Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 18.11.2020 № 349 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
РҚАО-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған "Өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтерді) импортына лицензия беру" мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық, фитосанитариялық және тамақ қауіпсіздігі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;
4) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
5) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі |
Ө. Шөкеев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ақпарат және коммуникациялар
министірлігі
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 15 қазандағы № 422 бұйрығымен бекітілген |
"Өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтерді) импортына лицензия беру" мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты 1-тарау. Жалпы ережелер
1. "Өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтерді) импортына лицензия беру" мемлекеттiк көрсетілетін қызметі (бұдан әрi – мемлекеттiк көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрi – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру "электрондық үкiметтiң" www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрi – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттiк қызметті көрсету тәртiбi
4. Мемлекеттiк қызметті көрсету мерзiмi:
портал арқылы жүгінген кезде:
лицензияны берген кезде – 5 (бес) жұмыс күні;
лицензияны қайта ресімдеген кезде – 3 (үш) жұмыс күні;
лицензияның телнұсқаларын берген кезде – 3 (үш) жұмыс күні.
Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Ұсынылған құжаттардың толық еместігі фактісі анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімдерде өтінішті әрі қарай қараудан уәжді бас тартады.
5. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нысаны – электрондық (толық автоматтандырылған).
6. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесi – өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтердің) импортына лицензия, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасы не осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негiздер бойынша мемлекеттiк көрсетілетін қызметтi көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап.
Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн ұсыну нысаны: электрондық.
Порталда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрi – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында "жеке кабинетке" жіберіледі.
7. Мемлекеттiк қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрi – көрсетілетін қызметті алушы) ақылы негізде көрсетiледi. Мемлекеттiк қызмет көрсету кезiнде көрсетiлетiн қызметтi алушының орналасқан жері бойынша бюджетке жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығына мынадай лицензиялық алым төленедi:
1) аталған қызмет түрiмен айналысу құқығына лицензия беру кезінде –
10 айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК);
2) лицензияны қайта ресімдегені үшін– 1 АЕК;
3) лицензияның телнұсқасын бергені үшін – 1 АЕК.
Лицензиялық алымды төлеу қолма-қол және қолма-қол емес нысанда екінші деңгейдегі банктер және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға портал арқылы электрондық сұраным берілгенде төлем "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) немесе екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асырылады.
Порталға көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" лицензиялық алымның төленгені туралы электрондық чек жіберіледі. Төлем туралы ақпарат көрсетілетін қызметтерге төлем жасау тарихында сақталады.
8. Порталдың жұмыс кестесі – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулiк бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні немесе көрсетілетін қызметті беруші белгілеген жұмыс уақыты кестесіне сәйкес жүзеге асырылады).
9. Порталда мемлекеттiк қызметті көрсетуге қажеттi құжаттар тiзбесi:
1) лицензия алу үшiн:
көрсетiлетiн қызметтi алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтердің) импортына лицензия беруге арналған өтiнiш;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтердің) импортына лицензия беруге арналған өтініштің электрондық көшірмесі;
ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
сыртқы сауда шартының (келісімшартының) электрондық көшірмесі, оған қосымшалар және (немесе) толықтырулар (бір реттік лицензияларға), сыртқы сауда шарты (келісімшарты) болмаған жағдайда – тараптардың ниетін растайтын өзге құжаттың электрондық көшірмесі;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес ЭҮТШ арқылы тиісті мемлекеттiк ақпараттық жүйеден алу мүмкін емес біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы құжаттардың электрондық көшірмесі;
жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат туралы, салық органында есепте тұрғаны немесе заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, ЭҮТШ арқылы төленген төлем туралы, пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіруге (формуляциялауға), пестицидтерді (улы химикаттарды) өткізуге, пестицидтерді (улы химикаттарды) аэрозольдік немесе фумигациялық әдістермен қолдануға арналған лицензиялардың бар-жоғы туралы мәліметтерді көрсетiлетiн қызметтi берушi ЭҮТШ арқылы тиісті мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден алады;
2) лицензия туралы мәліметтерді тиісті ақпараттық жүйелерден алу мүмкіндігі болмаған жағдайда лицензияның телнұсқасын алу үшiн:
көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұраным;
ЭҮТШ арқылы төленетін төлемді қоспағанда, бюджетке лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың электрондық көшiрмесi;
жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат туралы, салық органында есепте тұрғаны немесе заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, ЭҮТШ арқылы төленген төлем туралы, пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіруге (формуляциялауға), пестицидтерді (улы химикаттарды) өткізуге, пестицидтерді (улы химикаттарды) аэрозольдік немесе фумигациялық әдістермен қолдануға арналған лицензиялардың бар-жоғы туралы мәліметтерді көрсетiлетiн қызметтi берушi ЭҮТШ арқылы тиісті мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден алады;
3) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресiмдеу үшiн:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес жеке немесе заңды тұлғаның көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтердің) импортына лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге арналған өтініші;
ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
ақпараты мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін негіз болатын өзгерістер туралы ақпарат қамтылған құжаттың электрондық көшірмесі;
жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат туралы, салық органында есепте тұрғаны немесе заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, ЭҮТШ арқылы төленген төлем туралы пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіруге (формуляциялауға), пестицидтерді (улы химикаттарды) өткізуге, пестицидтерді (улы химикаттарды) аэрозольдік немесе фумигациялық әдістермен қолдануға арналған лицензиялардың бар-жоғы туралы мәліметтерді көрсетiлетiн қызметтi берушi ЭҮТШ арқылы тиісті мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден алады;
Өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтердің) импортына лицензия алған көрсетілген қызметті алушылар лицензияның қолданылу мерзімі өткеннен кейін күнтізбелік он бес күн ішінде көрсетілетін қызметті берушіге лицензияның орындалуы туралы ақпарат беруге міндетті.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды портал арқылы берген кезде – көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетiнде" мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижелерiн алу күнiн көрсете отырып, мемлекеттiк қызметтi көрсетуге арналған сұранымның қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.
10. Мемлекеттiк қызметті көрсетуден бас тартуға мыналар негіз болып табылады:
1) жеке немесе заңды тұлғалардың осы санаты үшін қызмет түрімен айналысуға Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынуы;
2) лицензиялық алымның енгізілмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі;
4) көрсетілетін қызметті алушының лицензия алу үшін ұсынған құжаттарында толық емес және дәйексіз мәліметтердің болуы;
5) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген талаптардың сақталмауы;
6) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты лицензиялауға жататын қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру немесе оларға тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы;
7) сот орындаушысының ұсынуы негізінде соттың көрсетілетін қызметті алушы-борышкерге лицензия беруге уақытша тыйым салуы;
8) лицензияны беруге негіз болатын бір немесе бірнеше құжаттардың қолданысын тоқтату немесе тоқтата тұру;
9) оны іске асыру үшін лицензиясы сұратылатын шартты (келісімшартты) орындау салдары болуы мүмкін мүше мемлекеттердің халықаралық міндеттемелерінің бұзылуы;
10) көрсетілетін қызметті алушының лицензияны алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;
11) Еуразиялық экономикалық комиссия актісімен көзделген өзге де негіздер.
3-тарау. Орталық мемлекеттiк органдардың, сондай-ақ көрсетiлетiн қызметті берушiлердiң және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешiмдерiне, әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi
11. Орталық мемлекеттік органның, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану:
шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына www.moa.gov.kz мекенжайы бойынша не Министрлік басшысының атына 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Кенесары көшесі, 36, № 702 кабинет мекенжайы бойынша беріледі, телефоны: 8 (7172) 55-57-86.
