Жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы

Ақмола облысы Атбасар аудандық мәслихатының 2018 жылғы 11 сәуірдегі № 6С 19/9 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 2 мамырда № 6596 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Атбасар аудандық мәслихатының 2022 жылғы 22 желтоқсандағы № 7С 26/4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Атбасар аудандық мәслихатының 22.12.2022 № 7С 26/4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 39-3-бабының 3-1 тармағына, Қазақстан Республикасы ұлттық экономика Министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 295 "Жергілікті қоғамдастық жиналысының үлгі регламентін бекіту туралы" (Нормативтік құқықытық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15630 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Атбасар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса беріліп отырған жергілікті қоғамдастық жиналысының регламенті бекітілсін.

      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және халық саны екі мың адамнан көп аудандық маңызы бар қала, ауылдық округі үшін ресми жарияланған күннен бастап, халық саны екі мың адам және одан аз ауылдар және ауылдық округтер үшін 2020 жылғы 1 қаңтардан баcтап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы
Кенжибаев Ж.Т.
      Атбасар аудандық
мәслихатының хатшысы
Борұмбаев Б.А.

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Атбасар ауданының
әкімі
А.Ә.Қалжанов

      11 сәуір 2018 жыл

  Атбасар аудандық
мәслихатының
2018 жылғы 11 сәуірдегі
№ 6С 19/9 шешімімен
бекітілген

Жергілікті қоғамдастық жиналысының регламенті

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы жергілікті қоғамдастық жиналысының регламенті (бұдан әрі – Регламент) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының (бұдан әрі – Заң) 39-3-бабының 3-1 тармағына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 295 "Жергілікті қоғамдастық жиналысының үлгі регламентін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15630 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес әзірленді.

      2. Осы Регламентте қолданылатын негізгі ұғымдар:

      1) жергілікті қоғамдастық – шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;

      2) жергілікті қоғамдастық жиналысы (бұдан әрі – жиналыс) – жергілікті қоғамдастық жиыны жіберген жергілікті қоғамдастық өкілдерінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шекте және тәртіппен жергілікті маңызы бар ағымдағы мәселелерді шешуге қатысуы;

      3) жергілікті маңызы бар мәселелер – реттелуі Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілеріне сәйкес тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс тұрғындарының басым бөлігінің құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге байланысты аудан, қала, ауылдық округ, ауылдық округтің құрамына кірмейтін ауыл қызметінің мәселелері;

      4) жергілікті өзін-өзі басқару – халық тікелей жүзеге асыратын, сондай-ақ мәслихаттар және басқа да жергілікті өзін-өзі басқару органдары арқылы жүзеге асырылатын Заңда, өзге де нормативтік құқықтық актілерде айқындалған тәртіппен жергілікті маңызы бар мәселелерді өзінің жауапкершілігімен дербес шешуге бағытталған қызмет;

      5) жергілікті қоғамдастық жиналысының мүшесі – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шекте және тәртіппен жергілікті маңызы бар ағымдағы мәселелерді шешуге жергілікті қоғамдастық жиыны жіберген жергілікті қоғамдастық өкілі.

      3. Жиналыс регламентін Атбасар аудандық мәслихаты бекітеді.

      3-1. Жергілікті қоғамдастық жиналысының құрамын жергілікті қоғамдастық жиыны төрт жыл мерзімге айқындайды және жергілікті қоғамдастық жиыны жіберген кандидаттар қатарынан құрылады.

      Бұл ретте, жергілікті қоғамдастық жиыны жіберген жергілікті қоғамдастық жиналысы мүшелерінің (бұдан әрі – жиналыс мүшелері) саны Атбасар қаласы, ауыл және ауылдық округ халқының жалпы санына байланысты айқындалады:

      1) 10 мың халыққа дейін – жиналыстың 5-10 мүшесі;

      2) 10-15 мың халық – жиналыстың 11-15 мүшесі;

      3) 15-20 мың халық – жиналыстың 16-20 мүшесі;

      4) 20 мыңнан астам халық – жиналыстың 21-25 мүшесі.

      Ескерту. Регламент 3-1-тармағымен толықтырылды - Ақмола облысы Атбасар аудандық мәслихатының 25.02.2022 № 7С 15/11 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      3-2. Жергілікті қоғамдастық жиналысының құрамын қалыптастыру кезінде бөлек жиындар өкілдерінің саны олардың халқының санына барабар айқындалады.

      Ескерту. Регламент 3-2-тармағымен толықтырылды - Ақмола облысы Атбасар аудандық мәслихатының 25.02.2022 № 7С 15/11 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      3-3. Бірнеше елді мекендерден тұратын әкімшілік-аумақтық бірлік үшін осы Регламенттің 3-2-тармағының ережелерін ескере отырып, жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындары жіберген әрбір елді мекеннен кемінде бір өкіл қамтамасыз етіледі.

      Ескерту. Регламент 3-3-тармағымен толықтырылды - Ақмола облысы Атбасар аудандық мәслихатының 25.02.2022 № 7С 15/11 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

2-тарау. Жергілікті қоғамдастық жиналысына шақыруды жүргізу тәртібі

      4. Жиналыс жергілікті маңызы бар ағымдағы мәселелер бойынша өткізіледі: бағдарламалық құжаттардың, жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламаларының жобаларын талқылау және қарау;

      Атбасар қаласы, ауыл және ауылдық округ бюджетінің жобасын және бюджеттің атқарылуы туралы есепті келісу;

      аудандық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер есебінен қаржыландырылатын бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қоспағанда, бекітілген (нақтыланған) бюджет бойынша ағымдағы қаржы жылына арналған бюджеттік бағдарлама шығыстары көлемінің жиырма пайызынан аспайтын көлемде қаражат бюджет шығыстарының құрылымын өзгертпей, бюджеттік мониторинг қорытындылары бойынша ағымдағы қаржы жылы ішінде бюджет қаражаты игерілмеген және (немесе) бюджеттік бағдарламалар тиімсіз орындалған кезде бюджеттік бағдарламалар арасында қайта бөлінген жағдайда, Атбасар қаласы, ауыл және ауылдық округ бюджетін түзетуді келісу;

      Атбасар қаласының, ауылдың және ауылдық округі коммуналдық меншігін (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігін) басқару жөніндегі Атбасар қаласы ауыл және, ауылдық округ аппараты әкімінің шешімдерін келісу;

      Атбасар қаласы, ауыл және ауылдық округі бюджетінің атқарылуын мониторингтеу мақсатында жиналысқа қатысушылар қатарынан жергілікті қоғамдастық комиссиясын құру;

      Атбасар қаласы, ауыл және ауылдық округінің бюджетінің атқарылуына жүргізілген мониторинг нәтижелері туралы есепті тыңдау және талқылау;

      Атбасар қаласы, ауыл және ауылдық округ коммуналдық мүлкін иеліктен шығаруды келісу;

      Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында көзделген жағдайларда тиісті аумақта карантиндік режимді енгізе отырып, карантиндік аймақты белгілеу (күшін жою) туралы, карантинді және (немесе) шектеу іс-шараларын белгілеу (алып тастау) туралы шешімдер қабылдауды, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялауды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңында көзделген мерзімдерде олар бойынша ұсынымдар беруді көздейтін атқарушы органдардың, сондай-ақ әкімдердің нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын қоспағанда жергілікті қоғамдастықтың өзекті мәселелерін, азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілердің жобаларын талқылау;

      Атбасар қаласы, ауыл және ауылдық округі әкіміне кандидат ретінде тіркеу үшін Атбасар аудандық сайлау комиссиясына одан әрі енгізу үшін Атбасар аудан әкімінің ауыл, ауылдық округ әкімі лауазымына ұсынған кандидатураларын келісу;

      Атбасар қаласы, ауыл және ауылдық округі әкімдерін лауазымынан босату туралы мәселеге бастамашылық жасау; жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын және тиісті аумақтарда орналасқан мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың басшыларын тағайындау бойынша ұсыныстар енгізу;

      жергілікті қоғамдастықтың басқа да ағымдағы мәселелерін талқылау.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Атбасар аудандық мәслихатының 25.02.2022 № 7С 15/11 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      5. Жиналысты Атбасар қаласы, ауыл және ауылдық округінің әкімдері дербес не жиналыс мүшелерінің кемінде он пайызының бастамасы бойынша, бірақ тоқсанына кемінде бір рет шақырылады және өткізіледі.

      Жиналыстың бастамашылары күн тәртібін көрсете отырып, әкімге еркін нысанда жазбаша өтініш жасайды.

      Әкім үш жұмыс күні ішінде жазбаша өтінішті қарайды және шақырылымның орны мен уақытын көрсете отырып, жиналысты шақыру туралы шешім қабылдайды.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Атбасар аудандық мәслихатының 25.02.2022 № 7С 15/11 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      6. Жиналысқа шақыру уақыты, шақырылым орны және талқыланатын мәселелер туралы жиналыстың мүшелері жиналыс өткізілгенге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге тәсілдермен хабардар етіледі.

      Әкім аппараты жиналыстың қарауына енгізілетін мәселелер бойынша қажетті материалдарды жазбаша түрде, электрондық құжат нысанында (электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған) немесе құжаттардың электрондық көшірмесін жиналысқа шақырғанға дейін күнтізбелік бес күннен кешіктірмей жиналыстың мүшелеріне және әкімге ұсынады.

      Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді - Ақмола облысы Атбасар аудандық мәслихатының 25.02.2022 № 7С 15/11 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      7. Жиналысты шақыру алдында әкім аппараты жиналысқа қатысушы мүшелерді тіркеуді өткізеді, оның нәтижесін әкім немесе жиналысты шақыру басталғаннан бұрын ол уәкілеттік берген адам жариялайды және жиналыстың хаттамасына шақыруды өткізу орны мен уақытын көрсете отырып енгізеді.

      Жиналысты шақыру оған жиналыс мүшелерінің кемiнде жартысы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.

      8. Жиналысты шақыруды әкім немесе ол уәкілеттік берген адам ашады.

      Жиналысты шақыруды жүргізу үшін ашық дауыс беру арқылы жиналыстың төрағасы мен хатшысы сайланады.

      9. Жиналыстың күн тәртібін аудандық маңызы бар қала, ауыл, ауылдық округ әкімінің аппараты жиналыс мүшелері, тиісті аумақтың әкімі енгізген ұсыныстар негізінде қалыптастырады.

      Күн тәртібіне өткен жиналыстарды шақыруда қабылданған шешімдер барысы және (немесе) орындалуы туралы мәселелер қосылады.

      Жиналысты шақырудың күн тәртібі оны талқылау кезінде толықтырылуы және өзгертілуі мүмкін.

      Жиналысты шақырудың күн тәртібін жиналыс бекітеді.

      Күн тәртібінің әрбір мәселесі бойынша дауыс беру жеке өткізіледі. Егер оған жиналыс мүшелерінің көпшілігі дауыс берсе, мәселе күн тәртібіне енгізілді деп есептеледі.

      10. Жиналысты Атбасар аудан әкімі аппаратының, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың, сондай-ақ мәселелері жиналысты шақыруда қаралатын жеке және заңды тұлғалардың өкілдері шақырылады. Сондай-ақ жиналысты шақыруға Атбасар аудандық мәслихатының депутаттары, бұқаралық ақпарат құралдарының және қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатыса алады.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген шақырылған адамдар жиналыстың мүшелері болып табылмайды және шешімдер қабылдау кезінде дауыс беруге қатыспайды.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Атбасар аудандық мәслихатының 25.02.2022 № 7С 15/11 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      11. Жиналысты шақыруларда баяндамалар, қосымша баяндамалар, жарыссөзде сөйлеу үшін және жиналысқа шақыруды өткізу тәртібі бойынша сөз сөйлеу регламентін төраға айқындайды. Баяндамашылар мен қосымша баяндамашыларға сұрақтарға жауап беру үшін уақыт бөлінеді. Егер сөз сөйлеуші бөлінген уақыттан асып кетсе, жиналыс төрағасы оның сөзін тоқтатады немесе шақырылымға қатысып отырған жиналыс мүшелерінің көпшілігінің келісімімен сөз сөйлеу уақытын ұзартады.

      Жиналыс мүшесі бір мәселе бойынша екі реттен артық сөйлей алмайды. Жарыссөздердегі жиналыс мүшелерінің сауалдары, түсіндіру және сұрақтарға жауап беру үшін сөйлеулері сөз сөйлеу деп есептелмейді. Баяндамашыларға сұрақтар жазбаша немесе ауызша түрде қойылады. Жазбаша сұрақтар жиналыс төрағасына беріледі және жиналыс шақырылымында жарияланады.

      Жиналыс төрағасы өз бастамасы бойынша немесе жиналыс мүшелерінің дәлелді ұсыныстары бойынша үзілістер жариялай алады.

      Жиналыстың соңында жиналыстың мүшелеріне қысқа мәлімдемелер немесе хабарламалар жасау үшін уақыт беріледі, олар бойынша жарыссөз болмайды.

3-тарау. Жергілікті қоғамдастық жиналысының шешімдер қабылдау тәртібі

      12. Жиналыс өзінің құзіреті шеңберінде шақырылымға қатысушы жиналыс мүшелерінің көпшілік дауысымен шешім қабылдайды.

      Дауыстар тең болған жағдайда, жиналыстың төрағасы шешуші дауыс беру құқығын пайдаланады.

      Жиналыстың шешімі хаттамамен ресімделеді, онда:

      1) жиналыстың өткізілген күні мен орны;

      2) жиналыс мүшелерінің саны және тізімі;

      3) өзге де қатысушылардың саны және олардың тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) көрсетілген тізім;

      4) жиналыстың төрағасы мен хатшысының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда);

      5) күн тәртібі, сөйленген сөздердің қысқаша мазмұны және қабылданған шешімдер көрсетіледі.

      Хаттамаға жиналыстың төрағасы мен хатшысы қол қояды және хаттама ауылдық округ әкімінің өкілеттігін тоқтату туралы мәселеге бастамашылық жасау туралы жергілікті қоғамдастық жиналысының шешімін қамтитын жағдайларды қоспағанда, жиналыс өткізілген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде Атбасар қаласы және ауыл ауылдық округ әкіміне беріледі.

      Ескерту. 12-тармаққа өзгеріс енгізілді - Ақмола облысы Атбасар аудандық мәслихатының 25.02.2022 № 7С 15/11 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      13. Жиналыс қабылдаған шешімдерді Атбасар қаласы ауыл және ауылдық округ әкімі қарайды және Атбасар қаласы ауыл ауылдық округ әкімінің аппараты бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жиналыс мүшелеріне жеткізеді.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Атбасар аудандық мәслихатының 25.02.2022 № 7С 15/11 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      14. Әкім жергілікті қоғамдастық жиналысының шешімімен келіспейтінін білдірген жағдайда, осы мәселелер осы Регламенттің 2-тарауында көзделген тәртіппен қайта талқылау арқылы шешіледі.

      Атбасар қаласы, ауыл және ауылдық округі әкімдерінің келіспеушілігін тудырған мәселелерді шешу мүмкін болмаған жағдайда, мәселе Атбасар ауданының әкімімен шешіледі.

      Атбасар қаласы, ауыл және ауылдық округінің әкімдері екі жұмыс күні ішінде Атбасар ауданының әкімнің және Атбасар аудандық мәслихатының атына жергілікті қоғамдастық жиналысының хаттамасын жергілікті қоғамдастық жиналысы келіспеушілік тудырған мәселелерді қайтадан талқылағаннан кейін жібереді.

      Атбасар ауданының әкімі Атбасар аудандық мәслихатының таяудағы отырысында алдын ала талқылаудан және оның шешімінен кейін бес жұмыс күні ішінде Заңның 11-бабында көзделген тәртіппен шешім қабылдайды.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы Атбасар аудандық мәслихатының 25.02.2022 № 7С 15/11 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      15. Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органдары, лауазымды адамдар өкілеттіктері шегінде жиналысты шақыруда қабылданған және аудандық маңызы бар қала, ауыл, ауылдық округ әкімі мақұлдаған шешімдердің орындалуын қамтамасыз етеді.

      16. Жиналысты шақыруда қабылданған шешімдерді аудандық маңызы бар қала, ауыл, ауылдық округ әкімінің аппараты бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен таратады.

4-тарау. Жергілікті қоғамдыстық жиналысы шешімдерінің орындалуын бақылау

      17. Жиналыста жүйелі түрде жиналыстың шешімдерін орындауға жауапты адамдардың ақпараттары тыңдалады.

      18. Шешімдерді орындамаған немесе сапасыз орындаған жағдайда, тиісті ақпарат хаттамаға енгізіледі, оны жиналыстың төрағасы Атбасар ауданының әкіміне жиналыстың шешімін орындауға жауапты лауазымды адамның жоғары тұрған басшыларына жолдайды.

      Қабылданған шешімдер қайта орындалмаған немесе сапасыз орындалған жағдайда, жиналыс Атбасар ауданының әкімі немесе тиісті лауазымды адамдардың жоғары тұрған басшылары алдында лауазымды адамдардың жауаптылығы туралы мәселеге бастамашылық жасайды.

Об утверждении регламента собрания местного сообщества

Решение Атбасарского районного маслихата Акмолинской области от 11 апреля 2018 года № 6С 19/9. Зарегистрировано Департаментом юстиции Акмолинской области 2 мая 2018 года № 6596. Утратило силу решением Атбасарского районного маслихата Акмолинской области от 22 декабря 2022 года № 7С 26/4

      Сноска. Утратило силу решением Атбасарского районного маслихата Акмолинской области от 22.12.2022 № 7С 26/4 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с пунктом 3-1 статьи 39-3 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", приказом Министра национальной экономики Республики Казахстан от 7 августа 2017 года № 295 "Об утверждении Типового регламента собрания местного сообщества" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 15630), Атбасарский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Утвердить прилагаемый регламент собрания местного сообщества.

      2. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в Департаменте юстиции Акмолинской области и вводится в действие для города районного значения, сельского округа с численностью населения более двух тысяч человек со дня официального опубликования, для сельских округов и сел с численностью населения две тысячи и менее человек c 1 января 2020 года.

      Председатель сессии
районного маслихата
Кенжибаев Ж.Т.
      Секретарь Атбасарского
районного маслихата
Борумбаев Б.А.

      "СОГЛАСОВАНО"

      Аким Атбасарского
района
А.А.Калжанов

      11 апреля 2018 года

  Утвержден
решением Атбасарского
районного маслихата
от 11 апреля 2018 года
№ 6С 19/9

Регламент собрания местного сообщества

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящий Регламент собрания местного сообщества (далее – Регламент) разработан в соответствии с пунктом 3-1 статьи 39-3 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" (далее – Закон), приказом Министра национальной экономики Республики Казахстан от 7 августа 2017 года № 295 "Об утверждении Типового регламента собрания местного сообщества" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 15630).

      2. Основные понятия, которые используются в настоящем Регламенте:

      1) местное сообщество – совокупность жителей (членов местного сообщества), проживающих на территории соответствующей административно-территориальной единицы, в границах которой осуществляется местное самоуправление, формируются и функционируют его органы;

      2) собрание местного сообщества (далее – собрание) – участие представителей местного сообщества, делегированных сходом местного сообщества, в решении текущих вопросов местного значения в пределах и порядке, установленных законодательством Республики Казахстан;

      3) вопросы местного значения – вопросы деятельности района, города, сельского округа и села, не входящего в состав сельского округа, регулирование которых в соответствии с Законом и иными законодательными актами Республики Казахстан связано с обеспечением прав и законных интересов большинства жителей соответствующей административно-территориальной единицы;

      4) местное самоуправление – деятельность, осуществляемая населением непосредственно, а также через маслихаты и другие органы местного самоуправления, направленная на самостоятельное решение вопросов местного значения под свою ответственность, в порядке, определяемом Законом, иными нормативными правовыми актами;

      5) член собрания местного сообщества – представитель местного сообщества, делегированный сходом местного сообщества, в решении текущих вопросов местного значения в пределах и порядке, установленных законодательством Республики Казахстан.

      3. Регламент собрания утверждается маслихатом Атбасарского района.

      3-1. Состав собрания местного сообщества определяется сходом местного сообщества сроком на четыре года и образуется из числа кандидатов, делегированных сходом местного сообщества.

      При этом, количество членов собрания местного сообщества, делегированных сходом местного сообщества (далее – члены собрания) определяется в зависимости от общей численности населения города Атбасар акимами села и сельского округа:

      1) до 10 тысяч населения 5-10 членов собрания;

      2) 10-15 тысяч населения – 11-15 членов собрания;

      3) 15-20 тысяч населения – 16-20 членов собрания;

      4) свыше 20 тысяч населения – 21-25 членов собрания.

      Сноска. Регламент дополнен пунктом 3-1 в соответствии с решением Атбасарского районного маслихата Акмолинской области от 25.02.2022 № 7С 15/11 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      3-2. При формировании состава собрания местного сообщества количество представителей раздельных сходов определяется пропорционально количеству их населения.

      Сноска. Регламент дополнен пунктом 3-2 в соответствии с решением Атбасарского районного маслихата Акмолинской области от 25.02.2022 № 7С 15/11 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      3-3. Для административно-территориальной единицы, состоящей из нескольких населенных пунктов, обеспечивается не менее одного представителя от каждого населенного пункта, делегированного раздельными сходами местного сообщества, с учетом положений пункта 3-2 настоящего Регламента.

      Сноска. Регламент дополнен пунктом 3-3 в соответствии с решением Атбасарского районного маслихата Акмолинской области от 25.02.2022 № 7С 15/11 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

Глава 2. Порядок проведения созыва собрания местного сообщества

      4. Собрание проводится по текущим вопросам местного значения: обсуждение и рассмотрение проектов программных документов, программ развития местного сообщества;

      согласование проекта бюджета города Атбасар, села и сельского округа отчета об исполнении бюджета;

      согласование корректировки бюджета города Атбасар, села и сельского округа, в случае перераспределения средств в объеме не более двадцати процентов от объема расходов бюджетной программы на текущий финансовый год по утвержденному (уточненному) бюджету, за исключением бюджетных программ (подпрограмм), финансируемых за счет целевых трансфертов из районного бюджета, между бюджетными программами при не освоении бюджетных средств и (или) неэффективном исполнении бюджетных программ в течение текущего финансового года по итогам бюджетного мониторинга без изменения структуры расходов бюджета;

      согласование решений аппарата акима города Атбасар, села и сельского округа по управлению коммунальной собственностью города Атбасар, села и сельского округа, (коммунальной собственностью местного самоуправления);

      образование комиссии местного сообщества из числа участников собрания в целях мониторинга исполнения бюджета города Атбасар, села и сельского округа;

      заслушивание и обсуждение отчета о результатах проведенного мониторинга исполнения бюджета города Атбасар, села и сельского округа;

      согласование отчуждения коммунального имущества города Атбасар, села и сельского округа;

      обсуждение актуальных вопросов местного сообщества, проектов нормативных правовых актов, касающихся прав, свобод и обязанностей граждан, за исключением проектов нормативных правовых актов местных исполнительных органов, а также акимов, предусматривающих принятие решений об установлении (отмене) карантинной зоны с введением карантинного режима на соответствующей территории, об установлении (снятии) карантина и (или) ограничительных мероприятий в случаях, предусмотренных законодательством Республики Казахстан в области ветеринарии, а также объявление чрезвычайной ситуации природного и техногенного характера, а также предоставление по ним рекомендаций в сроки, предусмотренные Законом Республики Казахстан "О правовых актах";

      согласование представленных акимом Атбасарского района кандидатур на должность акима города Атбасар, села и сельского округа для дальнейшего внесения в Атбасарскую районную избирательную комиссию для регистрации в качестве кандидатов в акимы города Атбасар, села и сельского округа;

      инициирование вопроса об освобождении от должности акима города Атбасар, села и сельского округа;

      внесение предложений по назначению руководителей государственных учреждений и организаций, финансируемых из местного бюджета и расположенных на соответствующих территориях;

      другие текущие вопросы местного сообщества.

      Сноска. Пункт 4 - в редакции решения Атбасарского районного маслихата Акмолинской области от 25.02.2022 № 7С 15/11 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      5. Собрание созывается и проводится акимами города Атбасар, сел и сельских округов, самостоятельно либо по инициативе не менее десяти процентов членов собрания, но не реже одного раза в квартал.

      Инициаторы собрания в произвольной форме письменно обращаются к акиму с указанием повестки дня.

      Аким в течение трех рабочих дней рассматривает письменное обращение и принимает решение о созыве собрания с указанием места и времени созыва.

      Сноска. Пункт 5 - в редакции решения Атбасарского районного маслихата Акмолинской области от 25.02.2022 № 7С 15/11 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      6. О времени, месте созыва собрания и обсуждаемых вопросах, члены собрания оповещаются не позднее, чем за десять календарных дней до дня его проведения через средства массовой информации или иными способами.

      По вопросам, вносимым на рассмотрение собрания, аппарат акима не позднее, чем за пять календарных дней до созыва собрания представляет членам собрания и акиму необходимые материалы в письменном виде, в форме электронного документа (удостоверенный посредством электронной цифровой подписью) или электронной копии документов.

      Сноска. Пункт 6 с изменением, внесенным решением Атбасарского районного маслихата Акмолинской области от 25.02.2022 № 7С 15/11 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      7. Перед началом созыва собрания аппаратом акима проводится регистрация присутствующих членов собрания, ее результаты оглашаются акимом или уполномоченным им лицом перед началом созыва собрания и заносятся в протокол собрания с указанием места и времени проведения созыва.

      Созыв собрания считается состоявшимся при участии в нем не менее половины членов собрания.

      8. Созыв собрания открывается акимом или уполномоченным им лицом.

      Для ведения созыва собрания открытым голосованием избираются председатель и секретарь собрания.

      9. Повестка дня собрания формируется аппаратом акима города районного значения, села, сельского округа на основе предложений, вносимых членами собрания, акимом соответствующей территории.

      В повестку дня включаются вопросы о ходе и (или) исполнения решений, принятых на предыдущих созывах собрании.

      Повестка дня созыва собрания может быть дополнена и изменена при ее обсуждении.

      Повестка дня созыва собрания утверждается собранием.

      Голосование по каждому вопросу повестки дня проводится раздельно. Вопрос считается внесенным в повестку дня, если за него проголосовало большинство присутствующих членов собрания.

      10. На созыв собрания приглашаются представители аппарата акима Атбасарского района, государственных учреждений и предприятий, а также физических и юридических лиц, вопросы которых рассматриваются на созыве собрания. Также на созыве собрания могут присутствовать депутаты Атбасарского районного маслихата, представители средств массовой информации и общественных объединений.

      Приглашенные лица, указанные в части первой настоящего пункта, не являются членами собрания и не участвуют в голосовании при принятии решений.

      Сноска. Пункт 10 - в редакции решения Атбасарского районного маслихата Акмолинской области от 25.02.2022 № 7С 15/11 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      11. Регламент выступлений на созывах собрании для докладов, содокладов, выступлений в прениях и по порядку ведения созыва собрания определяется председателем. Докладчикам и содокладчикам отводится время для ответов на вопросы. В случае если выступающий превысил отведенное время, председатель собрания прерывает его выступление или с согласия большинства присутствующих на созыве членов собрания продлевает время для выступления.

      Член собрания может выступить по одному и тому же вопросу не более двух раз. Не считаются выступлениями в прениях обращения членов собрания, выступления для дачи пояснений и ответов на вопросы. Вопросы докладчикам задаются в письменном или устном виде. Письменные вопросы предоставляются председателю собрания и оглашаются на созыве собрании.

      Председатель собрания может объявлять перерывы по собственной инициативе или по мотивированному предложению членов собрания.

      В конце собрания отводится время для выступления членов собрания с краткими заявлениями и сообщениями, прения по которым не открываются.

Глава 3. Порядок принятия решений собранием местного сообщества

      12. Собрание в рамках своих полномочий принимает решения большинством голосов присутствующих на созыве членов собрания.

      В случае равенства голосов председатель собрания пользуется правом решающего голоса.

      Решение собрания оформляется протоколом, в котором указываются:

      1) дата и место проведения собрания;

      2) количество и список членов собрания;

      3) количество и список иных присутствующих с указанием фамилии, имени, отчества (при его наличии);

      4) фамилия, имя, отчество (при его наличии) председателя и секретаря собрания;

      5) повестка дня, краткое содержание выступлений и принятые решения.

      Протокол подписывается председателем и секретарем собрания и в течение двух рабочих дней со дня проведения собрания передается акиму города Атбасар, села и сельского округа исключением случаев, когда протокол содержит решение собрания местного сообщества об инициировании вопроса о прекращении полномочий акима города Атбасар, села и сельского округа.

      Сноска. Пункт 12 с изменением, внесенным решением Атбасарского районного маслихата Акмолинской области от 25.02.2022 № 7С 15/11 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      13. Решения, принятые собранием, рассматриваются акимом города Атбасар, села и сельского округа и доводятся аппаратом акима города Атбасар, села и сельского округа до членов собрания в срок не более пяти рабочих дней.

      Сноска. Пункт 13 - в редакции решения Атбасарского районного маслихата Акмолинской области от 25.02.2022 № 7С 15/11 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      14. В случае выражения акимом несогласия с решением собрания местного сообщества, данные вопросы разрешаются путем повторного обсуждения в порядке, предусмотренном главой 2 настоящего Регламента.

      В случае невозможности разрешения вопросов, вызвавших несогласие акима города Атбасар, села и сельского округа, вопрос разрешается акимом Атбасарского района.

      Аким города Атбасар, села и сельского округа, в течение двух рабочих дней, направляет в адрес акима Атбасарского района и Атбасарского районного маслихата протокол собрания местного сообщества, после повторного обсуждения собранием местного сообщества вопросов, вызвавших несогласие.

      Аким Атбасарского района после предварительного обсуждения и его решения на ближайшем заседании Атбасарского районного маслихата вопросов, вызвавших несогласие между акимом города Атбасар, села и сельского округа и собрания местного сообщества в порядке предусмотренным статьей 11 Закона, принимает решение в течение пяти рабочих дней.

      Сноска. Пункт 14 - в редакции решения Атбасарского районного маслихата Акмолинской области от 25.02.2022 № 7С 15/11 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      15. Органы местного государственного управления и самоуправления, должностные лица в пределах полномочий обеспечивают исполнение решений, принятых на созыве собраний и одобренных акимом города районного значения, села, сельского округа.

      16. Решения, принятые на созыве собрания, распространяются аппаратом акима города районного значения, села, сельского округа через средства массовой информации или иными способами.

Глава 4. Контроль за исполнением решений собрания местного сообщества

      17. На собрании регулярно заслушиваются информации лиц ответственных за исполнение решений собрания.

      18. В случае неисполнения или некачественного исполнения решений, соответствующая информация вносится в протокол, который председателем собрания направляется акиму Атбасарского района или вышестоящим руководителям должностных лиц ответственных за исполнение решений собрания.

      В случае повторного неисполнения или некачественного исполнения принятых решений, собрание инициирует вопрос об ответственности должностных лиц перед акимом Атбасарского района или вышестоящим руководством соответствующих должностных лиц.