Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі N 429 Заңы.

МАЗМҰНЫ

      Осы Заңмен этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуі және айналымы, этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуі және айналымы субъектілері қызметін мемлекеттік реттеу және жүзеге асыру процестерінде туындайтын қатынастар реттеледі.

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

      Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) айналым – экспорт, импорт, сатып алу, сақтау, көтерме саудада және бөлшек саудада өткізу;

      2) алкоголь өнімі – Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламентінің (бұдан әрі – техникалық регламент) талаптары қолданылмайтын өнімді қоспағанда, тағамдық шикізаттан өндірілген этил спиртін және (немесе) этил спиртінің көлемдік үлесі 0,5 пайыздан асатын, құрамында спирт бар тағамдық өнімді пайдаланбай немесе пайдалана отырып дайындалған тағамдық өнім;

      3) алкоголь өнімін бөлшек саудада өткізу – алкоголь өнімін кейіннен тұтыну немесе коммерциялық емес пайдалану үшін фискальдық жады бар бақылау-касса машинасымен жарақтандырылған, сауда залымен жабдықталған стационарлық үй-жайларда және мейрамханалар, барлар мен дәмханалар аумақтарында, сондай-ақ жолаушылар тасымалдайтын әуе кемелерінде, жолаушылар тасымалдайтын теңіз көлігі кемелерінде, жолаушылар пойыздарының вагон-мейрамханаларында жүзеге асырылатын сату;

      4) алкоголь өнімін көтерме саудада өткізу – алкоголь өнімін лицензияда көрсетілген мекенжай бойынша қойма үй-жайларынан шектеусіз көлемде босату;

      4-1) дербес сәйкестендіру нөмір-коды – өндірілетін және импортталатын этил спирті мен алкоголь өніміне (сыра қайнату өнімінен басқа) берілетін сәйкестендіру нөмірі;

      5) орнын өзгерту – бір мекенжай бойынша орналасқан стационарлық өндірістік және (немесе) қойма үй-жайларының ішінде орналасқан орнын өзгертуді қоспағанда, этил спиртінің және (немесе) алкоголь өнімінің кеңістікте орналасқан орнын өзгерту;

      6) аралас полимерлік ыдыс – iшкi жағы тамақ сақтайтын полимерлік материалдан әзірленіп, аралас полимерлік материалдардан жасалған тұтыну ыдысы;

      7) есепке алатын бақылау аспаптары – электр энергиясының іркіліссіз қоректендіру көздерімен жарақтандырылған, уәкілетті органға және оның аумақтық бөлімшелеріне этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірісі саласындағы есепке алатын бақылау аспаптары деректерінің операторы арқылы нақты уақыт режимінде этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілу көлемдері туралы, ондағы этил спиртінің (шарап ашыту өнімінен басқа) шоғырлануы туралы, этил спиртінің (сыра қайнату өнімінен басқа) қалдықтары және есепке алу-бақылау маркаларымен таңбалануға жататын өндірілген алкоголь өнімінің есепке алу-бақылау маркаларын сәйкестендіру және арақтарды, айрықша арақтарды және тауардың шығарылған жерінің атауы қорғалған арақтарды өндіру кезінде тұтынылатын электр энергиясының көлемдері туралы деректердің автоматтандырылған берілуін қамтамасыз ететін аспаптар;

      7-1) есепке алу-бақылау маркаларын сәйкестендіру аспаптары – уәкілетті органның ақпараттық ресурстарына қол жеткізіле отырып, алкоголь өнімінің есепке алу-бақылау маркаларын сәйкестендіруді айқындайтын және сәйкестендіру деректерін уәкілетті органға және оның аумақтық бөлімшелеріне нақты уақыт режимінде беруді жүзеге асыратын, бағдарламалық қамтылымды пайдаланатын аспаптар;

      8) есепке алу-бақылау маркасы – алкоголь өнiмінің айналымын (экспорттан басқа) есепке алу және оған бақылауды жүзеге асыру мақсатында оны (толысылған шараптан (шарап материалынан), сыра мен сыра сусынынан басқа) сәйкестендіруге арналған ақпаратты қамтитын, белгіленген нысандағы және мазмұндағы қажетті қорғау элементтері бар арнаулы бiржолғы жапсырма;

      9) алып тасталды – ҚР 30.12.2020 № 397-VI (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      10) қаңылтыр ыдыс – iшкi жағы тамақ сақтайтын материалмен қапталған, арнайы қаңылтырдан жасалған тұтыну ыдысы;

      11) қойма үй-жайлары – этил спиртiн және (немесе) алкоголь өнiмiн сақтауға, қабылдауға және босатуға арналған, біліктiлiк талаптарына сай келетiн арнаулы стационарлық үй-жайлар және (немесе) алаңшалар (этил спиртiн сақтау үшiн);

