"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына сәйкес, Ақмола облыстық ономастика комиссиясының 2017 жылғы 24 қазандағы қорытындысының, "Куропаткино ауылын Өркен ауылына қайта атау бойынша ұсыныс енгізу туралы" Зеренді ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 21 желтоқсандағы № А-11/601 қаулысының және Зеренді аудандық мәслихатының 2017 жылғы 21 желтоқсандағы № 17-139 шешімінің негізінде, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ақмола облысы Зеренді ауданының Күсеп ауылдық округінің Куропаткино ауылы Ақмола облысы Зеренді ауданының Күсеп ауылдық округінің Өркен ауылы деп қайта аталсын.
2. Осы Ақмола облысы әкімдігінің қаулысы мен Ақмола облыстық мәслихатының шешімі Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ақмола облысының әкімі | М.Мырзалин |
Ақмола облыстық мәслихаты сессиясының төрайымы |
Б.Наурызбаева |
Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы |
Д.Нұрмолдин |