Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Атбасар ауданы әкімдігінің 25.04.2019 № а-4/173 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, Новосельское ауылы әкімінің 2017 жылғы 20 желтоқсандағы № 1 "Атбасар ауданы Новосельское ауылының көшелерін қайта атау туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6281 тіркелген) шешіміне, Ярославка ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушысының 2017 жылғы 20 желтоқсандағы № 1 "Атбасар ауданы Ярославка ауылдық округінің көшелерін қайта атау туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6279 тіркелген) шешіміне сәйкес, Атбасар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Атбасар ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 25 тамыздағы № а-8/361 "Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды анықтау, сайлаушылармен кездесу үшін үй-жайларды беру туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4343 тіркелген, 2014 жылғы 12 қыркүйекте "Атбасар", "Простор" газеттерінде жарияланған) қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
қаулының 1 қосымшасындағы 19. жолы жаңа редакцияда баяндалсын:
"19. Новосельское ауылы, Мәдениет көшесі, "Атбасар ауданы білім бөлімінің Новосельский орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі спорт кешенінің № 25 ғимараты жанындағы стенд.";
қаулының 1 қосымшасындағы 27. жолы жаңа редакцияда баяндалсын:
"27. Тимашевка ауылы, Орталық көшесі, "Сарбас" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің № 49 ғимараты жанындағы стенд.";
қаулының 1 қосымшасындағы 28. жолы жаңа редакцияда баяндалсын:
"28. Калиновка ауылы, Еңбек көшесі, "Атбасар ауданы білім бөлімінің Родионовка негізгі мектебі" мемлекеттік мекемесінің № 1 ғимараты жанындағы стенд.";
қаулының 1 қосымшасындағы 29. жолы жаңа редакцияда баяндалсын:
"29. Магдалиновка ауылы, Орталық көшесі, "Атбасар ауданы білім бөлімінің Магдалиновка бастауыш мектебі" мемлекеттік мекемесінің № 43 ғимараты жанындағы стенд.";
қаулының 2 қосымшасындағы 11. жолы жаңа редакцияда баяндалсын:
"11. Новосельское ауылы, Жеңіс көшесі, 17, "Атбасар ауданы білім бөлімінің Новосельское орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мәжіліс залы.";
қаулының 2 қосымшасындағы 25. жолы жаңа редакцияда баяндалсын:
"25. Калиновка ауылы, Еңбек көшесі, 1, "Атбасар ауданы білім бөлімінің Родионовка негізгі мектебі" мемлекеттік мекемесінің спорт залы.".
2. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Атбасар ауданының әкімі |
А.Қалжанов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Атбасар аудандық сайлау комиссиясының төрағасы |
Т.Р.Боранбаев |
"19" сәуір 2018 жылы
Ақмола облысы білім басқармасының "Атбасар ауданы, Атбасар қаласының № 1 индустриалды-техникалық колледжі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директорының міндетін атқарушы |
Т.П.Толқымбекова |
"19" сәуір 2018 жылы
Ақмола облысы білім басқармасының "Атбасар ауданы, Атбасар қаласының №11 агротехникалық колледжі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры |
Г.В.Литвинова |
"19" сәуір 2018 жылы
Ақмола облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының жанындағы "Атбасар балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынның директоры |
А.К.Жақсылықов |
"19" сәуір 2018 жылы