Степногорск қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 19 маусымдағы № а-6/317 "Степногорск қаласында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерін айқындау туралы" қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақмола облысы Степногорск қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 29 наурыздағы № а-3/136 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 2 сәуірде № 7114 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Степногорск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Степногорск қаласы әкімдігінің "Степногорск қаласында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерін айқындау туралы" 2018 жылғы 19 маусымдағы № а-6/317 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6711 болып тіркелген, 2018 жылғы 10 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Степногорск қаласының
әкімі
Е.Баяхметов

 

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі
Ақмола облысының полиция
департаменті Степногор
қаласының полиция басқармасы"
мемлекеттік мекемесі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады