"Жаңартылатын энергия көздерінің пайдаланылуына мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 11 ақпандағы № 74 бұйрығына өзгерістер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 14 желтоқсандағы № 509 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 14 желтоқсанда № 17960 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жаңартылатын энергия көздерінің пайдаланылуына мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 11 ақпандағы № 74 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10455 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 2 сәуірде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      ""Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы" 2009 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 7) тармақшасына және "Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жаңартылатын энергия көздерінің пайдаланылуына мониторинг жүргізу қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар):

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Уәкілетті орган жаңартылатын энергия көздерінің (бұдан әрі – ЖЭК) пайдаланылуына мониторингті:

      1) Қазақстан Республикасында электр және (немесе) жылу энергиясын өндiрудiң жалпы көлемiнде ЖЭК пайдалану объектілерінің электр және (немесе) жылу энергиясын өндiру және босату үлесiн есепке алу;

      2) ЖЭК пайдалана отырып, электр энергиясын өндіру көлемінің "Жаңартылатын энергия көздері секторын дамытудың нысаналы көрсеткіштерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 7 қарашадағы № 478 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14489 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 20 желтоқсанда жарияланған) көзделген нысаналы көрсеткіштерге сәйкестігін айқындау үшін жүзеге асырады (бұдан әрі – № 478 бұйрық).";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Уәкілетті орган ЖЭК пайдаланылуына мониторинг жүргізу нәтижелері бойынша ЖЭК пайдалана отырып, электр энергиясын өндіру көлемінің № 478 бұйрықта көзделген нысаналы көрсеткіштерге сәйкестігін айқындайды. ";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерінің электр және (немесе) жылу энергиясын өндіру және босату туралы ақпараттың нысаны осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Жаңартылатын энергия көздері департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Энергетика министрі Қ. Бозымбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігінің

      Статистика комитеті

      ________________________

      2018 жылғы "__" _________

  Қазақстан Республикасы
  Энергетика министрінің
  2018 жылғы 14 желтоқсандағы
  № 509 бұйрығына
  қосымша
  Жаңартылатын энергия
  көздерiнің пайдаланылуына
  мониторинг жүргізу
  қағидаларына
  1-қосымша
  Әкімшілік деректерді
  жинауға арналған нысан

Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерінің электр және (немесе) жылу энергиясын өндіруі және босатуы туралы ақпарат

      Нысанның индексі: № 1 нысан

      Ақпаратты ұсыну кезеңділігі: тоқсан сайын

      Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: жаңартылатын энергия

      көздерiн (бұдан әрі – ЖЭК) пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар

      Нысан кімге ұсынылады: Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі

      Нысанды ұсыну мерзімі: тоқсан сайын

      Есептік кезең: тоқсан

      1. Энергия өндіруші ұйымның атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі _________

      2. Энергия өндіруші ұйымның орналасқан жері _________________________

      3. ЖЭК пайдалану объектісінің атауы _________________________________

      4. ЖЭК пайдалану объектісінің орналасқан жері_________________________

      5. ЖЭК пайдалану объектісінің белгіленген қуаты (кВт) __________________

      6. Пайдаланатын ЖЭК түрі ___________________________________________

      7. Жинау нысаны (электрондық/қағаз)__________________________________

      8. Жалпы жұмыс орындарының саны__________, оның ішінде:

      Әйел ______

      Ер ________

Көрсеткіштер

Тоқсан ішіндегі нақты өндіріс

Тоқсан ішіндегі болжамдық өндіріс


1

2

3

1

Электр энергиясын өндіру, мың кВтс



2

Жылу энергиясын өндіру, Гкал



3

Электр энергиясын босату, мың кВтс



4

Жылу энергиясын босату, Гкал



5

Электр энергиясының орташа босату бағасы, теңге/кВтс ҚҚС-сыз



6

Жылу энергиясының орташа өлшемді босату бағасы, теңге/Гкал ҚҚС-сыз



      Ескертпе:

      Электр және (немесе) жылу энергиясын өндіру үшін ЖЭК-тің екі және одан көп

      түрлерін пайдаланған жағдайда, есеп әр түрі бойынша жеке беріледі.

      _______________________________________________________________________

      (Басшы, тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), қолы, күні)

      "20__ жылғы __-тоқсанға жаңартылатын энергия көздерін пайдалану

      объектілерінің электр және (немесе) жылу энергиясын өндіруі және

      босатуы туралы ақпарат" нысанын толтыру жөніндегі түсініктемелер

      1. 20__ жылғы __-тоқсанға жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерінің

      электр және (немесе) жылу энергиясын өндіруі және босатуы туралы ақпарат нысаны (бұдан

      әрі – Нысан) "Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы" Қазақстан

      Республикасы Заңы 6-бабының 7) тармақшасына сәйкес әзірленген.

      2. Нысан жаңартылатын энергия көздерiн (бұдан әрі – ЖЭК) пайдаланатын энергия

      өндіруші ұйымдармен ұсынылады.

      3. Нысан мынадай түрде толтырылады:

      1-бөлімде ақпарат беретін ұйымның толық атауы және бизнес-сәйкестендіру нөмірі

      көрсетіледі;

      2-бөлімде ұйымның заңды мекенжайы (облыс, аудан/қала, елді мекен) көрсетіледі;

      3-бөлімде ЖЭК объектісінің атауы көрсетіледі;

      4-бөлімде ЖЭК объектісінің нақты мекенжайы көрсетіледі;

      5-бөлімде ЖЭК объектісінің қуаты көрсетіледі;

      6-бөлімде ЖЭК пайдалану объектісінің түрі (күн, жел, гидроэлектр станция, биогаз

      қондырғы) көрсетіледі;

      7-бөлімде энергия өндіруші ұйымдармен ұсынылатын ақпараттың беру тәсілдері

      көрсетіледі;

      8-бөлімде объектіге қызмет көрсететін жұмыскерлердің жалпы саны көрсетіледі, оның

      ішінде әйелдер және ерлер.

      1-жолдың "Электр энергиясын өндіру, мың кВтс" атты 2-бағанында есептік кезеңде

      (тоқсан) ЖЭК объектілерімен электр энергия өндіруінің нақты деректері көрсетіледі;

      1-жолдың "Электр энергиясын өндіру, мың кВтс" атты 3-бағанында алдағы есептік

      кезеңнің (тоқсан) ішінде ЖЭК объектілерімен электр энергия өндіруінің болжамды деректері

      көрсетіледі;

      2-жолдың "Жылу энергиясын өндіру, Гкал" атты 2-бағанында есептік кезеңде (тоқсан)

      ЖЭК объектілерімен жылу энергиясын өндіруінің нақты деректері көрсетіледі;

      2-жолдың "Жылу энергиясын өндіру, Гкал" атты 3-бағанында алдағы есептік кезеңнің

      (тоқсан) ішінде ЖЭК объектілерімен жылу энергия өндіруінің болжамды деректері

      көрсетіледі;

      3-жолдың "Электр энергиясын босату, мың кВтс " атты 2-бағанында есептік кезеңде

      (тоқсан) электр жүйесіне босатылғанэлектр энергиясының нақты деректері көлемі көрсетіледі;

      3-жолдың "Электр энергиясын босату, мың кВтс" атты 3-бағанында алдағы есептік

      кезеңде (тоқсан) электр жүйесіне босатуға жоспарланып отырған электр энергиясының

      болжамды көлемі көрсетіледі;

      4-жолдың "Жылу энергиясын босату, Гкал" атты 2-бағанында есептік кезеңде (тоқсан)

      бірыңғай жылу жүйесіне босатылған жылу энергиясының нақты деректері көлемі көрсетіледі;

      4-жолдың "Жылу энергиясын босату, Гкал" атты 3-бағанында алдағы есептік кезеңде

      (тоқсан) бірыңғай жылу жүйесіне босатуға жоспарлап отырған жылу энергиясының болжамды

      көлемі көрсетіледі;

      5-жолдың "Электр энергиясының орташа босату бағасы, мың кВтс, ҚҚС-сыз " атты

      2-бағанында есептік кезеңде (тоқсан) электр энергия өндіруші ұйым сатқан электр

      энергиясының орташа бағасы көрсетіледі;

      5-жолдың "Электр энергиясының орташа босату бағасы, мың кВтс ҚҚС-сыз" атты

      3-бағанында алдағы есептік кезеңде (тоқсан) ішінде электр энергия өндіруші ұйым сатуға

      жоспарлап отырған электр энергиясының орташа бағасы көрсетіледі;

      6-жолдың "Жылу энергиясының орташа өлшемді босату бағасы, мың Гкал ҚҚС-сыз"

      атты 2-бағанында есептік кезеңде (тоқсан) электр энергия өндіруші ұйым сатқан жылу

      энергиясының орташа бағасы көрсетіледі;

      6-жолдың "Жылу энергиясының орташа өлшемді босату бағасы, мың Гкал ҚҚС-сыз"

      атты 3-бағанында алдағы есептік кезеңде (тоқсан) электр энергия өндіруші ұйым сатуға

      жоспарлап отырған жылу энергиясының орташа бағасы көрсетіледі.

О внесении изменений в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 11 февраля 2015 года № 74 "Об утверждении Правил осуществления мониторинга за использованием возобновляемых источников энергии"

Приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 14 декабря 2018 года № 509. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 14 декабря 2018 года № 17960

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 11 февраля 2015 года № 74 "Об утверждении Правил осуществления мониторинга за использованием возобновляемых источников энергии" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 10455, опубликован 2 апреля 2015 года в информационно-правовой системе "Әділет") следующие изменения:

      преамбулу изложить в следующей редакции:

      "В соответствии с подпунктом 7) статьи 6 Закона Республики Казахстан от 4 июля 2009 года "О поддержке использования возобновляемых источников энергии" и подпунктом 2) пункта 3 статьи 16 Закона Республики Казахстан от 19 марта 2010 года "О государственной статистике" ПРИКАЗЫВАЮ:";

      в Правилах осуществления мониторинга за использованием возобновляемых источников энергии, утвержденных указанным приказом (далее - Правила):

      пункт 4 изложить в следующей редакции:

      "4. Уполномоченный орган осуществляет мониторинг за использованием возобновляемых источников энергии для:

      1) учета доли производства и отпуска электрической и (или) тепловой энергии объектами по использованию ВИЭ в общем объеме производства электрической и (или) тепловой энергии в Республике Казахстан;

      2) определения соответствия объемов производства электрической энергии с использованием ВИЭ целевым показателям, предусмотренным в приказе Министра энергетики Республики Казахстан от 7 ноября 2016 года № 478 "Об утверждении целевых показателей развития сектора возобновляемых источников энергии" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 14489, опубликован 20 декабря 2016 года в информационно-правовой системе "Әділет") (далее – Приказ № 478).";

      пункт 9 изложить в следующей редакции:

      "9. По результатам мониторинга за использованием ВИЭ уполномоченный орган определяет соответствие объемов производства электрической энергии с использованием ВИЭ целевым показателям, предусмотренным Приказом № 478.".

      Форму информации о производстве и отпуске электрической и (или) тепловой энергии объектами по использованию возобновляемых источников энергии, утвержденную указанными Правилами изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему приказу.

      2. Департаменту по возобновляемым источникам энергии Министерства энергетики Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации настоящего приказа направление его в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации" для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства энергетики Республики Казахстан;

      4) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа представление в Департамент юридической службы Министерства энергетики Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1), 2) и 3) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра энергетики Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр энергетики
Республики Казахстан
К. Бозумбаев

 

      "СОГЛАСОВАН"
Комитет по статистике
Министерства национальной экономики
Республики Казахстан
________________________
"___" __________ 2018 года

  Приложение
к приказу Министра энергетики
Республики Казахстан
от 14 декабря 2018 года № 509
  Приложение 1
к Правилам осуществления
мониторинга за использованием
возобновляемых источников энергии
  Форма предназначенная для сбора
административных данных

Информация о производстве и отпуске электрической и (или) тепловой энергии
объектами по использованию возобновляемых источников энергии

      Индекс форм: форма № 1

      Периодичность сбора информации: ежеквартально

      Круг лиц, представляющих информацию: энергопроизводящие организации, использующие возобновляемые источники энергии, (далее-ВИЭ)

      Куда представляется форма: Министерство энергетики Республики Казахстан

      Срок представления формы: ежеквартально

      Отчетный период: квартал

      1. Наименование, бизнес-идентификационный номер энергопроизводящей организации ________

      2. Местонахождение энергопроизводящей организации __________________________

      3. Наименование объекта по использованию ВИЭ ________________________________

      4. Местонахождение объекта по использованию ВИЭ ____________________________

      5. Установленная мощность объекта по использованию ВИЭ (кВт) _________________

      6. Вид используемого ВИЭ _________________________________________________

      7. Форма сбора (электронная/бумажная)______________________________________

      8. Общее количество рабочих мест__________, в том числе:

      Женских ______

      Мужских ______

Показатели

Фактическая выработка за _ квартал

Прогнозная выработка за_ квартал


1

2

3

1

Производство электрической энергии, тыс. кВтч



2

Производство тепловой энергии, Гкал



3

Отпуск электрической энергии, тыс. кВтч



4

Отпуск тепловой энергии, Гкал



5

Средневзвешенная отпускная цена электрической энергии, тенге/кВтч без НДС



6

Средневзвешенная отпускная цена тепловой энергии, тенге/Гкал без НДС



      Примечание:

      В случае использования двух и более видов ВИЭ для производства электрической и (или) тепловой энергии, отчет представляется отдельно по каждому виду.

      _______________________________________________________________________
(Руководитель, фамилия, имя, отчество (при его наличии), подпись, дата)

Пояснения по заполнению формы "Информация о производстве и отпуске электрической и (или) тепловой энергии объектами по использованию возобновляемых источников энергии за __ квартал 20__ года"

      1. Форма информации о производстве и отпуске электрической и (или) тепловой энергии объектами по использованию возобновляемых источников энергии за __ квартал 20__ года (далее – Форма) разработана в соответствии с подпунктом 7) статьи 6 Закона Республики Казахстан "О поддержке использования возобновляемых источников энергии".

      2. Форма представляется энергопроизводящими организациями, использующими возобновляемые источники энергии (далее – ВИЭ).

      3. Форма заполняется следующим образом:

      в разделе 1 указывается полное наименование организации, предоставляющей информацию и бизнес-идентификационный номер;

      в разделе 2 указывается юридический адрес организации (область, район/город, населенный пункт);

      в разделе 3 указывается наименование объекта ВИЭ;

      в разделе 4 указывается фактический адрес объекта ВИЭ;

      в разделе 5 указывается мощность объекта ВИЭ;

      в разделе 6 указывается вид объекта (солнечная, ветровая, гидроэлектростанция, биогазовая установка), использующего ВИЭ;

      в разделе 7 указывается способ предоставления информации энергопроизводящими организациями;

      в разделе 8 указывается общее количество работников, задействованных в обслуживании объекта, из них женщин и мужчин.

      в графе 2 строки 1 "Производство электрической энергии, тысяч кВтч" указываются фактические данные выработки электрической энергии объектами ВИЭ за отчетный период (квартал);

      в графе 3 строки 1 "Производство электрической энергии, тысяч кВтч" указываются прогнозные данные выработки электрической энергии объектами ВИЭ на предстоящий отчетный период (квартал);

      в графе 2 строки 2 "Производство тепловой энергии, Гкал" указываются фактические данные выработки тепловой энергии объектами ВИЭ за отчетный период (квартал);

      в графе 3 строки 2 "Производство тепловой энергии, Гкал" указываются прогнозные данные выработки тепловой энергии объектами ВИЭ на предстоящий отчетный период (квартал);

      в графе 2 строки 3 "Отпуск электрической энергии, тысяч кВтч" указывается фактическое количество электроэнергии, отпущенной в электрическую сеть за отчетный период (квартал);

      в графе 3 строки 3 "Отпуск электрической энергии, тысяч кВтч" указывается прогнозное количество электроэнергии, планируемой к отпуску в электрическую сеть на предстоящий отчетный период (квартал);

      в графе 2 строки 4 "Отпуск тепловой энергии, Гкал" указывается фактическое количество тепловой энергии, отпущенной в единую тепловую систему за отчетный период (квартал);

      в графе 3 строки 4 "Отпуск тепловой энергии, Гкал" указывается прогнозное количество тепловой энергии, планируемой к отпуску в единую тепловую систему на предстоящий отчетный период (квартал);

      в графе 2 строки 5 "Средневзвешенная отпускная цена электрической энергии, тенге/кВтч без НДС" указывается средняя цена, по которой энергопроизводящая организация продала электрическую энергию в отчетном периоде (квартал);

      в графе 3 строки 5 "Средневзвешенная отпускная цена электрической энергии, тенге/кВтч без НДС" указывается средняя цена, по которой энергопроизводящая организация планирует продавать электрическую энергию в предстоящий отчетный период (квартал);

      в графе 2 строки 6 "Средневзвешенная отпускная цена тепловой энергии, тенге/Гкал без НДС" указывается средняя цена, по которой энергопроизводящая организация продала тепловую энергию в отчетном периоде (квартал);

      в графе 3 строки 6 "Средневзвешенная отпускная цена тепловой энергии, тенге/Гкал без НДС" указывается средняя цена, по которой энергопроизводящая организация планирует продать тепловую энергию в предстоящий отчетный период (квартал).