      12) алып тасталды – ҚР 30.12.2020 № 397-VI (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      13) өндіріс паспорты – қолда бар жабдықты пайдалануды, технологиялық процестi сақтауды регламенттейтiн, негiзгi шикiзатты, ингредиенттердi, қосалқы материалдарды жұмсау нормаларын және дайын өнiмнiң, жанама өнiмдердiң шығу нормаларын, сондай-ақ өндiрiс кезіндегі шығынның нормаларын белгiлейтiн негiзгi құжат;

      14) пластикалық сауыт – полиэтилен, полистирол және өзге де полимерлiк материал негiзіндегі тұтыну ыдысы;

      15) сақтау – этил спиртiн және (немесе) алкоголь өнiмiн одан әрі көтерме саудада немесе бөлшек саудада өткізу мақсатында орналастыру (қоймада жинау);

      16) сәйкестендіру – өндiрiсі мен айналымы, пайдаланылуы саласында ерекшелiк қасиеттері мен белгiлерi бойынша ұқсас өнімдер арасынан белгiлi бiр өнiмдi бұлжытпай тануды, оның толық сәйкестігін анықтауды қамтамасыз ететiн рәсiм;

      17) стационарлық үй-жайлар – сумен жабдықталумен, энергиямен жабдықталумен және кәрізбен қамтамасыз етілген, iргетасы бар және олардың тiреуiш конструкциясына нұқсан келтiрмей орнын өзгерту мүмкiн емес іргелі ғимараттар, құрылыстар немесе олардың бөлiгi. Осы Заңда стационарлық үй-жайларға жолаушылар тасымалдайтын әуе кемелері, жолаушылар тасымалдайтын теңіз көлігі кемелері, жолаушылар пойыздарының вагон-мейрамханалары теңестіріледі;

      18) сусыз спирт – құрамында суы жоқ, есептеулерде қолданылатын, шартты ұғым ретінде пайдаланылатын жүз пайыздық спирт немесе абсолютті алкоголь;

      18-1) сыра қайнату өнімін құю – сыра қайнату өнімін тасымалдау мен сақтауды көздемейтін, оны бөлшек саудада өткізу тәсілі;

      19) таңбалау – тұтынушыға ақпарат жеткiзетiн және этикеткалардағы, контрэтикеткалардағы, кольереткалардағы және қаптамалардағы мәтiн, шартты белгi және суреттер;

      19-1) тауарларға ілеспе жүкқұжат – этил спиртінің және (немесе) алкоголь өнімінің қозғалысын бақылауға арналған құжат;

      20) тұтыну ыдысы – тұтынушыға алкоголь өнiмiмен бірге келiп түсетiн, көлiктiк ыдыс функциясын атқармайтын және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган пайдалануға рұқсат берген материалдардан жасалған ыдыс;

      21) фирмалық мамандандырылған дүкен – сауда залымен жабдықталған, фискальдық жадылы бақылау-кассалық машинамен жарақтандырылған және өзі өндірген алкоголь өнiмiн бөлшек саудада өткізуге арналған стационарлық үй-жай;

      22) алып тасталды – ҚР 05.01.2021 № 407-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      23) этил спирті – ашымықты кейіннен айдау және (немесе) тазартып айыру немесе этил спирті шикізатын тазарту арқылы құрамында қант және крахмал бар шикізатты (жемістен басқа) спирттік ашыту әдісімен өндірілген, құрамында ілеспе ұшпа қоспалары бар, сондай-ақ тағамдық шикізаттан дайындалған этил спиртінің бас фракциясынан және этил спиртін, арақтарды, ликер-арақ бұйымдарын өндіру кезінде түзілетін қайта өңдеу өнімдерінен алынған этанол су ерітіндісін білдіретін, күштілігі кемінде 88 пайыз өнім;

      24) этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірісі саласындағы есепке алатын бақылау аспаптарының деректері – этил спирті мен алкоголь өнімінің өндіріс көлемі, ондағы этил спиртінің (шарап ашыту және сыра қайнату өнімінен басқа) шоғырлануы, этил спиртінің (сыра қайнату өнімінен басқа) қалдықтары, есепке алу-бақылау маркаларын сәйкестендіру және арақтарды, айрықша арақтарды және тауардың шығарылған жерінің атауы қорғалған арақтарды өндіру кезінде тұтынылатын электр энергиясының көлемдері туралы деректер;

      25) этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірісі саласындағы есепке алатын бақылау аспаптары деректерінің операторы – есепке алатын бақылау аспаптарының деректерін уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелеріне автоматтандырылған онлайн-беруді қамтамасыз ететін, конкурстық негізде Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында көзделген тәртіппен айқындалған заңды тұлға;

      Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда - ҚР 18.06.2014 № 210-V Заңымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); өзгерістер енгізілді - ҚР 27.10.2015 № 364-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.12.2015 № 432-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 15-б. қараңыз); 25.12.2017 № 122-VI (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 19.04.2019 № 249-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2020 № 397-VI (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі); 05.01.2021 № 407-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б.қараңыз); 31.12.2021 № 100-VII (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі); 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

2-бап. Қазақстан Республикасының этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуiн және айналымын мемлекеттiк реттеу туралы заңнамасы

      1. Қазақстан Республикасының этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуiн және айналымын мемлекеттiк реттеу туралы заңнамасы осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.

      2. Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуі және айналымы субъектілерінің қызметін мемлекеттік реттеу және бақылау этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу саласындағы реттеудің мақсаттары болып табылады.

      3. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар осы Заңның алдында басым болады. Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттардың Қазақстан Республикасының аумағында қолданылу тәртібі мен талаптары Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.

      Ескерту. 2-бап жаңа редакцияда – ҚР 01.07.2024 № 107-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

3-бап. Этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуiн және айналымын мемлекеттiк реттеу

      1. Этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуiн және айналымын мемлекеттiк реттеу деп этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуi және айналымы нормативтiк құқықтық актiлермен белгiленетiн бақылау ұғылады.

      1-1. Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу саласындағы реттеу:

      1) этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру кезіндегі заңдылық;

      2)      Қазақстан Республикасының заңнамасына, техникалық регламенттер мен стандарттарға сәйкес этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру кезіндегі негізділік;

      3) этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру кезіндегі объективтілік пен ашықтық қағидаттарына негізделеді.

      2. Этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуiн және айналымын мемлекеттiк реттеудiң мiндеттерi:

      1) Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерiн және азаматтардың денсаулығын қорғау;

      2) Қазақстан Республикасында өндiрiлетiн және оған әкелiнетiн этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң сапасын арттыру үшiн жағдай жасау;

      3) аталған өнiмдердiң өндiрiлуiн және айналымын мемлекеттiк реттеу саласындағы заңдардың сақталуын қамтамасыз ету болып табылады.

      3. Этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуiн және айналымын мемлекеттік реттеуге мыналар кіреді:

      1) этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрілуi және айналымы жөнiндегi қызметтi лицензиялау;

      2) этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң импортын реттеу;

      3) арақтарға және айрықша арақтарға, тауар шығарылған жердің атауы қорғалған арақтарға, күштілігі жоғары ликер-арақ бұйымдарына, коньяк пен брендиге ең төмен бөлшек сауда бағаларын белгiлеу;

      4) этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуi және айналымы саласында нормалар мен ережелердi белгiлеу;

      5) техникалық регламентке сәйкес этил спирті мен арақтарды, айрықша арақтарды, тауардың шығарылған жерінің атауы қорғалған арақтарды өндірушілер үшін өндірістік қуатты пайдаланудың ең төмен пайызын және өндірістің ең аз көлемдерін белгілеу;

      6) этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуi және айналымы саласында мемлекеттiк есепке алу мен есеп берудi жүзеге асыру, олардың өндiрiлуi мен айналымының өзара байланысты балансын жасау;

      7) этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуiне және айналымына, сондай-ақ сапасына мемлекеттiк бақылауды ұйымдастыру;

      8) этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуiн және айналымын реттеу мәселелерiне қатысты бөлiгiнде Қазақстан Республикасының халықаралық мiндеттемелерiнiң орындалуын қамтамасыз ету, шет мемлекеттердiң этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуi және айналымы мәселелерiн реттеуге уәкілетті тиісті органдарымен және өзге де халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты жүзеге асыру;

      9) алып тасталды

      4. Алып тасталды - ҚР 18.06.2014 № 210-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      5. Орталық және жергілiктi атқарушы органдарға уәкiлеттi органмен келiспей этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуi және айналымы саласын қозғайтын нормативтiк құқықтық және өзге де актiлер қабылдауға және (немесе) іс-әрекеттер жасауға тыйым салынады.

      6. Осы бапта көзделген этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу "Биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңында регламенттелетін биоэтанол өндірісіне және айналымына қолданылмайды.

      7. Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.

      Ескерту. 3-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2006.12.11. N 201 (01.01.2007 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2007.01.12. N 222 (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2010.11.15 № 352-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 18.06.2014 № 210-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 28.10.2019 № 268-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2020 № 397-VI (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі); 31.12.2021 № 100-VII (01.03.2022 бастап қолданысқа енгізіледі); 01.07.2024 № 107-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

3-1-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті

      Ескерту. 3-1-бап алып тасталды – ҚР 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

4-бап. Уәкілетті органның құзыреті

      Ескерту. 4-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 2010.06.30 N 297-IV (2010.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      1. Алып тасталды – ҚР 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      2. Уәкiлеттi орган өз құзыретi шегiнде және өзiне жүктелген мiндеттердi орындау мақсатында:

      1) өзге де мемлекеттiк органдардың мамандарын, Қазақстан Республикасының және басқа да мемлекеттердiң жеке және заңды тұлғаларының арасынан консультанттар мен сарапшыларды тартады;

      1-1) арақтарға және айрықша арақтарға, тауар шығарылған жердің атауы қорғалған арақтарға, күштілігі жоғары ликер-арақ бұйымдарына, коньяк пен брендиге ең төмен бөлшек сауда бағаларын белгілейді;

      1-2) конкурстық негізде Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында көзделген тәртіппен этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірісі саласындағы есепке алатын бақылау аспаптары деректерінің операторын айқындайды;

      1-3) осы Заңның мақсаттары мен міндеттеріне және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерін әзірлейді және бекітеді;

      2) алып тасталды - ҚР 16.05.2014 № 203-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      3) техникалық регламентке сәйкес алкоголь өнiмiн белгiлi бiр түрге жатқызады;

      4) өндiрiстiк қуаты жылына төрт жүз мың декалитрден төмен толысылған шарапты, сондай-ақ сыра қайнату өнімін өндіруден басқа, этил спиртiн және (немесе) алкоголь өнiмiн өндiрудiң технологиялық желiлерiн есепке алатын бақылау аспаптарымен жарақтандыру, олардың жұмыс iстеу және есепке алуды жүзеге асыру қағидаларын әзірлейді және бекiтедi;

      5) этил спиртін және алкоголь өнімін өндірудің паспорты үшін қажетті мәліметтер тізбесін әзірлейді және бекітеді;

      6) этил спиртін және алкоголь өнімін өндіру мен олардың айналымы жөніндегі декларацияларды табыс ету тәртібін әзірлейді және бекітеді;

      7) этил спиртін сақтау мен өткізу (тиеп-жөнелту, қабылдап алу) қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      8) алып тасталды – ҚР 05.01.2021 № 407-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
      8-1) алып тасталды – ҚР 01.07.2024 № 107-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      8-2) алып тасталды – ҚР 01.07.2024 № 107-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      9) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      3. алып тасталды

      4. Уәкiлеттi органның қызметi Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiтетiн тиiстi ережеге сәйкес реттеледi.

      Ескерту. 4-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.12.20 N 13 (01.01.2005 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.12.11 N 201 (01.01.2007 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2007.01.12 N 222 (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2010.06.30 № 297-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі); 18.06.2014 № 210-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.12.2015 № 432-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 30.12.2020 № 397-VI (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі); 05.01.2021 № 407-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 31.12.2021 № 100-VII (01.03.2022 бастап қолданысқа енгізіледі); 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 01.07.2024 № 107-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

5-бап. Алкоголь өнімінің түрлері

      Алкоголь өнімінің түрлері, санаттары, атаулары мен ұғымдары техникалық регламентке сәйкес айқындалады.

      Ескерту. 5-бап жаңа редакцияда – ҚР 30.12.2020 № 397-VI (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

6-бап. Дәм айыру комиссиясы

      Ескерту. 6-бап алып тасталды - ҚР 16.05.2014 № 203-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).

7-бап. Этил спиртi мен алкоголь өнiмiн өндiрудiң шарттары

      1. Этил спиртi мен алкоголь өнiмiн өндiруге өндiру лицензиясы және паспорты болған жағдайда жол берiледi.

      2. Өндiру паспортын өндiрушiнiң өзi жасайды және бекітеді.

      Өндiріс паспортына өзгерістер немесе толықтырулар енгізген кезде өндіруші өндіріс паспортына өзгерістер немесе толықтырулар енгізілген күннен бастап күнтізбелік отыз күнге дейін уәкілетті органға жазбаша түрде өндіріс паспортына енгізілген өзгерістер немесе толықтырулар туралы ақпарат береді.

      3. алып тасталды

      4. Алкоголь өнiмiн өндiру үшiн техникалық регламентке сәйкес этил спирті және тағамдық шикізат қолданылады.

      Этил спирті этил спирті шикізаты және тазартылған этил спирті болып бөлінеді.

      5. Этил спиртiн және (немесе) алкоголь өнiмiн өндірген кезде:

      1) өндірістік қуаты жылына төрт жүз мың декалитрден төмен толысылған шарапты, сондай-ақ сыра қайнату өнімін өндіруден басқа, этил спиртін және (немесе) алкоголь өнімін технологиялық желілерді есепке алатын бақылау аспаптарымен жарақтандырмай өндіруге;

      2) өндірістік қуаты жылына төрт жүз мың декалитрден төмен толысылған шарапты, сондай-ақ сыра қайнату өнімін өндіруден басқа, этил спиртін және (немесе) алкоголь өнімін ақаулы есепке алатын бақылау аспаптарымен, сол сияқты есепке алуда нормативтен тыс ауытқулармен өндіруге тыйым салынады.

      6. Этил спиртi мен алкоголь өнiмiн стационарлық өндiрiстiк үй-жайларда және өндiрушiге меншiк құқығымен тиесiлi және тиiстi бiлiктiлiк талаптарына сай келетiн жабдықтарда өндiруге болады.

      7. Екi және одан да көп лицензиатқа этил спиртi мен алкоголь өнiмiн бiр құрал-жабдықпен және бiр стационарлық үй-жайда өндiруге тыйым салынады.

      8. Этил спирті мен алкоголь өнімін:

      1) лицензияда көрсетілген мекенжай бойынша және өндіріс паспортында көрсетілген деректерге сәйкес;

      2) техникалық регламенттерге және стандарттарға сәйкес өндіруге жол беріледі.

      9. Алып тасталды - 18.06.2014 № 210-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      10. Этил спиртін өндіруге өндіріс паспортында көрсетілген өндірістік қуаттың кемінде жиырма пайызы пайдаланылған кезде жол беріледі.

      Лицензия алынған (жаңартылған) күнтізбелік тоқсанды қоспағанда, арақтарды, айрықша арақтарды, тауардың шығарылған жерінің атауы қорғалған арақтарды өндіруге өндіріс паспортында көрсетілген өндірістік қуаттың кемінде қырық пайызы, бірақ күнтізбелік тоқсанда кемінде жиырма бес мың декалитр пайдаланылған кезде жол беріледі.

      Ескерту. 7-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.03.10 N 534 Заңымен , 2004.12.20. № 13 (2005.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2006.12.11. № 201 (2007.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен; 03.07.2013 № 121-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен; 18.06.2014 № 210-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); 30.11.2016 № 26-VI (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі); 25.12.2017 № 122-VI (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 30.12.2020 № 397-VI (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі); 31.12.2021 № 100-VII (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

8-бап. Алкоголь өнiмiн таңбалау

      1. Өндiрiлетін (экспортталатыннан басқа) және импортталатын алкоголь өнімiн таңбалау мемлекеттiк тілде және орыс тілінде өнімнің атауы, дайындаушы-лицензиат және оның тұрған жерi туралы ақпаратты, өнiмге арналған стандарттың белгiсiн, ыдыстың сыйымдылығын, этил спиртінiң көлемдiк үлесiнен процент есебiмен күштiлiгiн, қанттың мөлшерiн, лицензияның нөмiрiн қамтуға тиiс.

      2. Арақтарды және айрықша арақтарды, тауар шығарылған жердің атауы қорғалған арақтарды таңбалау оларды дайындауда пайдаланылған спирттiң сорты туралы мәлiметтердi қамтуға тиiс.

      3. Шараптарды таңбалау құйылған күнiн және оны құюды жүзеге асырған ұйымның атауын қамтуға тиiс.

      4. Маркалы шараптарды таңбалау - ұсталу мерзiмi туралы, коллекциялық шараптарда - шарап әзiрленген жүзiмнiң жиналған жылы туралы, шампанда құйылған күнi туралы ақпараттарды қамтуға тиiс.

      5. Алкоголь өнiмiнiң барлық түрiн таңбалау техникалық регламентке сәйкес жүргiзiлуге тиiс.

      Ескерту. 8-бапқа өзгерту енгізілді – ҚР 2006.12.11. № 201 (01.01.2007 бастап қолданысқа енгiзiледi); 30.12.2020 № 397-VI (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі); 31.12.2021 № 100-VII (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

9-бап. Этил спиртi мен алкоголь өнiмi айналымының және олардың орын өзгертудің шарттары

      1. Этил спирті мен алкоголь өнімін:

      1) алып тасталды – ҚР 30.12.2020 № 397-VI (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      2) техникалық регламенттердің талаптарына сай келмесе өткізуге тыйым салынады.

      2. Мыналарға:

      1) қаңылтыр ыдыста (сыра қайнату өнімінен және алкоголі аз сусындардан басқа), затбелгісі жоқ шөлмекте және пластикалық сауытта (сыра қайнату өнімін түпкілікті тұтынушыға құюды қоспағанда);

      2) техникалық регламентте белгіленбеген ыдыста және қаптамада;

      3) есепке алу-бақылау таңбасымен таңбалануға жататын болса да есепке алу-бақылау таңбасынсыз, сондай-ақ белгіленбеген үлгідегі және (немесе) сәйкестендіруге келмейтін таңбасы бар алкоголь өнімінің айналымына тыйым салынады.

      3. Алкоголь өнімін:

      1) тиісті лицензиясы болмаса;

      2) денсаулық сақтау, білім беру ұйымдарының, дене шынықтыру-сауықтыру, спорттық және спорттық-техникалық құрылыстардың, автожанармай құю стансаларының, сауда базарларының, мәдени-демалыс ұйымдарының ғимараттарында және аумақтарында;

      3) осы Заңның 1-бабының 3) және 4) тармақшаларында белгіленген орындардан тыс жерлерде;

      4) лицензияның қолданысы тоқтатыла тұрған кезеңде;

      5) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген мерзімдерде және мөлшерлерде қызметтің жекелеген түрлерiмен айналысуға лицензияларды пайдаланғаны үшін төлемақы төленбесе;

      6) есепке алу-бақылау маркаларын сәйкестендіру аспабы болмаса, сақтауға және өткізуге тыйым салынады.

      Осы тармақшаның ережесі қызметі жалпыға ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желісі жоқ жерлерде жүзеге асырылатын лицензиаттарға қолданылмайды.

      4. Бөлшек саудада:

      1) алкоголь өнімін жиырма бір жасқа дейінгі адамдарға;

      2) арақтарды және айрықша арақтарды, тауар шығарылған жердің атауы қорғалған арақтарды, күштілігі жоғары ликер-арақ бұйымдарын, коньяк пен брендиді ең төмен бөлшек сауда бағаларынан төмен бағамен;

      3) мейрамханаларда, барларда және дәмханаларда, сондай-ақ жолаушылар тасымалдайтын әуе кемелерінде, жолаушылар тасымалдайтын теңіз көлігі кемелерінде, жолаушылар пойыздарының вагон-мейрамханаларында өткізуді қоспағанда, алкоголь өнімін:

      сағат 23-тен келесі күнгі 8-ге дейін;

      этил спиртінің отыз пайыздан асатын көлемдік үлесімен сағат 21-ден келесі күнгі 12-ге дейін өткізуге тыйым салынады.

      5. Тауарларға ілеспе жүкқұжаттары жоқ, сондай-ақ ресімдеу қағидаларын бұза отырып, этил спирті мен алкоголь өнімінің айналымына және орнын ауыстыруға тыйым салынады.

      Ескерту. 9-бап жаңа редакцияда - ҚР 18.06.2014 № 210-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); өзгерістер енгізілді - ҚР 27.10.2015 № 364-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.12.2015 № 432-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 25.12.2017 № 122-VI (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 19.04.2019 № 249-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2020 № 397-VI (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі); 05.01.2021 № 407-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 31.12.2021 № 100-VII (01.03.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

10-бап. Этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң экспорты және импорты

      1. Қазақстан Республикасының аумағына этил спиртінің, толысылған шарап пен дистилляттың импорты алкоголь өнімін өндіруге лицензия және сыртқы сауда шарты (келісімшарт), оған қосымша және (немесе) толықтыру болған кезде жүзеге асырылады.

      Қазақстан Республикасының аумағына алкоголь өнімінің (толысылған шараптан және дистилляттардан басқа) импорты алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және көтерме саудада өткізу жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау және көтерме саудада өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензия және сыртқы сауда шарты (келісімшарт), оған қосымша және (немесе) толықтыру болған кезде жүзеге асырылады.

      1-1. Алкоголь өнімінің импортына техникалық регламентте көрсетілген түрлер және сыртқы экономикалық қызметтің бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес олардың атаулары бойынша жол беріледі.

      Қазақстан Республикасына әкелінетін этил спирті мен алкоголь өнімінің қауіпсіздігі техникалық регламенттерге сәйкес келуге тиіс.

      1-2. Қазақстан Республикасының аумағына (аумағынан) этил спирті мен алкоголь өнімінің импорты мен экспортын Қазақстан Республикасының резидент емес заңды тұлғалары ғана жүзеге асыруға құқылы.

      2. Этил спиртiнің экспортына этил спиртін өндiруге арналған лицензия болған кезде ғана жол берiледi.

      Алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және көтерме саудада өткізу жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін өндіру жөніндегі қызметті немесе алкоголь өнімін сақтау және көтерме саудада өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензияның болуы алкоголь өнімінің экспортына құқық береді.

      3. Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес құрылатын еркін қоймаларда этил спиртiн, толысылған шарапты және дистиллятты өндіруге және қайта өңдеуге, сондай-ақ алкоголь өнiмiн өндiруге тыйым салынады.

      4. Қазақстан Республикасының Үкiметi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң экспорты мен импорты бойынша уақытша тыйым салулар белгiлеуi мүмкiн.

      5. Айналымына осы Заңның 9-бабының 2-тармағында тыйым салынған алкоголь өнімін, сондай-ақ өткізілуіне осы Заңның 9-бабының 1-тармағында тыйым салынған этил спирті мен алкоголь өнiмiн Қазақстан Республикасына импорттауға тыйым салынады.

      Ескерту. 10-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.03.10 N 534, 2010.06.30 N 297-IV (2010.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 18.06.2014 № 210-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2020 № 397-VI (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі); 31.12.2021 № 100-VII (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі); 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

11-бап. Этил спиртiн сақтау және өткiзу қағидалары

      1. Этил спиртiн уәкілетті орған бекітетін қағидаларға сәйкес:

      1) тиісті қызмет түріне лицензиясы болған кезде, сондай-ақ өз қызметін бастағаны туралы хабардар еткен, белгіленген тәртіппен бөлінген квота шегiнде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өндіретін ұйымдарға және мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарына;

      2) дайындалуына этил спирті пайдаланылатын алкоголь өнімін өндірушілерге;

      3) этил спиртін зертхана мұқтаждары үшін немесе алкогольсіз өнім өндіру кезінде техникалық мақсаттарда пайдаланатын ұйымдарға өткізуге жол беріледі.

      1-1. Тәркіленген этил спиртін этил спирті мен алкоголь өнімін өндірушілерге ғана өткізуге жол беріледі.

      2. Этил спиртiн өндiруге лицензиясы болған жағдайда ғана өндірушінің қоймалық үй-жайларында этил спиртін сақтау және өткiзу жүзеге асырылады.

      3. Қызметтің тиісті түріне лицензиясы бар дәрiханаларда этил спиртiн өткiзуді қоспағанда, этил спиртін бөлшек саудада өткізуге жол берілмейді.

      4. Этил спиртiн сақтау уәкілетті орган бекітетін қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.

      Ескерту. 11-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 28.12.2018 № 211-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2020 № 397-VI (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

12-бап. Алкоголь өнiмiн сақтау және өткiзу

      1. Өндіруші:

      1) алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және көтерме саудада өткізу жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау және көтерме саудада өткізу жөніндегі;

      2) алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және бөлшек саудада өткізу жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау және бөлшек саудада өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар тұлғаларға алкоголь өнімін көтерме саудада өткізуді жүзеге асыруға құқылы.

      1-1. Өндіруші алкоголь өнімін бөлшек саудада өткізуді фирмалық мамандандырылған дүкендер арқылы жүзеге асыруға құқылы.

      2. Алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және көтерме саудада өткізу жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау және көтерме саудада өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар адамдар алкоголь өнімін тек қана осы баптың 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар тұлғаларға өткізуге құқылы.

      3. алып тасталды

      4. Екi немесе одан да көп лицензиаттың алкоголь өнiмдерiн бiр қойма үй-жайында сақтау және көтерме саудамен өткiзу жөнiндегi қызметiне тыйым салынады.

      Ескерту. 12-бапқа өзгерістер енгізілді – ҚР 10.03.2004 N 534, 2006.12.11. N 201 (01.01.2007 бастап қолданысқа енгiзiледi); 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

12-1-бап. Этил спирті мен алкоголь өнімін тасымалдау шарттары

      Этил спирті мен алкоголь өнімін өткізу (босату) және тасымалдау кезінде "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген тәртіппен міндетті түрде тауарларға ілеспе жүкқұжаттар ресімделеді.

      Ескерту. Заң 12-1-баппен толықтырылды - ҚР 2010.06.30 № 297-IV (2011.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР 05.01.2021 № 407-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

13-бап. Этил спиртi мен алкоголь өнiмi өндiрiлуiнiң және айналымының көлемiн декларациялау

      1. Этил спиртiн өндiрудi, сақтауды, өткiзудi және пайдалануды, алкоголь өнiмдерiн өндiрудi, сақтауды және көтерме саудамен өткiзудi жүзеге асырушы жеке және заңды тұлғалар уәкiлеттi органға этил спиртi мен алкоголь өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен айналымы декларацияларын тапсыруға мiндеттi.

      2. Алып тасталды – ҚР 2004.12.20. N 13 (01.01.2005 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
      Ескерту. 13-бапқа өзгерту енгізілді – ҚР 2004.12.20. N 13 (01.01.2005 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

14-бап.

      Ескерту. 14-бап алып тасталды – ҚР 2007.06.19. N 264 Заңымен.

15-бап. Этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуi және айналымы жөнiндегi қызметтi лицензиялау

      1. Қазақстан Республикасының аумағында этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуi және айналымы (экспорттаудан басқа):

      1) этил спиртi мен алкоголь өнiмiн өндiруге уәкiлеттi орган;

      2) алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтауды және көтерме саудада өткізуді қоспағанда, алкоголь өнімін сақтауға және көтерме саудада өткізуге, сондай-ақ алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтауды және бөлшек саудада өткізуді қоспағанда, алкоголь өнімін сақтауға және бөлшек саудада өткізуге – облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша уәкілетті органның аумақтық бөлімшелер беретiн лицензиялардың негiзiнде жүзеге асырылады.

      1-1. Алып тасталды - ҚР 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      2. Этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуi және айналымы саласындағы лицензия, осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген жағдайды қоспағанда, иеліктен шығарылмайтын, лицензиаттың оны басқа жеке және заңды тұлғаларға беруіне болмайтын болып табылады.

      Алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және бөлшек саудада өткізу жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтауға және бөлшек саудада өткізуге арналған лицензия иеліктен шығарылатын болып табылады.

      3. Лицензия әрбiр қызмет объектiсiне нақты мекенжайы немесе жолаушылар тасымалдайтын әуе кемесінің, жолаушылар тасымалдайтын теңіз көлігі кемесінің, жолаушылар пойызы вагон-мейрамханасының тіркеу нөмірі бойынша берiледi.

      Лицензия құжаттармен бірге өтініш берілген күннен бастап он бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде беріледі.

      4. Осы тармақтың екінші бөлігінде белгiленген жағдайларды қоспағанда, этил спиртін өндiруге лицензиясы болмай этил спиртiн сақтауға және өткiзуге тыйым салынады.

      Алкоголь өнімін өндіруге лицензия өндірушіге:

      алкоголь өнімін өндіруге арналған этил спиртін лицензияда көрсетілген алкоголь өнімінің өндірісі орналасқан жердегі қойма үй-жайларда сақтауға;

      өзі өндірген алкоголь өнімін лицензияда көрсетілген өндіріс орналасқан жерде сақтауға және алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және көтерме саудада өткізу жөніндегі қызметті қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау және көтерме саудада өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар тұлғаларға көтерме саудада өткізуге құқық береді.

      Алкоголь өнiмiн өндiру аумағында оны сақтау және көтерме саудада өткiзу жөнiндегі, сондай-ақ алкоголь өнімін өндіру аумағында оны сақтау және бөлшек саудада өткізу жөніндегі қызмет лицензиялануға жатпайды.

      5. алып тасталды

      6. Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуіне және айналымына байланысты жекелеген қызмет түрлері Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес лицензиялануға жатады.

      7. Алып тасталды - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      8. Лицензиар біліктілік талаптарына сәйкестігін белгілеу үшін қызмет объектiсi орналасқан жер бойынша өзiнiң аумақтық органдарының қызметкерлерiн тартуға құқылы.

      Ескерту. 15-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.03.10 N 534 , 2006.12.11. N 201 (2007.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2007.01.12. N 222 (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2010.06.30 N 297-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.04.2019 № 249-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

16-бап. Лицензияларды берудiң шарттары

      1. Этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуi және айналымы жөнiндегi қызметпен айналысу құқығына лицензия бiлiктiлiк деңгейi қызметтiң тиiстi түрi үшiн қойылатын талаптарға сай келетiн субъектiге берiледi.

      2. Этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуi және айналымы жөнiндегi қызметке қойылатын біліктілік талаптарын уәкілетті орган бекiтедi.

      Ескерту. 16-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 30.11.2016 № 26-VI (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

17-бап. Лицензия беруден бас тартуға шағымдану

      1. Егер лицензия осы Заңда белгiленген мерзiмде берiлмесе немесе бас тарту өтініш берушiге негiзсiз болып көрiнсе, ол осы әрекеттерге бiр ай мерзiмде Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасауға құқылы.

      2. Сот бас тартудың негiзсiздiгiн не лицензияның белгiленген мерзiмде берiлмеу фактiсiн айқындай отырып, лицензиарды лицензия беруге мiндеттейтiн сот шешiмi заңды күшiне енгеннен бастап лицензиар он күн iшiнде орындауға тиiс шешiм шығарады.

      Ескерту. 17-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.06.2020 № 351-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

18-бап. <*>

      Ескерту. 18-бап алып тасталды – ҚР 2007.01.12. N 222 (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

19-бап. Лицензияның қолданысын тоқтата тұру немесе одан айыру

      Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуі және айналымы саласындағы лицензияның қолданысын тоқтата тұру немесе одан айыру Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.

      Ескерту. 19-бап жаңа редакцияда - ҚР 16.05.2014 № 203-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).

20-бап. Лицензиядан айыру

      Ескерту. 20-бап алып тасталды - ҚР 16.05.2014 № 203-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).

21-бап. Қазақстан Республикасының этил спиртi мен алкоголь өнімінiң өндiрiлуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы заңнамасын бұзғаны үшiн жауаптылық

      Қазақстан Республикасының этил спиртi мен алкоголь өнімi өндiрiсiн және айналымын мемлекеттік реттеу туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.

      Ескерту. 21-бап жаңа редакцияда - 18.06.2014 № 210-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Қазақстан Республикасының
Президенті



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады