Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Ақкөл ауданы шекарасындағы пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін арттыру туралы

Ақмола облысы Ақкөл аудандық мәслихатының 2018 жылғы 14 ақпандағы № С 18-4 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 27 ақпанда № 6430 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Ақкөл аудандық мәслихатының 2022 жылғы 16 ақпандағы № С 16-6 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Ақкөл аудандық мәслихатының 16.02.2022 № С 16-6 (01.01.2022 бастап қолданысқа енгiзiледi) шешімімен.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінің 509-бабының 5-тармағына сәйкес, Ақкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Ақкөл ауданы шекарасындағы пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелері 10 (он) есеге арттырылсын.

      2. "Ақкөл ауданы шекарасындағы Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" Ақкөл аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 12 тамыздағы № С 5-2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5512 тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 15 қыркүйекте жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешiм Ақмола облысының Әдiлет департаментiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақкөл аудандық
мәслихат сессиясының
төрайымы
Л.Хамхоева
      Ақкөл аудандық
мәслихат хатшысы
Ж.Салыбекова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Ақкөл ауданының әкімі Т.Едігенов

      14 ақпан 2018 жыл

      "Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі Мемлекеттік
Кірістер комитеті Мемлекеттік
кірістер департаментінің Ақкөл
ауданы бойынша мемлекеттік
кірістер басқармасы"
Республикалық мемлекеттік
мекеме басшысының міндетін
атқарушы
Т.Ширазов

      14 ақпан 2018 жыл

О повышении базовых ставок земельного налога на не используемые в соответствии с земельным законодательством Республики Казахстан земли сельскохозяйственного назначения в границах Аккольского района

Решение Аккольского районного маслихата Акмолинской области от 14 февраля 2018 года № С 18-4. Зарегистрировано Департаментом юстиции Акмолинской области 27 февраля 2018 года № 6430. Утратило силу решением Аккольского районного маслихата Акмолинской области от 16 февраля 2022 года № С 16-6

      Сноска. Утратило силу решением Аккольского районного маслихата Акмолинской области от 16.02.2022 № С 16-6 (вводится в действие с 01.01.2022).

      В соответствии с пунктом 5 статьи 509 Кодекса Республики Казахстан от 25 декабря 2017 года "О налогах и других обязательных платежах в бюджет (Налоговый кодекс)", Аккольский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Повысить базовые ставки земельного налога в 10 (десять) раз на не используемые в соответствии с земельным законодательством Республики Казахстан земли сельскохозяйственного назначения в границах Аккольского района.

      2. Признать утратившим силу решение Аккольского районного маслихата от 12 августа 2016 года № С 5-2 "О повышении базовых ставок земельного налога на не используемые в соответствии с земельным законодательством Республики Казахстан земли сельскохозяйственного назначения в границах Аккольского района" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 5512, опубликовано в Информационно-правовой системе "Әділет" 15 сентября 2016 года).

      3. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в Департаменте юстиции Акмолинской области и вводится в действие со дня официального опубликования.

      Председатель сессии
Аккольского районного
маслихата
Л.Хамхоева
      Секретарь Аккольского
районного маслихата
Д.Салыбекова

      "СОГЛАСОВАНО"

      Аким Аккольского района Т.Едигенов

      14 февраля 2018 года

      Исполняющий обязанности
руководителя Республиканского
государственного учреждения
"Управления государственных
доходов по Аккольскому району
Департамента государственных
доходов по Акмолинской области Комитета
государственных доходов
Министерства финансов
Республики Казахстан"
Т.Ширазов

      14 февраля 2018 года