РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына сәйкес, Ақмола облыстық ономастика комиссиясының 2018 жылғы 5 қазандағы қорытындысының, "Целиноград ауданының ауылдық округтерін және кейбір ауылдарын қайта атау жөнінде ұсыныс енгізу туралы" Целиноград ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 13 қарашадағы № А-5/528 қаулысының және Целиноград аудандық мәслихатының 2018 жылғы 13 қарашадағы № 247/36-6 шешімінің негізінде, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ақмола облысы Целиноград ауданының кейбір ауылдары және ауылдық округтері:
Малотимофеевка ауылы - Аққайың ауылы;
Антоновка ауылы - Опан ауылы;
Краснояр ауылдық округі - Жарлыкөл ауылдық округі;
Красноярка ауылы - Жарлыкөл ауылы;
Максимовка ауылдық округі - Арайлы ауылдық округі;
Максимовка ауылы - Арайлы ауылы;
Фарфоровое ауылы - Ынтымақ ауылы;
Миновка ауылы - Жабай ауылы;
Новоишимка ауылдық округі - Жаңаесіл ауылдық округі;
Новоишимка ауылы - Жаңаесіл ауылы;
Семеновка ауылы - Қарамеңді ауылы деп қайта аталсын.
2. Осы Ақмола облысы әкімдігінің қаулысы мен Ақмола облыстық мәслихатының шешімі Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ақмола облысының әкімі |
М.Мырзалин |
Ақмола облыстық мәслихаты сессиясының төрайымы |
Б.Наурызбаева |
Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы |
Д.Нұрмолдин |