Ескерту. Күші жойылды – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 25.05.2020 № 141 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
РҚАО-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Мәдени құндылықтардың, ұлттық архив қорлары құжаттарының, архив құжаттары түпнұсқаларының экспортына лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандарты осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін;
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет және өнер істері, архив ісі және құжаттама департаменттері заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) ресми жарияланған күннен кейін екі жұмыс күні ішінде осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы тармақта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі |
А. Мұхамедиұлы |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ақпарат және коммуникациялар
министрлігі
__________________
2018 жылғы "___" _____________
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
__________________
2018 жылғы "___" _____________
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2018 жылғы 21 желтоқсандағы № 366 бұйрығына қосымша |
"Мәдени құндылықтардың, ұлттық архив қорлары құжаттарының, архив құжаттары түпнұсқаларының экспортына лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1-тарау. Жалпы ережелер
1. "Мәдени құндылықтардың, ұлттық архив қорлары құжаттарының, архив құжаттары түпнұсқаларының экспортына лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі – стандарт) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігімен (бұдан әрі – Министрлік) әзірленді.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрлік (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру www.egov.kz "электрондық үкімет", www.elіcense.kz веб-портал (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
1) порталға өтініш берілген сәттен бастап:
лицензияны беру – 15 (он бес) жұмыс күні;
лицензияны қайта рәсімдеу– 3 (үш) жұмыс күні.
2) қызмет көрсетудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.
Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Ұсынылған құжаттардың толық еместігі анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша уәжді түрде бас тартады.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны– электрондық.
6. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі – мәдени құндылықтардың, ұлттық архив қорлары құжаттарының, архив құжаттары түпнұсқаларының экспортына лицензия беру, немесе стандарттың 10-тармағымен көзделген негіздемелер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны – электрондық.
Порталда мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі уәкілетті органның мемлекеттік қызмет берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі - ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жолданып, сақталады.
7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
8. Порталдың жұмыс кестесі:
1) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
9. Көрсетілетін қызметті алушы (не уәкілетті өкілі) порталға жүгінген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуге қажетті құжаттар тізбесі:
лицензия алу үшін:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы, осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес өтініш;
сыртқы сауда шартының (келісімшартының) электрондық көшірмесі, оған қосымшалар және (немесе) толықтырулар (бір реттік лицензияға);
"электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын электрондық құжаттың көшірмесін;
осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер нысаны.
Лицензияны қайта рәсімдеу үшін:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанындағы өтініш беру;
лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпарат қамтылған құжаттың электрондық көшірмесі;
10. Көрсетілетін қызметті көрсетуші мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден мынадай негіздемелер бойынша бас тартады:
1) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
2) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты лицензиялауға жататын немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
4) лицензиялық алым енгізілмеген;
5) көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі.
3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымданған жағдайда: шағым Министрліктің www.mks.gov.kz интернет-ресурсында, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына беріледі.
Шағым жазбаша нысанда пошта бойынша, портал арқылы, не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.
Көрсетілетін қызметті алушымен қол қойылған шағымда:
1) жеке тұлғаның – тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), қолы және тұрғылықты жері;
2) заңды тұлғаның – атауы, пошталық мекенжайы, бизнес-идентификационный номер шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі.
Шағымның көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып тіркелуі (мөртаңба, кіріс нөмірі мен күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.
Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Шағымды көрсетілетін қызметті алушыға портал арқылы "жеке кабинеттен" жіберген кезде жүгіну туралы ақпарат қолжетімді болады, ол көрсетілетін қызметті берушінің өтінішін өңдеу (жеткізу, тіркеу, орындау, туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылып отырады.
Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына түскен шағым тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгіне алады.
4-тарау. Мемлекеттік қызметтің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге талаптар
13. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:
1) Министрліктің www.mks.gov.kz интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған.;
2) порталда орналастырылған.
14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті электрондық цифрлық қолы болған жағдайда, электрондық нысанда портал арқылы алу мүмкіндігі бар.
15. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинеті" арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ бірыңғай байланыс-орталығы арқылы алады.
16. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің телефондары Министрліктің www.mks.gov.kz интернет-ресурсында "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде орналастырылған. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы: 1414, 8 800 080 7777.
"Мәдени құндылықтардың, ұлттық архив қорлары құжаттарының, архив құжаттары түпнұсқаларының экспортына лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымша |
|
Нысан |
Мәдени құндылықтардың, ұлттық архив қорлары құжаттарының, архив құжаттары түпнұсқаларының экспортына лицензия беруге өтініш
1. Өтініш № |
2. Қолданылу кезеңі | ||
3. Лицензияның типі |
4. Келісімшарт | ||
5. Көрсетілетін қызметті алушы | 6. Сатып алушы | ||
7. Тағайындалған елі | 8. Сатып алушының елі | ||
9. Келісімшарт валютасы | 10. Құны | 11. Статистикалық құны | |
12. Шығарылған елі | 13. Саны | 14. Өлшем бірлігі | |
15. КО СЭҚ ТН бойынша тауардың коды және оның сипаттамасы | |||
16. Қосымша ақпарат | |||
17. Лицензия беру үшін негіздеме |
18. Қызмет алушының уәкілетті тұлғасы |
Мәдени құндылықтардың, ұлттық архив қорлары құжаттарының, архив құжаттары түпнұсқаларының экспортына лицензия беруге өтінішке қосымша |
|
Нысан |
Кеден одағына қатысушы мемлекеттің атқарушы билігінің уәкілетті мемлекеттік органы | ||||
___________жылғы № ___________лицензияға | ||||
Р/с | Тауардың сипаттамасы | саны | өлшем бірлігі | |
құны | ||||
Р/с | Тауардың сипаттамасы | саны | өлшем бірлігі | |
құны | ||||
Р/с | Тауардың сипаттамасы | саны | өлшем бірлігі | |
құны | ||||
Р/с | Тауардың сипаттамасы | саны | өлшем бірлігі | |
құны | ||||
Р/с | Тауардың сипаттамасы | саны | өлшем бірлігі | |
құны | ||||
Р/с | Тауардың сипаттамасы | саны | өлшем бірлігі | |
құны | ||||
Р/с | Тауардың сипаттамасы | саны | өлшем бірлігі | |
құны | ||||
Р/с | Тауардың сипаттамасы | саны | өлшем бірлігі | |
құны | ||||
Барлығы парақ Парақ № |
Уәкілетті тұлға |
"Мәдени құндылықтардың, ұлттық архив қорлары құжаттарының, архив құжаттары түпнұсқаларының экспортына лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымша |
|
Нысан |
Р/с№ | Біліктілік талаптары | Оларға сәйкестікті растайтын құжаттар | Ескертпе |
1 | 2 | 3 | 4 |
1 | Лицензияны алу ниетін растау | Еуразиялық экономикалық комиссиясының тиісті Алқа шешімімен бекітілген тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына және (немесе) импортына лицензия беру туралы өтінішті ресімдеу және мұндай лицензияны ресімдеу туралы нұсқаулыққа сәйкес толтырылған және ресімделген лицензия беру туралы өтініші | |
2 | Тауарларды сәйкестендіру | Әрбір әкетілетін мәдени құндылықтардың неғұрлым тән кескіндегі өлшемі 10х15 сантиметр екі фотосуретін немесе әкетілетін мұрағат құжатының екі көшірмесі, ал қажет болған жағдайда – мәдени құндылықтың (мұрағат құжатының) өзін | |
3 | Құқық иеленудің заңдылығы | Тауарға меншік құқығын растайтын құжат | |
4 | Мәдени құндылығы бар, бірақ антикварлық қаруға жатқызылмаған қаруды әкетуге берілетін қорытындының (рұқсаттама құжаттың) болуы | Мәдени құндылығы бар, бірақ антикварлық қаруға жатқызылмаған қару әкетілген жағдайда – қару айналымы саласында бақылауды жүзеге асыратын орган беретін қорытынды (рұқсаттама құжаты) | Мәдени құндылығы бар, бірақ антикварлық қаруға жатқызылмаған қаруды әкетілген жағдайда |