РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4)-тармақшасына сәйкес, Станционный кентіндегі халықтың пікірін ескере отырып Ақмола облыстық ономастика комиссиясының 2018 жылғы 18 сәуірдегі қорытындысы негізінде, Станционный кентінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Станционный кентіндегі көшелер қайта аталсын:
1) Мир көшесі Шамшырақ көшесіне;
2) Октябрьская көшесі Үміт көшесіне;
3) Первомайская көшесі Ұлы дала көшесіне;
4) Проектируемая көшесі Ырыскөшесіне;
5) Путейская көшесі Теміржол көшесіне;
6) Строительная көшесі Айнабұлақ көшесіне.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Кентінің әкімі | А.Тасқынбай |