Ескерту. Күші жойылды – ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 13.07.2023 № 5 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңының 12-бабы 6-1) тармақшасына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ереженің 17-тармағының 266-58) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Уәкілетті органның қызметіне қанағаттанушылық деңгейін мониторингілеу мақсатында респонденттер мен пайдаланушыларға сауал салуды жүргізу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Статистикалық қызметті жоспарлау басқармасы Заң басқармасымен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Статистикалық қызметті жоспарлау басқармасы осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарына жұмыс бабында басшылыққа алу үшін жеткізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының орынбасарына (Г. М. Керімханова) жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің төрағасы |
Н. Айдапкелов |
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2018 жылғы 26 желтоқсандағы № 15 бұйрығымен бекітілді |
Уәкілетті органның қызметіне қанағаттанушылық деңгейін мониторингілеу мақсатында респонденттер мен пайдаланушыларға сауал салуды жүргізу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Уәкілетті органның қызметіне қанағаттанушылық деңгейін мониторингілеу мақсатында респонденттер мен пайдаланушыларға сауал салуды жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының (бұдан әрі - Заң) 12-бабы 6-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және уәкілетті органның (бұдан әрі – ведомство) қызметіне қанағаттанушылық деңгейін мониторингілеу мақсатында респонденттер мен пайдаланушыларға сауал салуды жүргізу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын ұғымдар Заңда көрсетілген мәнінде қолданылады.
3. Респонденттер мен пайдаланушыларға сауал салуды ведомство ерікті негізде сауалнама жүргізу түрінде өткізеді.
4. Респонденттерге сауал салуды ведомство осы Қағидаларға 1-қосымшада келтірілген нысанға сәйкес жүзеге асырады.
Пайдаланушыларға сауал салуды ведомство осы Қағидаларға 2-қосымшада келтірілген нысанға сәйкес жүзеге асырады.
2-тарау. Респонденттер мен пайдаланушыларға сауал салуды жүргізу тәртібі
5. Респонденттерге сауал салу тиісті жылға ведомство бекітетін Статистикалық жұмыстар жоспарына (бұдан әрі – Статистикалық жұмыстар жоспары) сәйкес ведомствоға және оның аумақтық органдарына алғашқы статистикалық деректерді ұсынатын респонденттер арасында өткізіледі.
6. Пайданушыларға сауал салу Статистикалық жұмыстар жоспарында көзделген көлемдерде, жыл сайын бекітілетін Ресми статистикалық ақпаратты тарату графигіне сәйкес таратылатын ресми статистикалық ақпараттың пайдаланушылары арасында өткізіледі.
7. Сауал салуға жататын респонденттер мен пайдаланушылардың тобын әр өңірден біркелкі кездейсоқ іріктемелі әдіспен ведомствоның тиісті құрылымдық бөлімшесі айқындайды.
8. Белсенді жұмыс істейтін заңды тұлғалардың кемінде 1%-ын құра отырып, бас жиынтықтың параметрлерінен және республика бойынша деректердің репрезентативтілігінен іріктеменің көлемі есептеледі.
9. Респонденттердің іріктемесі шағын, орта және ірі кәсіпорын өкілдерімен әр топта кем дегенде 10%-ы қамтамасыз етіледі.
10. Пайдаланушылардың іріктемесі пайдаланушылардың әр түрлі топтарының (мемлекеттік органдар, бизнес, оқу орындары және басқалары) өкілдерімен әр топта кем дегенде 10%-ы қамтамасыз етіледі.
11. Респонденттер мен пайдаланушыларға сауал салудың жүргізілуі туралы жыл сайын 1 маусымнан кешіктермей:
1) электрондық пошта;
2) ведомствоның ресми интернет-ресурсы;
3) телефонмен хабарландыру;
4) аумақтық статистика органдарының қызметкерлерімен және (немесе) интервьюермен жеке байланыс арқылы хабарланады.
12. Хабарлау кезінде сауал салудың тақырыбы және мақсаты көрсетіледі.
13. Респонденттер мен пайдаланушыларға сауал салу бойынша сауалнамалар мынадай тәсілдердің бірімен:
1) байланыс арналары арқылы электрондық түрде;
2) телефон арқылы сауал салуды жүргізудің компьютерлендірілген жүйесі арқылы;
3) қағаз жеткізгіштерде қолма-қол;
4) интервьюердің жеке сауал салуды жүргізуі арқылы ұсынылады.
14. Респонденттер мен пайдаланушыларға сауал салу нәтижелерін ведомствоның басшысына тиісті құрылымдық бөлімшесімен есепті жылдың 31 желтоқсанынан кешіктірмей ұсынады.
15. Респонденттер мен пайдаланушыларға сауал салу нәтижелері бойынша ведомствоның жұмысын жақсартатын ұсыныстар жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысандарын актуалдандыру, Статистикалық жұмыстар жоспарын қалыптастыру кезіңде ескеріледі.
Уәкілетті органның қызметіне қанағаттанушылық деңгейін мониторингілеу мақсатында респонденттер мен пайдаланушыларға сауал салуды жүргізу қағидаларына 1- қосымша |
|
форма | |
нысан |
Респонденттерге сауал салу (сауалнама) | ||||
Опрос респондентов (анкета) | ||||
Кұрметті респондент! Сізден осы сауалнаманы толтыруыңызды сұраймыз. Алынған мәліметтер статистика органдарының жұмысын жақсарту үшін пайдаланылатын болады. Уважаемый респондент! Просим Вас заполнить данную анкету. Полученные сведения будут использованы для улучшения работы органов статистики. | ||||
Аумақтық статистика органына тапсырылады | ||||
Жылына бір рет | ||||
Статистикалық нысандарды тапсыратын заңды және жеке тұлғалар тапсырады | ||||
Тапсыру мерзімі 10 қыркүйекке дейін | ||||
1. |
Кәсіпорынның нақты мекен-жайын көрсетіңіз |
Тізімнен таңдау | ||
2. |
Статистикалық нысандарды қандай түрде тапсырасыз? |
Электрондық | № 4 сұраққа көшу Переход к вопросу № 4 | |
Қағаз | ||||
3. |
Статистикалық нысандарды электрондық түрде тапсырмауыңыздың себебін көрсетіңіз? |
Ресурстардың (техниканың, мамандардың, интернет желісімен қамту аймағының және т.б.) шектеулігі | ||
Техникалық себептер (байланыс сапасы, есептілікті электрондық тапсыру жүйесіндегі істен шығулары және т.б.) | ||||
Қағаз түрінде тапсыруды қалаймын | ||||
4. |
Қандай статистикалық нысандарды толтыру ең қиын? |
Тізімнен таңдау | ||
5. |
Сіз берген деректердің құпиялылығы жеткілікті қамтамасыз етілген бе? |
Иә | ||
Жоқ | ||||
6. |
Сіз Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті интернет-ресурсының "Респонденттерге" айдарын пайдаланасыз ба? |
Иә | ||
Жоқ | № 9 сұраққа көшу Переход к вопросу № 9 | |||
7. |
Сізге қажетті ақпарат "Респонденттерге" айдарында бар ма? |
Иә | № 9 сұраққа көшу Переход к вопросу № 9 | |
Жоқ | ||||
8. |
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті интернет-ресурсының "Респонденттерге" айдарына нені қосу қажет деп санайтыныңызды хабарлаңызшы | |||
9. |
Сіз статистика органдарына кеңес алуға жүгінесіз бе? |
Иә | ||
Жоқ | № 11 сұраққа көшу Переход к вопросу № 11 | |||
10. |
Статистика органдарына кеңес алу үшін қандай сұрақпен жиі жүгінетіңізді хабарлаңызшы |
Статистикалық нысандарды толтыру бойынша консультация | ||
Сайт бойынша навигация | ||||
Техникалық сұрақтар бойынша | ||||
11. |
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің жұмысын жақсарту үшін не істеу қажет деп санайтыныңызды хабарлаңызшы |
сауал салудың соңы |
Ынтымақтастығыңыз үшін алғыс білдіреміз! Благодарим за сотрудничество!
Уәкілетті органның қызметіне қанағаттанушылық деңгейін мониторингілеу мақсатында респонденттер мен пайдаланушыларға сауал салуды жүргізу қағидаларына 2-қосымша |
|
форма | |
нысан |
Пайдаланушыларға сауал салу (сауалнама) | ||||
Опрос пользователей (анкета) | ||||
Кұрметті ресми статистикалық ақпаратты пайдаланушы! Сізден осы сауалнаманы толтыруыңызды сұраймыз. Алынған мәліметтер статистика органдарының жұмысын жақсарту үшін пайдаланылатын болады. Уважаемый пользователь официальной статистической информации! Просим Вас заполнить данную анкету. Полученные сведения будут использованы для улучшения работы органов статистики. | ||||
Аумақтық статистика органына тапсырылады | ||||
Жылына бір рет | ||||
Ресми статистикалық ақпаратты пайдаланушылар тапсырады | ||||
Тапсыру мерзімі 10 қыркүйекке дейін | ||||
1. |
Сіз пайдаланушылардың қандай санатына жатасыз? |
Мемлекеттік органдар | ||
Бизнес | ||||
Оқу орындары, ҒЗИ | ||||
Басқасы | ||||
2. |
Сіз қолжетімді (жарияланған) статистикалық ақпараттың көлемімен қаншалықты қанағаттанасыз? |
Негізінде қанағаттанамын | ||
Жартылай қанағаттанамын | ||||
Қанағаттанбадым | ||||
Жауап беруге қиналамын | ||||
3. |
Сіз ақпарат ұсыну нысанымен қаншалықты қанағаттандыңыз? |
Негізінде қанағаттандым | ||
Жартылай қанағаттанамын | ||||
Қанағаттанбадым | ||||
Жауап беруге қиналамын | ||||
Басқасын көрсетіңіз | ||||
4. |
Мемлекеттік статистика деректеріне сенім деңгейін бағалаңыз. |
Сенемін | ||
Негізінде сенемін | ||||
Жартылай сенемін | ||||
Сенбеймін | ||||
Жауап беруге қиналамын | ||||
5. |
Ақпаратты қандай тәсілмен алғыңыз келеді? |
Статистика органдарының Интернет-ресурсында | ||
Қағаз жеткізгіште | ||||
Электрондық тарату бойынша | ||||
Басқасын көрсетіңіз | ||||
6. |
Сіз Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің www.stat.gov.kz Интернет-ресурсын пайдаланасыз ба? |
Иә | ||
Жоқ | ||||
7. |
Сізге қажетті ақпарат www.stat.gov.kz Интернет-ресурсында бар ма? |
Иә | ||
Жоқ | ||||
8. |
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің және аумақтық органдарының жұмысын одан әрі жетілдіру үшін Сіздің көзқарасыңыз бойынша не қажет? |
сауал салудың соңы |