Ескерту. Күші жойылды – Ақмола облысы Степногорск қаласының 29.03.2019 № а-3/136 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 3-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Степногорск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Степногорск қаласында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшері қосымшаға сәйкес айқындалсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары С.С.Шабаровқа жүктелсін.
3. Осы қаулы Ақмола облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Степногорск қаласының әкімі |
Ә.Күмпекеев |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Ақмола облысының Ішкі істер департаменті Степногорск қаласының ішкі істер басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бастығы |
С.Ақмағанбетов |
19.06.2018
Степногорск қаласы әкімдігінің 2018 жылғы "19" 06 № а-6/317 қаулысына қосымша |
Степногорск қаласында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшері
1-тарау. Көтермелеудің түрлері
1. Степногорск қаласы әкімінің алғыс хаты.
2. Ақшалай сыйақы.
2-тарау. Көтермелеудің тәртібі
3. Осы тәртіп Степногорск қаласында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеуді ұйымдастыру мәселелерін реттейді.
4. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерін Степногорск қаласы әкімдігінің қаулысымен құрылған комиссия (бұдан әрі – комиссия) қарайды.
5. "Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Ақмола облысының Ішкі істер департаменті Степногорск қаласының ішкі істер басқармасы" (бұдан әрі - ІІБ) мемлекеттік мекемесімен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге белсенді қатысатын азаматтарды көтермелеу туралы ұсыныс комиссияның қарауына енгізеледі.
6. Комиссиямен қабылданған хаттамалық шешім көтермелеу үшін негіз болып табылады.
7. Ақшалай сыйақыны төлеуді ІІБ облыстық бюджет есебінен жүргізіледі.
8. Ақшалай сыйақыны төлеу үшін ІІБ бастығының комиссия қабылдаған шешіміне сәйкес қосымша бұйрығы шығарылады.
9. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін азаматтарға ақшалай сыйақыны беру, Степногорск қаласы әкімінің алғыс хатын табыстау ІІБ салтанатты жиынында жүзеге асырылады.
3-тарау. Ақшалай сыйақының мөлшері
10. Ақшалай сыйақы мөлшерін қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесін, сонымен қатар онымен немесе оның қатысуымен құқыққа қарсы әрекет нәтижесінде келтірілуі мүмкін залалдың алдын алған көлемін есепке ала отырып, ақшалай сыйақының мөлшері комиссиямен білгіленеді және 20 еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайды.