Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 367-2307 "Астана қаласы бойынша есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау және су бұру, газбен жабдықтау бойынша коммуналдық көрсетілетін қызметтерді тұтыну нормаларын бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Астана қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 10 қаңтардағы № 367-70 қаулысы. Астана қаласының Әділет департаментінде 2018 жылғы 30 қаңтарда № 1157 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңдарына сәйкес, Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 11 желтоқсандығы № 367-2307 "Астана қаласы бойынша есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау және су бұру, газбен жабдықтау бойынша коммуналдық көрсетілетін қызметтерді тұтыну нормаларын бекіту туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 995 болып тіркелген, 2016 жылғы 28 қаңтарда "Астана ақшамы", "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      "3. Астана қаласы бойынша есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін сумен жабдықтау және су бұру бойынша коммуналдық қызметтерін тұтыну нормалары" деген бөлім осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Астана қаласының Коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулының көшірмесін мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде баспа және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Астана қаласының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялау үшін жіберуді;

      4) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      5) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде аумақтық әділет органына осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3.0Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары Қ.Қ. Айтмұхаметовке жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Астана қаласының әкімі Ә. Исекешев

  Астана қаласы әкімдігінің
2018 жылғы 10 қаңтардағы
№ 3067-70 қаулысына
қосымша

3. Астана қаласы бойынша есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін сумен жабдықтау және су бұру бойынша коммуналдық қызметтерін тұтыну нормалары

Р/с

Тұтынушылардың атауы

Өлшегіш

Норма тәулігіне/литр
 

1

2

3

4

1.

Жеке немесе аз пәтерлі тұрғын үйлер

1.1.

Көшелік су тарату колонкаларынан су пайдаланумен

Тәулігіне 1 тұрғын

70

1.2.

Аулалық колонкаларынан су пайдаланумен немесе аулалық су тарату крандарындағы су пайдаланумен

Тәулігіне 1 тұрғын

250

1.3.

Эконом-кластағы тұрғын үйлер*

Тәулігіне 1 тұрғын

400

1.4.

Жоғарғы жайлылығы бар тұрғын үйлер **

Тәулігіне 1 тұрғын

600

2.

Көпқабатты тұрғын үйлер



2.1.

Орталықтандырылған ыстық және суық сумен жабдықталған

Тәулігіне 1 тұрғын

332

2.2.

Орталықтандырылған суық сумен жабдықталған

Тәулігіне 1 тұрғын

164

3.

Жатақханалар

3.1.

Дәліз үлгісіндегі жатақхана

Тәулігіне 1 тұрғын

160

3.2.

Секциялық үлгідегі жатақхана

Тәулігіне 1 тұрғын

250

4.

Монша

Айына 4 рет

0,18 м3 х 4 = 0,72 м3

5.

Бассейн

1 м3

(1 м3 бассейн х тариф)

6.

Бақша, бау-бақша

6.1.

Бақшаны суару

1 жүздік

(0,6 м3 х 30 күн х 3 ай) = 54 м3

6.2.

Бау-бақшаны суару

1 жүздік

(0,3 м3 х 30 күн х 3 ай) = 27 м3

      Ескерту:

      * міндетті керек-жарақтардың ең төменгі жиынтығымен жабдықталған (су құбыры) және бірлі-жарым санитарлық-техникалық құралдары орнатылған (унитаз, жуғыш, ванна, қол жуғыш) тұрғын үйлер

      ** міндетті керек-жарақтардың толық жиынтығымен жабдықталған (су құбыры, кәріз) және бірнеше санитарлық тораптары, ванналары және душ бөлмелері бар, тұрмыстық су тұтыну құралдары (ыдыс-аяқ жуатын машина, автоматты кір жуғыш машина) орнатылған тұрғын үйлер

О внесении изменения в постановление акимата города Астаны от 11 декабря 2015 года № 367-2307 "Об утверждении норм потребления коммунальных услуг по электроснабжению, теплоснабжению, водоснабжению и водоотведению, газоснабжению по городу Астане для потребителей, не имеющих приборов учета"

Постановление акимата города Астаны от 10 января 2018 года № 367-70. Зарегистрировано Департаментом юстиции города Астаны 30 января 2018 года № 1157

      В соответствии с Законами Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", от 6 апреля 2016 года "О правовых актах", акимат города Астаны ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление акимата города Астаны от 11 декабря 2015 года № 367-2307 "Об утверждении норм потребления коммунальных услуг по электроснабжению, теплоснабжению, водоснабжению и водоотведению, газоснабжению по городу Астане для потребителей, не имеющих приборов учета" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 995, опубликовано 28 января 2016 года в газетах "Астана ақшамы", "Вечерняя Астана") следующее изменение:

      раздел "3. Нормы потребления коммунальных услуг по водоснабжению и водоотведению по городу Астане для потребителей, не имеющих приборов учета" изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему постановлению.

      2. Руководителю Государственного учреждения "Управление коммунального хозяйства города Астаны" в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего постановления в территориальном органе юстиции;

      2) в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации направить копии настоящего постановления в бумажном и электронном виде на казахском и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации" для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего постановления направление его копии для официального опубликования в периодических печатных изданиях, распространяемых на территории города Астаны;

      4) размещение настоящего постановления на интернет-ресурсе акимата города Астаны после его официального опубликования;

      5) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего постановления представление в территориальный орган юстиции сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1), 2), 3) и 4) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима города Астаны Айтмухаметова К.К.

      4. Настоящее постановление вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким города Астаны А. Исекешев

  Приложение
к постановлению акимата
города Астаны
от 10 января 2018 года № 367-70

3. Нормы потребления коммунальных услуг по водоснабжению и водоотведению по городу Астане для потребителей, не имеющих приборов учета

№ п/п

Наименование потребителей

Измеритель

Норма литр/сутки

1

2

3

4

1.

Индивидуальные или малоквартирные жилые дома

1.1.

С использованием воды из уличных водоразборных колонок

1 житель в сутки

70

1.2.

С использованием воды из дворовых уличных колонок или дворовых водоразборных кранов

1 житель в сутки

250

1.3.

Жилые дома эконом-класса*

1 житель в сутки

400

1.4.

Жилые дома повышенной комфортности**

1 житель в сутки

600

2.

Многоэтажные жилые дома



2.1.

С централизованным горячим и холодным водоснабжением

1 житель в сутки

332

2.2.

С централизованным холодным водоснабжением

1 житель в сутки

164

3.

Общежития

3.1.

Общежитие коридорного типа

1 житель в сутки

160

3.2.

Общежитие секционного типа

1 житель в сутки

250

4.

Баня

4 раза в месяц

0,18 м3 х 4 = 0,72 м3

5.

Бассейн

1 м3

(1 м3 бассейна х тариф)

6.

Огород, сад

6.1.

Полив огорода

1 сотка

(0,6 м3 х 30 дней х 3 месяца) = 54 м3

6.2.

Полив сада

1 сотка

(0,3 м3 х 30 дней х 3 месяца) = 27 м3

      Примечание:

      * жилые дома, оборудованные минимальным набором обязательных удобств (водопровод) и установленными единичными санитарно-техническими приборами (унитаз, мойка, ванна, умывальник)

      ** жилые дома, оборудованные полным набором обязательных удобств (водопровод, канализация) и имеющие: несколько санитарных узлов, ванных и душевных комнат, установленные бытовые водопотребляющие приборы (посудомоечная машина, стиральная машина-автомат)