Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 28 қыркүйектегі № 859 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 3 қарашада № 17687 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақтан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтары күші жойылды деп танылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 28 қыркүйектегі
№ 859 бұйрығымен бекітілген

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің күші жойылатын кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Кедендік декларациялау жөніндегі маманның біліктілік аттестатын беру қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 124 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №10657 болып тіркелген, 2015 жылғы 23 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      2. "Кедендік декларацияны электрондық құжат түрінде ұсыну, пайдалану және сақтау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 226 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №10857 болып тіркелген, 2015 жылғы 20 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      3. "Кедендік декларациялау жөніндегі маманның біліктілік аттестатын берудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 238 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №10942 болып тіркелген, 2015 жылғы 22 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

О признании утратившими силу некоторых приказов Министра финансов Республики Казахстан

Приказ Министра финансов Республики Казахстан от 28 сентября 2018 года № 859. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 3 ноября 2018 года № 17687

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Признать утратившими силу некоторые приказы Министра финансов Республики Казахстан согласно приложению к настоящему приказу.

      2. Комитету государственных доходов Министерства финансов Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации настоящего приказа направление его на казахском и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации" Министерства юстиции Республики Казахстан для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства финансов Республики Казахстан;

      4) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Департамент юридической службы Министерства финансов Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1), 2) и 3) настоящего пункта.

      3. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр А. Смаилов

  Утвержден
приказом Министра
финансов Республики Казахстан
от 28 сентября 2018 года № 859

Перечень некоторых приказов Министра финансов Республики Казахстан, подлежащих утрате

      1. Приказ Министра финансов Республики Казахстан от 25 февраля 2015 года № 124 "Об утверждении Правил выдачи квалификационного аттестата специалиста по таможенному декларированию" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 10657, опубликован 23 апреля 2015 года в информационно-правовой системе "Әділет").

      2. Приказ Министра финансов Республики Казахстан от 30 марта 2015 года № 226 "Об утверждении Правил представления, использования и хранения таможенной декларации в виде электронного документа" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 10857, опубликован 20 мая 2015 года в информационно-правовой системе "Әділет").

      3. Приказ Министра финансов Республики Казахстан от 31 марта 2015 года № 238 "О некоторых вопросах выдачи квалификационного аттестата специалиста по таможенному декларированию" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 10942, опубликован 22 мая 2015 года в информационно-правовой системе "Әділет").