Шағымда көрсетілетін қызметті алушы өзінің атын, әкесінің атын (бар болса), тегін, почталық мекенжайын, шығыс нөмірі мен күнін көрсетеді. Шағымға көрсетілетін қызметті алушының қолы қойылуы тиіс.
Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде шағымның қабылданғанын шағымды қабылдаған адамның аты-жөні мен тегі, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, оның тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) растайды.
Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.
Портал арқылы шағым жолдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинетінен" өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті берушінің арызды өңдеуі барысында (жеткізілгені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылып отырады.
Көрсетілетін қызметті берушіге немесе Министрлікке келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс. Шағымды қарау нәтижелері туралы уәжді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.
Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 05.08.2019 № 289 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетiлетiн қызметтi алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен сотқа жүгінеді.
4-тарау. Электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар
13. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www.moa.gov.kz ресми интернет-ресурсында орналастырылған.
Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 05.08.2019 № 289 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.14. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда портал арқылы электрондық нысанда мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға мүмкіндігі бар.
15. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефоны арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар.
16. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары www.moa.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.
Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 05.08.2019 № 289 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен."Өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтерді) импортына лицензия беру" мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымша |
Өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтердің) импортына лицензия беруге арналған өтініш
1. Өтініш № |
2. Қолданылу кезеңі | |
3. Лицензияның типі |ИМПОРТ | 4. Келісімшарт ____ жылғы ____ № ___ | |
5. Көрсетілетін қызметті алушы | 6. Сатушы | |
7. Жіберілетін ел | 8. Сатушының елі | |
9. Келісімшарт валютасы | 10. Құны | 11. Статистикалық құны |
12. Шығарылған елі | 13. Мөлшері | 14. Өлшем бірлігі |
15. КО СЭҚ ТН бойынша өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтердің) коды және оның сипаттамасы | ||
16. Қосымша ақпарат | ||
17. Лицензия беру үшін негіздеме |
18. Көрсетілетін қызметті алушының уәкілетті адамы |
Өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтердің) импортына лицензия беруге арналған өтінішке қосымша
жылғы ____ № ____өтінішке қосымша | |||
р/с | Өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтердің) сипаттамасы | саны |
өлшем |
құны | |||
р/с | Өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтердің) сипаттамасы | саны |
өлшем |
құны | |||
р/с | Өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтердің) сипаттамасы | саны |
өлшем |
құны | |||
р/с | Өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтердің) сипаттамасы | саны |
өлшем |
құны | |||
р/с | Өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтердің) сипаттамасы | саны |
өлшем |
құны | |||
р/с | Өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтердің) сипаттамасы | саны |
өлшем |
құны | |||
р/с | Өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтердің) сипаттамасы | саны |
өлшем |
құны | |||
р/с | Өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтердің) сипаттамасы | саны |
өлшем |
құны | |||
Барлығы парақ, № парақ |
18. Уәкілетті адам |
"Өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтерді) импортына лицензия беру" мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымша |
Біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер
№ р/с | Біліктілік талаптары | Оларға сәйкестікті растайтын құжаттар | Қажетті мәліметтер | Ескертпе |
2 | 3 | 4 | 5 | |
1 | Лицензияны алу ниеттерін растау | * Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының тиісті шешімімен бекітілген өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтердің) импортына лицензия беруге арналған өтінішті ресімдеу және мұндай лицензияны ресімдеу туралы нұсқаулыққа сәйкес толтырылған және ресімделген лицензия беру туралы өтініш | ||
2 | Лицензияны алу ниеттерін растау | *Өтініштің электрондық көшірмесі | ||
3 | Тараптардың сыртқы сауда қызметін жүзеге асыру ниеттерін растау | *Сыртқы сауда шартының (келісімшартының), оған қосымшаның және (немесе) толықтырудың көшірмесі, ал сыртқы сауда шарты (келісімшарты) болмаған жағдайда тараптардың ниеттерін растайтын өзге құжаттың көшірмесі | ||
4 | **Салық органында есепте тұрғаны туралы немесе мемлекеттік тіркеу туралы құжаттың (мәліметтердің) болуы | бизнес сәйкестендіру нөмірі | ||
тіркеу нөмірі | ||||
тіркелген күні | ||||
атауы | ||||
орналасқан жері | ||||
мемлекеттік тіркелген күні | ||||
кім берді | ||||
5 | ** Тиісті қызмет түрін жүзеге асыруға арналған рұқсаттың болуы | лицензияның нөмірі | ||
толық атауы | ||||
орналасқан жері | ||||
лицензияланатын қызмет түрінің атауы | ||||
лицензияның түрі | ||||
ерекше шарттар | ||||
кім берді | ||||
Лицензияға қосымша | берілген мерзімі | |||
лицензияланатын кіші қызмет түрінің атауы | ||||
өндірістік база | ||||
лицензия қолданысының ерекше шарттары | ||||
қосымшаның нөмірі | ||||
6 |
Әкелінетін пестицидтердің көлемін қолдануға арналған ауыл шаруашылығы алқаптарының | *Ауыл шаруашылығы алқаптарына құқық белгілейтін құжаттардың көшірмелері және ауыл шаруашылығы алқаптарын химиялық өңдеуге қажетті пестицидтер мөлшерінің есептемесі | Егер өтінім беруші пестицидтердіөткізу үшін емес, меншік немесе жер пайдалану құқығында оған тиесілі ауыл шаруашылығы алқаптарында қолдану үшін әкелген жағдайда | |
7 | Ресми дистрибьюторлық туралы ақпараттың бар-жоғы | *Пестицидтерді тіркеуші фирма мен дистрибьютор компанияның арасындағы лицензиялық келісімнің көшірмесі немесе пестицидтерді тіркеуші фирмадан сатушының ресми дистрибьюторлығы туралы растау хаты | Пестицидтер пестицидті тіркеушінің дистрибьюторкомпаниясынан әкелінген жағдайда | |
8 | Пестицид өндіруші зауыт ауысқан жағдайда | * Өсімдіктерді қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес жаңа өндіруші зауыт көрсетілген пестицидтің тіркеу куәлігінің көшірмесін қоса бере отырып, әкелінетін тіркелген пестицид өндірілетін өндіруші зауытты ауыстыру туралы пестицидті тіркеуші фирманың хабарлама-хатының түпнұсқасы | Пестицидтерді өндіруші зауыт ауысқан кезде | |
9 | Жарамсыз пестицидтердің және пайдаланылған пестицидтердің ыдысын кәдеге жаратуға, жоюға арналған кәсіпорынмен жасалған шарттың болуы | *Жарамсыз пестицидтерді және пайдаланылған пестицидтердің ыдысын кәдеге жаратуға, жоюға арналған кәсіпорынмен жасалған шарттың көшірмесі. Бұл ретте келісімшарттарда (шарттарда) пестицидтерді тұтынушыларға одан әрі өткізу кезінде пайдаланылған пестицидтердің ыдысын тұтынушылардың кәсіпорынға міндетті түрде қайтаруы көзделуі керек | ||
10 | Сыртқы сауда келісімшартында (шартта) жарамсыз пестицидтердi немесе олардың ыдысын қайтару тәртібі көрсетілген тармақтың болуы | *Жарамсыз пестицидтердi немесе олардың ыдысын экспорттаушыға қайтару тәртібі көрсетілген сыртқы сауда келісімшартының (шарттың) көшірмесі | Өтініш берушінің тауарды қабылдау пунктіне дейін (УСҚ, кеден қоймасы, бекет және т.б.) жеткізу процесінде жарамсыз пестицидтердi немесе олардың ыдысын қайтаруы мақсатында. | |
11 | Химиялық өнімнің қауіпсіздігі паспортының болуы | *Химиялық өнімнің қауіпсіздігі паспортының көшірмесі |
Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және дұрыс емес мәліметтер ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік туралы хабардармын және заңмен қорғалатын құпиядан тұратын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.
Көрсетілетін қызметті алушы 20__ жылғы "__" _________ сағат 00:00 қол қойды және жіберді:
ЭЦҚ -дан алынған деректер
ЭЦҚ қойылған күні және уақыты
Өтініштің қабылданғаны туралы хабарлама:
Көрсетілетін қызметті алушының уәкілетті адамы 20__ жылғы "__" _________ сағат 00:00 қабылдады.
ЭЦҚ-дан алынған деректер
ЭЦҚ қойылған күні және уақыты.
Ескертпе:
*құжаттарды "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы арқылы немесе "Е-лицензиялау" www.elicense.kz веб-порталы арқылы берген кезде құжаттар көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған құжаттардың электрондық көшірмесі түрінде ұсынылады;
**электрондық түрде мәлімет нысанында толтырылады.
"Өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтерді) импортына лицензия беру" мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымша 1-нысан |
Заңды тұлғаның өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтердің) импортына лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге арналған өтініші
(кімге) __________________________________________________________________
(лицензиярдың толық атауы) (кімнен)
________________________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы, орналасқан жері, бизнес сәйкестендіру
нөмірі (оның ішінде шетелдік заңды тұлғаның), заңды тұлғаның бизнес
сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда, шетелдік заңды тұлғаның
филиалы немесе өкілдігінің бизнес сәйкестендіру нөмірі)
________________________________________________________________________
(қызмет түрiнің және (немесе) қызметтің кiшi түрiнің толық атауы)
__________________________________________________ жүзеге асыруға арналған
20___ жылғы "___ " _________ берілген №__________
_______________________________________________________________________
(лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшалардың нөмірі(лері),
берілген күні, лицензияны және (немесе) лицензияға
қосымшаны берген лицензиярдың атауы)
лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны(ларды)
(керегінің астын сызу) төмендегі негіздер бойынша (тиісті ұяшықта Х көрсетіңіз)
қайта ресімдеуді сұраймын:
1) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 34-бабында айқындалған тәртіпке сәйкес заңды тұлға-лицензиаттың (тиісті ұяшықта Х көрсетіңіз):
бірігу _______________
қайта құру ___________
қосылу ______________
бөліп шығару ________
бөліну _____________ жолымен қайта ұйымдастырылуы
2) заңды тұлға-лицензиат атауының өзгеруі _______________________
3) заңды тұлға-лицензиаттың орналасқан жерінің өзгеруі __________
4) егер, лицензияның иеліктен шығарылуы Заңға 1-қосымшада көзделсе, лицензиаттың үшінші тұлғалардың пайдасына объектімен бірге "объектілерге берілетін рұқсаттар" сыныбы бойынша берілген лицензияны иеліктен шығаруы _____________________________________________________________________
5) "объектілерге берілетін рұқсаттар" сыныбы бойынша берілген лицензия үшін немесе лицензияға қосымшалар үшін объектілерді көрсете отырып, объект нақты көшірілмей, оның орналасқан жері мекенжайының өзгеруі _______________
6) Қазақстан Республикасының заңдарында қайта ресімдеу туралы талаптың болуы
______________________________________________________________________
7) қызмет түрі атауының өзгеруі __________________________________________
8) қызметтің кіші түрі атауының өзгеруі ____________________________________
Заңды тұлғаның мекенжайы _____________________________________________
(ел – шетелдік заңды тұлға үшін, почталық индексі,
облыс, қала, аудан, елді мекен, көше атауы, үйдің/
ғимараттың (стационарлық үй-жайдың) нөмірі)
Электрондық почтасы ____________________________________________________
Телефондары ___________________________________________________________
Факсы _________________________________________________________________
Банктік шоты ___________________________________________________________
(шот нөмірі, банктің атауы және орналасқан жері)
Қызметті немесе іс-қимылдарды (операцияларды) жүзеге асыратын объектінің мекенжайы ____________________________________________________________
(почталық индексі, облыс, қала, аудан, елді мекен, көше атауы, үйдің/ғимараттың (стационарлық үй-жайдың) нөмірі) ______ парақ қоса беріледі.
Осымен:
барлық көрсетілген деректер ресми байланыс деректері болып табылатындығы және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы;
өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмағандығы;
барлық қоса беріліп отырған құжаттардың шындыққа сәйкес келетіндігі және жарамды болып табылатындығы;
лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісім беретіндігі расталады.
Басшы ________________ _________________________________________________ (қолы) (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
Мөр (бар болса) орны Толтырылған күні: 20__ жылғы "__" __________
2-нысан |
Жеке тұлғаның өсімдіктерді қорғау құралдарының (пестицидтердің) импортына лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны ресімдеуге арналған өтініші
(кімге) _________________________________________________________________
(лицензиардың толық атауы) (кімнен)
________________________________________________________________
(жеке тұлғаның аты, әкесiнiң аты (бар болса), тегі, жеке сәйкестендіру нөмірі)
_______________________________________________________________________
(қызмет түрiнің және (немесе) қызметтің кiшi түрiнің толық атауы)
_________________________________________________
жүзеге асыруға арналған
20___ жылғы "___ " _________ берілген №__________________________________
_______________________________________________________________________
(лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшалардың нөмірі(лері), берілген күні,
лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны берген лицензиярдың атауы)
лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны(ларды) (керегінің астын сызу)
төмендегі негіздер бойынша (тиісті ұяшықта Х көрсетіңіз) қайта ресімдеуді сұраймын:
1) жеке тұлға-лицензиат атының, әкесінің атының (бар болса), тегінің өзгеруі _____
2) дара кәсіпкер-лицензиаттың қайта тіркелуі, атауының өзгеруі_________________
3) дара кәсіпкер-лицензиаттың қайта тіркелуі, заңды мекенжайының өзгеруі _____
4) егер, лицензияның иеліктен шығарылуы
"Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы
Заңына 1-қосымшада көзделсе, лицензиаттың үшінші тұлғалардың пайдасына объектімен бірге
"объектілерге берілетін рұқсаттар" сыныбы бойынша берілген лицензияны иеліктен шығаруы ___
5) "объектілерге берілетін рұқсаттар" сыныбы бойынша берілген лицензия үшін немесе лицензияға
қосымшалар үшін объектілерді көрсете отырып, объект нақты көшірілмей, оның орналасқан жері
мекенжайының өзгеруі ________
6) Қазақстан Республикасының заңдарында қайта ресімдеу туралы талаптың болуы
________
7) қызмет түрі атауының өзгеруі ____________________________________________
8) қызметтің кіші түрі атауының өзгеруі ______________________________________
Жеке тұлғаның тұрғылықты мекенжайы _____________________________________
(почталық индексі, облыс, қала, аудан, елді мекен, көше атауы, үйдің/ғимараттың нөмірі)
Электрондық почтасы ____________________________________________________
Телефондары ___________________________________________________________
Факсы _________________________________________________________________
Банктік шоты ___________________________________________________________
(шот нөмірі, банктің атауы және орналасқан жері)
Қызметті немесе іс-қимылдарды (операцияларды) жүзеге асыратын объектінің мекенжайы
_____________________________________________________________
(почталық индексі, облыс, қала, аудан, елді мекен, көше атауы, үйдің/ғимараттың
(стационарлық үй-жайдың) нөмірі) ______ парақ қоса беріледі.
Осымен:
барлық көрсетілген деректер ресми байланыс деректері болып табылатындығы және оларға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы;
өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмағандығы;
барлық қоса беріліп отырған құжаттардың шындыққа сәйкес келетіндігі және жарамды болып табылатындығы;
лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын, қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісім беретіндігі расталады.
Жеке тұлға ___________ __________________________________________________
(қолы) (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
Мөр (бар болса) орны
Толтырылған күні: 20__ жылғы "__"______