БҰЙЫРАМЫН:
1. "Шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелеріне толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін арнайы экономикалық аймақтың және еркін кеден аймағы кедендік рәсімінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 15 наурыздағы № 360 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16673 болып тіркелген, 2018 жылғы 10 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жарияланған) бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Кедендік операцияларды жасауға және (немесе) еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды пайдалануға (сақтауға) арналған, шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін арнайы экономикалық аймақ аумағының бөліктері шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін арнайы экономикалық аймақтың кедендік бақылау аймақтарын айқындау қағидаларында:
3, 4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"3. "Қорғас" ШЫХО" АЭА кедендік бақылау аймағы кедендік операцияларды жасау үшін және (немесе) еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды пайдалану (сақтау) үшін көзделген "Қорғас" ШЫХО" АЭА аумағының бөлігі болып табылады.
4. "Қорғас" ШЫХО" АЭА аумағында мынадай кедендік бақылау аймағы орналасады:
1) "Қорғас" Шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы қазақстан бөлігіндегі бақылау-өткізу пунктін (бұдан әрі – БӨП) құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 8 маусымдағы № 762 қаулысына сәйкес құрылған, "Қорғас" Шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы қазақстан бөлігіндегі бақылау-өткізу пункті;
2) "Қорғас" ШЫХО" АЭА жылжымайтын объектілерін және (немесе) инфрақұрылым объектілерін салу және (немесе) қайта құру орындары;
3) өзінің тауарларын сақтау қоймаларының, уақытша сақтау қоймаларының, кеден қоймаларының, еркін қоймалардың аумағы, бажсыз сауда дүкендерінің, сондай-ақ халықаралық почта алмасу орындарының (мекемелерінің) аумақтары.
5. Кодекстің 404-бабы 4-тармағының талаптарына сәйкес "Қорғас" ШЫХО" АЭА аумағы бөлігінде кедендік бақылау аймағы құрылады.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелері мен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін арнайы экономикалық аймақ аумағын, мұндай аумақты қоршау және бейнебақылау жүйесімен жарақтандыру жөніндегі талаптарды қоса алғанда, жайластыру ерекшеліктерде:
3-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) тауарларды еркін кеден аймағы кедендік рәсімімен немесе өзге кедендік рәсіммен орналастырғанға дейін, оларды түсірумен, тиеумен және сақтаумен байланысты операциялар жүргізілетін "Қорғас" ШЫХО" АЭА аумағының бөлігі тәулік бойы режимде жұмыс істейтін, соңғы күнтізбелік отыз күн ішінде болған оқиғалар туралы бейнеақпаратты қарауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін бейнебақылау жүйесімен жабдықталады және тәуліктің қараңғы уақытында электр жарығымен жарақтандырылады.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін Арнайы экономикалық аймақ аумағында, осындай аумаққа адамдардың кіруін қоса алғанда, бақылау-өткізу режимін қамтамасыз ету қағидаларында:
4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Мемлекеттік шекарада бақылау-өткізу режимін, кедендік бақылау тиімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақтың және Қазақстан Республикасының кеден заңнамаларын сақтау мақсатында мемлекеттік кірістер органы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметімен (бұдан әрі – шекара қызметі) бірлесіп "Қорғас" ШЫХО" АЭА аумағына әкелінетін, сондай-ақ осындай "Қорғас" ШЫХО" АЭА аумағынан осы Қағидалардың ережелерін ескере отырып, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкетілетін тауарлар мен көлік құралдарына қатысты кедендік және бақылауды өзге де түрлерін жүргізу үшін тиісінше жабдықталған және техникалық жарақтандырылған БӨП айқындайды.";
6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"6. БӨП шлагбауммен (қақпамен) және (немесе) тауарлар мен көлік құралдарының қозғалысын тежейтін құрылғылармен жабдықталады.";
8-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) АЭА басқарушы компания – осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген объектілерді қоспағанда, "Қорғас" ШЫХО" АЭА аумағын, оның ішінде БӨП аумағын және инфрақұрылымның өзге де объектілерін;";
көрсетілген бұйрыққа 7-қосымша алып тасталсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (М.Е. Сұлтанғазиев) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Қаржы министрі | Ә. Смайылов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті