Ақмола облысы Зеренді ауданы Күсеп ауылдық округінің Куропаткино ауылын қайта атау туралы

Ақмола облысы әкімдігінің 2018 жылғы 14 желтоқсандағы № А-12/552 қаулысы және Ақмола облыстық мәслихатының 2018 жылғы 14 желтоқсандағы № 6С-27-22 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 29 желтоқсанда № 7004 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына сәйкес, Ақмола облыстық ономастика комиссиясының 2017 жылғы 24 қазандағы қорытындысының, "Куропаткино ауылын Өркен ауылына қайта атау бойынша ұсыныс енгізу туралы" Зеренді ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 21 желтоқсандағы № А-11/601 қаулысының және Зеренді аудандық мәслихатының 2017 жылғы 21 желтоқсандағы № 17-139 шешімінің негізінде, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ақмола облысы Зеренді ауданының Күсеп ауылдық округінің Куропаткино ауылы Ақмола облысы Зеренді ауданының Күсеп ауылдық округінің Өркен ауылы деп қайта аталсын.

      2. Осы Ақмола облысы әкімдігінің қаулысы мен Ақмола облыстық мәслихатының шешімі Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақмола облысының әкімі М.Мырзалин
      Ақмола облыстық
мәслихаты сессиясының
төрайымы
Б.Наурызбаева
      Ақмола облыстық
мәслихатының хатшысы
Д.Нұрмолдин

О переименовании села Куропаткино Кусепского сельского округа Зерендинского района Акмолинской области

Постановление акимата Акмолинской области от 14 декабря 2018 года № А-12/552 и решение Акмолинского областного маслихата от 14 декабря 2018 года № 6С-27-22. Зарегистрировано Департаментом юстиции Акмолинской области 29 декабря 2018 года № 7004

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 8 декабря 1993 года "Об административно-территориальном устройстве Республики Казахстан", на основании заключения Акмолинской областной ономастической комиссии от 24 октября 2017 года, постановления акимата Зерендинского района от 21 декабря 2017 года № А-11/601 и решения Зерендинского районного маслихата от 21 декабря 2017 года № 17-139 "О внесении предложения по переименованию села Куропаткино на село Оркен", акимат Акмолинской области ПОСТАНОВЛЯЕТ и Акмолинский областной маслихат РЕШИЛ:

      1. Переименовать село Куропаткино Кусепского сельского округа Зерендинского района Акмолинской области на село Оркен Кусепского сельского округа Зерендинского района Акмолинской области.

      2. Настоящее постановление акимата Акмолинской области и решение Акмолинского областного маслихата вступает в силу со дня государственной регистрации в Департаменте юстиции Акмолинской области и вводится в действие со дня официального опубликования.

      Аким Акмолинской области М.Мурзалин
      Председатель
сессии Акмолинского
областного маслихата
Б.Наурызбаева
      Секретарь Акмолинского
областного маслихата
Д.Нурмулдин