Ескерту. Күші жойылды – Ақмола облысы әкімдігінің 06.05.2020 № А 5/249 (ресми жарияланған күннен бастап қолданылысқа енгізіледі) қаулысымен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Ақмола облысының Еңбекшілдер ауданын қайта атау туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 13 желтоқсандағы № 605 Жарлығына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Ақмола облысының аумағында карантин режимін енгізе отырып, карантин аймағын белгілеу туралы" Ақмола облысы әкiмдiгiнiң 2014 жылғы 27 ақпандағы № А-3/61 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4080 болып тіркелген, 2014 жылғы 22 сәуірде "Арқа ажары" және "Акмолинская правда" газеттерінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасында:
реттік нөмірі 8-жолы жаңа редакцияда жазылсын:
"
8 | Біржан сал | Мамай ауылы | 864 |
".
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы әкімінің орынбасары А.С. Үйсiмбаевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ақмола облысы әкімінің міндетін атқарушы |
В.Крылов |