"Акциздік бекеттің қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 26 қаңтардағы № 76 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 13 қарашадағы № 992 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 13 желтоқсанда № 17933 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Акциздік бекеттің қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 26 қаңтардағы № 76 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16361 болып тіркелген, 2018 жылғы 1 наурызда Нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген акциздік бекеттің қызметін ұйымдастыру қағидаларында:

      3–тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Акциздік бекеттің қызметін басқару және үйлестіру акцизделетін тауардарды өндіруді жүзеге асыру орындары бойынша астанада, республикалық маңызы бар қалаларда және облыс бойынша мемлекеттік кірістер органдарының (бұдан әрі – мемлекеттік кірістер органдары) басшылары жүзеге асырады.";

      7–тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Акциздік бекеттегі лауазымды адам:

      1) Қазақстан Республикасының акцизделетін тауарлардың өндірісі мен айналымын реттейтін заңнамасының талаптарын салық төлеушінің сақтауын;

      2) акцизделетін тауарлардың тек қана өлшеуіш аппараттары арқылы бөлінуін және (немесе) босатылуын немесе есепке алу аспаптары арқылы өткізілуін (құйылуын), сондай-ақ осындай есепке алу аспаптарының пломбаланған түрде пайдаланылуын, атап айтқанда:

      Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 29 қыркүйектегі № 498 бұйрығымен бекітілген Шарап материалы, сондай-ақ өндiрiстiк қуаты жылына төрт жүз мың декалитрден төмен сыра және сыра сусыны өндiрiсiнен басқа, этил спиртiн және (немесе) алкоголь өнiмiн өндiрудiң технологиялық желiлерiн есепке алудың бақылау аспаптарымен жарақтандыру, олардың жұмыс iстеу және есепке алынуын жүзеге асыру қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12219 болып тіркелген) және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 16 наурыздағы № 126 бұйрығымен бекітілген Мұнай өнімдерін өндірушілердің өндірістік объектілерінің, мұнай өнімдері базаларының резервуарларын және автожанармай құю станцияларын (жылжымалы үлгідегі автожанармай құю станцияларынан басқа) есепке алатын бақылау аспаптарымен жарақтандыру қағидалары мен талаптарына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13607 болып тіркелген) сәйкес есепке алудың бақылау аспаптарының жұмысын;

      этил спирті, алкоголь өнімі және бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отынын, ауыстырылу және өткізу көлемдері туралы деректерді есепке алудың бақылау аспаптары (бұдан әрі – ЕБА) арқылы Комитетке беруді;

      бір жолғы индикаторлық бақылау пломбаларының (бұдан әрі – пломба):

      есепке алудың бақылау аспаптарына:

      пломба қойылған жерлерде (әр айдың 1 және 15 күндері):

      ректификациялық бағаналардан ЕБА-на дейін (этил спиртін өндірушілер үшін);

      дайын өнімнің ыдыста шығуынан ЕБА-на дейін (алкоголь өнімін өндірушілер үшін) бүлінбеуін;

      жөндеу жұмыстары, құрал-жабдықтарды ауыстыру жүзеге асырылған, лицензияның қолдану мерзімі тоқтатылған жағдайда, сондай-ақ жұмыс істемейтін уақыт кезеңіне және тұрып қалған уақытта:

      этил спирті және (немесе) алкоголь өнімін өндіру бойынша желілерінің;

      акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін сақтауға арналған үй-жай қоймаларының (лицензияның қолдану мерзімі тоқтатылған жағдайда, сондай-ақ жұмыс істемейтін уақыт кезеңіне және тұрып қалған уақытта);

      спирт сақталатын қоймадан алкоголь өнімін өндіруге этил спиртін беру крандарының (бұрандаларының);

      алкоголь өнімдерін өндірушінің араластыру цехындағы кіргізу және (немесе) шығару құбыр желілерінің;

      бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отынын араластыруды жүзеге асыратын ұйымдардағы кіргізу және (немесе) шығару құбыр желілері крандарының (бұрандаларының);

      бензинді, дизель отынын босату (өткізу) крандарының пломбалануын;

      пломбаның үзілгені немесе бүлінгені анықталған жағдайда (табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайдың туындауын қоспағанда) үзілген немесе бүлінген жердің тіркелуін (суреті, бейне түсірілімі);

      ЕБА-ның жұмысына санкциясыз араласқан және (немесе) техникалық көру жабдығымен сәйкестендіруге жатпайтын есепке алу-бақылау таңбаларын анықтаған жағдайда тіркелуін;

      3) салық төлеушінің акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін таңбалау тәртібін сақтауын, атап айтқанда, арнайы аспаптар арқылы алкоголь өнімдерінің есепке алудың бақылау таңбаларының (шығарылған өнімінің әрбір түрінен 100 бөтелкеден кем емес) түпнұсқалылығына ішінара тексеру жүргізеді;

      4) дайын өнімнің, есепке алу-бақылау маркаларының немесе акциздік маркалардың қозғалысын бақылауды жүзеге асырады.";

      8–тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Акциздік бекеттегі лауазымды адам:

      1) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтай отырып, акцизделетін тауарларды өндіру, сақтау және өткізу үшін пайдаланатын салық төлеушінің әкімшілік, өндірістік, қойма, сауда, қосалқы үй-жайларын зерттеп-қарауға, акцизделетін тауарлардың сақтау және өткізу үшін пайдаланатын өндірістік үй-жайлардағы, қоймалардағы дайын өнімдердің қалдығын алады, олар туралы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерінің қалдықтарын шығару актісін толтырады.

      2) акцизделетін тауарларды өткізу кезінде қатысуға;

      3) салық төлеушінің аумағынан (аумағына) шығып бара жатқан (кіріп келе жатқан) жүк көлік құралдарын қарап-тексеруге құқылың;

      4) жұмыс істемейтін уақыт кезеңіне және тұрып қалған уақытта:

      акцизделенетін тауарлардың жекелеген түрлерін пайдалану мен жұмыс істеуін болдырмау үшін өндіру желілерін;

      спирт сақталатын қоймадан алкоголь өнімін өндіруге этил спиртін беру крандарын;

      мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруге арналған шикі мұнайды, мұнай өнімдерін жіберу крандарын (бұрандаларын);

      өндірушінің немесе көтерме сатушының кіру және шығу қақпаларын (өндірушімен немесе көтерме саудада сатушымен келісім бойынша);

      алкоголь өнімдерін өндірушінің араластыру цехындағы кіргізу және шығару құбыр желілерін;

      мұнай өнімдерін араластыруды жүзеге асыратын кәсіпорындар мен шағын мұнай өндіруші зауыттардағы кіргізу және шығару құбыр желілерінің крандарын (бұрандаларын);

      акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін сақтауға арналған қойма үй-жайларын;

      дизель отынын, бензинді босату крандарын пломба салуға.".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау үшін және енгізу үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрі Ә. Смайылов

О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 26 января 2018 года № 76 "Об утверждении Правил организации деятельности акцизного поста"

Приказ Министра финансов Республики Казахстан от 13 ноября 2018 года № 992. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 13 декабря 2018 года № 17933

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 26 января 2018 года № 76 "Об утверждении Правил организации деятельности акцизного поста" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 16361, опубликован 1 марта 2018 года в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов) следующие изменения:

      в Правилах организации деятельности акцизного поста, утвержденных указанным приказом:

      пункт 3 изложить в следующей редакции:

      "3. Руководство и координация деятельности акцизного поста осуществляется руководителями органов государственных доходов по областям, городам республиканского значения и столицы (далее – органы государственных доходов) по месту осуществления производства подакцизных товаров.";

      пункт 7 изложить в следующей редакции:

      "7. Должностное лицо, находящееся на акцизном посту, осуществляет контроль за:

      1) соблюдением налогоплательщиком требований законодательства Республики Казахстан, регулирующего производство и оборот подакцизных товаров;

      2) отводом и (или) отпуском подакцизных товаров исключительно через измеряющие аппараты или реализацией (розливом) через приборы учета, а также эксплуатацией таких приборов учета в опломбированном виде, в частности:

      функционированием контрольных приборов учета в соответствии с Правилами оснащения технологических линий производства этилового спирта и (или) алкогольной продукции контрольными приборами учета, их функционирования и осуществления учета, кроме производства виноматериала, а также пива и пивного напитка, производственные мощности, которых ниже четырехсот тысяч декалитров в год, утвержденными приказом Министра финансов Республики Казахстан от 29 сентября 2015 года № 498 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 12219) и Правилами и требованиями по оснащению резервуаров производственных объектов производителей нефтепродуктов, баз нефтепродуктов и автозаправочных станций (кроме автозаправочных станций передвижного типа) контрольными приборами учета, утвержденными приказом Министра финансов Республики Казахстан от 16 марта 2016 года № 126 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 13607);

      передачей данных об объемах производства, перемещения и реализации, этилового спирта, алкогольной продукции и бензина (за исключением авиационного), дизельного топлива через контрольные приборы учета (далее –КПУ) в Комитет;

      целостностью одноразовых индикаторных контрольных пломб (далее – пломба):

      на контрольных приборах учета;

      в местах установления пломб (к 1 и 15 числу ежемесячно):

      от ректификационной колонны до КПУ (для производителей этилового спирта);

      от выхода емкости готовой продукции до КПУ (для производителей алкогольной продукции);

      пломбированием, в случае осуществления ремонтных работ, замены оборудования, приостановления действия лицензии, а также на нерабочий период времени и время простоя:

      линий по производству этилового спирта и (или) алкогольной продукции;

      складских помещений, предназначенных для хранения отдельных видов подакцизных товаров (в случае приостановления действия лицензии, а также на нерабочий период времени и время простоя);

      кранов подачи этилового спирта со спиртохранилища в производство алкогольной продукции;

      впускных и выпускных трубопроводов купажного цеха производителя алкогольной продукции;

      кранов (вентилей) впускных и (или) выпускных трубопроводов организаций, осуществляющих компаундирование бензина (за исключением авиационного), дизельного топлива;

      кранов отпуска (реализации) бензина (за исключением авиационного), дизельного топлива;

      фиксированием места срыва или повреждения (фото, видеосъемка), в случае обнаружения срыва или повреждения пломбы (за исключением возникновения чрезвычайных ситуаций природного и техногенного характера);

      фиксированием несанкционированного вмешательства в работу КПУ и (или) выявления оборудованием технического зрения учетно-контрольных марок, не поддающихся идентификации;

      3) соблюдением налогоплательщиком порядка маркировки отдельных видов подакцизных товаров, в частности проводит выборочную проверку подлинности учетно-контрольных марок (не менее 100 бутылок каждого вида выпускаемой продукции) на алкогольную продукцию посредством специальных приборов;

      4) движением готовой продукции, учетно-контрольных марок или акцизных марок.";

      пункт 8 изложить в следующей редакции:

      "8. Должностное лицо, находящееся на акцизном посту, вправе:

      1) обследовать с соблюдением требований законодательства Республики Казахстан административные, производственные, складские, торговые, подсобные помещения налогоплательщика, используемые для производства, хранения и реализации подакцизных товаров, снимать остатки в производственных помещениях, на складах готовой продукции, используемых для хранения и реализации подакцизных товаров, о чем составляет акт снятия остатков отдельных видов подакцизных товаров по форме, согласно приложению 2 к настоящим Правилам;

      2) присутствовать при реализации подакцизных товаров;

      3) осматривать грузовые транспортные средства, выезжающие (въезжающие) с территории (на территорию) налогоплательщика;

      4) пломбировать на нерабочий период времени и время простоя:

      линии по производству отдельных видов подакцизных товаров таким образом, чтобы исключалось их использование и функционирование;

      краны подачи этилового спирта со спиртохранилища в производство алкогольной продукции;

      краны (вентили) подачи сырой нефти, нефтепродуктов в производство отдельных видов нефтепродуктов;

      въездные и выездные ворота производителя или оптовика (по согласованию с производителем или оптовиком);

      впускные и выпускные трубопроводы купажного цеха производителя алкогольной продукции;

      краны (вентили) впускных и выпускных трубопроводов предприятия, осуществляющего компаундирование нефтепродуктов и мининефтеперерабатывающего завода;

      складские помещения, предназначенные для хранения отдельных видов подакцизных товаров;

      краны отпуска (реализации) бензина, дизельного топлива.".

      2. Комитету государственных доходов Министерства финансов Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации настоящего приказа направление его на казахском и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации" Министерства юстиции Республики Казахстан для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства финансов Республики Казахстан;

      4) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Департамент юридической службы Министерства финансов Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1), 2) и 3) настоящего пункта.

      3. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр финансов
Республики Казахстан
А. Смаилов