Ескерту. Күші жойылды – Ақмола облысы әкімдігінің 06.05.2020 № А 5/249 (ресми жарияланған күннен бастап қолданылысқа енгізіледі) қаулысымен.
Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - Ақмола облысы әкімдігінің 01.06.2017 № А-6/234 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
"Өсімдіктер карантині туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 ақпандағы Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі "Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Ақмола облыстық аумақтық испекциясы" мемлекеттік мекемесінің 2014 жылғы 27 қаңтардағы № 03-06-70 ұсынымының негізінде, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, зақымданған алқаптар көлемінде Ақмола облысының аумағында карантиндік арам шөп – жатаған (қызғылт) кекіре бойынша карантин режимін енгізе отырып, карантин аймағы белгіленсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы әкімдігінің 01.06.2017 № А-6/234 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.2. Осы қаулының орындауын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Р.Қ.Әкімовке жүктелсін.
3. Облыс әкімдігінің осы қаулысы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | Қ.Айтмұхаметов |
Ақмола облысы әкімдігінің 2014 жылғы 27 наурыздағы № А-3/61 қаулысына қосымша |
Зақымданған алқаптар көлемінде Ақмола облысының аумағында карантиндік арам шөп – жатаған (қызғылт) кекіре бойынша карантин режімін енгізе отырып, карантин аймағы
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Ақмола облысы әкімдігінің 01.06.2017 № А-6/234 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен; өзгеріс енгізілді - Ақмола облысы әкімдігінің 18.07.2018 № А-7/318 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
№ р/р | Аудандардың атауы | Қалалардың, кенттердің, ауылдық округтердің, ауылдардың атауы | Залалданған жерлердің ауданы, гектар |
1 | Ақкөл | Новорыбин ауылдық округі | 582 |
2 | Астрахан | Первомай, Астрахан, Ұзынкөл, Есіл, Николаев, Острогор ауылдық округтері | 9795,99 |
3 | Атбасар | Атбасар қаласы, Сергеевка ауылдық округі | 324,9672 |
4 | Аршалы | Жібек Жолы ауылдық округі | 618 |
5 | Бұланды | Ергольск ауылдық округі | 782 |
6 | Егіндікөл | Абай, Алакөл, Буревестник, Егіндікөл, Коржынкөл, Ұзынкөл ауылдық округтері, Бауман ауылы | 13119,05 |
7 | Есіл | Бұзылық, Жанаспай, Двуречный, Қаракөл, Красивинский ауылдық округтері, Красногор кенті, Ақсай, Курский, Раздольный ауылдары | 16762 |
8 | Біржан сал | Мамай ауылы | 864 |
9 | Жарқайың | Державинск қаласы, Уәлихан, Жаңадала, Костычево, Нахимов, Отрадный ауылдық округтері, Бірсуат, Гастелло, Құмсуат, Львовское, Пригород, Пятигор, Тасөткел, Тассуат, Шойындыкөл, Үшқарасу ауылдары | 82947 |
10 | Жақсы | Жаңақима, Новокиенка, Қызылсай, Запорожье, Ешім, Терісаққан ауылдық округтері Белағаш, Подгорное ауылдары | 16348,977 |
11 | Сандықтау | Барақпай, Белгород, Васильев, Жамбыл, Сандықтау, Мәдениет, Широков, Веселов, Максимов ауылдық округтері | 5193 |
12 | Қорғалжын | Қорғалжин, Кенбидайык, Арықты, Коммуна, Қызылсай, Амангелді, Сабынды, Карашалғы ауылдық округтері | 26331 |
13 | Зеренді | Троицк, Зеренді, Күсеп ауылдық округтері | 414 |
14 | Шортанды | Раевка, Новокубанка, Бектау, Пригородный, Петровка, Андреевка, Новоселовка, Бозайғыр, Дамса ауылдық округтері | 18719,6 |
15 | Целиноград | Ақмол, Шалқар, Мәншүк, Краснояр, Рахымжан Қошқарбаев, Родина, Оразақ, Максимовка, Новоишимск, Нұресіл, Софиевка ауылдық округтері | 35618,2 |
Барлығы: | 228 419,7842 |