"Дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 10 желтоқсандағы № 646 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 10 желтоқсандағы № 1065 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 13 желтоқсанда № 17966 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 10 желтоқсандағы № 646 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12615 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 2 ақпанда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын беру қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 10 желтоқсандағы
№ 1065 бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 10 желтоқсандағы
№ 646 бұйрығымен
бекітілген

Дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын беру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі Заңының 4-бабы 2-тармағының 8-2) тармақшасына сәйкес әзірленген және этил спирті және алкоголь өнімі өндірушілеріне және импорттаушыларына (сыра және сыра сусынынан басқа) дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын беру тәртібін айқындайды.

      2. Дербес сәйкестендіру нөмір-кодтары Қазақстан Республикасында өндірілетін немесе Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін этил спирті және алкоголь өнімі өндірушілеріне және импорттаушыларына (сыра және сыра сусынынан басқа) беріледі.

2-тарау. Дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын беру тәртібі

      3. Этил спирті мен шарап материалдарын өндірушілер мен импорттаушылар (бұдан әрі – өтініш берушілер) "Алкоголь өнімнің өндірісі мен айналымын голографиялық қорғау элементі бар есепке алу-бақылау маркаларын қолданумен бақылау" ақпараттық жүйе арқылы электрондық түрде (www.kgd.gov.kz web-порталында→қызметі→ақпараттық жүйелері→ЕБМ АЖ) (бұдан әрі – ақпараттық жүйе), сондай-ақ "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы, астанада, республикалық маңызы бар қалаларда және облыс бойынша мемлекеттік кірістер органдарына (бұдан әрі – мемлекеттік кірістер органы) 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша этил спиртіне және/немесе шарап материалына дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын беруге арналған өтініш береді.

      Дербес сәйкестендіру нөмір-коды болмаған жағдайда алкоголь өнімінің өтініш берушілері ақпараттық жүйе арқылы мемлекеттік кірістер органдарына, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 8 ақпандағы № 144 бұйрығымен бекітілген (Мемлекеттік нормативтік құқықтық актілердің тізілімінде № 16437 тіркелген) Акциздік және есепке алу-бақылау маркаларын алу, есепке алу, сақтау, беру және импорттаушылардың Қазақстан Республикасына алкоголь өнімін импорттау кезінде есепке алу-бақылау маркаларын нысаналы пайдалану туралы міндеттемесін, есебін ұсыну қағидаларында белгіленген 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есепке алу-бақылау маркаларына штрих-код жапсыру үшін өтініш береді.

      4. Мемлекеттік корпорация арқылы өтінішті қабылдау көрсетілетін қызметті алушының тіркелген жері бойынша "электрондық" кезек тәртібінде жеделдетілмеген қызмет түрінде жүзеге асырылады, портал арқылы электрондық кезекті брондауға болады.

      5. Мемлекеттік кірістер органы өтініш берушілер берген осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген өтінішті ақпараттық жүйе арқылы 2 (екі) жұмыс күні ішінде дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарының беруін қамтамасыз етеді немесе бас тартады.

      Мемлекеттік корпорацияда дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын беру жеке куәлігін ұсынған кезде (не оның өкілінің нотариалды куәландырған сенімхаты бойынша) тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат негізінде жүзеге асырылады.

      6. Мемлекеттік кірістер органы дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарының беруін мынадай:

      1) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 88-бабына сәйкес, салық салу объектілерінің және (немесе) салық салуға байланысты объектілердің орналасқан жері бойынша жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне қойылмаған;

      2) этил спиртіне және алкоголь өніміне (сыра және сыра сусынынан басқа) дербес сәйкестендіру нөмір-кодтары болған жағдайларда бас тартады.

      7. Осы Қағидаларға 6-қосымшада көзделген жағдайларда, дербес сәйкестендіру нөмір-кодын беруден бас тартуды алған кезде, өтініш беруші осы Қағидаларда белгіленген тәртіпте дербес сәйкестендіру нөмір-кодын беруге қайтадан өтініш береді.

      8. Дербес сәйкестендіру нөмір -кодты ақпараттық жүйеде құру кезінде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша фасеттік кодтау жүйесінің құрылымы пайдаланылады.

      9. Өтінішті қарау нәтижесімен келіспеген жағдайда, өтініш беруші Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

  Дербес сәйкестендіру
нөмір-кодтарын беру
қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

Этил спиртіне және/немесе шарап материалына дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын беруге арналған өтініш

  Мемлекеттік кірістер органының
басшысына
____________________бойынша
(облыс/қала)
____________________________
жылғы ________" "

      Өтініш берушінің атауы:

      Өтініш берушінің ЖСН/БСН*:

      Өтініш берушінің түрі (өндіруші және/немесе импорттаушы):

р/с №

Өндірушінің (импорттаушының) атауы

Өнімнің түрі

Өнімнің атауы

1

2

3

4

2




      Басшы ___________________________                   ______________

                  (аты-жөні, тегі) (ол бар болса)                         (қолы)

      *Ескеру: жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес-сәйкестендіру нөмірі

  Дербес сәйкестендіру
нөмір-кодтарын
беру қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

Фасеттік кодтау жүйесінің құрылымы Дербес сәйкестендіру нөмір-кодтары мынадай схемада көрсетіледі:

      XXXX ХХ XXXX XX

      │ │ │ │

      │ │ │ └────── қолданылатын ыдыстың көлемі

      │ │ │

      │ │ └─────────── өнімнің атауы

      │ │

      │ └─────────────── өнімнің түрі

      │

      └─────────────────── заңды (жеке) тұлғаның коды

      Бірінші фасет (бірінші топ төрт цифрдан) – этил спиртін және алкоголь өнімін (сыра және сыра сусыннан басқа) өндіретін заңды (жеке) тұлғаның коды.

      Екінші фасет (екінші топ екі цифрдан) – өнімнің түрі.

      Үшінші фасет (үшінші топ төрт цифрдан) – өнімнің атауы.

      Төртінші фасет (төртінші топ екі цифрдан) – қолданылатын ыдыстың көлемі.

О внесении изменения в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 10 декабря 2015 года № 646 "Об утверждении Правил присвоения персональных идентификационных номеров-кодов"

Приказ Министра финансов Республики Казахстан от 10 декабря 2018 года № 1065. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 13 декабря 2018 года № 17966

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 10 декабря 2015 года № 646 "Об утверждении Правил присвоения персональных идентификационных номеров-кодов" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 12615, опубликован 2 февраля 2016 года в информационно-правовой системе "Әділет") следующее изменение:

      Правила присвоения персональных идентификационных номеров-кодов, утвержденные указанным приказом, изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему приказу.

      2. Комитету государственных доходов Министерства финансов Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации настоящего приказа направление его на казахском и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации" Министерства юстиции Республики Казахстан для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства финансов Республики Казахстан;

      4) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Департамент юридической службы Министерства финансов Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1), 2) и 3) настоящего пункта.

      3. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр финансов
Республики Казахстан
А. Смаилов

  Приложение
к приказу Министра финансов
Республики Казахстан
от 10 декабря 2018 года № 1065
  Утверждены
приказом Министра финансов
Республики Казахстан
от 10 декабря 2015 года № 646

Правила присвоения персональных идентификационных номеров-кодов

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила присвоения персональных идентификационных номеров-кодов (далее – Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 8-2) пункта 2 статьи 4 Закона Республики Казахстан от 16 июля 1999 года "О государственном регулировании производства и оборота этилового спирта и алкогольной продукции" и определяют порядок присвоения персональных идентификационных номеров-кодов на производимые и импортируемые этиловый спирт и алкогольную продукцию (кроме пива и пивного напитка).

      2. Персональные идентификационные номера-кода присваиваются производителям и импортерам этилового спирта и алкогольной продукции (кроме пива и пивного напитка), производимого в Республике Казахстан или ввозимого на территорию Республики Казахстан.

Глава 2. Порядок присвоения персональных идентификационных номеров-кодов

      3. Производители и импортеры (далее – заявители) этилового спирта и виноматериала в электронном виде посредством информационной системы "Контроль над производством и оборотом алкогольной продукции с использованием учетно-контрольных марок с голографическим защитным элементом" (web-портал www.kgd.gov.kz→ деятельность→информационные системы→ИС УКМ) (далее – информационная система), а также через некоммерческое акционерное общество "Государственная корпорация "Правительства для граждан" (далее – Государственная корпорация) представляют в органы государственных доходов по областям, городам республиканского значения и столицы (далее – орган государственных доходов) заявление на присвоение персональных идентификационных номеров-кодов на этиловый спирт и/или виноматериал по форме согласно приложению 1 к настоящим Правилам, не позднее, чем за 5 (пять) рабочих дней до начала осуществления производства и/или импорта этилового спирта.

      В случае отсутствия персональных идентификационных номеров-кодов на алкогольную продукцию заявитель алкогольной продукции посредством информационной системы представляет в орган государственных доходов заявление для нанесения штрих-кода на учетно-контрольные марки по форме согласно приложению 6 к Правилам получения, учета, хранения, выдачи акцизных и учетно-контрольных марок и представления обязательства, отчета импортеров о целевом использовании учетно-контрольных марок при импорте алкогольной продукции в Республику Казахстан, утвержденным приказом Министра финансов Республики Казахстан от 8 февраля 2018 года № 144 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 16437).

      4. Прием заявлений через Государственную корпорацию осуществляется в порядке "электронной" очереди, по месту регистрации услугополучателя без ускоренного обслуживания, возможно бронирование электронной очереди посредством портала.

      5. Орган государственных доходов в течение 2 (двух) рабочих дней с даты поступления заявления посредством информационной системы, указанного в пункте 3 настоящих Правил, присваивает персональные идентификационные номера-кода или отказывает в их присвоении.

      В Государственной корпорации выдача персонального идентификационного номера-кода осуществляется на основании расписки о приеме соответствующих документов, при предъявлении удостоверения личности (либо его представителя по нотариально заверенной доверенности).

      6. Орган государственных доходов отказывает в присвоении персональных идентификационных номеров-кодов в следующих случаях:

      1) отсутствия постановки на регистрационной учет в качестве налогоплательщика, осуществляющего отдельные виды деятельности, по месту нахождения объектов налогообложения и (или) объектов, связанных с налогообложением, согласно статье 88 Кодекса Республики Казахстан от 25 декабря 2017 года "О налогах и других обязательных платежах в бюджет" (Налоговый кодекс);

      2) наличия присвоенного персонального идентификационного номера-кода на этиловый спирт и алкогольную продукцию (кроме пива и пивного напитка).

      7. При получении отказа в присвоении персонального идентификационного номера-кода в случаях, предусмотренных пунктом 6 настоящих Правил, заявитель повторно подает заяление на присвоение персонального идентификационного номера-кода в порядке, установленном настоящими Правилами.

      8. При построении персональных идентификационных номеров-кодов в информационной системе используется структура фасетной системы кодирования по форме согласно приложению 2 к настоящим Правилам.

      9. В случае несогласия с результатами рассмотрения заявления, заявитель обращается в суд в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан.

  Приложение 1
к Правилам присвоения
персональных идентификационных
номеров-кодов
  Форма

Заявление на присвоение персональных идентификационных номеров-кодов на этиловый спирт и виноматериал

  Руководителю органа
государственных доходов
по _________________________
(области/городу)
от _________________________
"____" ________________ года

      Наименование заявителя:

      ИИН/БИН* заявителя:

      Тип заявителя (производитель и/или импортер):

№ п/п

Наименование производителя (импортера)

Вид продукции

Наименование продукции

1

2

3

4

2




      Руководитель __________________________________________________ __________
                  (Фамилия, имя, отчество (при его наличии)             (подпись)

      * Примечание: Индивидуальный идентификационный номер/Бизнес-идентификационный номер

  Приложение 2
к Правилам присвоения
персональных идентификационных
номеров-кодов
  Форма

Структура фасетной системы кодирования

      Структура персональных идентификационных номеров-кодов представлена следующей схемой:

      XXXX ХХ XXXX XX

      │ │ │ │

      │ │ │ └────── объем используемой тары

      │ │ │

      │ │ └─────────── наименование продукции

      │ │

      │ └─────────────── вид продукции

      │

      └────────────────── код юридического (физического) лица

      Первый фасет (первая группа из четырех цифр) – код юридического (физического) лица, производящего (импортирующего) этиловый спирт и алкогольную продукцию (кроме пива и пивного напитка).

      Второй фасет (вторая группа из двух чисел) – вид продукции.

      Третий фасет (третья группа из четырех цифр) – наименование продукции.

      Четвертый фасет (четвертая группа из двух чисел) – объем используемой тары.