Степногорск қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Ақмола облысы Степногорск қалалық мәслихатының 2024 жылғы 9 ақпандағы № 8С-10/2 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 15 ақпанда № 8696-03 болып тіркелді.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-3-тармағына, "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 523 қаулысына сәйкес, Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса беріліп отырған Степногорск қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес, Степногорск қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Степногорск қалалық мәслихатының төрағасы О.Джагпаров

  Степногорск қалалық
мәслихатының
2024 жылғы 9 ақпандағы
№ 8С-10/2 шешіміне
1-қосымша

Степногорск қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Степногорск қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 523 (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) қаулысына сәйкес әзірленді және Степногорск қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидалар Степногорск қаласының аумағында тұрақты тұратын адамдарға қолданылады.

      3. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;

      2) арнайы комиссия – мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша Степногорск қаласы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;

      3) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;

      4) әлеуметтік көмек – Степногорск қаласының әкімдігі мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі – алушылар), сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне орай ақшалай нысанда көрсететін көмек;

      5) әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган – "Степногорск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі;

      6) ең төмен күнкөріс деңгейі – шамасы бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға шаққандағы ең төмен ақшалай кіріс;

      7) жан басына шаққандағы орташа кіріс – отбасының бір айдағы жиынтық кірісінің отбасының әрбір мүшесіне тура келетін үлесі;

      8) мерекелік күндер (бұдан әрі – атаулы күндер) – Қазақстан Республикасының кәсіптік және өзге де мерекелері;

      9) учаскелік комиссия – атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш жасаған тұлғалардың (отбасылардың) материалдық жағдайына зерттеп – қарау жүргізу үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер әкімдерінің шешімімен құрылатын арнаулы комиссия;

      10) шекті шама – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.

      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - Ақмола облысы Степногорск қалалық мәслихатының 30.05.2024 № 8С-12/3 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      4. Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 71-бабының 4-тармағында, 170-бабының 3-тармағында, 229-бабының 3-тармағында, "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында, 11-бабының 1-тармағының 2) тармақшасында, 12-бабының 1-тармағының 2) тармақшасында, 13-бабының 2) тармақшасында, 17-бабында көзделген әлеуметтік қолдау шаралары осы Қағидаларда белгіленген тәртіпте көрсетіледі.

      5. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мезгіл – мезгіл (ай сайын, жылына 1 рет) көрсетіледі.

      6. Әлеуметтік көмек көрсету үшін мереке күндері мен атаулы күндер тізбесі:

      1) 15 ақпан – Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күні;

      2) 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні;

      3) 7 мамыр – Отан қорғаушы күні;

      4) 9 мамыр – Жеңіс күні;

      5) 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні;

      6) 1 қазан – Қарттар күні;

      7) қазан айының екінші жексенбісі – Қазақстан Республикасының Мүгедектігі бар адамдар күні;

      8) 16 желтоқсан – Тəуелсіздік күні.

2-тарау. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі

      7. Азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшін:

      1) дүлей апаттың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуі не әлеуметтік маңызы бар аурулардың болуы;

      2) ең төмен күнкөріс деңгейіне 1,7 еселік қатынаста шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы;

      3) жетімдік, ата-ана қамқорлығының болмауы;

      4) жасының егде тартуына байланысты өзіне-өзі күтім жасай алмауы;

      5) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылуы, пробация қызметінің есебінде болуы негіз болып табылады.

      Арнайы комиссиялар әлеуметтік көмек көрсету қажеттігі туралы қорытынды шығарған кезде жергілікті өкілді орган бекіткен азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу негіздерінің тізбесін басшылыққа алады.

      8. Алушылардың жекелеген санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне орай әлеуметтік көмектің мөлшерін жергілікті өкілді орган облыс жергілікті атқарушы органымен келісу бойынша бірыңғай мөлшерде белгілейді.

      9. Әрбір жекелеген жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін арнайы комиссия айқындайды, ол оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттігі туралы қорытындыда көрсетеді.

      10. Мереке күндері мен атаулы күндерге орай әлеуметтік көмек оны алушылардан өтініштер талап етілмей азаматтардың келесі санаттарына жылына 1 рет көрсетіледі:

      1) 15 ақпан – Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күніне 25 (жиырма бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде:

      бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының (бұдан әрі – КСР Одағы) үкiметтік органдарының шешiмдерiне сәйкес басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысқан Кеңес Армиясының, Әскери-Теңiз Флотының, Мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетiнiң әскери қызметшiлерiне, бұрынғы КСР Одағы Iшкi iстер министрлiгiнiң басшы және қатардағы құрамының адамдарына (әскери мамандар мен кеңесшiлердi қоса алғанда);

      оқу жиындарына шақырылған және Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде жiберiлген әскери мiндеттiлерге;

      Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде осы елге жүк жеткiзу үшiн жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерiне;

      бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмалармен ұшқан ұшу құрамының әскери қызметшiлерiне;

      Ауғанстандағы кеңестік әскери контингентке қызмет көрсеткен, жарақат, контузия алған немесе мертіккен не ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталған жұмысшылар мен қызметшiлерге;

      2) 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде:

      "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көп балалы аналарға;

      3) 7 мамыр – Отан қорғаушы күніне 25 (жиырма бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде:

      1992 жылғы қыркүйек – 2001 жылғы ақпан аралығындағы кезеңде Тәжікстан-Ауғанстан учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын күзетуді күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерді орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне;

      2003 жылғы тамыз – 2008 жылғы қазан аралығындағы кезеңде Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияға бітімгерлер ретінде қатысқан Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне;

      1986 – 1991 жылдар аралығындағы кезеңде Таулы Қарабақтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілерге, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына;

      4) 9 мамыр – Жеңіс күніне:

      Ұлы Отан соғысына қатысушыларға, атап айтқанда, Ұлы Отан соғысы кезеңінде, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағын қорғау бойынша басқа да ұрыс операциялары кезiнде майдандағы армия мен флоттың құрамына кiрген әскери бөлiмдерде, штабтар мен мекемелерде қызмет өткерген әскери қызметшiлерге, Ұлы Отан соғысының партизандары мен астыртын әрекет етушiлерiне 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңге мөлшерінде;

      Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға, атап айтқанда, Ұлы Отан соғысы кезеңінде майданда, ұрыс қимылдары ауданында, майдан маңындағы теміржол учаскелерінде, қорғаныс шептерінің, әскери-теңіз базалары мен әуеайлақтардың құрылысжайларында жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген майдандағы армия мен флоттың әскери қызметшілеріне, Ұлы Отан соғысының партизандары мен астыртын әрекет етушілеріне, сондай-ақ жұмысшылар мен қызметшілерге 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңге мөлшерінде;

      Екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезеңiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерьлердегі, геттолардағы және басқа да мәжбүрлеп ұстау орындарындағы кәмелетке толмаған тұтқындарға 30 (отыз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдарға 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан қайтыс болған мүгедектігі бар адамның немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген қайтыс болған адамның екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығуы, жұмыста мертігуі және басқа да себептер (құқыққа қарсы келетіндерді қоспағанда) салдарынан болған мүгедектігі бар адам деп танылған, қайтыс болған Ұлы Отан соғысы қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушінің, "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған азаматтың екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына) 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      1986 – 1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтарға тiкелей қатысқан адамдарға 25 (жиырма бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынақтардың салдарынан мүгедектік белгіленген адамдарға және мүгедектігі ата-анасының бірінің радиациялық сәуле алуымен генетикалық байланысты олардың балаларына 25 (жиырма бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      5) 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне 3 (үш) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде:

      саяси қуғын-сүргiндер құрбандарына және саяси қуғын-сүргiндерден зардап шеккендерге;

      6) 1 қазан – Қарттар күніне 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде:

      ең төменгі және ең төменгі зейнетақы мөлшерінен төмен зейнеткерлерге;

      7) қазан айының екінші жексенбісі – Қазақстан Республикасының Мүгедектігі бар адамдар күніне 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде:

      зейнеткерлік жасқа дейінгі барлық топтағы мүгедектігі бар адамдарға, оның ішінде он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға;

      8) 16 желтоқсан – Тəуелсіздік күніне 30 (отыз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде:

      "Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген тәртіпте ақталған, Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысқан адамдарға, осы оқиғаларда қасақана кісі өлтіргені және милиция қызметкерінің, халық жасақшысының өміріне қастандық жасағаны үшін сотталған, өздеріне қатысты қылмыстық істерді қайта қараудың қолданылып жүрген тәртібі сақталатын адамдарды қоспағанда.

      11. Әлеуметтік көмек мұқтаж азаматтардың (отбасылардың) келесі санаттарына өтініш бойынша кірістерді есепке алмағанда бір рет көрсетіледі:

      1) дүлей апаттың немесе өрттің салдарынан зардап шеккен азаматтарға (отбасыларға), үш айдан кешіктірмей, 100 (жүз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      2) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға, босатылған күннен бастап үш айдан кешіктірмей 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.

      Ескерту. 11-тармаққа өзгеріс енгізілді - Ақмола облысы Степногорск қалалық мәслихатының 30.05.2024 № 8С-12/3 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      12. Әлеуметтік көмек мұқтаж азаматтардың (отбасылардың) келесі санаттарына өтініш бойынша кірістерді есепке алмағанда жылына 1 рет көрсетіледі:

      1) денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрған әлеуметтік маңызы бар аурулары (қатерлі ісіктер, адамның иммунитет тапшылығы вирусы (АИВ) тудыратын ауру, бірінші типті қант диабеті) бар адамдарға аурулардың бір түрі бойынша 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      2) химиопрофилактика кезеңінде туберкулез жұқтырған балалардың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне 9 (тоғыз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      3) бірінші типті қант диабеті ауруы бар балалардың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      4) денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрған "балалардың церебралдық параличі" ауруы бар балалардың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      5) "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4, 5, 6, 7 – баптарында көрсетілген адамдарға, Қазақстан Республикасы шегінде санаторийлық-курорттық емделуге жолдама құнын өтеуге төлем туралы құжаттар негізінде 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіш шекті мөлшерінде;

      6) "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4, 5, 6, 7 – баптарында көрсетілген адамдарға Қазақстан Республикасының аумағы бойынша темір жол немесе автомобиль жолаушылар көлігімен санаторийге немесе госпитальға емделуге екі жаққа жол жүру құнын өтеуге жөнелту станциясынан емдеу немесе емдеуге жатқызу орнына дейін және кері қайтуға растайтын құжаттарды ұсынған кезде 20 (жиырма) айлық есептік көрсеткіш шекті мөлшерінде.

      13. Әлеуметтік көмек мұқтаж азаматтардың (отбасылардың) келесі санаттарына өтініш бойынша кірістерді есепке алмағанда ай сайын көрсетіледі:

      1) диспансерлік есепте тұрған адамның иммунитет тапшылығы вирусы (АИВ) тудыратын ауруды жұқтырған балалардың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне 2 (екі) ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінде;

      2) амбулаториялық емдеудегі туберкулез ауруы бар адамдарға 6 айдан артық емес 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.

      14. Әлеуметтік көмек жан басына шаққандағы орташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейіне 1,7 еселік қатынаста шектен аспайтын мұқтаж азаматтардың (отбасылардың) келесі санаттарына өтініш бойынша, жылына 1 рет көрсетіледі:

      1) денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрған барлық топтағы мүгедектігі бар адамдарға, мүгедектігі бар балаларға 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      2) пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.

3-тарау. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі

      15. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі Үлгілік қағидаларға сәйкес айқындалады.

      Әлеуметтік көмек көрсетуден бас тарту:

      1) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған;

      2) тұлғаның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізуден өтініш беруші бас тартқан, жалтарған;

      3) тұлғаның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтік көмек көрсету үшін жергілікті өкілді орган белгілеген шектен артық болған жағдайларда жүзеге асырылады.

      16. Әлеуметтік көмек көрсетуге жұмсалатын шығыстарды қаржыландыру Степногорск қаласының бюджетінде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүзеге асырылады.

      17. Әлеуметтік көмек:

      1) алушы қайтыс болған;

      2) алушы тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің шегінен тыс жерге тұрақты тұруға кеткен;

      3) алушы мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберілген;

      4) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған жағдайларда тоқтатылады.

      Әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген мән-жайлар туындаған айдан бастап тоқтатылады.

      18. Әлеуметтік көмектің артық төленген сомалары ерікті түрде қайтарылады, заңсыз алынған сомалар ерікті түрде немесе сот тәртібімен қайтарылуға тиіс.

      19. Әлеуметтік көмек көрсетуді мониторингтеу мен есепке алуды әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган "Е-собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорын пайдалана отырып жүргізеді.

  Степногорск қалалық
мәслихатының
2024 жылғы 9 ақпандағы
№ 8С-10/2 шешіміне
2-қосымша

Степногорск қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылған тізбесі

      1. "Степногорск қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" Степногорск қалалық мәслихатының 2013 жылғы 24 желтоқсандағы № 5С-25/8 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3992 болып тіркелген).

      2. "Степногорск қалалық мәслихатының 2013 жылғы 24 желтоқсандағы № 5С-25/8 "Степногорск қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Степногорск қалалық мәслихатының 2015 жылғы 25 тамыздағы № 5С-43/4 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4986 болып тіркелген).

      3. "Степногорск қалалық мәслихатының 2013 жылғы 24 желтоқсандағы № 5С-25/8 "Степногорск қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Степногорск қалалық мәслихатының 2016 жылғы 5 мамырдағы № 6С-4/4 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5408 болып тіркелген).

      4. "Степногорск қалалық мәслихатының 2013 жылғы 24 желтоқсандағы № 5С-25/8 "Степногорск қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Степногорск қалалық мәслихатының 2016 жылғы 25 тамыздағы № 6С-8/4 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5531 болып тіркелген).

      5. "Степногорск қалалық мәслихатының 2013 жылғы 24 желтоқсандағы № 5С-25/8 "Степногорск қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Степногорск қалалық мәслихатының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 6С-16/4 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5819 болып тіркелген).

      6. "Степногорск қалалық мәслихатының 2013 жылғы 24 желтоқсандағы № 5С-25/8 "Степногорск қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Степногорск қалалық мәслихатының 2017 жылғы 13 қыркүйектегі № 6С-20/3 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6088 болып тіркелген).

      7. "Степногорск қалалық мәслихатының 2013 жылғы 24 желтоқсандағы № 5С-25/8 "Степногорск қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" Степногорск қалалық мәслихатының 2018 жылғы 3 сәуірдегі № 6С-26/4 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6562 болып тіркелген).

      8. "Степногорск қалалық мәслихатының 2013 жылғы 24 желтоқсандағы № 5С-25/8 "Степногорск қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Степногорск қалалық мәслихатының 2018 жылғы 12 қыркүйектегі № 6С-31/3 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6795 болып тіркелген).

      9. "Степногорск қалалық мәслихатының 2013 жылғы 24 желтоқсандағы № 5С-25/8 "Степногорск қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Степногорск қалалық мәслихатының 2019 жылғы 13 тамыздағы № 6С-42/11 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7324 болып тіркелген).

      10. "Степногорск қалалық мәслихатының 2013 жылғы 24 желтоқсандағы № 5С-25/8 "Степногорск қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер және толықтыру енгізу туралы" Степногорск қалалық мәслихатының 2020 жылғы 17 сәуірдегі № 6С-50/3 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7834 болып тіркелген).

      11. "Степногорск қалалық мәслихатының 2013 жылғы 24 желтоқсандағы № 5С-25/8 "Степногорск қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Степногорск қалалық мәслихатының 2020 жылғы 26 қарашадағы № 6С-59/6 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8204 болып тіркелген).

      12. "Степногорск қалалық мәслихатының 2013 жылғы 24 желтоқсандағы № 5С-25/8 "Степногорск қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Степногорск қалалық мәслихатының 2021 жылғы 24 желтоқсандағы № 7С-11/11 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26177 болып тіркелген).

      13. "Степногорск қалалық мәслихатының 2013 жылғы 24 желтоқсандағы № 5С-25/8 "Степногорск қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Степногорск қалалық мәслихатының 2022 жылғы 13 мамырдағы № 7С-14/6 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28070 болып тіркелген).

      14. "Степногорск қалалық мәслихатының "Степногорск қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 24 желтоқсандағы № 5С-25/8 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Степногорск қалалық мәслихатының 2022 жылғы 29 қыркүйектегі № 7С-19/4 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29954 болып тіркелген).

      15. "Степногорск қалалық мәслихатының "Степногорск қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 24 желтоқсандағы № 5С-25/8 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Степногорск қалалық мәслихатының 2022 жылғы 23 желтоқсандағы № 7С-22/11 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31697 болып тіркелген).

      16. "Степногорск қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" Степногорск қалалық мәслихатының 2013 жылғы 24 желтоқсандағы № 5С-25/8 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Степногорск қалалық мәслихатының 2023 жылғы 29 мамырдағы № 8С-3/4 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8579-03 болып тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады