Атбасар ауданы Новосельское ауылының көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Ақмола облысы Атбасар ауданы Новосельское ауылы әкімінің 2017 жылғы 20 желтоқсандағы № 1 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 5 қаңтарда № 6281 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңдарына сәйкес, халықтың пікірін ескере отырып, Ақмола облыстық ономастика комиссиясы отырысының 2017 жылғы 24 қазандағы қорытындысы негізінде, Новосельское ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Новосельское ауылының көшелері қайта аталсын:

      Центральная көшесі Жеңіс көшесіне;

      Зеленая көшесі Бірлік көшесіне;

      Солнечная көшесі Мәдениет көшесіне;

      Набережная көшесі Сарыарқа көшесіне;

      Надреченская көшесі Ақбұлақ көшесіне;

      Парковая көшесі Саябақ көшесіне;

      Дружба көшесі Достық көшесіне;

      Мир көшесі Бейбітшілік көшесіне;

      Южная көшесі Жайлау көшесіне;

      Садовая көшесі Бәйтерек көшесіне;

      Молодежная көшесі Көктем көшесіне;

      Степная көшесі Тәуелсіздік көшесіне.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Новосельское ауылының әкімі Г.Мағзұмова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады