қаржылық заңнамасының талаптарын сақтай отырып жүзеге асырады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.03.2020 № 28 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      4. Тұтунышылардың саны _________________________ аспайды.

      5. Қатысушы ерекше реттеу режимі шеңберінде қабылдайтын міндеттемелердің көлемі ____________________________ теңгеден аспайды.

      6. Шарттың қолданылу кезеңінде Қатысушының ерекше реттеу режимі шеңберінде жүзеге асыратын қызметіне мынадай нормалар қолданылмайды:

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      _________________________________________________________________________.

      ("Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы, "Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы" 1995 жылғы 23 желтоқсандағы, "Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы, "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі, "Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы" 2004 жылғы 6 шілдедегі, "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" 2005 жылғы 13 маусымдағы, "Микроқаржылық қызмет туралы" 2012 жылғы 26 қарашадағы, "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 2013 жылғы 21 маусымдағы, "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" 2016 жылғы 26 шілдедегі, "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" 2018 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасы заңдарының және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен уәкілетті органның көрсетілген заңдарға сәйкес қабылданатын нормативтік құқықтық актілерінің нормалары көрсетіледі.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.03.2020 № 28 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

2. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

      7. Уәкілетті орган:

      1) Қатысушыдан Шарт бойынша міндеттемелерін тиісті түрде және уақтылы орындауды талап етуге;

      2) Қатысушыдан Қатысушының Шарт бойынша қабылдаған міндеттемелерін орындау мониторингін жүзеге асыру үшін қажетті ақпарат пен құжаттарды алуға;

      3) Заңның 13-4-бабы 6-тармағының бірінші бөлігінде көзделген жағдайларда Шартты біржақты тәртіппен бұзуға;

      4) Шарттың қолданылу мерзімін Қатысушының Шарттың қолданылу мерзімін ұзарту туралы өтінішхатының негізінде ұзартуға;

      5) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.

      Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.03.2020 № 28 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      8. Қатысушы:

      1) ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті Қазақстан Республикасының заңнамасында және Шартта белгіленген талаптармен жүзеге асыруға;

      2) уәкілетті органға Шарттың талаптарын өзгерту туралы өтінішпен және (немесе) оның қолданылу мерзімін ұзарту туралы өтінішхатпен Шарттың 22-тармағында көрсетілген мерзімде жүгінуге құқылы.

      Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.03.2020 № 28 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      9. Уәкілетті орган:

      1) Қатысушының Шарт бойынша міндеттемелерін орындау және Қазақстан Республикасының қаржылық заңнамасының талаптарын орындау мониторингін жүзеге асыруға;

      2) Қатысушының Шартта көзделген міндеттемелерін орындамауы анықталған жағдайда Қатысушыға анықталған бұзушылықтарды Заңның 13-4-бабы 6-тармағының екінші бөлігінде көзделген мерзімде жою қажеттілігі туралы жазбаша хабарлама жіберуге;

      3) Қатысушының Шарттың талаптарын өзгерту туралы өтінішін және (немесе) оның қолданылу мерзімін ұзарту туралы өтінішхатын қарауға және Шарттың 22-тармағында көрсетілген мерзімде қарау нәтижелерін жіберуге;

      4) Қазақстан Республикасының заңдарында және Шартта көзделген міндеттерді адал және тиісті түрде орындауға міндетті.

      Ескерту. 9-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.03.2020 № 28 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.12.2020 № 128 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      10. Қатысушы:

      1) қызметін жүзеге асырғанға дейін мынадай:

      ерекше реттеу режимі шеңберінде Қатысушы жүзеге асыратын қызмет туралы;

      Қатысушының ерекше реттеу режимі шеңберіндегі қызметіне байланысты ықтимал тәуекелдер туралы;

      ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметін жүзеге асыру талаптары, қызметін жүзеге асыру талаптары, құны (мөлшерлемелері, тарифтері), тұтынушымен қызметін жүзеге асыру туралы шарт (бұдан әрі - тұтынушымен жасасқан шарт) жасау үшін Қатысушының ішкі қағидаларында айқындалған құжаттардың тізбесі туралы;

      Қатысушының орналасқан жері, пошта және электрондық мекенжайлары, интернет-ресурсы және байланыс телефондары туралы ақпаратты тұтынушыға жіберуге;

      2) қызметін ерекше реттеу режимін енгізу мақсатына сәйкес Заңның 13-3-бабының 2-тармағына, Шарттың талаптарына және уәкілетті органға ұсынылатын бизнес-жоспарға сәйкес жүзеге асыруға;

      3) өзінің тұтынушылары алдындағы міндеттемелерді тұтынушылармен жасасқан шарттарда белгіленген тәртіппен орындауға;

      4) уәкілетті органның сұратуы бойынша ерекше реттеу режимі шеңберінде жүзеге асырылатын қызмет туралы қажетті ақпаратты ұсынуға;

      5) ай сайын, айдың 5 (бесінші) жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органда мынадай:

      тұтынушылармен жасасқан шарттардың саны (жеке және заңды тұлғалар бойынша);

      тұтынушылармен шарттар бойынша қабылданған міндеттемелердің көлемі;

      ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметін жүзеге асыру кезінде анықталған кемшіліктер (бар болса);

      тұтынушылардың тарапынан болған шағымдардың сипаты (бар болса);

      ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметін жүзеге асыру кезінде анықталған тәуекелдер туралы мәліметтер қамтылатын, жүзеге асырылатын қызметтің аралық нәтижелері туралы ақпаратты беруге;

      6) уәкілетті органның Шартта белгіленген міндеттемелердің орындалмауы туралы жазбаша хабарламасын алған жағдайда бұзушылықтарды және (немесе) себептерін, сондай-ақ оларды жасауға себепші болған жағдайларды Заңның 13-4-бабының 6-тармағында белгіленген тәртіппен жоюға;

      7) ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметін жүзеге асыру барысында алынған мәліметтер мен ақпараттың конфиденциалдылығын қамтамасыз етуге;

      8) Қатысушының жарғылық капиталының үлесін жаңа меншік иесіне берген (иелігінен айырған) жағдайда, уәкілетті органға жоспарланып отырған мәміле туралы оны жасағанға дейін кемінде 2 (екі) ай бұрын хабарлауға;

      9) Шарттың қолданылу мерзімі аяқталған күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органға ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметін жүзеге асыру қорытындылары туралы, мынадай мәліметтер қамтылған ақпаратты беруге:

      Қатысушы қызметінің сипаты;

      тартылған тұтынушылардың саны, операциялардың көлемі, қабылданған міндеттемелер;

      ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметін жүзеге асыру кезінде анықталған тәуекелдер, тәуекелдердің тұтынушыларға және Қатысушының негізгі қызметіне әсер етуі туралы;

      қызметті жүзеге асыру үшін қажетті Қазақстан Республикасының заңнамасын өзгерту және (немесе) толықтыру бойынша ұсыныстар;

      10) Шарттың 14-тармағында көрсетілген жағдайларда өз тұтынушыларын Шарттың қолданылуын тоқтату туралы 5 (бес) жұмыс күні ішінде жазбаша хабардар ету;

      11) Қазақстан Республикасының заңдарында және Шартта көзделген міндеттерді адал және тиісінше орындау.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.03.2020 № 28 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

3. Тараптардың жауапкершілігі

      11. Шарттың талаптарын орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасында және Шартта көзделген жауапкершілікті атқарады.

      12. Қатысушы Шарт бойынша қызметті жүзеге асыру кезеңінде және оның салдарынан туындайтын барлық тәуекел үшін жауапты болады.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.03.2020 № 28 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

4. Шартты өзгерту, толықтыру, тоқтату және бұзу талаптары

      13. Шартқа өзгерістер және (немесе) толықтырулар Тараптардың өзара жазбаша келісімі бойынша енгізіледі және Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын қосымша келісім түрінде ресімделеді.

      14. Шартты қолдану:

      1) енгізілген мерзімінің аяқталуына байланысты ерекше реттеу режимін қолдану тоқтатылған кезде, не оның күшін жойған кезде;

      2) Шарттың мерзімі аяқталған немесе мерзімінен бұрын бұзылған кезде;

      3) Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында немесе Шартта көзделген өзге жағдайларда тоқтатылады.

      15. Тараптардың келісімі бойынша Шартты қолдануды мерзімінен бұрын тоқтауға жол беріледі.

5. Дауларды шешу тәртібі

      16. Шарт бойынша міндеттемелерін орындау барысында даулар мен келіспеушіліктер туындаған жағдайда, Тараптар оларды соттан тыс тәртіппен реттеу үшін барлық қажетті шараларды қабылдауға міндетті.

      17. Тараптардың Шарт бойынша реттелмеген дауларын және келіспеушіліктерін Қазақстан Республикасының соттары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қарайды.

      18. Тараптар туындаған даулар және келіспеушіліктер толық шешілгенге дейін Шартта белгіленген міндеттемелерін орындаудан босатылмайды.

6. Шарттың қолданылу мерзімі

      19. Шарт 20__ " "________ 20__ " "________ аралығындағы мерзімге жасалады.

      20. Шарттың қолданылу мерзімі уәкілетті орган Басқармасының шешімімен енгізілген ерекше реттеу режимінің мерзімінен аспайды.

      Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.03.2020 № 28 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      21. Шарттың қолданылу мерзімі Тараптардың өзара келісімі бойынша ұзартылады және Заңның 13-3-бабының 4-тармағында белгіленген мерзімнен аспайды.

      Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 28.12.2020 № 128 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      22. Шарттың қолданылу мерзімін ұзарту туралы өтінішхат уәкілетті органға Шарттың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін күнтізбелік 60 (алпыс) күннен кешіктірмей беріледі және ол уәкілетті органға түскен күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде қаралады.

      Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.03.2020 № 28 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      23. Шарт оған Тараптар қол қойған күннен бастап күшіне енеді.

7. Қорытынды ережелер

      24. Тараптардың Шартта келісілмеген құқықтық қатынастары Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеледі.

      25. Орналасқан жері және (немесе) нақты мекенжайы өзгерген кезде Қатысушы өзгерген күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде уәкілетті органға жазбаша хабарлама беруге міндетті.

      Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.03.2020 № 28 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      26. Шарт қазақ және орыс тілдерінде, заң күші бірдей 2 (екі) дана етіп жасалды, олардың 1 (бір) данасы уәкілетті органда, 1 (бір) данасы Қатысушыда болады.

      Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.03.2020 № 28 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      27. Шартқа Тараптардың уәкілетті өкілдері 20__ "___" _______ қол қойды.

8. Тараптардың деректемелері және қолдары

      Ескерту. 8-бөлім жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 30.03.2020 № 28 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

"_______________________"
(қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның атауы)
______________________________
______________________________
(орналасқан жері, бизнес-сәйкестендіру нөмірі,
банктік сәйкестендіру коды, жеке сәйкестендіру
коды, бенефициар коды)
_____________________________
(қолы)
Мөр орны

Қатысушы
______________________________
___________________________
(Қатысушының атауы, орналасқан
жері және нақты мекенжайы, телефондары, факсы, E-mail, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, банктік сәйкестендіру коды, жеке сәйкестендіру коды, бенефициар коды)
______________________________
(қолы)


Об утверждении типового договора об осуществлении деятельности в рамках особого режима регулирования

Постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 27 сентября 2018 года № 226. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 29 октября 2018 года № 17629.

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 30 марта 1995 года "О Национальном Банке Республики Казахстан" Правление Национального Банка Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемый Типовой договор об осуществлении деятельности в рамках особого режима регулирования.

      2. Департаменту методологии финансового рынка (Салимбаев Д.Н.) в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) совместно с Юридическим департаментом (Сарсенова Н.В.) государственную регистрацию настоящего постановления в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации настоящего постановления его направление на казахском и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации" для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) размещение настоящего постановления на официальном интернет-ресурсе Национального Банка Республики Казахстан после его официального опубликования;

      4) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего постановления представление в Юридический департамент сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 2), 3) настоящего пункта и пунктом 3 настоящего постановления.

      3. Управлению по защите прав потребителей финансовых услуг и внешних коммуникаций (Терентьев А.Л.) обеспечить в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего постановления направление его копии на официальное опубликование в периодические печатные издания.

      4. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя Председателя Национального Банка Республики Казахстан Смолякова О.А.

      5. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель
Национального Банка
Д. Акишев

  Утвержден
постановлением Правления
Национального Банка
Республики Казахстан
  от 27 сентября 2018 года № 226

                  Типовой договор об осуществлении деятельности в рамках
                              особого режима регулирования

      № ___________             "__" _________ 20__ года
      __________________________________________________________________________
      _________________________________________________________________________,
                  (полное наименование юридического лица и место нахождения)
      являющееся резидентом Республики Казахстан, именуемое в дальнейшем "Участник", в лице первого руководителя
      ________________________________________________________________________
      ________________________________________________________________________
                  (должность, фамилия, имя, отчество (при его наличии)
      действующего на основании Устава, с одной стороны и __________________________
      __________________________________________________________________________
            (наименование уполномоченного органа по регулированию,
      контролю и надзору финансового рынка и финансовых организаций), именуемое в
      дальнейшем "уполномоченный орган", в лице Председателя
      (заместителя Председателя) _________________________,
      действующего на основании Закона Республики Казахстан от 4 июля 2003 года "О государственном регулировании, контроле и надзоре финансового рынка и финансовых организаций" (далее - Закон), с другой стороны, далее совместно именуемые "Стороны", заключили настоящий Договор об осуществлении деятельности в рамках особого режима регулирования (далее - Договор) в соответствии с пунктом 2 статьи 13-4 Закона, на основании решения Правления уполномоченного органа от "__" __________20__года о нижеследующем:

      Сноска. Преамбула - в редакции постановления Правления Агентства РК по регулированию и развитию финансового рынка от 30.03.2020 № 28 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

                              1. Предмет Договора

      1. Предметом Договора является осуществление Участником
      ______________________________________________________________________
      ______________________________________________________________________
      (описание видов деятельности, осуществляемой Участником в рамках особого
      режима регулирования).

      Сноска. Пункт 1 - в редакции постановления Правления Агентства РК по регулированию и развитию финансового рынка от 30.03.2020 № 28 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      2. Для целей Договора под особым режимом регулирования понимается осуществление
деятельности в финансовой сфере, деятельности, связанной с концентрацией финансовых
ресурсов и (или) с платежными услугами.

      3. Участник осуществляет указанную в пункте 1 Договора деятельность в рамках особого режима регулирования в соответствии с бизнес-планом, предоставляемым в уполномоченный орган и являющимся неотъемлемой частью Договора, с соблюдением требований финансового законодательства Республики Казахстан.

      Сноска. Пункт 3 - в редакции постановления Правления Агентства РК по регулированию и развитию финансового рынка от 30.03.2020 № 28 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      4. Количество потребителей не превышает _________________.
5. Объем обязательств, принимаемых Участником в рамках особого режима регулирования,
не превышает ____________________________тенге.

      6. В период действия Договора на деятельность Участника, осуществляемую в рамках особого режима регулирования, не распространяются следующие нормы:

      _______________________________________
      _______________________________________
      _______________________________________.

      (указываются нормы законов Республики Казахстан от 31 августа 1995 года "О банках и банковской деятельности в Республики Казахстан", от 23 декабря 1995 года "Об ипотеке недвижимого имущества", от 18 декабря 2000 года "О страховой деятельности", от 2 июля 2003 года "О рынке ценных бумаг", от 6 июля 2004 года "О кредитных бюро и формировании кредитных историй в Республике Казахстан", от 26 ноября 2012 года "О микрофинансовой деятельности", от 21 июня 2013 года "О пенсионном обеспечении в Республике Казахстан", от 26 июля 2016 года "О платежах и платежных системах", от 2 июля 2018 года "О валютном регулировании и валютном контроле" и нормативных правовых актов Национального Банка Республики Казахстан и уполномоченного органа, принимаемых в соответствии с указанными законами).

      Сноска. Пункт 6 - в редакции постановления Правления Агентства РК по регулированию и развитию финансового рынка от 30.03.2020 № 28 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

2. Права и обязанности Сторон

      7. Уполномоченный орган вправе:

      1) требовать от Участника надлежащего и своевременного исполнения обязательств по Договору;

      2) получать от Участника информацию и документы, необходимые для осуществления мониторинга исполнения Участником обязательств, принятых по Договору;

      3) в одностороннем порядке расторгнуть Договор в случаях, предусмотренных частью первой пункта 6 статьи 13-4 Закона;

      4) продлить срок действия Договора на основании ходатайства Участника о продлении срока действия Договора;

      5) осуществлять иные права, предусмотренные законодательством Республики Казахстан.

      Сноска. Пункт 7 с изменениями, внесенными постановлением Правления Агентства РК по регулированию и развитию финансового рынка от 30.03.2020 № 28 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      8. Участник вправе:

      1) осуществлять деятельность в рамках особого режима регулирования на условиях, установленных законодательством Республики Казахстан и Договором;

      2) обратиться в уполномоченный орган с заявлением об изменении условий Договора и (или) с ходатайством о продлении срока действия Договора в срок, указанный в пункте 22 Договора.

      Сноска. Пункт 8 с изменением, внесенным постановлением Правления Агентства РК по регулированию и развитию финансового рынка от 30.03.2020 № 28 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      9. Уполномоченный орган обязан:

      1) осуществлять мониторинг исполнения Участником обязательств, принятых по Договору, и соблюдения требований финансового законодательства Республики Казахстан;

      2) в случае установления неисполнения Участником предусмотренных Договором обязательств направить Участнику письменное уведомление о необходимости устранения выявленных нарушений в срок, предусмотренный частью второй пункта 6 статьи 13-4 Закона;

      3) рассмотреть заявление Участника об изменении условий Договора и (или) ходатайство о продлении срока его действия и направить результаты рассмотрения в срок, указанный в пункте 22 Договора;

      4) добросовестно и надлежащим образом выполнять обязанности, предусмотренные законами Республики Казахстан и Договором.

      Сноска. Пункт 9 с изменениями, внесенными постановлениями Правления Агентства РК по регулированию и развитию финансового рынка от 30.03.2020 № 28 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования); от 28.12.2020 № 128 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      10. Участник обязан:

      1) до осуществления деятельности доводить до сведения потребителя следующую информацию о (об):

      деятельности, осуществляемой Участником в рамках особого режима регулирования;

      возможных рисках, связанных с деятельностью Участника в рамках особого режима регулирования;

      условиях осуществления деятельности в рамках особого режима регулирования, порядке осуществления деятельности, стоимости (ставках, тарифах), перечне необходимых документов, определенных внутренними правилами Участника для заключения с потребителем договора об осуществлении деятельности в рамках особого режима регулирования (далее – договор с потребителем);

      месте нахождения, почтовом и электронном адресах, интернет-ресурсе и контактных телефонах Участника;

      2) осуществлять деятельность в соответствии с целями введения особого режима регулирования согласно пункту 2 статьи 13-3 Закона, условиями Договора и бизнес-планом, предоставляемым в уполномоченный орган;

      3) исполнять обязательства перед своими потребителями в порядке, установленном договорами с потребителями;

      4) представлять необходимую информацию о деятельности, осуществляемой в рамках особого режима регулирования, по запросу уполномоченного органа;

      5) представлять в уполномоченный орган в течение срока действия Договора ежемесячно, не позднее 5 (пятого) рабочего дня месяца, информацию о промежуточных результатах осуществляемой деятельности, включающую сведения о (об):

      количестве заключенных договоров с потребителями (в разрезе физических и юридических лиц);

      объеме обязательств, принятых по договорам с потребителями;

      недостатках, выявленных при осуществлении деятельности в рамках особого режима регулирования (при наличии);

      характере жалоб со стороны потребителей (при наличии);

      рисках, выявленных при осуществлении деятельности в рамках особого режима регулирования;

      6) в случае получения письменного уведомления уполномоченного органа о неисполнении обязательств, определенных Договором, устранить нарушения и (или) причины, а также условия, способствовавшие их совершению, в порядке, установленном пунктом 6 статьи 13-4 Закона;

      7) обеспечивать конфиденциальность сведений и информации, полученных в ходе осуществления деятельности в рамках особого режима регулирования;

      8) в случае уступки (отчуждения) доли уставного капитала Участника новому собственнику, известить о планируемой сделке уполномоченный орган не менее чем за 2 (два) месяца до ее совершения;

      9) не позднее 10 (десятого) рабочего дня со дня окончания срока действия Договора представить в уполномоченный орган информацию об итогах осуществления деятельности в рамках особого режима регулирования, содержащую следующие сведения:

      описание деятельности Участника;

      количество привлеченных потребителей, объемы операций, принятые обязательства;

      риски, выявленные в процессе осуществления деятельности в рамках особого режима регулирования, их влияние на потребителей и основную деятельность Участника;

      предложения по изменению и (или) дополнению законодательства Республики Казахстан, необходимые для осуществления деятельности;

      10) письменно уведомить своих потребителей в течение 5 (пяти) рабочих дней о прекращении действия Договора в случаях, указанных в пункте 14 Договора;

      11) добросовестно и надлежащим образом выполнять обязанности, предусмотренные законами Республики Казахстан и Договором.

      Сноска. Пункт 10 - в редакции постановления Правления Агентства РК по регулированию и развитию финансового рынка от 30.03.2020 № 28 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

3. Ответственность Сторон

      11. За неисполнение или ненадлежащее исполнение условий Договора Стороны несут ответственность, предусмотренную законодательством Республики Казахстан и Договором.

      12. Участник несет ответственность за весь риск, возникающий в течение и вследствие осуществления деятельности по Договору.

      Сноска. Пункт 12 - в редакции постановления Правления Агентства РК по регулированию и развитию финансового рынка от 30.03.2020 № 28 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

4. Условия изменения, дополнения, прекращения и расторжения Договора

      13. Изменения и (или) дополнения в Договор вносятся по взаимному письменному согласию Сторон и оформляются в виде дополнительного соглашения, который является неотъемлемой частью Договора.

      14. Действие Договора прекращается:

      1) при прекращении действия особого режима регулирования в связи с истечением срока, на который он был введен, либо его отмене;

      2) при истечении срока или досрочном расторжении Договора;

      3) в иных случаях, предусмотренных гражданским законодательством Республики Казахстан или Договором.

      15. Досрочное прекращение действия Договора допускается по соглашению Сторон.

5. Порядок разрешения споров

      16. При возникновении споров и разногласий в процессе исполнения обязательств по Договору Стороны обязаны предпринимать все необходимые меры для их урегулирования во внесудебном порядке.

      17. Неурегулированные споры и разногласия Сторон по Договору рассматриваются судами Республики Казахстан в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      18. Стороны не освобождаются от выполнения обязательств, установленных Договором, до полного разрешения возникших споров и разногласий.

6. Срок действия Договора

      19. Договор заключается на срок с " "________ 20__ года до " "_________ 20__ года.

      20. Срок действия Договора не превышает срока особого режима регулирования, введенного решением Правления уполномоченного органа.

      Сноска. Пункт 20 - в редакции постановления Правления Агентства РК по регулированию и развитию финансового рынка от 30.03.2020 № 28 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      21. Срок действия Договора продлевается по взаимному согласию Сторон и не превышает срока, установленного пунктом 4 статьи 13-3 Закона.

      Сноска. Пункт 21 - в редакции постановления Правления Агентства РК по регулированию и развитию финансового рынка от 28.12.2020 № 128 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      22. Ходатайство о продлении срока действия Договора подается в уполномоченный орган не позднее 60 (шестидесяти) календарных дней до окончания срока действия Договора и рассматривается в течение 30 (тридцати) календарных дней со дня его поступления в уполномоченный орган.

      Сноска. Пункт 22 - в редакции постановления Правления Агентства РК по регулированию и развитию финансового рынка от 30.03.2020 № 28 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      23. Договор вступает в силу со дня его подписания Сторонами.

7. Заключительные положения

      24. Правоотношения Сторон, не оговоренные Договором, регулируются законами Республики Казахстан.

      25. При изменении места нахождения и (или) фактического адреса Участник обязан представить письменное уведомление уполномоченному органу в течение 7 (семи) рабочих дней с даты изменения.

      Сноска. Пункт 25 - в редакции постановления Правления Агентства РК по регулированию и развитию финансового рынка от 30.03.2020 № 28 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      26. Договор составлен на казахском и русском языках в 2 (двух) экземплярах, имеющих одинаковую юридическую силу, из которых 1 (один) экземпляр находится у уполномоченного органа, 1 (один) экземпляр - у Участника.

      Сноска. Пункт 26 - в редакции постановления Правления Агентства РК по регулированию и развитию финансового рынка от 30.03.2020 № 28 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      27. Договор подписан "___" _______ 20__ года уполномоченными представителями Сторон.

8. Реквизиты и подписи Сторон

      Сноска. Раздел 8 - в редакции постановления Правления Агентства РК по регулированию и развитию финансового рынка от 30.03.2020 № 28 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

"_______________________"
(наименование уполномоченного органа по регулированию, контролю и надзору финансового рынка и финансовых организаций)
______________________________
______________________________
(место нахождения, бизнес-идентификационный номер, банковский идентификационный код, индивидуальный идентификационный код, код бенефициара)
_____________________________
(подпись)
Место печати

Участник
______________________________
______________________________
(наименование Участника, место нахождения и фактический адрес, телефоны, факс, E-mail, бизнес-идентификационный номер, банковский идентификационный код, индивидуальный идентификационный код, код бенефициара)
______________________________
(подпись)