"Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауға лицензия беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 25 ақпандағы № 22 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 қыркүйектегі № 231 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 23 қарашада № 17767 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 8 қарашадағы № 176 қаулысымен

      Ескерту. Қаулының күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 08.11.2019 № 176 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 5-т қараңыз

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауға лицензия беру тәртібін одан әрі жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауға лицензия беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 25 ақпандағы № 22 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11772 болып тіркелген, 2015 жылғы 17 тамызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауға лицензия беру қағидаларында:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауға лицензияны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – Ұлттық Банк) Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес электрондық нысанда "электрондық үкіметтің" веб-порталы (www.egov.kz) арқылы береді.";

      4-тармақтың 7) тармақшасы алып тасталсын;

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Ұлттық Банк Қағидалардың 4-тармағында көзделген құжаттармен бірге лицензия алуға өтініш ұсынылған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялауға лицензия береді не оны беруден уәжді бас тартуды жазбаша түрде жібереді.".

      2. Қолма-қол ақшамен жұмыс жүргізу басқармасы (Әбішева Т.Т.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;

      3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      4) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2), 3) тармақшаларында және 3-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Д.Т. Ғалиеваға жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк Төрағасы Д. Ақышев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ақпарат және коммуникациялар министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Инвестициялар және даму министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

О внесении изменений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 25 февраля 2015 года № 22 "Об утверждении Правил выдачи лицензии организациям, осуществляющим отдельные виды банковских операций, на инкассацию банкнот, монет и ценностей"

Постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 27 сентября 2018 года № 231. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 23 ноября 2018 года № 17767. Утратило силу постановлением Правления Национального Банка Республики Казахстан от 8 ноября 2019 года № 176.

      Сноска. Утратило силу постановлением Правления Национального Банка РК от 08.11.2019 № 176 (вводится в действие с 01.01.2020).

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 30 марта 1995 года "О Национальном Банке Республики Казахстан" в целях дальнейшего совершенствования порядка выдачи лицензии организациям, осуществляющим отдельные виды банковских операций, на инкассацию банкнот, монет и ценностей Правление Национального Банка Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 25 февраля 2015 года № 22 "Об утверждении Правил выдачи лицензии организациям, осуществляющим отдельные виды банковских операций, на инкассацию банкнот, монет и ценностей" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 11772, опубликовано 17 августа 2015 года в информационно-правовой системе "Әділет") следующие изменения:

      в Правилах выдачи лицензии организациям, осуществляющим отдельные виды банковских операций, на инкассацию банкнот, монет и ценностей, утвержденных указанным постановлением:

      пункт 2 изложить в следующей редакции:

      "2. Лицензия на инкассацию банкнот, монет и ценностей выдается Национальным Банком Республики Казахстан (далее – Национальный Банк) в электронной форме согласно приложению 1 к Правилам через веб-портал "электронного правительства" (www.egov.kz).";

      подпункт 7) пункта 4 исключить;

      пункт 5 изложить в следующей редакции:

      "5. Национальный Банк выдает лицензию на инкассацию банкнот, монет и ценностей либо письменно направляет мотивированный отказ в ее выдаче в течение двадцати рабочих дней со дня представления заявления на получение лицензии с документами, предусмотренными в пункте 4 Правил.".

      2. Управлению по работе с наличными деньгами (Абишева Т.Т.) в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) совместно с Юридическим департаментом (Сарсенова Н.В.) государственную регистрацию настоящего постановления в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации настоящего постановления его направление на казахском и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации" для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) размещение настоящего постановления на официальном интернет-ресурсе Национального Банка Республики Казахстан после его официального опубликования;

      4) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего постановления представление в Юридический департамент сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 2), 3) настоящего пункта и пунктом 3 настоящего постановления.

      3. Управлению по защите прав потребителей финансовых услуг и внешних коммуникаций (Терентьев А.Л.) обеспечить в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего постановления направление его копии на официальное опубликование в периодические печатные издания.

      4. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя Председателя Национального Банка Республики Казахстан Галиеву Д.Т.

      5. Настоящее постановление вводится в действие по истечении двадцати одного календарного дня после дня его первого официального опубликования.

     
      Председатель
Национального Банка
Д. Акишев

      "СОГЛАСОВАНО"
Министерство информации и коммуникаций
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАНО"
Министерство по инвестициям и развитию
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАНО"
Министерство национальной экономики
Республики Казахстан