Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Степногорск қалалық мәслихатының 09.02.2024 № 8С-10/2 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6- бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Степногорск қалалық мәслихатының 2013 жылғы 24 желтоқсандағы № 5С-25/8 "Степногорск қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3992 болып тіркелген, 2014 жылғы 30 қаңтарда "Степногорск ақшамы" және "Вечерний Степногорск" аймақтық қоғамдық-саяси газеттерінде жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Степногорск қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
12-тармақтың 1-1) тармақшасы жаңа редакцияда баяндалсын:
"1-1) Степногорск қаласының мемлекеттік медициналық ұйымдарымен, білім беру ұйымдарымен және дін істері қызметін жүзеге асыратын ұйымдарымен жұмысқа орналасу туралы шарт жасаған, жоғары медициналық оқу орындарында, сонымен қатар педагогика және теология саласы мамандарын оқытатын жоғары оқу орындарында оқитын жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, кірісі ең төмен күнкөріс деңгейінен аз отбасылардың, көп балалы, аз қамтылған отбасылардың студенттеріне оқу орнымен шарт, оқу орнынан анықтама және өтініш берушінің (отбасының) көрсетілген санаттарына жататындығын растайтын анықтама негізінде жылдық оқу құны мөлшерінде төлемге жергілікті бюджет есебінен;".
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасының міндетін атқарушы, қалалық мәслихаттың хатшысы |
Ғ.Көпеева |
"КЕЛІСІЛДІ"
Степногорск қаласы әкімінің міндетін атқарушы |
С.Шабаров |
03.04.2018 ж.